Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
курсовой франнчч 1 болим.doc
Скачиваний:
22
Добавлен:
24.03.2015
Размер:
1.51 Mб
Скачать

2.3 Рос Интер компаниясы франчайзингін жетілдіру жолдары мен ұсыныстар

«РосИнтер Алматы» компаниясының мейрамханалары желісін ары қарай дамыту мен жетілдіру мақсатында жүргізілген маркетингтік зерттеулер, SWOT-талдау мен оның нарықтағы орнын айқындаушы стратегияларды қолдану нәтижесінде қоғамдық тамақтандыру саласындағы франчайзингтік қызметтің тиімділігі дәйектелінді.

Өнімді немесе қызметті өткізу үрдісінде туындайтын проблемалардан басқа, франчайзингтік кәсіпорындардың көпшілігі қаржы ресурстарының жеткіліксіздігіне тап болады. Осыған байланысты қаражаттарды тарту франчайзингтік кәсіпорындарындағы қаржы саясатының аса маңызды бағыты болып табылады. Пікір сұраудың нәтижелері бойынша франчайзинг механизмін қоғамдық тамақтандыру саласында таратудың келешегі олардың қаржылық жағдайының айқындылығымен, франчайзингтік желіде қаржы ресурстарын ұтымды бөлумен анықталады. Франчайзингтік бизнестің рентабельділігі шығындылықты төмендету, өндірістің көлемін арттыру және капитал салымының қайтымдылығын тездету сияқты факторларға тәуелді болатыны анықталды.

Тамақтандыру кәсіпорындарында франчайзинг үлгілерін ұйымдастыру ерекшеліктері франчайзинг механизмін әзірлеудің қаржылық және басқармашылық аспектілерін жүзеге асыру жағдайларын талдау негізін құрайтын франчайзингтік кәсіпорынды ұйымдастыру мүмкіндіктерін бағалаудан бастап, олардың сыналатын кезеңдеріне дейін байқалады. Франчайзингтік компанияның қызметіндегі шаруашылықты жүргізу механизмі шеңберінде франчайзинг жүйесін әзірлеу стратегиялық тұрғыдан аса маңызды.

Франчайзер қызметінің тиімділігін жоғарылату үшін бөлімшелер негізінде бизнес-бірліктер құру қажет, олар негізгі қызметімен қатар тысқары ұйымдарға қызмет көрсетіп, соның нәтижесінде жалпы франчайзинг жүйесінің тиімділігін арттырады. «РосИнтер Алматы» компаниясының маркетинг, логистика бөлімшелері өз қызметтерін нарықта бәсекелік бағамен ұсынады.

Қорыта келгенде, франчайзинг механизмі дамуының негізгі бағыттары франчайзерге неғұрлым төмен шығындармен аз уақыт аралығында жылдам дамуға мүмкіндік береді. Бұл үрдіс дами келе ғаламдық деңгейде, бір жағынан, франчайзидің рөлі мен мәртебесін жоғарылатса, екінші жағынан жұмыс орындарымен қамтамасыз етеді.

Франчайзинг жүйесіне қатысты мемлекеттің саясатын ұйымдастырудың маңызды бағыттары ретінде келесілерді атап көрсетуге болады:

  • Қажетті нормативтік-құқықтық базаны құру. Елімізде франчайзингтік бизнесті жүргізуді реттеуші бірқатар заңнамалық актілерге қоса, нарық субъектілерінің іс-әрекетін қорғайтын халықаралық деңгейдегі санаткерлік меншікке, кәсіпкерлікке қатысты бірқатар заңнамалық құжаттарды атап өтуімізге болады.

  • Франчайзингтік іс-әрекетті жүзеге асыру барысында әкімшілік кедергілерді төмендету шаралары жоғарыда атап өткен нормативтік-құқықтық базаны жетілдірумен тығыз байланысты, өйткені франчайзингтік қызмет заңнамалық актілерге сәйкес жүзеге асырылады. Сонымен қатар басты қиындық франчайзингтік компаниялардың ешбір әкімшілік органдарда тіркелмеуінен туындайды.

  • Франчайзинг субъектілерінің несиелік және қаржылық ресурстарының жетіспеушілігі франчайзинг негізінде бизнесін жүргізуге талпынған кәсіпкерлер үшін ең негізгі кедергі болып табылады. Өйткені қазіргі кезде кәсіпкерлікпен айналысуға бел буған кәсіпкерлерге банктен несие ресурстарын алу қиындығы, тіпті қаржы институттарының бұл салаға деген қызығушылық танытпауы басты мәселе болып тұр.

  • Франчайзиге салық салу жүйесін жеңілдету мәселесін қарастыратын болсақ, отандық франчайзерлердің жұмысын ынталандыру үшін корпоративтік табыс салығын роялтидің мөлшеріне төмендету және жергілікті франчайзилерді жер салығы мен мүлік салығынан босату керек.

  • Франчайзинг туралы бірыңғай мәліметтер базасын әзірлеу қажет. Осы мәселеге қатысты франчайзингке қызығушылық танытқан кәсіпкерлерді қажетті ақпаратпен қамтамасыз ету үшін франшизалық мәліметтер базасын құру, қызмет етуші және әлеуетті франчайзер мен франчайзилердің қатысуымен форумдар ұйымдастыру. Франчайзингтік бизнестің артықшылықтарын, тәжірибелік франчайзингке қатысты материалдарды баспасөзде жариялау.

