Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
умаров мукашева 77.docx
Скачиваний:
25
Добавлен:
01.05.2015
Размер:
245.53 Кб
Скачать

1. Есептеу-графикалық жұмыстың мақсаты және мәселелері

Жұмыстың мақсаты, студенттерге қойылған тапсырмаларды өз бетімен шешім шығаруын дамыту, теориялық білімдерін баянды ету, техникалық әдебиеттерден алынған ақпараттарды тәжірибемен ұштастыра отырып электрлік станциялардың құрылымдық сұлбаларын таңдау және жүктемелердің баллансын құрастыру.

Есептеу графикалық жұмыс, бұл типтік есеп, оған кіретін мәселелер:

  • генераторлардың түрін және олардың қоздыру жүйесін таңдау;

  • станциялардың құрылымдық сұлбаларын таңдау;

  • қалыпты режимде жүктемелердің баллансын құрастыру.

2. Есептеу – графикалық жұмыстың мазмұны

- станцияның және отынның түрі;

- станциядағы генераторлардың қуаты мен саны;

- электрлік жүктемелер, олардың кернеуі және қуаты;

- энерго жүйе мен станцияны байланыстыратын электр беру желілерінің саны және кернеуі және т.б.

КІРІСПЕ

Электр станциясы деп – электр энергияны өндіруге арналған кәсіпорын немесе фабрика болып табылады. Электр станцияларымен қатар электр энергияны түрлендіруде және таратуда басты рольді электр тораптары мен жүйелері атқарады.

Энергожүйенің проектін жасаудағы есебі болып, энергияны аз мөлшерде жұмсап, тұтынушыларды электр және жылу энергиясымен қажетті мөлшерде қамтамасыз ету үшін электр станцияларында және электр тораптарында керек жабдықтарды технико-экономикалық жағынан тиімді таңдап алу болып табылады.

Есептеу графикалық жұмыста электр станцияның барлық құрылғыларын есептеп, таңдап алу мүмкін емес. Сол себепті бұл жұмыста проектілетін станция жұмыс істейтіндей және қажетті құрылғылары тексеріле алатын электр жүйенің параметрлері ескеріледі.

Электр генераторлары. Жұмыс icmey принципі мен конструкциясы

Электр генераторы — турбинадан алған механикалық энергияны электр энергиясына түрлендіретін машина.Генератордың жұмыс принципі (Ферадей-Максвелл) электроомагниттік индукция құбылысына негізделген.Генераторда өндірілген ток пен кернеу синусоида заңы бойынша өзгереді,сондықтан да генератор өндірген электр қозғаушы күш айнымалы шама, әрі ол магнит ағынының (Ф) өзгеpyiнe байланысты болады. Сонымен (1, 2):

Электр қозғаушы күші (Э.Қ.К) магнит ағынының (Ф) өзгepiciнe байланысты,ал опың өзі ротордың орамынан ток аққанда пайда болады . Ротор дегеніміз болат білік-подшипниктерден айналатын цилиндр. Цилиндрге ойық жасалып, онда тұрақты токтың сым орамы орнатылған. Токтың (1) орам санына (W) кебейтіндісі магнит қозғалтқыш күшін (I ‎‎‎‎‎• W), оның өзі темір өзекшеде магнит индукциясын (В) тудырады: В = р • I • W, мұндағы μ -полюстің квадрат сантиметр бетіндегі магнит күш сызығы жолының магнит өткізгіштігі.

Ротор генераторының η минуттa айналуының және айнымалы ток жиілігінің (f) араларында тәуелділік бар. Бұл тәуелділік:

Ток жиілілігі герц-секундпен өрнектеледі. Дүние жүзіндегі көпшілік елдердегі жалпы өнepкeciптік электр станцияларының стандартты жиілілігі - 50 Гц.

1-сурет. Үш фазалы ток генераторы.

1. Ротор бөшкесі. 2. Статор темірі. 3. Статордың үш орамасы (обмоткасы). 4. Ротор валы. 5. Ротор мен статордың арасындағы бос кеңістік. Ол 6ipнеше мм-ден бірнеше см-гe дейін жетеді 6. Статор теміріндегі әдейі жасалған қуыстар (пазы): 1, II, III. Олар орамдармен толықтырылады. 7. Ротор бөшкесіндегі қоздырғыш орамамен толтырылған қуыстар (пазы). Орамамен толтырылмаған ротордың, қуыстары, ротордың оңтүстік және солтүстік полюсы болып есептелінеді.

Генераторларды қоздыру және салқындату схемалары

Статор орамасындағы ЭҚК-тi индукциялау үшін ротор қуатты магнит ағынын тудыру қажет екендігі туралы жоғарыда айтылған болатын. Табиғи магниттер аз шамадағы магнит ағынын туғызады және де бұл магнето-типтес айнымалы ток генераторларында, қопарғыш машиналарға ғана жарамды. Қуатты магнит ағынын жасау үшін электр магниттерi қажет. Электрлік магниттер тұрақты токты темір өзекшесі бар катушкада өндіреді (2-сурет).

Электрлік магниттер табиғи магниттерден он және жүз еседей асып түсетін маг-

нит ағынын жасайды. Тез айналатын турбогенераторларда роторлы магнит цилиндр формалы келеді және магнит полюсі ойықтар мен орамдар орналаспаған жерде болады (3-сурет).