
- •Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі
- •Ақпараттық және телекоммуникациялық технологиялар саласы мамандықтарына оқитын студенттерге қазақша кәсіби тілді меңгертуге арналған «Қазақ тілі» пәнінің оқу-әдістемелік кешеніне
- •1.1 Әзірлеуші оқытушылар туралы мәліметтер:
- •1.2 Пән туралы мәліметтер:
- •Оқу жоспарының көшірмесі
- •1.3 Пререквизиттері:
- •1.4 Постреквизиттері:
- •1.5 Пәннің қысқаша мазмұны
- •1.6 Тапсырмалардың тізімі мен түрлері және оларды орындау кестесі:
- •1.7 Әдебиеттер тізімі
- •1.9 Курстың саясаты және тәртібі
- •2. Негізгі таратылатын матариалдар мазмұны
- •2.1 Курстың тақырыптық жоспары
- •Инновациалық білім беру және халықаралық ұтқырлық
- •Ақпараттық және телекоммуникациялық технологиялар институты
- •«Болашақ» бағдарламасы жайында
- •Ақпарат және ақпараттану
- •Ақпарат түрлері
- •Ақпарат беру және оны өңдеу
- •Ақпараттық қауіпсіздік жүйесі
- •Ақпаратты сақтау
- •Ақпараттық қауіпсіздік
- •Ақпаратты қорғау құралдары
- •Есептеуіш техникалар эволюциясы
- •Алғашқы есептеуіш техникалар
- •Алғашқы арифмометр
- •Есептеуіш техниканың қарқындап дамуы
- •Алғашқы электрондық есептеуіш машиналар
- •Электрондық есептеуіш машиналар
- •Дербес компьютерлер
- •Дербес компьютерлер жабдықтары
- •Жүйелік блок қызметі
- •Жедел жады және дисплей
- •Пернетақта құрылымы және қызметі
- •Компьютерлік вирустар туралы мәлімет
- •Компьютердің зақымдануы
- •Компьютерлік вирустардың жіктемесі
- •Антивирустық бағдарламалар
- •Компьютердің пайдасы мен зияны жайында
- •Компьютердің зияны қаншалықты?
- •Компьютердің зиянын азайту жайындағы қеңестер.
- •Бүкіләлемдік ғаламтор және оны тиімді пайдалану
- •Ғаламтордағы тср/ір қызметтері
- •Www мен оның бағдарламалық жабдықтары
- •Виртуалды байланыс түрлері
- •Usenet, irc, iso, ip-телефония жүйелері
- •Электрондық пошта
- •Электрондық пошта қызметі
- •Радиотехника әлемі
- •Радиоэлектроника
- •Радиобайланыс
- •Радиостанциялар қызметі
- •Электроника саласының негізгі даму бағыттары
- •Электроника
- •Электрбайланыс жүйесі
- •Электрондық күшейткіш құрылғылары
- •Телекоммуникация жүйесі
- •Телекоммуникация
- •Халықаралық Электрбайланыс Одағы
- •Телекоммуникация желілері
- •Электроника жетістіктері
- •Электрондық аспап түрлері
- •Электроника саласындағы жетекші компаниялар
- •Электрондық жәрмеңкелер
- •Инновациалық технологиялар жаңалықтары
- •Қалтаға салып жүретін сканер
- •Автоматтық басқару жүйесі жаңалықтары
- •2.3. Сөж мазмұны
- •2.5 Өздік бақылау үшін тест тапсырмалары
- •Тест сұрақтарының жауабы
- •2.6. Курс бойынша емтихан сұрақтары
- •Глоссарий
Ақпарат және ақпараттану
* * * * *
Ақпарат
Бізді қоршаған әлемнің ең маңызды мәні зат, энергия мен ақпарат болып табылады. Өсімдіктердің, жануарлардың, адам мен жалпы адамзат қоғамының өмірінде зат пен энергия сияқты ақпараттың да мәні өте зор. Әдетте кітаптардан, газет мақалаларынан немесе берілген жаңалықтардан алынған мәліметтерді ақпарат деп атаймыз. Күрделі биологиялық молекулалардың құрылымында, радиосигналдар мен кілт рельефінде сақталатын мәліметтер де ақпарат болып саналады. Бұл ұғымды тек материалдық ақпарат тасушы, ақпарат көзі, ақпарат жеткізуші, оны қабылдаушы арасындағы байланыс арнасы деп пайымдауға болады. Ақпарат ұғымы барлық салаларда: философияда, жаратылыстану мен гуманитарлық ғылымдарда, биологияда, медицина мен физиологияда, адам мен жануарлар психологиясында, әлеуметтануда, өнерде, техникада, экономикада және күнделікті өмірде де пайдаланылады.
Бір сөзден айтқанда, ақпарат – бұл бізді қоршаған әлемді таңбалар мен сигналдардың көмегімен бейнелеу.
