- •1Метрологияның мәні,мазмұны және оның түрлері
- •2Метрологияның негізгі қызметтері
- •3Физикалық шама.Физикалық шаманың сипаттамалары. Терминдермен анықтамалар.
- •4.Физикалық шамалардың өлшем бірліктері.
- •5. Қазақстан Республикасының «өлшем бірлігін қамтамасыз ету туралы» заңы.
- •6 Метрологиялық қамтамасыз ету қызметінің ұйымдастырушылық құрылымы. Метрологияның экономикалық базасы.
- •7 Өлшеу бірыңғайлылығын қамтамасыз етудің ұйымдастырушылық негіздері. Метрологиялық қызметтің міндеттері.
- •8 Мемлекеттік метрологиялық қызмет жұмыстарының бағыттары
- •9 Мемлекеттік қадағалау. Заңнамалық база.
- •10 Мемлекеттік метрологиялық қадағалаудың негізгі міндеттері
- •11 Өлшеу құралдары. Метрологиялық, жұмысшы өлшеу құралдары.
- •12 Стандартталған, стандартталмаған, негізгі және қосалқы өлшеу құралдары.
- •13 Өлшеу құралдарының түрлері және сипаттамалары.
- •14.Өлшеу құралдарының метрологиялық сипаттамалары
- •15. Өлшеудің қателіктері. Пайда болу сипаты бойынша түрлері.
- •16.Тікелей өлшеу нәтижелерін өңдеу.
- •17. Өлшеудің классификациясы. Өлшеу нәтижелерін өңдеу.
- •18 .Жанама өлшеу.
- •19. Эталон. Бастапқы және арнайы эталон.
- •20.Екінші эталондарды жасау негіздемелері және оның түрлері.
- •21. Халықаралық, мемлекеттік эталондар.
- •22.Топтық эталон.
- •23. Қазақстан Республикасының эталондық базасы
- •24.Өлшеу құралдарын сенімдеу. Сенімдеу әдістері.
- •25.Сенімдеу түрлері және сипаттамалары.
- •26.Өлшеу құралдарын сенімдеу нәтижесін рәсімдеу.
- •27.Өлшеу құралдарын сенімдеу құқығына аккредитация.
- •28.Сенімдеушілердің жұмыс орнын аттестаттау.
- •29.Өлшеу құралдарын калибрлеу.
- •30.Өлшеу тұтастығын қамтамасыз ету бойынша құқықтық негіз.
- •31.Заттар мен материалдардың құрамы мен қасиеттерінің стандартты үлгілерінің мемлекеттік қызметі (сүмқ).
- •32.Мемлекеттік метрологиялық қызмет. Уақыт пен жиіліктің мемлекеттік қызметі (уж, мк).
- •33.Сенімделетін құралдың көрсеткішінің абсолюттік ауытқуы деген не?
- •34.Сенімделетін құралдың көрсеткішінің салыстырмалы ауытқуы деген не?
- •35.Құрал көрсеткішінің келтірілген салыстырмалы ауытқуы деген не?
- •36.Абсолюттік түзету деген не?
- •37.Дәлдік класы мен келтірілген салыстырмалы ауытқу арасындағы байланыс қандай?
- •38.Өлшеу құралы көрсеткішінің орнығу уақыты деген не?
- •39.Өлшеу құралының шкаласында қандай белгілеулер келтіріледі?
- •40.Эталондық құралдың дәлдік класы қандай болуы керек? МемСт бойынша құралдар неше дәлдік классқа бөлінеді?
- •41.Эталондық құрал қандай шарттарды қанағаттандыруы тиіс?
- •42.Эталондық құралдың қандай екі шарттары бар?
- •43.Абсолюттік ауытқудың шамасы қандай болуы керек?
- •44.Дәлдік класын білудің маңыздылығы неде?
- •45.Ығыстыру қандай мақсатта қолданылады?
- •46.Прибор көрсеткішінің рұқсат етілген салыстырмалы ауытқуы екі мүшелі өрнекпен нормаланатын жағдай үшін дәлдік класы қалай белгіленеді?
