Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Doc / 4_informatika.doc
Скачиваний:
50
Добавлен:
24.03.2015
Размер:
186.37 Кб
Скачать

6.Кестелік процессорлар (ms Excel) қызметі, олардың статистикалық және экономикалық мәліметтерді өңдеу мүмкіндіктері.

Электрондық кестелер (немесе кестелік процессорлар) деп кесте түрінде берілген мәліметтер жиынын компьютер көмегімен автоматты түрде жылдам өңдеуге арналған программалар тобын айтады.

Электрондық кестелер – кесте ішінде есеп-қисап жұмыстарын атқара отырып, оларды көрнекті түрде бейнелейтін диаграммаларды тұрғызу, мәлімттер базасын құру, сан түрінде берілген мәліметтер арқылы эксперименттер жүргізу, т.б. мүмкіндіктер беретін арнайы программалық дестелер.

Қазіргі таңда бірнеше электрондық кестелер – Microsoft Excel, Lotus, Works тәрізді программалар кең қолданып келеді.

Алғашқы кестелерді өңдеу программалары 80-жылдардың басында пайда болады, олар: Buisicalc, Multicalc, Supercalc. 90-жылдары Microsoft фирмасы қуатты кестелік процессор – MS Excel-ді жасады.

Негізгі қызметі – кестелік ұйымдастырылған мәліметтерді өңдеу, сақталған мәліметтер негізінде есептер жүргізу.

Ерекшелігі – алдын алаберілген формулалар бойынша автоматты есептеу мен жаңартуды қамтамасыз ету.

Электрондық кестелер, әсіресе, экономикалық және бухгалтерлік, статистикалық, ғылыми-техникалық есептеулерде жиі қолданылады. Электрондық кестелер экономикалық және бухгалтерлік есептерде де өте кең қолданылады, оларды экономистің автоматтандырылған жұмыс орны деп те айтады. Бірақ электрондық кестелер ғылыми-техникалық есептерде де тиімді пайдаланылады, мысалы, мынадай мақсаттарда пайдаланылады:

Электрондық кестелер

-   мәліметтердің үлкен жиынтықтарымен бір типті есептеулер жүргізу үшін;

-   қорытынды есептеулерді автоматтандыру үшін;

-   есептеулерді параметрлердің мәндерін таңдау және формулаларды табуляциялау арқылы шешу үшін;

-   тәжірибелердің нәтижелерін өңдеу үшін;

-   параметрлердің тиімді мәндерін іздеуді ұйымдастыру үшін;

-   кестелік құжаттар дайындау үшін;

-   берілген (немесе алынған) мәліметтер бойынша графиктер және диаграммалар тұрғызу үшін кеңінен қолданылады.

Ұя адресі – кестелік курсор (теңбілтор) тұрған екпінді ұя адресі.

Формула қатары – ұяларға мәліметтер, яғни сөз тіркесі, мәндер және формулалар енгізуге немесе оларды түзетуге арналған қатар.

Жолдар: 1 2 3 4 5 6 ... 65536

Бағаналар: A B C ... Z AA AB AC ... 256.

Ms Excel құжаты жұмыс кітабы деп аталады. Жұмыс кітабы әрқайсысы бір электрондық кестеден тұратын Жұмыс беттерінен тұрады. Әрбір жұмыс бетінің атауы бар, ол бет жарлығында орналасады. Бет жарлықтарына тышқанмен түрту арқылы олардың бірінен-біріне көшуге болады. Беттің атауын өзгерту үшін жарлығына екі рет қатарынан түртіп, жаңа атау теру керек. Жұмыс беті жолдар мен бағандардан тұрады (256 бағанға, 65536 жолға дейін болуы мүмкін), жолдар реттік сандармен, бағандар латынның бас әріптерімен нөмірленеді.

Бір жұмыс кітабы бір файлға жазылады, ал әр файлдың бір немесе бірнеше кестесі болуы мүмкін. Ms Excel оның құрамына кіретін басқа программа қосымшаларымен тығыз байланысты. Негізгі қызметі – кестелік ұйымдастырылған мәліметтерді өңдеу, сақталған мәліметтер негізінде есептер жүргізу.

