- •Дипломдық жұмыс
- •5B073200 - Стандарттау, сертификаттау және метрология (сала бойынша) мамандығы
- •Дипломдық жұмыс
- •5B073200 - Стандарттау, сертификаттау және метрология (сала бойынша) мамандығы бойынша
- •5B073200-Стандарттау, сертификаттау және метрология (сала бойынша)
- •Дипломдық жұмыс орындауға тапсырма
- •Кестесі
- •Қолтаңбалары
- •Аңдатпа
- •Аннотация
- •Мазмұны
- •1 Дипломдық жұмысты әзірлеуге бастапқы ақпарат
- •2 Жалпы мағлұмат
- •2.1 «Ұлттық сараптау және сертификаттау орталығы» қысқаша тарихы
- •2.3 Ұйымдастырушылық құрылым
- •3 Жалпы жағдай
- •3.1 Өнімнің қызметтік тағайындалуы
- •3.2.1 Тағайындалуы бойынша өнімнің жіктелуі
- •3.2.2 Сыртқы экономикалық іс-әрекеттің тауарлық номенклатурасы бойынша өнімнің жіктелуі
- •4 Өнімнің сапасын анықтау
- •4.1 Өнім сапасы туралы жалпы мәліметтер
- •4.2 Сапа көрсеткіштерінің номенклатурасын анықтау
- •4.3 Өнімнің сапа деңгейін бағалау
- •4.4 Сапамен басқарудың негізгі кезеңдері
- •4.5 Сапа жүйесін қамтамасыз ететін бастапқы мәліметтер
- •4.6 Тіремелік полимер тақтаның сапасын жоғарлату бойынша ұсынылатын шаралар
- •4.7 Буып-түю таңбалау сапасын талдау
- •4.8 Қауіпсіздік талаптарын және қоршаған ортаны қорғауын талдау
- •5 Тіремелік полимер тақтаның партиясын (тобын) қабылдауда стандарттар талаптарының сақталуына мемлекеттік қадағалау
- •5.1 Өнімнің өмірлік циклінің сатысына сәйкес мелекеттік қадағалау объектісін таңдауды негіздеу
- •5.2 Мемлекеттік қадағалауды іске асыру үрдісі
- •6 Өнімді сынау
- •6.1 Қабылдау ережелері мен сынауларды жіктеу
- •6.2 Тіремелік полимер тақтаның сапасын бақылауға және сынауға қажет жабдықтар мен өлшеу құралдары
- •6.3 Бұйымды қабылдау ережелері
- •6.4 Бұйымды сынау және бақылау әдістері
- •7 Өнімді сертификаттау
- •7.1 Қазақстан Республикасының мемлекеттік сертификаттау жүйесінің жалпы ережелері
- •7.2 Өнімге сертификаттауды жүргізу тәртібі мен ережелері
- •7.2.1 Өтінішті беру мен қарастыру
- •7.2.2 Өнімнің үлгілерін таңдауды өткізу
- •7.2.3 Сертификаттау мақсатында сынауларды өткізу
- •7.2.4 Сәйкестік сертификатын беру мен сертификатталған өнімді қр мсж-нің сәйкестік Белгісімен таңбалау құқығын ұсыну
- •7.2.5 Өнімді сәйкестік Белгісімен таңбалау
- •7.2.6 Өнімнің сертификатталған сипаттамаларының тұрақтылығын инспекциялық бақылау
- •7.2.7 Өнімді сертификаттау туралы ақпарат
- •8 Нормативтік құжаттаманы әзірлеу
- •8.1 Зерхананың өрт және техникалық қауіпсіздігі ережелері бойынша нұсқаулық жобасын әзірлеу
- •8.2 Жобаны әзірлеудің нормативтік базасы
- •8.3 Нұсқаулық жобасының құрылымын қалыптастыру
- •9 Технико-экномикалық негіздемесі
- •10 Қауіпсіздік және еңбекті қорғау
- •10.1 Өндірістік жарықтандыру
- •10.4 Өндірістік микроклимат
- •10.5 Электр қауіпсіздігі
- •10.7 Өндірістік санитария мен еңбек гигиенасы
- •Қорытынды
- •Пайдаланылған әдебиеттер тізімі
7.2.3 Сертификаттау мақсатында сынауларды өткізу
Сынау зертханасы өтініш берушімен белгіленген уақыттың ішінде өнім үлгілеріне сынау өткізіледі. Сынаудың оң нәтижелері кезінде сынау зертханасы сертификаттау бойынша органына сынау хаттамасын жібереді. Сынау хаттамасының формасы сертификаттау бойынша органмен ИСО/МЭК 45 Басшылық қағидаларын есепке алып бекітіледі.
