Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
МУ Прог ЦТ лаб_каз_2012_последн вариант.doc
Скачиваний:
18
Добавлен:
01.05.2015
Размер:
4.19 Mб
Скачать

4.2 Жұмысты орындау тәртібі

4.2 кесте – Тапсырма нұсқалары

Нұсқа

Коэффициент

Сан

Нұсқа

Коэффициент

Сан

1

1,33

62

6

6,33

12

2

2,33

35

7

7,33

11

3

3,33

22

8

8,33

10

4

4,33

17

9

9,33

9

5

5,33

14

10

10,33

8

4.1 сурет–Бақылау терезесі

Барлық регистрлерді қажетті форматта бақылау терезесіне шығарыңыз. Олардың мәнін зертханалық жұмыс есептемесінде көрсетіңіздер. Мәліметтерді алу үшін программаны ANIMATEрежимінде жіберіп, HALTарқылы тоқтатып отыруға болады.

Жұмыс нәтижелерін 4.3 кестеге жазыңыздар.

4.3 кесте- Нұсқа 11. 0,8-ге көбейу нәтижелері.

Коэффициент

Сан

Көбейткіш

Бөлгіш

Нәтиже

Қалдық

Дәлдік

0,8

6

4

5

4

4

83,3%

Бөлшек санға көбейту программасын «Мои документы» бумасында сақтаңыз,ол келесі жұмыстарда қолданылады.

    1. Жұмыс тақырыбы бойынша қысқаша теориялық ақпарат

Шартты өту нұсқауларыBTFSCжәнеBTFSSкез келген регистрдегі берілген биттің күйін тексереді,2.4 кестені қараңыздар. Осы нұсқауларға негізделе отырып көбейту және бөлудің циклдық алгоритмы құрылады.

Циклдың орындалуын тоқтату немесе жалғастыруды әдетте екі санның теңдігін тексеру арқылы орындайды: циклдар санымен және орындалатын циклдың нөмірі арқылы.

Ассемблерде сандарды салыстыру нұсқауларыжоқ. Екі санның кіші, үлкендігін білу үшін келесі алгоритмді қолданады:

а) сандардың айырмасы алынады, сонда нәтижеге байланысты Status регистрінің C және Z флагтары өзгереді, олар 4.4 кестеде келтірілген.

б) ары қарай шартты өту нұсқаулары қолданылады.

4.4 кесте – Айырмасын алу кезіне Status регистрінің C және Z күйлері

ЖҚР UMENSH және W мәндерінің қатынасы

Айырмасын алудан кейін Status регистрінің флагтарының мәні

Флаг Z

Флаг C

UMENSH-W>0

0 – нөлдік нәтиже болған жоқ

1 –W-дың 7-битінен С битіне ауысу болды (қосымша кодта қосу кезінде)

UMENSH-W<0

0 – нөлдік нәтиже болған жоқ

0 – W-дың 7-битінен С битіне ауысу болды (қосымша кодта қосу кезінде)

UMENSH-W=0

1 – операция нәтижесі 0-ге тең

1- W-дың 7-битінен С битіне ауысу болды (қосымша кодта қосу кезінде)

Ескерту –UMENSH регистріне азайғыш жазылады

Көбейтуді тізбектеп қосу арқылы орындауға болады.

Мысалы, 2510=25+25+25+25+25+25+25+25+25+25=250.

Бүтін бөлу алгоритмі 35-ті 10-ға бөлу мысалы ретінде 4.1 кестеде келтірілген. Алгоритмде бөлгіш 0-ге тең болса программа циклға түсіп кететіні көрніп тұр. Алгоритмнің блок-сұлбасы 4.2 суретте көрсетілген.

Бөлшек санға көбейтуді қандай да бір дәлдікпен көрсетуге болады, яғни берілген санды бүтін көбейткішке көбейтіп, шыққан санды бүтін бөлгішке бөлу арқылы. Көбейткіш пен бөлгішті калькулятор арқылы келтіріп алуға болады [1, 2, 3, 4].

    1. Бақылау сұрақтары

  1. BTFSCSTATUS, C шартты өту командасы жұмысын түсіндіріңіз.

  2. DECFSZR3,F шартты өту командасының жұмысын түсіндіріңіз.

  3. Бүтін санға көбейту алгоритмін түсіндіріңіз.

  4. Сандартың теңдігін қандай операциялар арқылы анықтауға болады?

  5. Бүтін санға бөлу алгоритмін түсіндіріңіз.

  6. Бөлшек санға көбейту алгоритмін түсіндіріңіз.

  7. Айырма нәтижесінің терістігін қалай анықтауға болады?

  8. 26 санын 10-ға көбейткенде МБ регистрінде қандай нәтиже болады?

  9. 4-ті 0,8-ге екі әдіспен көбейткенде: 4×4/5немесе4/5×4 нәтижелері бірдей болады ма?

  10. BTFSSSTATUS,Z. шартты өту командасы жұмысын түсіндіріңіз.

  11. Қай кезде Statusрегистрінің ZжәнеCбірдей 0-ге тең?

  12. Сандарды салыстыру қалай орындалады?