Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
ИЭВ_лекция.docx
Скачиваний:
261
Добавлен:
01.05.2015
Размер:
578.06 Кб
Скачать

12.3 Сурет – Кернеудің жиілік өлшеуіштегі уақыттық диаграммалары

Жиілікөлшеуіштің сұлбасында басты мәселе санау уақытын белгілеу. Сонда осы уақытта толтырылға импульстардың саны

N=Tcy/Tx=Tcyfx. (12.2)

Осыдан белгісіз жиілікті табамыз

fx=N/Tcy. (12.3)

Жиілікті өлшеудің салыстырмалы қателігін (12.3) өрнекті логарифмдеу мен дифференциалдау арқылы табамыз

. (12.4)

Мұндағы – абсолюттік қателік, Гц;

–жиіліктің өлшенген мәні, Гц;

–дискреттеудің абсолюттік қателігі, с.

Есептеуге оңтайлы болу үшін максималдық салыстырмалы қателіктің формуласын қолданады

(12.5)

(12.2) ескерсек

(12.6)

Мұнда δс=(2…5)(10-7…10-9) – санау уақытының салыстырмалы тұрақсыздығы (нестабильность).

(12.5) өрнектен абсолюттік қателіктің формуласын алуға болады

, (12.7)

Жиілігі fx=50 Гц өлшегенде (12.5) және (12.6) формулалардың 1 мүшелері 2 мүшелеріне қарағанда аз болғандықтан, оларды елемеуге болады:

, (12.8)

. (12.9)

Жиіліктің 0,2 Гц-тей тербелісін өлшеу үшін санау уақытын максимальдық түрде алу керек

. (12.10)

Егер Тсу=10 с алсақ , онда Δmax=0,1 Гц болады. Бірақ, бұл жағдайда өлшейтін уақыт созылады, сондықтан жиіліктің 1 с тербелуін бақылау қиын.

Енді айнымалы токтың периодын өлшеу мәселесін қарастырайық. 12.4 суретте периодометрдің уақыттық диаграммасы көрсетілген.

12.4 Сурет – Периодометрдің уақыттық диаграммалары

Периодометрде де жиілікөлшеуіш сияқты кернеудің уақыттық өзгеруі импульстар қатарына түрлендіріледі. Мұндағы айырмашылық санау уақыт Тсу іздейтін периодқа Тх тең болады. Осы уақыт аралық импульстік қоздырғыштан қысқа импульстермен толтырылады. Бұл импульстер тактылық жиілікпен (толтыру жиілігі) беріледі. Кей кезде оларды уақыттық таңбалар деп атайды.

Импульстердің саны мынаған тең

N=Tx/Tтж. (12.9)

(12.9) өрнектен өлшеудің максимальдық салыстырмалы қателігін табуға болады

12.10)

және максимальдық абсолюттік қателік

(12.11)

әдетте, қысқарылған өрнектерді қолданады

, (12.12)

. (12.13)

Тіректі жиіліктің генераторы төртбұрышты периодикалық импульстер шығарады, олардың жиіліктері fТЖ=1МГц. Сондықтан уақыт таңба ТУТТЖ=1мкс тең. Бұл жағдайда периодты өлшеудің абсолюттік қателігі аспауы керек. 50 Гц жиілікті өлшегенде саналатын импульстердің санын табуға болады; егер Тх=0,02с:

N=(0.02/10-6)=20000 имп.

Әдебиеттер тізімі

1. Аманқулова М.У., Иванов Э.А. Электроэнергетикадағы ақпараттық өлшеу техникасы. – Алматы: АЭЖБИ, 1998. – 70 б.

2. Овчаренко Н.И. Аналоговые и цифровые элементы автоматических устройств энергосистем. – М.: Энергоатомиздат, 1989.

3. Атамалян Э.Г. Приборы и методы измерения электрических величин.- М.: Высшая школа, 1989.

4. Туричин А.М. и др. Электрические измерения неэлектрических величин. – Л.: Энергия, 1975. – 576 с.

5. Әміров Ж. Қ., Иванов Э. А., Жанғозин Ә. Ж., Рысбаев М. Т. Метрология, стандарттау және сапамен меңгеру. – Алматы: ҚР ІІМА, 2000. – 190 б.

6. Шишмарёв В. Ю., Шанин В. И. Электрорадиоизмерения. – М.: АСАDEMA, 2004. – 336 с.

Мазмұны

Кіріспе.............................................................................................................. 3

1 №1 – дәріс. Өлшеу процестері және өлшеуіш құралдар............................... 4

2 №2 – дәріс. Өлшеудің қателіктері.................................................................. 9

3 №3 – дәріс. Аналогтық өлшеуіш аспаптардың жалпы сипаттамалары....... 13

4 №4 – дәріс. Аналогтық аспаптардың өлшеуіш механизмдері..................... 18

5 №5 – дәріс. Өндіріс жағдайында тұрақты ток пен кернеуді өлшеу.......... 221

6 №6 – дәріс. Айнымалы токтарды және кернеулерді өлшеу........................ 26

7 №7 – дәріс. Цифрлық аспаптар................................................................... 31

8 №8 – дәріс. Электрлік кедергіні өлшеу........................................................ 34

9 №9 – дәріс. Реактивтік элементтердің параметрлерін өлшеу...................... 38

10 №10 – дәріс. Қуатты өлшеу....................................................................... 43

11 №11 – дәріс. Электрлік энергияның шығынын өлшеу.............................. 48

12 №12 – дәріс. Кернеу мен токтың жиілік пен уақыттық параметрлерін өлшеу 52

Әдебиеттер тізімі..................................................................................56