Сынау хаттамасында сынау зертханасының ҚР МСЖ-да аккредиттелгені екені туралы өтініш және сынаулар аккредиттеу жағдайларымен сәйкес өткізілгендігі туралы өтініш қарастырылу қажет.
Көрсеткіштердің біреуі ғана бойынша теріс сынау нәтижелері алынса, өнімді сертификаттау мақсатындағы сынаулар тоқтатылады. Теріс нәтижелер туралы ақпаратпен бірге сынау зертханасының сынау хаттамасы өтініш берушіге, Қазақстан Республикасының аймақтық Мемстандарт органына және өтінішті жоятын сертификаттау бойынша органға жіберіледі.
Егер нормативтік құжатпен белгіленген көп уақыт пен қаражат шығындарын алатын сынаулар және қиын тасымалданатын бұйымдар үшін алғашқы сынауларды өткізу қиынға соғып, ал таңдамаларды таңдау қымбат болса, онда сертификаттау бойынша орган сертификатталған сынаулар мен өндіріс үрдісіндегі сынауларды бірге өткізуге шешім шығара алады, егер ол сертификаттау бойынша өкілінің қатысуымен өткізілсе.
Мұндай жағдайда сынауларды өткізетін құралдар міндетті түрде белгіленген ретте ҰССО органымен тексеріліп, аттестатталу қажет.
7.2.4 Сәйкестік сертификатын беру мен сертификатталған өнімді қр мсж-нің сәйкестік Белгісімен таңбалау құқығын ұсыну
Өнімнің сертификаттау сұлбасымен қарастырылатын, орындалған жұмыстардың оң нәтижелері кезінде сертификаттау бойынша орган Қосымша Ғ келтірілген сертификатты рәсімдейді.
Өнімге берілген сертификатта келесі мәліметтер болу қажет:
- сынау хаттамаларымен бекітілген өнімнің стандарт немесе басқа нормативтік құжаттарының талаптарына сәйкестігі туралы мәліметтер;
- дайындаушыға өнімді сәйкестік Белгісімен таңбалау құқығын немесе сертификатты оның қызмет ету уақытында қолдануға құқығын ұсынады;
- дайындаушы-кәсіпорнында сертификатпен расталған, қызмет етіп тұрған сапа жүйесінің болуы туралы мәліметтер.
Сұлба бойынша өнімді сәйкестік белгісімен таңбалау қарастырылған жағдайда, сертификаттау бойынша орган дайындаушыға өнімді сәйкестік Белгісімен таңбалау құқығын ұсынылғаны туралы мәліметті сертификатқа кіргізеді.
Егер сертификатталған өнім сәйкестік Белгісімен таңбалауға жатпаса, онда сертификаттау бойынша орган өнімнің сертификатпен бірге жүру тәсілін анықтап, сертификатқа дайындаушының берілген тәсілді қолдануға құқығы ұсынылғаны туралы мәлімет кіргізеді.
Сертификатты сертификаттау бойынша орган береді. Сертификаттың қызмет ету уақыты, сертификаттау сұлбасын, өнім ерекшелігін, оны өндіруін, өнімге берілген нормативтік құжаттың қызмет ету уақытын, сапа жүйесінің сертификатталған уақытын есепке алып, сертификаттау бойынша органмен үш жылдан аспайтын уақытқа белгіленеді.
Сертификаттау кезінде куәландырлатын көрсеткіштерге әсер ететін өнім құрылымына немесе оны өндіру технологиясына өзгертулер енгізілсе, сертификат иесі ол туралы сертификаттау бойынша органға кешіктірмей айту қажет. Сертификаттау бойынша орган өз кезегінде сертификат қызметінің уақытын, толық немесе ішінара сынауларды өткізгенге дейін немесе осы өнім өндірісінің жағдайын бағалағанға дейін, тоқтатуға немесе жою туралы шешім қабылдайды. Сертификаттау органының шешімін алмағанша өнім өндіруші өндіріс орнына ешқандай жаңалықтар енгізуге құқы жоқ.