Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
коллежд пособие.doc
Скачиваний:
158
Добавлен:
20.05.2015
Размер:
4.51 Mб
Скачать

Микоплазма

Микоплазмалар – жасуша қабырғасы жоқ, бірақ үш қабатты липопротеидті цитоплазмалық мембранадан тұрады. Микоплазмалар сфералы, сопақшалы, жіпшелі, жұлдызшалы болулары мүмкін. Микоплазмаларды Берги жіктелуі бойынша жеке топқа жіктеген. Көлемдері әртүрлі бірнеше микрометрден 125-150 нм дейін. Ұсақ микоплазмалар бактериалді сүзгі арқылы өтіп, оларды сүзгілі формадеп атайды. Микоплазмалар топырақта,іркінді суларда және әртүрлі субстраттарда анықталған.Адам және жануарлар ағзасында патогенді және патогенді емес түрлері кездеседі. Патогенді микоплазмалар тыныс алу жолдарын, зәр шығару және ОЖЖ зақымдайды. Адамға үшін патогендісі Mycoplasma pneumonia, шартты-патогенді - Mycoplasma hominy және Т- тобы.

Хламидия

Chlamydiaccue тұқымдастығы, Gracilicutes , бөлімі, туысы- Chlamydia.(грек тілінде- плащ).

Қазіргі кезде 3 түрі бар: C. trachomatis, C. psittaci және C. pneumanice. 3- де адам мен жануарға патогенді. 600С- 10 минут, ал төменгі температурада ұзақ уақыт сақталады. Антисептиктер мен дезинфектанттарға сезімтал. Әртүрлі факторлар эсер еткенде L-формаға ауысады. Хламидия- «энергетикалық паразит». Өздігінен жоғары энергия бөле алмайды және өзін энергиямен қамтамасыз ете алмайды. Клетка ішілік паразит жағдайда жақсы өседі. Бинарлы бөліну арқылы көбейеді.

Өмірлік циклы 2- негізгі формада қалыптасады:

  • Элементарлы денешік- ұсақ (0,2-0,5 мкм) сфера тәрізді клеткадан тыс құрылым және үш қабатты клетка қабырғасы. Метобализмге аз активті және клеткадан тыс өмір сүруге бейімделу.

Элементарлы денешік- инфекциялық бірлік, клетканы зақымдайды. Элементарлы денешік Романовский- Гимза әдісімен бояғанда- пурпурный түс береді.

  • Ретикуляплы денешік- репродукциялық клетка ішілік формада. Ірі болады (1 мкм дейін) клетка қабырғасы қалың болады. Элементарлы денешік 5-6 сағатта өсіп шығады, цитоплазмаға еніп құрылысын өзгертеді. Алғаш Э.Д.-тен инициальді денешік (вегетативті форма) пайда болады. Романовский- Гимза әдісімен бояғанда көк түске боялады. Инициальді денешік біраз уақыттан соң РД айналады. РД айналған соң клетка бинарлы бөлініп көбейеді, қасында денешік пайда болады.

Патогенділік факторы.

Ең негізгісі клетка бетінің компаненттері (қорғаныш реакциясын басады), экзо- және эндотаксиндер.

Патогенезі.

Патогенезі зақымдалған клетканың өлуі және жергілікті қабыну реакциялары көрінеді. Қан құйылумен бірге зақымдалған неиротикалық гранулематозды ошақтар пайда болады.

Антигендік құрылысы.

Арнайы түрлік Аг (ЛПС).

Орнитоз қоздырғышы (c.Psittci)

Орнитоз (грек ornithos. құс)- жалпы интоксикациямен жүретін жұқпалы ауру, өкпе, жүйке жүйесінің зақымдалуымен, гепатоспленомегалия. Алғаш рет қоздырғышты С. Бэдсон өлген попугайдан тапқан. Әлементарлы денешік дөңгеленген формада (0,2-0,35 мкм). Резервуары- әртүрлі құстар (140 түрі). Табиғатта- суда жүзетін құстар. Құстар қоздырғышы бірнеше ай бойы бөледі. Негізгі берілу жолдары- ауа- шаң және ауа-тамшылы. Ауру адам қоздырғышты көп бөлмейді, сондықтан қатынаста болғандарды қадағаламайды.

Клиникалық көрінісі.

Инкубациялық кезеңі- 8-12 күн. Ауру жедел басталады- бұлшық еттің және бас ауыруымен басталады. Дене t- 38-390С. 1 күні науқастар- тамақта ауырсыну, белде ауырсыну, құрғақ жөтел. Соңынан ларингит және трахеобранхит симптомдары басталады. 8-12 күнінде пневмония басталады. 3-4 күнінде кейбір науқастарда қызылша тәрізді бөртпе пайда болады.

Микробиологиялық диагностикасы.

Негізгілері- бактериологиялық, биологиялық және серологиялық әдістер. Алдын- ала материалды- бактериоскопия жасайды. РИФ және РНИФ әдісі арқылы Аг- ды анықтау үшін.

Негізгі диагностикасы- серологиялық әдістер. Кең тарағаны- КБР. 1:32 жоғары болғанда аркитозды дәлелдейді. АД титрі 2 аптадан соң байқалады.

Емдеуі және прафилактикасы.

