Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
KORPORATIVTIK__1178_ARZh.doc
Скачиваний:
49
Добавлен:
13.03.2015
Размер:
738.3 Кб
Скачать

Қазақстан Республикасы білім және ғылым министрлігі

Е.А.Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университеті

Экономика факультеті

«Қаржы» кафедрасы

5В050900 – Қаржы

5В050800 – Есеп және аудит

5В050600 – Экономика мамандықтары үшін

КОРПОРАТИВТІК ҚАРЖЫ

ПӘНІ БОЙЫНША ОҚУ-ӘДІСТЕМЕЛІК КЕШЕНІ

Қарағанды

2012

Құрастырушылар: Ақбаев Ерболсын Турсынович, э.ғ.к.., доцент

Аканаева Толкын Аскаровна, аға оқытушы.

Бұл кешен Корпаративтік қаржы пәнін оқытушы мен зерделеушілер үшін жол бағдары болып табылады. Студенттерге арналған лекция тезистері, семинар жоспарлары және өзіндік жұмыстары берілген. Сонымен қатар өзіндік жұмыс тематикаларын, тест сұрақтарын, емтихан сұрақтарын қарастырады.

Студенттер мен оқытушыларға арналған

ОЖ МЖББС сәйкес құрастырылған – ҚР МЖМБС 6.08.008-2008

«Корпаративтік қаржы» пәні бойынша оқу-әдістемелік кешені/ Құрастырушылар Ақбаев Е.Т. Аканаева Т.А., – Қарағанды: ҚарМУ баспасы, 2012.

  • Қарағанды мемлекеттік университеті , 2012

1. Syllabus – пәннің оқу бағдарламасы

1.1 Оқытушылар туралы мәліметтер:

Ақбаев Ерболсын Турсынович – э.ғ.к., доцент

Аканаева Толкын Аскаровна, аға оқытушы

«Қаржы» кафедрасы ҚарМУ – нің бас корпусының 320-шы кабинетінде орналасқан.

1.2 Пән бойынша мәліметтер:

Корпоративтік қаржы

Кредит – 3

Пәннің оқытылатын жері: бас корпус

Оқу жоспарынан көшірме:

Өқу мерзімі

Ку

Р

с

Семестр

Кредиты

Лекция

Семинар

ОСӨЖ

СӨЖ

Барлығы

Бақылау формасы

күндізгі

3

5

3

30

15

45

45

135

Емтихан

сырттай

2

3

3

45

45

45

135

Емтихан

1.3 Пререквизиттер:

Студент экономикалық теория негіздері (оның ішінде қор нарығына, қаржы жүйесіне және қаржылық институттарға қатысты бөлімдерді), макроэкономика, бухгалтерлік есеп қағидалары, статистика негіздерін білуі қажет. Сонымен қатар осы курсты толық қамтуы үшін студент «Қаржы» және «Ақша, несие және банктер» пәндерін меңгеруі қажет.

1.4 Постреквизитер:

«Корпоративтік қаржы» пәнін зерделеу келесі пәндерді зерделеуде дағдыларды береді: «Қаржы»: «Қаржылық менеджмент», «Бағалы қағадар нарығы», «Инвестицияны қаржыландыру

және несиелендіру», «Жобаларды талдау».

1.5 Пәннің қысқаша сипаттамасы:

Курстың мақсаты–корпорация қаржысын ұйымдастыруда, тиімді пайдалануда және тиімді басқаруда, қаржылық тұрақтылықты сақтауда, таза табысты қамтамасыз етуде, компания иелерінің меншігін көбейтуде және әл ауқатын көтеруде студенттерді теориялық және практикалық жағынан қамтамасыз ету.

Курстың міндеттері:

- корпарация қаржысының қызметтерінің теориялық мәнін ашу және олардың мемлекеттік қаржы жүйесіндегі, кәсіпорындардың қаржылық қатынастарындағы ролін ашу;

- қаржылық ресурстардың мәнін, құрылымын және тиімді құрамын ашу, корпорацияның активтерін және олардың пайда болу көздерін, құрылу шарттарын ашу;

Қаржылық есептеулердің әдістеріне практикалық сараптама жасау;

- қаржылық жоспарлаудың мазмұнына және құрылымына қағидаларына әдістеріне талдау жасау;

- корпорацияның қаржылық жағдайына қаржылық тұрақтылықты тұрақтандыру арқылы бағалау жасау, корпорацияның банкроттық деңгейіне жол бермеу;

- экономикалық құбылыстардың нақты кезеңдерінде басқару шешімдері үшін инвестициялық және қаржылық саясаттарды қабылдау, қаржылық жоспарды қабылдауда қаржылық құралдарды қолдану.

Осы курсты оқыту кезінде әр түрлі тақырыптар қарастырылады. Олардың қатарына ақшаны бағалау, акция мен облигацияны бағалау, жобалар бойынша қаржылық ағымдардың кірістері мен шығындарын есептеу, капиталды тиімді пайдалану, табыс пен тәуекел арасындағы байланысты, капитал құрылымы мен нарықтың тиімді теориялары жатқызылады. Теориялық материалдардан басқа әр түрлі практикалық материалдар, есептер, өзіндік жұмыстар беріледі. Негізгі бөлінетін басты акцент тыңдаушылардың өзіндік дайындайтын жеке дара жұмыстары. Курс аяқталғаннан кейін студент қаржылық шешімдерді және хабарламаларды талдауды, компаниялардың инвестициялық және қаржылық қызметтеріне қаржылық әдістерді дайындауды білуі қажет.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]