
- •Министерство здравоохранения Республики Казахстан
- •Микробиологияның мақсаты мен міндеті
- •Микробиология келесі сұрақтарды қарастырады:
- •Микробиология келесі сұрақтарды қарастырады:
- •ДӘРІГЕРДІҢ ТӘЖІРИБЕЛІК ЕҢБЕГІНДЕ МИКРОБИОЛОГИЯНЫҢ МАҢЫЗЫ
- •Микробиологияның даму тарихы кезеңдерге бөлінеді:
- •МИКРОБИОЛОГИЯ НЕГІЗІН ҚАЛАҒАН ҒАЛЫМДАР
- •МИКРОБИОЛОГИЯ НЕГІЗІН ҚАЛАҒАН ҒАЛЫМДАР
- •МИКРОБИОЛОГИЯ НЕГІЗІН ҚАЛАҒАН ҒАЛЫМДАР
- •Қазіргі заманғы микроскоп
- •микроорганизмдердің антибиотиктерге сезімталдығы/төзімділігі; бактериофагтар; микроорганизмдердің патогенділігі (инфекция); микроэкология; иммунитет т.б.)
- •Микроорганизмдер молекулярлы биологиялық құрылымына байланысты бөлінеді:
- •Прокариоттар
- •Микроорганизмдер ішінде ерекше орынды вирустар алады(латын тілінен аударғанда virus - у), жасушадан тыс
- •Вирустар мен приондар облигатты жасушаішілік паразиттер болып табылады.
- •Адам организміне зақым келтірмейтін және ауру тудырмайтын микроорганизмдерді патогенді емес немесе сапрофиттер деп
- •Сонымен қатар адамда әртүрлі ауруларды ж/е патологиялық процесстерді тудыратын микроорганизмдер де кездеседі. Бұл
- •қабілеті төмендегенде н/се сәйкес қолайлы жағдай туындағанда сапрофиттер ауру туғызуы мүмкін, яғни олар
- •Микроорганизмдердің жіктелуі
- •Түр дегеніміз – ұқсас қасиеттерімен бірігетін, бірақ басқа туыс өкілдерінен ажыратылатын даралар жиынтығы.
- •Бактерия жасушасының құрылымы
- •Бактерия жасушасының ультрақұрылымы
- •Жасуша қабырғасы – бактерияларға белгілі пішін беретін берік серпінді құрылым ж/е жасушадағы жоғары
- •Цитоплазмалық мембрана
- •ЦИТОПЛАЗМАЛЫҚ МЕМБРАНАНЫҢ ҚҰРЫЛЫМЫ
- •Цитоплазма
- •Нуклеоид
- •Капсула
- •Бактериялардың талшықтары
- •БАКТЕРИЯ ТАЛШЫҚТАРЫНЫҢ ТҮРЛЕРІ
- •Фимбриялар және пилилер
- •Бактерияның қосымша құрылымдары
- •Споралар
- •СПОРАЛАРДЫҢ ОРНАЛАСУЫ БОЙЫНША АЖЫРАТЫЛУЫ:
- •Бактериялардың пішіндері
- •Бактериялардың пішіндері
- •Вирустың толық құралған бір бөлшегі вирион деп аталады. Вирионның құрылымдық компоненттері:
- •Вирионның құрылысы
- •Вирустардың морфологиясы
- •Саңырауқұлақтардың морфологиясы
- •Aspergillus glaucus
- •Culture of Trichophyton
- •Culture of Aspergillus niger.
- •НАЗАР АУДАРҒАНДАРЫҢЫЗҒА

Түр дегеніміз – ұқсас қасиеттерімен бірігетін, бірақ басқа туыс өкілдерінен ажыратылатын даралар жиынтығы.
Таза дақыл дегеніміз – ұқсас морфологиялық, тинкториальды, дақылдық, биохимиялық және антигендік қасиеттерімен сипатталын, қоректік ортада бөлінген біртекті микроорганизмдер жиынтығы.
Штамм дегеніміз – белгілі материалдан бөлінген және түрдің басқа өкілдерінен ерекшеленетін микроорганизмдердің таза дақылы.
Клон – бір микробты жасушаның
ұрпағы.