  • Халықаралық тәжірибеге негізделе отырып франчайзингтік жүйені пайдаланушы отандық кәсіпкерлік қызметті дамыту мен олардың тиімділігін қамтамасыз ететін оңтайлы критерийлерін келесідей қарастырамыз: а) отандық кәсіпкер қызмет ету саласын дұрыс таңдауы керек, ә) франчайзингтік қатынастардың құқықтық аспектілерін, артықшылықтары мен кемшілігін жете білуі міндетті, б) франчайзингтік жүйені басқару үшін дұрыс бизнес стратегияны айқындай білуі, в) отандық франчайзер компания франчайзиының оңтайлы және табысты қызметін қамтамасыз ету әдістеме мен бағдарламаларды әзірлеуі қажет,

  • Осыған орай, бүгінгі таңдағы бизнестің осы жүйесіне қатысты мәселелер шешімдерінің жылдам табылуы оның шағын және орта кәсіпкерліктің серпінді дамуын арттырып, еліміздің келесідей жағымды нәтижелерге қол жеткізуге мүмкіндік береді деп пайымдаймыз:

  • франчайзингтік келісім-шартты заң жүзінде тіркеу негізінде – жұмыс орындарын арттырады;

  • кластерлік бағдарламалардың жүзеге асырылуын қамтамасыз ететін экономиканың басымды секторларындағы франчайзингтік кәсіпорындардың үлесін ұлғайтады;

  • бәсекеге қабілетті экономиканы қалыптастырудағы мемлекеттік холдингтердің рөлі мен орнын белгілеу арқылы олардың франчайзинг негізінде даму бағыттын айқындайды;

Қызмет көрсету саласындағы франчайзингтің қалыптасуы мен даму болашағына байланысты теориялық және әдістемелік зерттеулер негізінде келесідей тұжырымдар мен ұсыныстарды жасауға болады:

  1. Франчайзинг бүкіл әлем деңгейінде кеңінен таралған, әсіресе Қытай, АҚШ, Жапония, Канада, Германия, Франция және Бразилия елдерінің компаниялары осы салада көшбасшылар болып табылады. Франчайзингті қолданудың шетелдік тәжірибесін, сонымен қатар франчайзингтік қатынастардың Қазақстандағы даму тенденциялары мен ерекшеліктерін зерттеу негізінде өзіндік бизнесті ұйымдастыруда франчайзингтік технологиялар белсенді пайдаланылатын сала – қызмет көрсету саласы екендігі айқындалды.

  2. Шағын және орта кәсіпкерлікті дамытудың ерекше нысаны франчайзинг жан-жақты және күрделі үрдіс, сондықтан зерттеудің нәтижесінде франчайзингтің түрлері, нысандары, нарық саласы мен ауқымы, әдістері, келісімнің ұзақтығы мен қызмет көрсету көлемі сияқты көптеген белгілері топтастырылып, толық жіктемесі жасалды.

  3. Қазақстандағы франчайзингтің қалыптасу үрдісін талдау барысында автор оның дамуының негізгі үш кезеңін бөліп көрсетіп, оларды еліміздегі франчайзингтің нормативтік-құқықтық базасы, бәсекелестігі және оның іс-әркеті аумағының кеңеюімен, франчайзингтің жаңа түрлерінің пайда болуымен сипатталады..

  4. Зерттеу нәтижесінде Қазақстандағы франчайзингтің қазіргі даму жағдайы, отандық франчайзингтік кәсіпорындардың экономика салаларындағы үлес салмағы анықталды. Қазақстандағы қызмет көрсету саласындағы франчайзингтік жүйелердің пайыздық үлесі 2012 жылы 2001 жылмен салыстырғанда 6,8 есе, ал 2011 жылмен салыстырғанда 2,1 есеге өсіп, еліміздегі франчайзингтік бизнестің қалыптасуы мен өсіңкі дамуын айқындады.

  1. Алматы қаласы мейрамхана қызметін тұтынушылардың талғамы мен қалауын зерттеу нәтижесінде мейрамхананы таңдаудағы басты факторлар тағамдардың дәмдік қасиеттері мен бағасы және қызмет көрсету сапасының деңгейі екені анықталды.

  2. Отандық кәсіпкерлік субъектілерінің франчайзингтік жүйені қолдану арқылы өз қызметтерін жандандыру мен нарықта дамуын сипаттайтын нақты іс-әрекеттер түбегейлі зерттелді. Нәтижесінде Қазақстандағы қызмет көрсету саласындағы франчайзингтік компаниялар іс-әрекетінің табыстылығын айқындау үшін баға берілді. Қазақстан нарығындағы франшизалардың көпшілігінің құны 5000 АҚШ долларынан басталып, 500000 доллар шамасы аралығын қамтитыны белгілі болы.

  3. Қоғамдық тамақтандыру кәсіпорындарының франчайзинг негізінде қызмет ету механизмі осы үлгі шеңберінде қолданылатын жағдайлар мен үрдістер тізбектілігімен айқындалады.

  4. Франчайзингтік кәсіпорындардың қызметін талдау және бағалау нәтижесінде оның дамуына қажетті маркетингтік стратегия әзірленді. «РосИнтер Алматы» компаниясының негізгі көрсеткіштерін пайдалану арқылы жасалған «БКГ» матрицасының ұсыныстары осы кәсіпорынның нарықтағы үлесін ұлғайтуға бағытталды, SWOT- талдаудың негізгі қорытындылары ескеріліп, қолданыс тапты.