Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Doc / 4_informatika.doc
Скачиваний:
53
Добавлен:
24.03.2015
Размер:
186.37 Кб
Скачать

5. Мәтіндік процессорлар (редакторлар) және олардың кешендік мәтіндерді форматтау тәсілдері.

Мәтіндік редакторлар – басқа программалар құрамына қосылып, символдар тізбектерін енгізу, түзету және сақтау жұмыстарын орындайтын программалар. Бұлардың мүмкіндігі шектеулі болады. Мәтіндік редакторлар: Блокнот, WordStar, Multiedit, NortonEditor, т.б.

Мәтіндік процессорлар – мәтіндерді енгізу, түзету және де оларды форматтау операцияларын орындап, сурет, кесте салып, қате тексеретін, автоматты түрде тасымалдау істерін атқаратын, мәтін мазмұнын жасайтын, т.б.

Іс-әрекеттер тізбегін орындай алатын программалар тобы. Бұларға Лексикон, Word, WordPerfect программалары жатады. WordPad программасы процессорлар мен редакторлар аралығында орналасқан программа деуге болады. Мәтіндік процессорлар қуатты программа болғанмен кітап, журнал жасауға ыңғайлы емес. Мұндай мақсатта баспа жүйелері қолданылады.

Windows қосымшалары ішіндегі мәтін даярлайтын WordPad мәтін редакторы және оффистік қолданбалы программалар ішіндегі Word мәтін процессоры кез келген мәтінді жылдам форматтап, мынадай қызметтер атқарады: (мүмкіндіктері айтылады)

MS Word мәтіндік процессоры, оның мәтіндермен жұмыс істеу мүмкіншіліктері. MS Word – Windows жүйесінде мәтіндік құжаттармен жұмыс істеудің қуатты процессоры. Қазіргі замандағы мәтіндік процессор пайдаланушыға төмендегідей қызметтерді тиімді орындауға мүмкіндік береді (2007 мүмкіндікте):

Word алғашқы нұсқалары (Word 5.0-ге дейін) MS DOS жүйесімен жұмыс істеген болатын. Олар графикалық режимде емес, тек символдық режимде істеді.

1992-93 ж. Windows 3.1 жүйесінен бастап, Word 6.0 нұсқасы графикалық ортада жұмыс істеп, WYSIWYG принципі жүзеге асырылды.

Оның келесі нұсқасы Word 7.0 немесе Microsoft Word 95 деп аталды. Ол әр түрлі программалармен мәтін, сурет алмаса алатын қуатты процессор бола бастады.

Одан кейінгі нұсқасы Microsoft Word 97 (Word 8.0) – Оffice 97 құрамына кірді. Ол электрондық құжаттармен де жұмыс істеп, мәтіндерді тек .DOC типінде ғана емес, .HTM, .PDF сияқты электрондық форматтарда сақтай алатын болды.

Осы жылдардан бастап Word авторлық қызметті автоматтандыру жүйесі (authoring system) болып қалыптасты. Мұнда құжаттың екі түрі – электрондық және қағаздық түрлері қарастырылды. Оның әрқайсысы өз тәсілдерімен өңделетін болды.

Соңғы қуатты нұсқа – біз қарастыратын Word 2000 жүйесі болып саналады, ол компьютер желілерімен жақсы жұмыс істей алатын, баспа жүйелеріне жақындаған, өте көптеген мүмкіндіктері бар процессор.

Кешенді мәтінді форматтау

Мәтінді форматтаумәтін бетін безендіру процедурасы.

Құжатты өңдеу кезінде оның құрамы өзгереді. Ал форматтау кезінде оның сыртқы бейнесі өзгереді. Мәтіндік редакторларда символдар мен абзацтарды форматтау түсінігі бар.

Символдарды форматтау кезінде шрифт параметрлері анықталады: гарнитура, өлшем, астын сызу, сызу типі, т.б.

WinWord –та шрифтті форматтауды мәтін фрагментін ерекшелеп, Формат/Шрифт командасын орындау арқылы жүзеге асыруға болады. Бұл команда шрифттік рәсімдеу нұсқалары қарастырылған диалогтық терезенің ашылуына алып келеді.

Абзацқа байланысты форматтау жиі қолданылады. Егер енгізілген сөз өте ұзақ болса, және де жолға симай жатса, мәтіндік редактор автоматты түрде жаңа жолға көшеді. Егер берілген абзац аяқталса, енгізу пернесі арқылы келесі абзацқа көшуге болады.

Соседние файлы в папке Doc