- •47.Бөлшек санмен белгіленген дәлдік класы туралы ақпаратты қалай қолданған жөн?
- •48) Амплитудалық модуляция коэффициенті дегеніміз не? Оны қалай өлшеуге болады?
- •50.Сенімделетін құралдың көрсеткішінің абсолюттік ауытқуы деген не?
- •51) Сенімделетін құралдың көрсеткішінің салыстырмалы ауытқуы деген не?
- •54.Мемлекеттік метрологиялық қадағалау. Метрологиялық ережелер мен нормалардың бұзылғандығы үшін жауапкершілік.
- •55.Өлшеу қателігі? Абсолютті қателік? Салыстырмалы қателік?
- •56.Өлшеу қателіктерінің қалыптасу тәсіліне қарай қалай бөлінеді?
- •57.Өлшеу қателіктерінің көріну тәсіліне қарай қалай бөлінеді?
- •58. Метрологияның қоғамдағы рөлі.
- •59.Си Халықаралық бірліктер жүйесі.
- •60.Өлшеудің тұтастығын қамтамасыз етуге қатысты нормативтік құжаттарға талдау жасау.
13 Өлшеу құралдарының түрлері және сипаттамалары.
Өлшеу құралдарының түрлері:
Шама мөлшерлері;
Өлшеу приборы;
Өлшегіш түрлендіргіштер;
Өлшеу қондырғысы;
Өлшеу жүйесі;
Стандартты үлгілер;
Өлшеу машиналары.
Шама мөлшерлері – бір немесе бірнеше берілген размерлі физикалық шамаларды сақтай және қайта жаңғырта алатын өлшеу құралдары. Мөлшерлер бірмәнді, көпмәнді және мөлшерлердің жиынтығы түрінде болады.
Өлшегіш түрлендіргіштер – өлшенетін шаманы басқа шамаға немесе өңдеу, сақтау, ары қарай түрлендіру үшін ыңғайлы өлшеу информациясының сигналына түрлендіру үшін қолданылатын ӨҚ.
Өлшеу приборы – өлшенетін физикалық шаманың мәндерін орнатылған диапазонда алу үшін қолданылатын ӨҚ.
Өлшеу қондырғысы – бір жерде орналасқан және бір немесе бірнеше физикалық шамаларды өлшеу үшін қолданылатын өлшеу құралдарының функциональды біріккен жиынтығы.
Өлшеу жүйесі – әр жерде орналасқан және бір немесе бірнеше физикалық шамаларды өлшеу үшін қолданылатын өлшеу құралдарының функциональды біріккен жиынтығы.
Өлшеу машинасы – бұйымды сипаттайтын физикалық шамалардың дәлдігін өлшеуге арналған ірі размерлі өлшеу қондырғысы.
14.Өлшеу құралдарының метрологиялық сипаттамалары
Өлшеу құралдары – бұл нормаланған метрологиялық сипаттамалары бар, өлшеуге қолданылатын техникалық құралдар. ӨҚ екі функциялардың біреуін іске асыратын әр түрлі сындарлы құрылғыларды біріктіретін, жалпыланған түсінік.
Өлшеу құралдарының метрологиялық сипаттамалары
Шкала бөлігінің құны;
Өлшеу диапазоны;
Сезімталдық;
Өлшеу құралдарының қателігі;
Өлшеу құралдарының класс дәлдігі;
Шама бөлігінің құны – өлшеу құралдарының шкалаларының екі көршілес белгілеріне сәйкес шама мәндерінің айырымы.
Өлшеу диапазоны - өлшеу құралдарының қателіктерінің жіберілген шектері нормаланған шектегі шама мәндерінің облысы.
Сезімталдық - өлшеу құралдарынан шыққан сигналдың өзгерісінің, оны туғызған өлшенетін шаманың өзгерісіне қатынасы. =
- ӨҚ-нан шыққан сигналдың өзгерісі
Метрологиялық практикада өте көп қолданылатын ұғым - өлшеу дәлдігі.
Өлшеу құралдарының өлшеу дәлдігі – алынған нәтижелердің өлшенетін шаманың нақты (шын) мәніне жақындығын көрсететін өлшеудің сапасы. Өлшеу құралдарының өлшеу дәлдігі оның қателігімен анықталады.
