Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Doc / 4_informatika.doc
Скачиваний:
41
Добавлен:
24.03.2015
Размер:
186.37 Кб
Скачать

8. Программалық жабдықтамалар және олардың жіктелуі (классификациясы).

Программалық жабдықтамалар – компьютерде қолданылатын барлық программалар жиыны және соларды дайындау, пайдалану әрекеттері.

Программалық жабдықтамалар жіктелуі:

Жүйелiк жабдықтамалар ЭЕМ-нiң аппараттық жабдықтарын басқарып, олар­ды программалармен байланысты­рады.

1. Операциялық жүйелер немесе системалар (ОС) – компьютердi бас­қаратын және құрылғыларды қолданбалы программалармен байланысты­ратын программа.

Программалық қоршаулар – ДК-мен жұмыс істеуші адамның арасын­дағы іс-әрекеттерді жеңілдететін программалар. MS DOS үшін әде­т­­те Norton Commander қоршауы, ал Windows 3.1 үшін – Norton Desktop, Windows 95/98 үшін – Norton Navigator, FAR пайдаланылады.

Драйверлер – ОС жүйелерін сыртқы құрылғылармен (принтер­лер­мен, маг­нит­тік дискілермен, перне­тақ­тамен, "тыш­қан" тәрізді қолтетікпен, т.б.) байланыстыратын програм­ма­лар тобы.

Утилиттер – ОС мүмкіндіктерін кеңейтіп, белгiлi бiр қосымша қызмет атқаруға керектi программалар тобы болып табылады және әрбiр адамның операциялық жүйемен жұмыс iстеуiн жеңiлдетеді.

2. Бақылау және диагностика құралдары компьютердiң жұмыс iстеу қабiлетiн (диагностика) тексеретiн программалар болып табылады, олар ақауы бар құрылғыларды анықтап, ол туралы экранға мәліметтер шығарады.

Программалау жүйелері немесе құралдық (инструменталдық) жабдықтар – басқа программалар және авто­мат­тан­дырылған жүйелер жасау үшiн қолданылатын программалар мен программалық кешендер.

1. Программалау тілдері – ФОРТРАН, ПАС­КАЛЬ,СИ, СИ++, ТУРБО-ПАСКАЛЬ,ЯВА, т.б. белгілі бір ереже арқылы жазылған, компьютер жұмысын басқаруға арналған командалар жиынынан тұрады. Олар да, кейіннен

2.Tрансляторлар-ағылшын тіліне жақын жасанды тілде жазылған програмаларды машиналық кодтарға түрлендіріледі. Ол интерпретаторларға және компиляторларға бөлінеді.

Интерпретаторлар әрбір команданы машина тіліне аудара салып, бір­ден орындайтын трансляторлар тобы, олардың артықшылығы – тұтыну­шымен диалог режимінде жұмыс атқарады, кемшілігі – жұмыс өнімділігі төмен болады.

Компилятор – командаларды орындамай тұрып, машиналық кодтарға толық аударатын программа.

Қолданбалы (кәделi) программалық жабдықтамалар – белгiлi бiр мамандық саласында нақты есептер шығара алатын программалар жиыны.

  1. Арнаулы, белгiлi бiр мақсатта пайдаланылатын программалық жабдықтама­лар әр адамның нақты есептерiн шығаруға арналған, сон­дық­тан оны пайдалану аймағы да шектеулi.

  2. Қолданбалы программалық жабдықтама­ла­ры­ның -дербес компьютерлердiң кең тарауына басты себеп болған, бұл программалар тек бiр есептi шығарып қана қой­май белгiлi бiр мамандық саласында есеп жұмыстарын түгел автомат­тан­дыруды немесе информацияның белгiлi бiр түрлерiн өңдеудi түгел қамти алатын болды. Әр түрлi информацияларды өңдей алатын кәделі програм­малық жабдықтар мынадай түрлерге жiктеледi:

  • мәтін редакторлары;

  • графикалық редакторлар;

  • электрондық кестелер (таблицалар);

  • оқыту және ойнау программалары;

  • информациялық жүйелер т.б.

Бiрiк­тiрiл­ген жүйелер (интегралданған) - әр түрлі программалық жабдықтардың дамуының арқасында күрделi жасалып шықты. Олар бiрыңғай командалар жүйесi арқылы бiр форматты пайдалана отырып мәтін редакторын, электрондық кестелердi, графикалық редакторды, мәлiметтер қоймасын басқару жүйесiн, калькуляторды және тағы басқаларды бiрiктiрiп бiр интерфейс арқылы осылардың барлығын да пайдалану мүмкiндiгiн бередi. Бiрiктiрiлген жүйелердiң iшiнде кең таралып белгiлi болғандарына QuadroPro, Works, Frаmework, Master, т.б. жатады.

Программалар – әр түрлі оперцияларды орындауға арналған командалар тізбегі. Олар – алгоритмдердің компьютерге түсі-нікті түрде жазылған нұсқасы.

Программалар жазу үшін үш тіл қажет:

1.Машиналық кодтар тілі – компьютерге түсінікті тіл (екілік және 16-лық кодтар түрінде жазылады). Ассемблер тілі осыған жақын.

2.Программалау тілі – программалаушыға түсінікті тіл (мәтін, сөз, команда түрінде жазылады). Бейсик, Паскаль, Си тілдері.

3.Бейнелер (образдар) тілі – тұтынушыға түсінікті тіл (мәтін және графика). Кітап тілі.

Соседние файлы в папке Doc