Бактерия жасушасының құрылымы
Негізгі құрылымына: жасуша қабырғасы, цитоплазмалық мембрана, цитоплазма және нуклеоид.
Бактерияның қосымша құрылымдары болуы мүмкін: капсула, микрокапсула, шырыш, талшық, фимбрия, пили(кірпікше); кейбір бактериялар спора түзуге қабілетті.

Бактерия жасушасының ультрақұрылымы

Жасуша қабырғасы – бактерияларға белгілі пішін беретін берік серпінді құрылым ж/е жасушадағы жоғары осмостық қысымды ұстап тұрады. Ол жасушаның бөліну процесі мен метаболиттердің тасымалына қатысады.
Грам оң бактериялардың жасуша қабырғасы грам теріс бактериялармен салыстырғанда қалың, өлшемі 50 нм-ге дейін ж/е одан жоғары. Грам оң бактериялардың жасуша қабырғасында полисахаридтердің, липидтердің ж/е ақуыздың аз мөлшері бар. Бұл бактериялардың негізгі көлемін (40-90%) тейхой қышқылымен (грек сөзінен teichos - қабырға) ковалентті байланысқан пептидогликан (муреин, мукопептид) құрайды. Грам теріс бактериялардың жасуша қабырғасындағы пептидогликанның мөлшері 5-10%.

Цитоплазмалық мембрана
Цитоплазмалық мембрана үш қабатты құрылым болып табылады ж/е бактерия цитоплазмасының сыртқы қабатын қоршап тұрады. Ол осмостық қысымды реттеуге, заттардың тасымалына ж/е жасушаның энергиялық метаболизміне (электрондарды тасымалдайтын ферменттер, АТФ-аза ж/е т.б.) қатысады.

ЦИТОПЛАЗМАЛЫҚ МЕМБРАНАНЫҢ ҚҰРЫЛЫМЫ
|
ОЛИГОСАХАРИДТЕР |
ГЛИКОЛИПИДТЕ |
ИНТЕГРАЛЬДІ АҚУЫЗДАР |
Р |
ФОСФОЛИПИДТЕР ПЕРИФЕРИЯЛЫҚ АҚУЫЗДАР

Цитоплазма
Бактериялардың цитоплазмасы жасушаның негізгі көлемін құрайды ж/е ерігіш ақуыздардан
тұрады. Цитоплазмада әртүрлі қосылыстар бар –
полисахаридтер, поли- β-май қышқылы ж/е полифосфаттар (волютин). Олар қоршаған ортада
қоректік заттардың артық болуы кезінде жиналады ж/е қоректену мен энергиялық қажеттіліктер үшін қордағы заттар ролін атқарады.

Нуклеоид
Нуклеоид (ядроға ұқсас құрылым) – бактериялар ядросының эквиваленті. Нуклеоид бактериялардың орталық аймағында екі жіпшелі ДНҚ түрінде, шеңберге тұйықталған ж/е түйнек тәрізді тығыз орналасқан.

Капсула
Капсула – жасуша қабырғасымен тығыз байланысты шырышты түзіліс, сыртқы шекарасы анық белгіленген. Көбіне, капсула полисахаридтерден
(экзополисахаридтерден), кейде
полипептидтен тұрады.
Капсула гидрофильді, бактериялардың фагоцитозына кедергі жасайды ж/е кебуден сақтайды.
Көптеген бактериялар микрокапсуланы түзеді – электронды микроскоппен анықталатын шырышты түзіліс.

Бактериялардың талшықтары
Талшықтар – бактериялардың қозғалуын қамтамасыз етеді. Табиғаты
флагеллин ақуызы. Талшықтар – цитоплазмалық мембранадан басталатын жіңішке жіпшелер. Олар орналасуы бойынша жіктеледі:
монотрих - бір шетінде бір талшық (тырысқақ вибрионында);
перитрих – бактериялардың периметрі бойынша орналасқан (ішек таяқшасы, протей т.б.);
лофотрих – жасушаның бір шетінде шоғырланып орналасқан;
амфитрихтар – жасушаның екі шетінде