Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
123.docx
Скачиваний:
83
Добавлен:
01.05.2015
Размер:
817.28 Кб
Скачать

1.3 Вирустардың деструктивті әрекеттері

Вирустардың пайда болуы (деструктивті әрекеттермен):

  1. ДЭЕМ-ның жұмысына әсер ету;

  2. Программалық файлдардың бұзылуы;

  3. Мәліметтері бар файлдардың бұзылуы;

  4. Дискі немес оның бөлігін форматтау;

  5. Дискідегі немесе оның бөлігіндегі ақпаратты ауыстыру;

  6. BR немесе MBR дискінің бұзылуы;

  7. FAT бұзылу жолымен файлдар байланысының бүлінуі;

  8. CMOS-жадыдағы мәліметтердің бұзылуы.

Бірінші топты вирусты «иллюзионистер» деп, ал барлық қалған топты вирустарды «вандалдар» деп атайды.

1.4 Вирусты маскировкалау тәсілдері

Маскировкалау тәсілдеріне сәйкес бөлінеді:

  • Маскировкаланбайтын вирустар;

  • Өзіндік шифрленетін вирустар;

  • Стелс-вирустар.

Соңғы екі топ антивирустық құралдардың пайда болуына байланысты дами бастады.

Стелс-вирустармен қолданылатын маскировкалау әдісі кешенді сипаттан тұрады және екі категорияға бөлінуі мүмкін:

  1. Вирустасымалдаушы-программада вирустың болуын маскировкалау;

  2. ОЖСҚ (ОЗУ)-да резидентті вирустың болуын маскировкалау.

1.5 Вирустардың бар болу белгілері

  1. Дискідегі файлдар санының ұлғаюы;

  2. Бос оперативті жады көлемінің азаюы;

  3. Файлды құру уақыты мен мерзімінің өзгеруі;

  4. Программалық файл өлшемінің ұлғаюы;

  5. Программаның дұрыс жұмыс жасамауы;

  6. Программа жұмысының бәсеңдеуі;

  7. Дискіге айналу болмау керек кезде дисководта лампочканың жануыЗагорание лампочки дисковода в то время, когда к диску не должны происходить обращения;

  8. Қатты дискіге қатынау уақытының айрықша өсуі;

  9. ОЖ жұмысындағы ақаулар, әсіресе, оның тұрып қалуы;

  10. Файлдық құрылымның бүлінуі (файлдардың жоғалуы, каталогтардың бұзылуы).

1.6 Macro-вирустар

MACRO-вирустар тек қана Windows-та өмір сүреді, пассивті объектілер өткенге кетеді; активті мазмұндыдар деп аталатындар қалыпты болып қалады. Барлық белгілері бойынша мәліметтерге жататын файлдар (мысалы, MS-Word немесе Postscript форматындағы құжаттар, пошталық хабарлар мәтіндері) файлды ашқанда көрінбей жүктелетін интерпретацияланушы компоненттерден құралуы мүмкін. Басқа да прогрессивті құбылыс тәрізді мұндай "мәліметтердің белсенділігін көтеру" өзінің кері жағынан тұрады.

Вирустардың басқа түрлері:

- компьютерді физикалық бүлдіретін вирус, мысалы, резонансқа винчестер басын енгізу, бұл оның бұзылуына әкеледі.

- BIOS WinCIH жадысын бұзатын вирус (келтірілген зақымдар жеңіл түзеледі және профилактикасы да қарапайым: SETUP программасында BIOS-тың жаңаруына тыйым салу).

1.7 Басқа қауіпті программалар

1) Желіқұрттары

Берілген категорияға төмендегі мақсатпен жергілікті және/немесе ауқымды желілер арқылы өзінің көшірмелерін тарататын программалар жатады:

- өшірілген компьютерлерге ену;

- өшірілген компьютерге өзінің көшірмесін жіберу;

- желімен басқа компьютерлерге таралу.

Өзінің таралуы үшін желілік құрттар әртүрлі компьютерлік және мобильді желілерді қолданады: электронды пошта, лездік хабарлармен алмасу жүйесі, файлалмастырулар (P2P) және IRC-желілер, LAN, мобильді құрылғылар арасында мәліметтер алмастыру желісі (телефондармен, қалта компьютерлерімен) және т. б. Белгілі құрттардың көбісі файлдар түрінде тарайды: электронды хаттарға салу, қандай да веб- немесе FTP-ресурста ICQ- және IRC-хабарларда зақымдалған файлға сілтеме, P2P алмасу каталогындағы файл және т. б.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]