Өлшеу құралдарының қателігі – алынған нәтижелер мен өлшенетін шаманың нақты (шын) мәндерінің айырымы. Нақты мәндерге эталондық өлшеу құралдарының көрсетулері алынады.
Өлшеу құралдарының қателіктері былай жіктеледі:
өрнектеу тәсілі бойынша – абсолюттік, салыстырмалы;
туындау сипаты бойынша – жүйелік, кездейсоқ.
Өлшеу құралдарының класс дәлдігі – жіберілген қателіктердің шектерімен, сонымен қатар дәлдікке әсер ететін басқа да сипаттамалармен өрнектелетін жиынтық сипаттама.
Өлшеудің тұтастығын қамтамасыз етудің техникалық негіздерінің бірі – шама бірліктерінің ұлттық эталондары.
15. Өлшеудің қателіктері. Пайда болу сипаты бойынша түрлері.
«Қателік» түсінігін енгізу физикалық шамамен және өлшеу нәтижелерімен өлшенетін нақты және шын мәндер түсініктерімен байланысты.
Физикалық шаманың нақты мәні – бұл сандық та, сапалық та жағынан осы нысанның қасиетін көрсететін мән.
«Физикалық шаманың шын мәні» - нақты мәнге соншалықты жақын келетін және экспериментальды түрде табылған мән, осы мақсат үшін ол оның орнына қолданылуы мүмкін.
Өлшеу нәтижесі өлшеу жолымен табылған шаманың нақты мәнінің жуықталған бағасын білдіреді.
«Қателік» түсінігі – «өлшеу нәтижесінің қателігі» және «өлшеу құралдарының қателігі» түсініктері пайдаланылатын метрологиядағы негізгілерінің бірі.
Сонымен, өлшеу нәтижелерінің қателігі – бұл Х өлшеу нәтижелері мен өлшенетін шаманың Q нақты мәні (немесе дұрыс) мәні арасындағы айырмашылық: Δ=X-Q.
Өлшеу құралдарының қателігі – ӨҚ көрсеткіштері мен өлшенетін физикалық шаманың нақты (немесе шын) мәндері арасындағы айырмашылық. Осы қателік осындай құралмен жүргізілген өлшеу нәтижелерінің дәлдігін көрсетеді.
Қателіктің пайда болу сипаты бойынша олар кездейсоқ, жүйелік, ұдаушы және өрескел (қателер).
Кездейсоқ қателіктер – бірдей жағдайда бірдей мұқияттылықпен жүргізілген физикалық шаманың тура сол мөлшерін қайталап өлшеулер сериясындағы кездейсоқ түрде (белгісі және мәні бойынша) өзгеретін өлшеу қателіктерін құрайды.
Жүйелі қателік – бір физикалық шаманы қайталап өлшеген кезде заңды түрде өзгеретін және тұрақты түрде қалатын өлшеу қателіктерін құрайды.
Олардың өзгешелік белгісі, олар болжанған, анықталған және осының арқасында тиісті түзетуді енгізумен толығымен жойылуы мүмкін.
Ұдаушы (дрейфтік) қателік- бұл уақыт аралығында баяу өзгеретін болжанбайтын қателік.
Ұдаушы қателік – стационарлық емес кездейсоқ үдерістің ағымдағы математикалық күтудің уақыт аралығындағы тұрақсыздығы салдарынан да, оның дисперсиясы немесе үлестіру заңдылығы түрінде уақыт аралығындағы өзгерісі салдарынан туындауы мүмкін.
Өрескел қателіктер (қате) –осы қатардың қалған нәтижелерінен осы жағдай үшін күрт өзгешеленетін бірқатар өлшеулер кіретін жеке бақылау нәтижесіндегі кездейсоқ қателік.
Өрнектеу тәсілі бойынша абсолюттік, салыстырмалы және келтірілген қателіктер деп бөлінеді. Туындау себептеріне қарай инструментальдық, әдістік және субъективті қателіктер деп бөледі.