Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
27-01-2013_10-52-07 / Материал тану.doc
Скачиваний:
190
Добавлен:
13.03.2015
Размер:
1.95 Mб
Скачать
  1. Резеңке материалдары. Резеңке материалдарының құрамы және жіктелуі. Резеңкені вулканизациялау.

Машинажасаудың түрлі салаларында қолданылатын техникалық резеңке бұйымдары қызмет атқаруына байланысты жеке сыныптарға бөлінеді:

1) нығыздайтындар - нығыздау пішіндері, манжеттер, төлкелер, т.б.;

2) діріл және дыбыс айырғыштары мен соққыға қарсы - ішпек, амортиза-тор түрінде, т.б.;

3) күш түсетіндер - тісті дөңгелек, түрлі құрасбөліктердің тұрқы, жалғау-тетік, т.б.;

4) жылжу тіректері - түрлі резеңке металл ішпектері, таптамалар, тіректер және т.с.с.;

5) сұйықтықтар мен газ тасымалдайтын құбырлар - әдетте, сыммен шыбықталған резеңке мата бұйымдары; резеңке мата бұйымдарына жалпақ немесе сына қозғалтқыш белдіктері, жүк таситын айналсоқ, таспалары;

6) тозуға қарсылар - ауа қысымды дөңгелектердің - тегістеуіштер және с.с;

7) үйкеу бұйымдары мен құралдар - ажарлау тегершіктері, тежеуіш қон-дырғылар және с.с.;

8) күш түспейтін және қорғауыштар - электрқорғауыш аяққа төсейтіндер, тұтқалар және с.с.;

9) сәндік - түрлі тілімдер, баулар түрінде.

Резеңке жасаудың соңғы технологиялық процесі вулканизация. Вулканизация нәтижесінде каучуктың немесе резеңке қоспасыынң пластикалық қасиеттері бұрынғыдан нашарлап, қатайып серпімділік, беріктік қасиеттері артады. Резеңкенің құрамында оның түріне байланысты 5% тен 92% ке дейін каучук болады. Резеңке жаау үшін каучукке келесі заттарды косады.1) Вулканизацияланатын заттар ретінде күкірт, натрии қолданылады. 2)катализатор (вулканизацияны тездеткіш) 3) пластификатор (жұмсартқыш), соымент қатар тотықтырғыш және күшеәткіш заттар резеңкенің физика механикалық қасиеттерін жақсарту үшін қосыылады.

  1. Термиялық өңдеу түрлерінің жіктелуі.

Металдар мен метал қорытпаларының физка- химиялық қасиеттерін өзгерту үшін оларды термиялық әдіспен өңдейді.

термиялық өңдеу түрлері:

  1. Бірінші күйдіру(суық күйдк өңделген деткльдарды жұмсарту үшін)

  2. Екінші күйдіру(металдың физикалық қайта кристалдануы)

  3. Шынықтыру(металды жоғарғы темп.дейін қыздырып, үлкен жылдамдықпен суыту)

  4. Жұмсарту(жұмсартылған метал теңсіздік күйден тепе теңдік күйге өтіп, оның қаттылығы мен беріктіг төмендеп, пластикалық қасиеті артады.

  5. Химия-термиялық өңдеу(қалыпты немесе жоғары температурада, диффузия құбылысы арқылы металдың сыртқы қабатының химиялық құрамын өзгертуі)

  1. Көміртекті, легирленген және аспаптық болаттар. Жалпы сипаттамасы, қасиеттер , таңбалануы, қолданылуы.

Легірленген болаттар – Құрамына арнаулы элементтер (Cr, Ni, W, Cu, Mn т.б) енгізу арқылы өзгертілген көміртекті болаттар. Марганец болаттың шынығушылық қасиетін арттырады. Молибден мен вольфрам болаттың жұмсаруға қарсы тұрақтылығын арттыраыды.

титан мен ниобий болаттың корозиялануын баяулатады. Болат маркасындағы әріптер легірлеуші элемент екендігін ал әріптердің алдындағы екі цифр көміртегінің проценттік үлесін көрсетеді. Әріптен кейінгі цифр легірлеуші элемент тің проценттік мөлшері. Х-хорм, Н-никель, Т-титан, д-мыс, П-фосфор, Г-марганец, Ц-цирконий, В- вольфрам, Ф-ванадий, Ю-алюминий, К-кобальт, Б-ниобий, Р-бор, С-кремний., r- сирек кездесетін элемент.

Жоғары қаттылығымен (60-65НRC), берiктiгiмен және тозуға төзімділі-гімен әртүрлi аспап жасауға қолданылатын көмiртектi және қосынды болаттарды аспаптық деп атайды Аспаптық болат, кескiш, өлшеуiш, металқалып және басқа аспап жасауға қолданылады. Аспаптық болаттар шартты түрде төрт дәрежеге бөлiнедi: көмiртектi, қосынды, металқалыптылар және тез кесушi.

Аспаптық болаттардың маңызды сипаттамаларының бiрi жылуға төзiмдiлiгi (немесе ыстыққа төзiмдiлiгi), яғни қыздырғанда жоғары қаттылығын сақтау қабiлетi (жұмыс процесінде аспап қызғанда жұмсартуға қарсы тұруы).

Көмiртектi аспаптық болаттар “У” (углеродистая сөзiнiң бiрiншi әрпi) әрпiмен ентаңбаланады, одан кейiнгi санбелгi (У7, У8, У10, т.б.) пайыздың ондаған үлесiмен көмiртектiң орташа мөлшерiн көрсетедi. Соңындағы “А” әрпi (У10А) болаттың жоғары сапалы екенiн көрсетедi. Қосынды аспаптық болаттар Х, 9Х, 9ХС, 6ХВГ т.б. пайыздың ондаған үлесiмен көмiртектiң орташа мөлшерiн көрсететiн санбелгiмен ентаңбаланады, егер оның мөлшерi <1% болса. Егер көмiртектiң мөлшерi 1% болса, онда санбелгi көбiнесе болмайды. Әрiптер қосынды элементтердi, ал олардан кейiнгi санбелгiлер – сәйкес қосынды элементтiң (бүтiн пайызбен) мөлшерiн бiлдiредi.

Тез кескiш болаттар “Р” әрпiмен ентаңбаланады. Одан кейiнгi санбелгi тез кескiш болаттың негізгі қосынды элементтiң – вольфрамның (пайызбен) орташа мөлшерiн көрсетедi. Болаттағы молибденнiң (пайызбен) орташа мөлшерi “М” әрпiнен кейiн, кобальттың – “К” әрпiнен, ванадийдiң – “Ф” әрпiнен кейiн, т.б. қойылған санбелгiмен белгiленедi. Көптеген тез кескiш болаттардағы хромның орташа мөлшерi 4% құрайды, сондықтан болаттың ентаңбасында көрсетiлмейдi.

Соседние файлы в папке 27-01-2013_10-52-07