Ұяшық және оның адресі. Баған мен жолдың қиылысуында орналасқан элементті ұяшық деп атайды, ұяшық – мәліметтерді кестеде сақтаудың ең кіші элементі. Әрбір ұяшық өзі қиылысуында орналасқан баған мен жол атауларынан тұратын адресімен анықталады, мысалы – А1, DЕ234, F9. Әрбір мезетте белгілі бір ұяшық активті болып табылады, ол қою қоршаумен ерекшеленеді.

Графикалық мәліметтерді көрсету. Сандық мәліметтерді графикалық  пішімде көрсету үшін сызықтар, жолақтар, секторлар, диаграммалар және басқаларды, сонымен қатар олардың  біріктірілген вариацияларын қолданады. Бұл мүмкіндіктер Диаграмма шебері  нұсқауларымен жүзеге асады.

Кестеге мәліметтер енгізу. (формула, мәтін т.б)

MS Excel-де есептеулер. Есептеулер формулалар және функциялар аппараттарын қолданады. Формула – сандық тұрақтылар, ұяшықтарға сілтемелер, функциялардың математикалық операциялар арқылы байланысқан өрнектері.

Кез келген экономикалық мәліметтер қандай да бір экономикалық объектілердің сандық сипаттамаларын көрсетеді. Экономикалық мәліметтердің стохастикалық табиғаты олардың анализі мен өңделуінде арнайы статистикалық әдістерді пайдалануға алып келеді.

Сондықтан да статистикалық анализдің фундаменті болып кездейсоқ өлшемнің ықтималдығы түсінігі болып табылады.

КЕСТЕ 1. Статистистикалық функциялар

Функция

Сипаттамасы

Функция

Сипаттамасы

СРОТКЛ

Среднее абсолютное значение отклонения

от среднего

СРОТКЛ

Среднее абсолютное значение отклонения от среднего

СРЗНАЧ,

СРЗНАЧА

Среднее арифметическое аргументов

СЧЕТ,

СЧЕТЗ, СЧИТАТЬ ПУСТОТЫ, СЧЕТЕСЛИ

Количество чисел в списке аргументов

СТАНДОТКЛОНА (VARA)

стандартное отклонениепо выборке

КЕСТЕ 2. Қаржылық экономикалық фунциялар

Функция

Описание

Функция

Описание

Доход

Возвращает доходность ценных бумаг, по которому выплачивается периодический процент.

ДОХОД(дата_согл;дата_вступл_в_силу;вставка;цена;...)

КПЕР

Определяет общее число выплат(либо срок, через который начальная сумма займа достигнет заданного значения) КПЕР(норма; выплата; нз; 6с; тип)

БЗРАСПИС

Позволяет определить будущую ценность инвестиций (или единой суммы), если процентная ставка меняется во времени (по правилу сложного процента) БЗРАСПИС(первичное; план)

НОРМА

Вычисляет процентную ставку (рентабельность операции) НОРМА(число периодов; выплата; нз; бс; тип)

Сонымен қатар программа қаржылық экономикалық есептеулер жүргізуге мүмкіндік береді. Қаржылық есептеулер басқарушылық шешімдер қабылдауда пайдаланылатын әдістер мен есептеулерді: қарапайым арифметикалық операциялардан бастап, күрделі алгоритмдерге дейінгі тиімді шешімді анықтау модельдерін қамтиды. Экономикалық есептеулер қатарына келесілер жатады:

-қарапайым пайыздар мен күрделі пайыздар, валюта

-қаржы

-қаржылық активтерді бағалау

  1. Мәліметтер базасын басқару жүйелерінің (Access ортасы) мәліметтер базасын қалыптастыру және өңдеу қызметі. Олардың сұраныстарды, формаларды және басылымдарды (отчеттарды) жасау тәсілдері.

Access программасы – бұл мәліметтер базасын басқару жүйесі (BD-СУБД - МББЖ).

Басқару жүйесі дегеніміз - көлемді мәліметтер жиынын тұтынушыларға ыңғайлы түрде бейнелеп, белгілі бір форматта сақтап қана қоймай, оны ары қарай өңдеуге арналған программалар кешені.

Мәліметтер базасы (МБ) - информациялық жүйенің өңделетін объектісі, қоршаған ортаның белгілі бір саласының немесе бір пән аймағының нақты объектілері жайлы берілген мәліметтер жиыны.

Екі өлшемді кестелерден тұратын мәліметтер базасы реляциялық база болып саналады.

