Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
коллежд пособие.doc
Скачиваний:
158
Добавлен:
20.05.2015
Размер:
4.51 Mб
Скачать

Сальмонеллалар тудыратын аурулар

  1. 1ш сүзегі

  2. Парасүзек А және В

  3. Токсикоинфекциялар

Барлық сальмонеллалар аш ішектің лимфатикалық аппаратты бұзады, бактериемия тудырады және организмнің жалпы улану көріністерімен сипатталады.

1ш сүзегі мен парасүзек А мен В клиникалық көріністері ұқсас келеді, сондықтан лабораторлық зерттеулер қорытындысы бойынша ажыратылады. Ал токсикоинфекцияның клиникасы ерекше - жедел түрде басталып (гастроэнтерит), аз уақыт дамиды.

Микроорганизмдердің ену жолдары - алиментарлы (тағамдар, су арқылы).

1Ш сүзегі мен парасүзектердің патогенезі

Адамға қоздырғыш ауыз арқылы түседі, аш ішек және шарып лимфа түйіндеріне жетеді, сол жерде көбейіп, солитарлы фолликулалар мен пейер бляшкаларға түсіп, оларды сенсибили-зациялайды. Лимфа түйіндер арқылы сальмонеллалар қанға түседі - бактериемия сатысы. Қанмен бактериялар паренхиматозды мүшелерге таралады: бауыр, көкбауыр, жілік майына ж.т.б. Осы уақытта қанда антиденелер жинала бастайды, яғни қан мен паренхиматозды мүшелер бактериядан айырыла бастайды. Соны-мен қатар, өт қапшығында сальмонеллалар ұзақ сақталуы мүмкін. Себебі сальмонеллалар дамуына өт ең қолайлы орта болып саналады. Өт қапшығындағы бактериялар өт жолдары арқылы қайтадан аш ішекке жетеді. Бұл жерде олар сенсибилиза-цияланған солитарлы фолликулалар мен пейер бляшкалары қабынып некрозданады. Бактерияларға толы некроздық масса ыдырағанда ішектер қуысына түседі де нәжіспен сыртқа бөлінеді. Некроздалған масса орнында жаралар пайда болады, сауығу барысында (реконвалесценция) біте бастайды.

Аурудың клиникалық көріністері келесі сатыдан тұрады:

  1. - бастапқы сатысы - stadіum іncrementі (1-ші апта): дене қызуы көтеріледі 40-42С, интоксикация айқын көрінуде және басқа да ауру көріністері байқалуда;

11 - аурудың барлық симптомдары айқын көрінетін сатысы - stadіum acme (аурудың 2-3-ші аптасы), дене қызуы тұрақты жоғары санда;

111 - аурудың бәсеңдеу сатысы - stadіum decrementі (аурудың 4-ші аптасы): бәсеңдеп, дене қызуы түсуде және басқа симптом-дары да тежелуде;

1V - сауығу сатысы.

Морфологиясы

1ш сүзегі, парасүзектер және токсикоинфекциялар қоздыр-ғыштарының морфологиясы бір-бірінен ажыратылмайды. Бар-лығы - ұсақ қысқа грам(-) шеттері домаланған таяқшалар, көлемі 1-3х0.6-0.8 мкм. Сальмонеллалар қозғалады, 8-20 талшығы бар (перитрихтер). Спора мен капсула түзбейді. Аэробтар, бірақ ана-эробиоз жағдайда дами алады. Эндотоксині бар. ДНҚ Г+Ц деңгейі 50-52%.

Дақылдық қасиеттері

Сальмонеллалар қоректік орталарға талғампаз емес. Жай қоректік орталарда жақсы өседі: 370С, рН 6.8-7.2, ЕПА және ЕПС. Сұйық қоректік ортада сорпаны лайландырады, тығыз етті-пептонды агарда 24 сағат инкубацияда бактериялар - нәзік, дома-лақ, тегіс, жартылай жарық колониялары - S-формада, диаметрі - 2-4 мм. R-формадағы колониялар жазық, мөлдірлігі төмен, шет-тері тегіс емес. Парасүзек В сальмонеллалардың жас дақылдағы колониялары іш сүзегі мен парасүзек А сальмонеллалар колонияларынан ерекшелігі бар: олар үлкен және бұлынғыр болады. 18-20 сағат термостатта ұстағаннан соң, 1-2 тәулік бөлме температурасында қалғанда, колониялардың шеттерінде кілегейлі төмпешік пайда болады.

Төмпешік пайда болуы парасүзек В маңызды диагноз қою белгісі, басқа сүзектердің сальмонеллаларынан айырмашылығы.

Сұйық қоректік ортада барлық сальмонеллалар біркелкі лайландырады.

Науқастан алынған материалды бірден ексе, сальмонеллалар жәй өседі. Сондықтан оларды көбейту үшін молайту қоректік орталарына егеді: Мюллер, Кауфманн және селенит сорпасына нәжіс, құсық массасы, зәр егіледі. Тағы элективтік орталар қолданады: Рапопорт және 10-20% өт сорпасына қан егіледі.

Сальмонеллаларды бөліп алу үшін дифференциальды Эндо, Левин, Плоскирев және висмут-сульфит агары қажет. 18-20 сағат термостатта, бірінші үш қоректік ортада өскен жағдайда, сальмонеллалар колониялары - түссіз (себебі, қоректік орта құрамына кіретін лактозаны ыдыратпайды). Висмут-сульфит агарда жай өседі, 48 сағат инкубацияда қара түсті колониялар көруге болады.