30 - тапсырма.Берілген сөздерді дәптерге жазып, есте сақтаңыздар.
1. Әлем. 2. Әлеуметтану. 3.Қоғам. 4. Мәлімет. 5. Қабылдаушы. 6.Таңба.
7. Жеткізуші. 8.Тасушы.
31 - тапсырма. Берілген сөз тіркестерімен сөйлемдер құрастырыңыздар.
1. Маңызды ақпарат. 2. Ақпарат ұғымы. 3. Ақпарат қабылдаушы. 4. Ақпарат тасушы. 5. Ақпаратты өңдеу. 6. Ақпаратты сақтау. 7. Қоршаған әлем. 8. Байланыс арнасы. 9. Ақпарат көзі.
32 - тапсырма. Мәтіннен зат есімдерді теріп жазып, олармен сөйлемдер
құрастырыңыздар.
Үлгі: Өсімдік. Өсімдіктер де ақпарат таратушылар болып табылады.
33 - тапсырма. Мына сөйлемдерден сұраулы сөйлемдер жасаңыздар.
1. Зат пен энергия сияқты ақпараттың да мәні өте зор. 2. Бізді қоршаған әлемнің ең маңызды мәні энергия мен ақпарат. 3. Ақпарат бұл тек кітаптардан, газет мақалаларынан немесе берілген жаңалықтардан алынған мәлімет. 4. Ақпарат барлық салаларда пайдаланылады. 5. Ақпарат – бізді қоршаған әлемді таңбалар мен сигналдардың көмегімен бейнелеу.
34 - тапсырма. Мәтіннен септік жалғаулы сөздерді теріп жазып, жасалу жолын түсіндіріңіздер. Олармен сөз тіркестерін құрастырыңыздар.
Үлгі: ақпараттың – ақпарат + тың (-тың-) ілік септік жалғауы, сөздің негізі қатаң т дыбысына аяқталғандықтан, -тың жалғауы жалғанады. – Ақпараттың маңызы.
35 - тапсырма. Мәтіннен ”Ақпарат“ сөзі тіркесе алатын сөздерді теріп алып, тор көздерге орналастырыңыздар.
АҚПАРАТ
36 - тапсырма. Мәтіннен тәуелдік жалғаулы сөздерді теріп жазып, жасалу
жолын түсіндіріңіздер. Олармен сөз тіркестерін құрастырыңыздар.
Үлгі:ұғымы – ұғым + ы (-ы- тәуелдік жалғауы, 3 жақ). – Ақпарат
ұғымы.
37 - тапсырма. Төмендегі сөздерді 3 жақта тәуелдеңіздер.
Үлгі:Менің затым Біздің заттарымыз
Сенің затың Сендердің заттарың
Сіздің затыңыз Сіздердің заттарыңыз
Оның заты Олардың заттары
1.Ақпарат. 2.Өмір. 3. Мәлімет. 4.Таңба. 5. Қоғам.
38- тапсырма. Кестеге өздеріңіз алған ақпараттарды және ақпарат көздерін
жазыңыздар.
Ақпарат |
Ақпарат көздері |
1.Internet бүкіл әлеммен байланысты. |
Информатика сабағы
|
2.Қосылғыштардың орнын ауыстыру қосындыны өзгертпейді. |
|
3. |
Қазақ тілі оқулығы |
4.Дербес компьютерде суланған қолмен жұмыс істеуге болмайды. |
|
5. |
Теледидар |
6. |
|
7. |
|
8. |
|
39 - тапсырма. Мәтінге жоспар құрып, мазмұндап беріңіздер.
40 - тапсырма. Адам ақпаратты қалай және қайда сақтайтыны туралы
өз сөздеріңізбен баяндап беріңіздер.
41 – тапсырма. Мына жағдаят бойынша сұхбат құрастырып, рөлге бөліп
ойнаңыздар.
42-тапсырма. «Ақпараттың адам өміріндегі мәні» тақырыбына эссе
жазыңыздар.
Әдістемелік ұсыныс: Ақпарат ұғымы қолданылатын барлық салалар (философия, жаратылыстану мен гуманитарлық ғылымдар, биология, медицина мен физиология, адам мен жануарлар психологиясы, әлеуметтану, өнер, техника, экономика) бойынша қосымша материалдармен танысып, терминологиялық сөздік жасау.
Әдебиет: Нег.: 5 [22-25]; 6 [65- 66]; Қос.: 9 [10-11].
Бақылау сұрақтары:
1. Ақпарат дегеніміз не?
2. Ақпаратты қайдан аламыз?
3. Ақпарат ұғымы қандай салаларда кездеседі?
4. Ақпарат туралы тағы не білесіздер?
2-апта. 5-тәжірибелік cабақ
43 - тапсырма. Мәтінді мұқият оқып, кәсіби сөздерді дәптерге жазып алыңыздар және олардың мағынасын сөздік арқылы анықтаңыздар.