MS Access екі режимде жұмыс істейді:

1) Жедел (оперативті) режим – бірден МБ (мәліметтер базасы) терезесінде жұмыс істеу, яғни оларды қарау, өзгерту, керектісін таңдау жұмысын жүргізу;

2) Конструктор режимі – алдын ала объект макетін-жобасын, құрылымын жасау және оны толықтырып өзгерту.

Мәлімет енгізу ерекшеліктері:

Сөздерді теріп жатып, <Del> пернесін бассақ, ұя тазарып шығады. Егер мәлімет енгізіліп жатқанда, <Esc> пернесі басылса, онда ұяның ескі мәні қалпына келеді. Ал егер <Enter> немесе <Таb> пернесі басылса, онда ұядағы енгізілген жаңа мән сақталады. Ұя мәнінің бір-екі символын ғана түзету үшін ұяны тышқанмен екі рет шерту керек немесе курсорды сол ұяға орналастырып, <F2> пернесін басса болғаны. Мәліметтердің кейбір типтері (сан, ақша мәні, дата/уақыт, логикалық мән) енгізіліп жатқанда, Access автоматты түрде олардың форматтарын тексеріп қадағалап отырады. Мысалы, сан типіндегі өріске әріп енгізе бастасақ, онда Access қате туралы мәлімет беріп, ол түзетілмей, басқа ұяға көшуге рұқсат етпейді.

Өріс типтерінің барлығында (Санауыш - счетчик және OLE объектілерінен басқасы) енгізілетін мәліметтерге шектеу қоюға болады. Ол үшін конструктор режимінде Общие ішкі бетін таңдап, "Условия на значение" деген жолға курсорды орналастырып, керекті шектеуді қою керек. Мәтіндік өріске де шектеу беруге болады, мұндайда бұл ұяға қан-дай сөздер мән ретінде енгізілетіні көрсетіледі. Тағы бір ыңғайлы мүмкіндікті - Келісім бойынша алынған мән (Общие ішкі бетіндегі Значение по умолчанию) жолын пайдалануға болады, мұнда кесте толтырар кезде алдын ала дайындалған мән тағайындап, тек соны ғана енгізіп кетуге мүмкіндік бар. Бұл өрістің көпеген мәндері бірдей болғанда өте ыңғайлы.

Формалар- форма терезесінде кестелерді енгізу мен көру үшін қолданылады. Олар экранда бейнеленген ақпараттың көлемін шектеуге мүмкіндік береді және оны тиісті түрде көрсетеді. Шебердің көмегімен форманы, оған алдын-ала құрылған шаблонның біріне сәйкес орналастырып берілген кестенің өрістерін енгізе отырып, құруыңызға болады. Форманың конструкторы көмегімен кез-келген күрделі дәрежедегі формаларды құрасыз.

Сұраныс деректер қорынан ақпаратты алады, әрі мұнда деректер бірнеше кесте арасында бөлінген болуы мүмкін. MS Access-те сұранысты пішімдеу үшін үлгі бойынша сұрату деген әдіс қолданылады. Визуалды ақпарат негізінде бұл әдісті қолдана отырып бір немесе бірнеше кестелерден қажетті деректерді аласыз.

Сұраныс құру үшін «Сұраныстар» («Запросы») парақшасындағы Жасау (Создать) батырмасын шерту керек. Сондағы сұраныстарды жасау режимін таңдау терезесі

Сұратулар конструкторын шақыру үшін деректер қоймасының терезесінде «Сұраныстар» категориясын жандандырып, Құру (Создать) батырмасын басыңдар. «Жаңа сұрату» диалог терезесінде Конструктор режимін таңдап, Ок батырмасын басыңдар. Access нәтижесінде іріктеу жүргізілетін кестені немесе сұратуды таңдауды ұсынады. Кестені таңдап, Добавить батырмасын басып, диалог терезесін жабыңдар. Экранда сұратулар конструкторының терезесі, ал негізгі менюде Сұраныс («Запрос») командасы пайда болады.

Макростар жиі орындалатын операцияларды автоматтандыруға арналған. Әрбір макрос бір немесе бірнеше макрокомандалардан тұрады, олардың әрқайсысының белгілі бір қызметі бар, мысалы, формаларды немесе есептерді баспаға жібереді.

Басылымдар – файл немесе печать түрінде экранға шығарылатын бейнеленген мәліметтердің форматталуы. Олар мәліметтер қорынан қажетті ақпараттарды ыңғайлы түрде шығаруға және жеңіл қабылдауға мүмкіндік береді.