Доксициклин қолданылады (кейде эритромицинмен ауысады). Арнайы прафилактикасы жоқ. Негізгі шаралар- ветеринарлы- санитарлық және медико-санитарлық шаралар қолданады.

Хламидиялық бронхопневмония қоздырғышы.

C. pneumonice қоздырғышының өзгешелегі Аг өзгешелігі және қосынды денешіктері груша тәріздес формада. Көбінесе 50% ересектер ауырады. Инфекция көбінесе субклиникалық түрде өтеді, адамдарға ғана патогенді және тек қана қатынас арқылы беріледі.

Инкубациялық кезеңі- 1-2 апта. Ауру жедел басталады- бас аурумен дене температурасы жоғарлайды. Алғаш жоғарғы тыныс алу жолдарын зақымдап, кейін бронхопневманияға ауысады. Анықтау қиын.

Емдеуі: доксициклин, тетрациклин қолданады.

Иллюстративный материал

Рис.1. T.pallidum в темном поле

Рис.2. Реакция флюоресецнции

H. da Rocha- Lima енгізген (1916) «риккетсия» термині үлкен грам теріс тіршілігі буынаяқтылармен байланысты микроорганизмдер тобын құрайды. Риккетсиялардың жүйелік орналасуын бүгінде толық анықталған деп айта алмаймыз. Қазіргі классификациялық жүйе тек бұл микроорганизмдердің биология, генетика және экология білімдерінде жинақталған мағлұмат болып табылады:

  1. рикктсиялар облигатты клетка ішілік паразиттер;

  2. басқа бактериялардан айырмашылығы жасуша дақылынсыз қоректік орталарда тіршілік ете алмайды;

  3. олардың биологиясы буынаяқтылар паразитизмімен байланысты;

  4. олардың құрлысының, көбеюінің, биохимиялық, генетикалық және иммунобиологиялық мінездемелерінің ерекшеліктері бар;

  5. риккетсилар тудыратын аурулардың клиникасы мен эпидемиологиясының ерекшелігі;

  6. арнайы зерттеу әдістері бар (риккетсиологиялық).

Бұл микроорганизмдер топтарынан маңызды орын алатын адам мен жылықанды жануарларға апатогенді,бірақ тіршілігі буынаяқтыларға жоғары бейімделген риккетсиялар. Риккетиялар мен риккетсиятәрізді микроорганизмдер әр түрлі буынаяқтылар арасында кең таралған, соның ішінде биттер, кенелер, масалар, бүргелер. Бұл микроорганизмдер тобының өкілдерін эндосимбионттар деп атайды, себебі олар буынаяқты- иелерімен мутуалисттік қатынаста. Буынаяқтылар организміне жоғары бейімділігі болғандықтан, риккетсиялардың бірінші иелері ретінде қарастыруға болады. Көптеген омыртқалы жануарлар мен адамға патогенді риккетсиялар медициналық және ветеринарлық маңызы бар.

Таксономия.

Патогенді риккетсиялар мен оларға жақын қоздырғыштар – эукариоттық жасушалардың эндоцитобионттары қазіргі токсономия бойынша прокариоттар патшалығына Gracilicutes бөліміне, Proteobacteriaклассына, Rickettsiales түріне, Rickettsiaceae туыстығына, құрамына Rickettsia, Orientia, Ehrlichia және Bartonellaceae тұқымдастығына, ал Coхiella тұқымдастығы ( Ку қызбасы) гамма- протеобактериялар тобына жатқызылады.

Бөртпелі сүзек – Rickettsia prowazekii адам мен платиналы биттің арасындағы парзитарлы жүйеде қоздырғыш циркуляциясы жүретін антропоноз. Бит организмінде риккетсиялар ішек эпителийін бұза отырып көбееді. Риккетсиялар тасымалдаушының нәжісінде көп мөлшерде кездеседі. Платиналы бит адам ағзасынан бөртпелі сүзекті қызба кезінде кетеді. Таралу жолы – трансмиссивті.

Ку қызбасы.

Өз атауын инфекция ағылшын сөзінің querry, яғни белгісіз, түсініксіз мағанасында, алғашқы екі әрпінен алды Qu. Қоздырғышы – Coхiella burnettii – қоректік орталарда өспейтін эукариотты клетканың фаголизосомальды паразиті. С.burnettii тауық эмбриондарында, клетка дақылдарында, әр түрлі зертханалық жануарларда өседі.

Коксиеллалардың фазалық вариациялары, R- және S- бактерия түрлері. Фаза1 және фаза2 қоздырғыштары вируленттілігі, құрлысы, иммуногендігі және басқа қасиеттері бойынша ерекшкленеді. Коксиеллалар риккетсиялардан ұсақтау, инфратүр түзуге қабілетті (40 нм кіші), ал олар бактериялық фильтрлерден өтуге өте қабілетті, сыртқы ортаға тұрақты.

Ку қызбасы – негізінен ауыл шаруашылық малдың зоонозы. Инфекция көзінің және таралу факторларының көптігімен сипатталады. Негізінен аспирациялық және контактілі жолмен, сирек – алиментарлы жолмен жұғады. Қоздырғыштыі жоғарғы тұрақтылығын ескере отырып шаңды инфекция маңызы зор болып табылады.