Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
KORPORATIVTIK__1178_ARZh.doc
Скачиваний:
49
Добавлен:
13.03.2015
Размер:
738.3 Кб
Скачать

10 Тақырып.Корпорацияны қаржыландыру кезіндегі қарыз құралдары

Қарыз капиталының құрамына келесілер кіреді:

  1. Қысқа мерзімді несиелер мен қарыздар;

  2. Ұзақ мерзімді несиелер мен қарыздар,

  3. Кредиторлық берешек (тартылған қаражаттар түрінде)

Қысқа мерзімді несиелер мен қарыздар айналым активтерінің орнын толтырудың қайнар көздері болып табылады.

Қарыздар –алынған несиелері мен қарыздары бойынша қарыз берушінің алуындағы берешегі қысқа, ұзақ мерзімді болып бөлінеді, бұл берешек тездетілген немесе ұзартылған болуы мүмкін.

Егер де алынған қарыздар мен несиелердің өтеу мерзімі келісім бойынша 12 айдан аспайтын болса, ол қысқа мерзімді берешек болып саналады. Ұзақ мерзімді берешектерге келісім бойынша өтеу мерзімі 12 айдан асатын несиелер мен қарыздар жатады.

Алынған несиелер мен қарыздардың келісім бойынша өтеу уақыты өтіп кеткен болса, олар мерзімі өткен берешек болып саналады. Қысқа мерзімді несиелер мен қарыздар бухгалтерлік баланста қысқа мерзімді міндеттемелер түрінде көп активтердің орнын толтырудың қайнар көздері болып саналады. Алынған несиелер мен қарыздар берешектің сомасы есеп беру кезеңінің соңында оған шешуші қарыздармен бірге есепке алынады.

Қаржыландырумен салыстырғанда, ұзақ мерзімді несиелер қарызгерге келесі артықшылықтарды ұсынады:

  1. Құжаттың эмиссиялық бағалы қағаздарды басуға, оларды орналыстыруға және қаржылық делдалдар қызмет көрсетуі бойынша төленетін төлемдерді және шығындарды жояды.

  2. Қарызгер мен кредитор арасындағы құқықтық қатынастар барлық тұлғаларға белгілі емес.

  3. Серіктестіктер арасындағы несиені ұсыну ережелері несиелік шарт бойынша реттеледі.

  4. Қор нарығынан түсетін қаражаттармен салыстырғанда , банктен алынатын несие уақыты азаяды. Қарыз капитал құнын бағалаудың бірнеше негіздері бар. Олар келесілер:

  1. Қарыз қаражаттарының құнына базалық бағалаудың салыстырмалы қарапайым түрде қалыптасуы. Базалық көрсеткіш ретінде банктік несие үшін пайыздар және қарыздар құны саналады. Бұл көрсеткіш қарыз алушы мен банк арасындағы несиелік шартта көрсетіледі.

  2. Қарыз капиталының құнын бағалау үрдісінде, салықтық түзетулерді есепке алу, сонымен бірге табыс пен қарыз қаражаттарының құнына салық салудың көлемін азайтады;

Қарыз капиталдарын тарту, барлық жағдайда қарыздарды төлеу барысында ғана емес, сонымен бірге берешектің негізгі сомасын өтеу барысында ақшалай жағдайларды туғызады. Ақшалай ағымдар несиелік және пайыздық тәуекелдікті туғызады. Бұл тәуекелділіктер қарыз қаражаттарын тартудың түрлері мен ережелерге қарамастан п.б.

Ұзақ мерзімді қарыз капиталын тартудың бір түрі, облигациялық қарыздарды орналыстыру болып саналады. Директорлар кеңесінің рұқсатымен акционерлік қоғамдар облигацияларды орналыстыруға құқылы.

Облигациялардың эмиссиясы туралы шешімде, олардың түрлері, мерзімдері және орналастыру шарттары анықталуы керек. Барлық шығарылған облигациялардың атаулы құны, жарғылық капиталдың көлемінен аспауы керек. Облигацияларды өтеу, ақшалай түрде немесе басқа да мүліктік түрлерімен өтелуі мүмкін.

Облигациялардың қарыздарды орналыстырумен байланысты шығындары бухгалтерлік есепте келесілерден құралады:

  • облигацияға қатысты пайыздар мен дисконттар;

  • қарыз міндеттемелерін орналыстыру мен шығарудың қосымша шығындары (салықты төлеу, талдау жүргізу, байланыс қызметтерін иемдену және т.б.).

Лизингтік келісім-шарттың негізі қаржылық, дұрыстап айтқанда несиелік операция болып табылады. Лизинг беруші лизинг алушыға қаржылық қызмет көрсетеді.

Табиғи түрі бойынша лизинг – уақытша мүлікті пайдалануға беруге байланысты экономикалық қатынастар жүйесін білдіреді. Басқаша айтқанда, лизинг – белгіленген төлем бойынша заңды және жеке тұлғаларға мүлікті пайдалануға беретін инвестициялық қызмет түрі. Лизингтік қызмет – лизингтің келісімшарты бойынша лизинг беруші арқылы функциялардың орындалуы. Лизингтік компаниялар ҚР заңымен бекітілген тәртіптерді сақтай отырып, осындай қызмет түрлерін жүзеге асыра алады.

Лизинг құрамына кәсіптік қызметте қажетті жылжымалы және жылжымайтын мүліктер (ғимараттар, транспорттық құралдар және т.б.) кіреді.

Лизингтік қарым-қатынастардың субъектілері ҚР-ың резиденттері және резидент еместері болуы мүмкін. Лизинг ішкі және халықаралық болып бөлінеді. Ішкі лизингті іске асыру барысында, оның барлық қатысушылары ҚР-ың резиденттері болып табылады. Оның барлық қатысушылары халықаралық лизингте ҚР-ның резидентер емес.

Лизингке қатысушылар құрамы бойынша төмендегідей бөлінеді:

  1. тікелей қаржылық лизинг; мүлік иесі пайдаланушыға объектіні өз бетінше бере алады;

  2. жанама лизинг; пайдаланушыға мүлік лизингтік компания немесе банк арқылы беріледі. Осындай жағдайда үш жақты келісімшартта белгіленеді.

Қаржылық лизингтің бірнеше түрлері бар: қызмет ету лизингі, левереджлизинг, «қоржындағы лизинг». Қызмет ету лизингі, бірнеше қызмет түрлерін атқарады, көбінесе құрал-жабдықтарды жалға берумен байланысты. Левереджлизинг, немесе қайтарымды жалға, қаржының лизингтік тікелей жағдайы. Бұл кезде жеткізуші мен лизинг алушы бір заңды тұлға болып табылады. Жеткізуші өзінің серіктесіне жалға төлемдерін төлейді. Қаржылық лизингтің осындай түрі отандық кәсіпорындары арасында қызығушылықты тудырады, себебі экономикалық тұрақсыздық жағдайында қаржылық мәселелерді шешуге үлкен әсерін тигізеді.

Әдебиеттер тізімі: /1, гл.3/, /2, гл.3/, /3, с.205-230/

Қосымша әдебиеттер: /5/, /1/

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]