Басылымды құру

1. Microsoft Access программасын іске қосыңыз. МҚ ашыныз (мысалы, «Деканат» оқу мәліметтер қоры) 2. Автобасылым (Автоотчет) құрыңыз: ленталық (ленточный), оны берілген кестенің көзі ретінде қолданыңыз(мысалы, Студент). Басылымдарды шығармас бұрын оны№№ң қалай шығарылуын Алдын ала көрсетілім (Предварительного просмотра) режимінде көре аласыз.

  1. Компьютерлік вирустар. Вирустар жұққандығының негізгі белгілері. Антивирустық программалар түрлері және олардың негізгі мүмкіндіктері.

Компьютерлік вирус — арнайы жазылған шағын көлемді (кішігірім) программа. Ол өздігінен басқа программалар соңына немесе алдына қосымша жазылады да, оларды "бүлдіруге" кіріседі, сондай-ақ компьютерде тағы басқа келеңсіз әрекеттерді істеуі мүмкін. Ішінен осындай вирус табылған программа "ауру жұққан" немесе "бүлінген" деп аталады.

Вирустардан сақтану үшін мынандай шаралар қолдануға болады:

  • Ақпаратты қорғаудың жалпы шаралары – дискіні физикалық зақымданудан сақтау, дұрыс жұмыс істейтін программаларды қолдануға және жұмыс істеп отырған адам қателіктер жібермеуін тырысу;

  • Профилактикалық шараларды пайдалану яғни вирусты жұқтыру мүмкіндігін азайту тәсілдерін қарастыру;

  • Вирустан сақтайтын арнайы программаларды пайдалану;

Жалпы информация қорғау тәсілдері тек вирустан сақтануға ғана емес басқа жағдайда да пайдалы болатынын есте сақтаған жөн. Ондай тәсілдің негізі екі түрі белгілі.

  1. Информацияның көшірмесін алып тастау – файлдары және дискінің жүйелік мәліметтерін көшіріп сақтау.

  2. Керекті информацияңызды басқалардың жиі пайдалануына тосқауыл қою. Вирустар әсерін жоятын антивирустық программаларды үш негізі топқа бөлуге болады

  • Файл мәліметтерінің бақылауға арналған олардың қосындыларын есте сақтауға негізделген программалар;

  • Программаға немесе операциялық жүйеге вирус жұққан сәтте оларды анықтайтын резиденттік программалар.

  • Вирустар жұқтырылғаннан кейін олардың бар екенін анықтайтын программалар.

Файлдардағы мәліметтердің белгілі бір сиппаттамаларын есте сақтайтын антивирустық программалардың негізі жұмысы – сол файлдардың жана сипаттамаларын бұрын белгіленіп жазылып қойылған мәндерден салыстырады.

  • Детектор – программалар тек бұрыннан белгілі вирус түрлерін ғана қорғай алады, жаңа вирусқа олар дәрменсіз болып келеді.

  • Доктор - програмалар немесе «фагтар» вирус жұққан программалар мен дискілерді «вирус» әсерін алып тастау, яғни «жұлып алу» арқылы емдеп оларды бастапқы қалпына келтіреді.

  • Ревизор – программалар да алдымен программалар мен дискіні жүйелік аймағы туралы мәліметтерді есіне сақтап, содан соң оны кейінгісіне салыстыра отырып сәйкесіздікті анықтаса, оны дереу прграмма иесіне хабарлайды.

  • Доктор – ревизорлар – доктор – программа мен ревизорлар арасынан шыққан гибрид. Бұлар тек файлдағы өзгерістерді анықтап қана қоймай, оларды автоматты түрде «емдеп» бастапқы қалыпты жағдайды түзейді.

  • Филътр программалар – компъютердің оперативтік жадында тұрақты орналасады да, вирустардың зиянды әрекетінде әкелетін операцияны ұстап алып, бұл туралы жұмыс істеп отырған адамға дер кезінде хабарлап отырады. Одан әрі шешім қабылдау әркімнің өзіне байланысты болады.

  • Вакцина – программалар компъютердегі программалар жұмысына әсер етпей, оларды вирус «жұққан» сияқты етіп модификациялайды да, вирус әсерінен сақтайды, бірақ бұл программаларды пайдалану онша тиімді емес.

Соседние файлы в папке Doc