Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
уелхан Азамат 87052222873.docx
Скачиваний:
6
Добавлен:
01.05.2015
Размер:
29.37 Кб
Скачать

АЛМАТЫ ЭНЕРГЕТИКА ЖӘНЕ БАЙЛАНЫС УНИВЕРСИТЕТІ

Электрэнергетика факультеті

Әлеуметтік пәндер кафедрасы

Қазақстан тарихы

№1 семестрлік жұмыс

Тақырыбы: Түріктердің дүниетанымы және мифологиясы

Орындаған: Эк-14-2 тобының

студенті Әуелхан А. Е.

нұсқа - 144107

Тексерген: Раджапов А. У.

«25» ақпан 2015 ж.

Алматы, 2015

Жоспар

  1. Кіріспе

Ежелгі түркі халқының байырғы кезеңдердегі өмірге деген көзқарастарының негізі

  1. Негізгі бөлім

  • Түріктердің дүниетанымының қалыптасуының негізі

  • Көне түріктердің мифологиялық тарихи даму жолы

  1. Қорытынды

Түркі мәдениетінің қазіргі кезеңдегі мыңыздылығын сипаттау

Кіріспе

Дүниетаным, халық арасындағы қолдануына байланысты жинақталған ақпарат қоры немесе ол адамның өмірге деген көзқарасы, бір жетістікке жету жолындағы іс-шара немесе ұстанған ұстанымы түрінде де түсіндіріледі. Дүниетаным дегеніміз не? Көптеген жазушылар әр түрлі түсініктемелер ұсынды. Мысалға алсақ, Джеймс Сайр дүниетанымды – әлемнің негізгі құрылымы жайында алған болжамдарымыз немесе пікірлеріміз дейді. Филипс пен Броун (Phillips and Brown) дүниетаным дегеніміз алдымен дүниенің анықтамасы мен ол жайындағы қалыптасқан пікірі, содан кейін бұл көзқарастың, өмірде қолданылуы дейді. Осындай пікірлерді саралай келе , дүниетаным дегеніміз, менің ойымша, дүниенің бір көрінісі мен біздің соған деген көзқарасымыз.

Барлығымыз білетіндей, ұлан байтақ Азия даласында өмір сүрген, халықтардың географиялық орналасуын бірнеше рет ұлы көштерімен өзгерткен, қытай сынды ұлы халықты бірнеше рет бағындырып адамзат өнерінің қайталанбас кереметі Қытай қорғанының тұрғызылуына себеп болған байырғы түрік қауымдарының дүниетанымы еш күмәнсіз олардың дініне, тіліне, салт-дәстүріне әсер еткені рас. Енді бізге назар аударатын жайт, осы байырғы түріктердің діні қандай еді, өздерінің артында қалдырған жазба мұраларында осы жайлы айтылды ма, олардың дүниетанымы кейінгі өмір сүрген ұрпақтарында сақталды ма? Алдағы уақытта тарихшылардың зерттеулері мен ізденістерінде осы тақырыптың қаншалықты орын алғандығын қарастыратын боламыз. Ежелгі заманнан осы уақытқа дейінгі деректерге сүйене отырып, кез-келген халықтың діні, наным-сенімдері мен дүниетанымы оның тарихына, рухани-мәдени, саяси өміріне үлкен әсер ететін фактор екендігін біле аламыз. Әлемдік діндердің бастау тегіне Тәңірлік діннің өзекті қағидалары арқау болған. Тәңірлік дін уақыт пен кеңістікті игеруге талпынған, қоршаған ортамен тіл табысуға ұмтылған адам баласының алғашқы таным түсінігі еді. Көне түркілер жерімен, Ұлы Жібек жолы арқылы қаншама діндер өтсе де, түркілердің негізгі сенімі Тәңірлік дін, аруаққа табыну болды. Вильгельм Рубрук түркі жұртын аралаған кезінде олар өздерінің Тәңірге табынатынын және оны таза рухани мән ретінде түсінетінін атап көрсеткен. Тек ислам діні ғана, уақыт өте келе көне түркі сенімдерімен іштей араласып, түркі жұртының рухани-мәдени ұстанымына айналды.