Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Жаксылыкова К.УМК инф-doc- 25.06.2012- Ок.В+.doc
Скачиваний:
102
Добавлен:
13.03.2015
Размер:
2.86 Mб
Скачать

Электрондық күшейткіш құрылғылары

Электрондық күшейткіш – электр қоректену көзін пайдалану, яғни, активті элементтер көмегімен электрлік сигналдарды күшейтуге арналған құрылғыларды айтады.

Электрлік сигналдардың түріне қарай электрондық күшейткіштер екіге бөлінеді. Ол гармоникалық және импульсті сигналдар күшейткіштері. Гармоникалық сигналдардың күшейткіші бір түрлі шамадағы және пішіндегі периодты сигналдарды күшейтуге қолданады. Бұл топқа микрофондық, радиохабарламалық, магнитофондық және басқа күшейткіштер жатады.

Импульстік сигналдар күшейткіштері әр түрлі пішіндегі периодты және периодты емес импульстік сигналдарды күшейтуге арналған. Бұл талапты орындау үшін, күшейту барысында күшейтілетін сигналдың жиілік спектрін, амплитудалық және фазалық қатынасын сақтау керек.

Күшейткіштер тұрақты және айнымалы тоқ, төменгі және жоғарғы жиілікті, кең ауқымды және тар ауқымды болып бөлінеді. Ол күшейтілетін сигналдың жиілігі мен олардың жиілік ауқымына байланысты.

Тұрақты ток күшейткіштері автоматикада және телемеханикада, электр техникасында және есептеуіш құрылғыларда қолданылады. Айнымалы ток күшейткіштері радиотехникалық құрылғыларда қолданылады.

Сөздік:

қоректену – питание

қатынас – соотношение

күшейткіш – усилитель

тұрақты – постоянный

көзі – источник

айнымалы – изменчивый, переменный

шама – величина, мера

тар – узкий

пішін – форма

есептеуіш – вычислительтельный

290 - тапсырма. Сөздерді ретімен орналастырып, сөйлемдерді құрастырыңыздар.

1) A) арналған; B) күшейтуге; C) құрылғы; D) сигналдарды; E) электрлік.

2) A) пайдалану; B) қоректену; C) күшейткіш; D) ол; E) электр; F) көзі.

3) A) және; B) магнитофондық; C) басқа; D) жатады; E) күшейткіштер.

4) A) арналған; B) импульстік; C) күшейтуге; D) сигналдар.

291 - тапсырма. Тірек сөздерді пайдаланып, сұхбатты аяқтаңыздар.

1

Электр қоректену көзін пайдалану дегеніміз не?

A

периодты сигналдарды күшейтуге

2

Гармоникалық сигналдың күшейткішін неге қолданылады?

B

айнымалы сигналдарды

3

Кең ауқымды және тар ауқымды болуы неге байланысты?

C

күшейткіш

4

Айнымалы тоқ күшейткіші нені күшейтеді?

D

жиілік пен жиілік ауқымына

292 - тапсырма. Берілген сөздерді аудармасымен сәйкестендіріңіздер.

1. күшейту

2. сақтау

3. шешу

4. есептеу

5. өлшеу

A. сохранять

B. вычислительный

C. усиливать

D. измерить

E. решить

293 - тапсырма. Жақшаның ішіндегі сөздерді қазақшаға аударып, сөйлемдерді дәптерге жазып алыңыздар.

1. (Усилитель) – электр қоректену көзін пайдалану. 2. Күшейтілген электрлік (сигналы) екіге бөлінеді. 3. Ол (гармонический) және импульсті сигналдар. 4. Тұрақты (ток) күшейткіші тек қана тұрақты тоқты ғана күшейтпейді.

294 - тапсырма. Көп нүктенің орнына қажетті сөздерді қойып, сөйлемдерді толықтырыңыздар.

1. Бір түрлі шамадағы … күшейтуге қолданады. 2. Микрофондық, магнитофондық … жатады. 3. Тұрақты тоқ күшейткіші тұрақты ... да күшейтеді. 4. Баяу электрлік … айнымалы сигналдарда күшейтеді.

Тірек сөздер: A. Күшейткіштер. B. Токты. C. Тербелістерді. D. Сигналдарды.

295 - тапсырма. Берілген сөздердің тіркесін табыңыздар.

1. Қоректену

2. Гармоникалық

3. Магнитофондық

4. Айнымалы

5. Фазалық

А. күшейткіш

В. көзі

С. ток

D. қатынас

Е. сигнал

296 - тапсырма. Мәтін мазмұны бойынша жоспар құрыңыздар.

Әдістемелік ұсыныс: Электрондық күшейткіш құрылғылары жайында қосымша материалдармен танысу, термин сөздерді кәсіби қарым-қатынаста қолдануға үйрену.

Әдебиет: Нег.: 1 [17-18]; Қос.: 6 [14]; 7[3].

Бақылау сұрақтары:

1. Электрондық күшейткіш құрылғылары дегеніміз не?

2. Электрондық күшейткіш қанша топқа бөлінеді?

3. Гармоникалық сигналдардың күшейткіші дегеніміз не?

4. Импульстік сигналдар күшейткіштері дегеніміз не?

5. Тұрақты және айнымалы тоқтар туралы не білесіздер?

13-апта. 37-тәжірибелік cабақ

297 - тапсырма. Мәтінді мұқият оқып, кәсіби сөздерді дәптерге жазып алыңыздар және олардың мағынасын сөздік арқылы анықтаңыздар.