Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Жаксылыкова К.УМК инф-doc- 25.06.2012- Ок.В+.doc
Скачиваний:
102
Добавлен:
13.03.2015
Размер:
2.86 Mб
Скачать

Глоссарий

Мәліметтер (Данные) – автоматты құралдардың көмегімен, кей жағдайда адамның қатысуымен, өңдеуге ыңғайлы түрде берілген мағлұмат.

Сигнал – 1) ақпаратты материалдық тасушы; 2) шығу көзінен қабылдағышқа материалдық орын ауыстыру тұрғысынан алғанда таңба «белгі» және «символ» ұғымдары экстенсионалды сәйкес келеді; 3) элементардық екілік сигнал – бір бит ақпаратты тасушы.

Ақпарат (информация) – айналадағы ортадан қабылданатын, айналадағы ортаға берілетін немесе кейбір жүйенің ішінде сақталатын мәліметтер жиынтығы. Компьютерде пайдаланылатын және өңделетін болғандықтан, ақпараттану саласында мәліметтер деп аталады. Есептеу техникасында – компьютерге еңгізілетін, оның жадында сақталатын қажет кезінде өңделетін және сыртқы ортаға берілетін мәліметтер.

Файл – сыртқы жад құрылғыларында орналасатын және жеткізу мен өңдеу кезінде бөлінбейтін, бір тұтас қарастырылатын жазбалар тізбегі;белгілі бір атаумен аталып, реттеліп жазылған байттар тізбегі компьютердегі мәліметтерді сақтау мен жеткізудің негізгі бір бірлігі болып табылады.

Ақпарат (Информация) – таңбалар мен сигналдар түрінде берілген зат немесе адам туралы мағлұмат, есептеу техникасында ЭЕМ-ге енгізіліп, оның жадында сақталатын, қажет кезінде өңделетін және сыртқы ортаға шығарылатын мәліметтер.

Файл (Файл) – программа немесе мәліметтер жиынтығы.

Файлдағы атрибут (Атрибут в файле) – файл көрсеткіштерін анықтайтын әр түрлі сипаттама.

Файлдық жүйе (Система файловая) – ат қойылған мәліметтер мен программалар терминдерінің жиынтығы.

Файлдық сервер – файлдар архиві мен он иесі арасында қатынас құруды жүзеге асыратын программалар.

Атқарылатын файлдар (Файлы исполняемые) – файл атының *.com, *.exe, *.bat, *.pif кеңейтулері бар файлдар.

Архивті файл (Файл архивный) – бір тұтас файлға тығыздалып орналастырылған бір немесе бірнеше файлдардың жинағы

Уақытша файл (Файл временный) – файл атының кеңейтуі -ТМР болып келетін файлдар

Программа – 1) белгілі бір алгоритімді жүзеге асыру мақсатында мәліметтер өңдеу жүйесінің нақты құрауыштарын (компьютерді ) басқаруға арналған мәліметтер тізбегі; 2) орындалуға (өңделуге) тиіс реттелген командалар тізбегі, есеп шығару алгоритмін сипаттайтын программалау тілінің сөйлемдер жиыны.

Алдын ала келісім (соглашение) нақты программа арқылы орындалатын әрекеттер (функциялар) жиынының және әр функцияның орындалу вариантын анықтайды.

Үнсіз келісім (умолчание) – егер пайдаланушы нақты түрде талап қоймаса, онда әрбір программа қандай да бір міндетті атқарудың нақты нұсқасын өзі тағайындайды ол тек компьютерлік технологияға тән.

Интерфейс – программистердің кәсіптік тілінде өзара әрекеттесу «жазықтығы», пайдаланушымен компьютердің қарым-қатынасы, яғни екі жүйенің немесе адаммен компьютердің өзара мәліметтер алысуын жасақтайтын аппараттық-программалық құралдардың жиынтығы.

Программалық жасақтама (программое обеспечение) – 1) белгілі бір типтегі есептеуіш машиналарға арналған программаларжиынтығы;2) пайдалануға қажетті мәліметтер мен программалық құжаттарды өңдеу жүйесі программаларының жиынтығы.

Есептеу техникасы (вычислительная техника) – адамзат іс-әрекетінің әр түрлі саласындағы күрделі ақпараттың үлкен ағындарымен массивтерін автоматтандырылған түрде өңдеуге, жеткізуге және сақтауға арналған техникалық құралдар мен программалық жасақтама жинағы.

Компьютер, есептеуіш – (компьютер, вычислитель ; лат. Compute – санау, есептеу) –есептеу жұмыстарын атқару мен ақпаратты автоматты түрде өңдеуге арналған техникалық құралдар кешені:1) ақпаратпен жұмыс істеуге арналған қазіргі заманғы әмбебап техникалық аспап.2) есептеу және ақпараттық мәселелерді шешу процестерінде ақпарратты автоматты түрде өңдеуге арналған техникалық құралдардың жиынтығы. 3) ғылыми-көпшілік және ғылыми әдебиеттерде қабылданған атау.

Компьютер буындары – ( поколения ЭВМ ) – сәулеті мен элементтік негізінің түрлері бойынша біріктірілген, тарихи қалыптасқан компьютер топтары. Олар бір-бірінен элементтік негізі, құрылмалы технологиялық орындалуы, логикалық ұйымдастырылуы, техникалық сипаттамалары, программалық жасақтамалары және пайдаланушы тарапынан компьютермен қатынас құру дәрежесі бойынша ажыратылады.

Компьютер желісі –( компьютерная сеть, сеть ЭВМ; computer network) – желінің ортақ есептеу қорларын пайдалану үшін тұтынушылар қатынас құра алатын элекронды есептеуіш машиналар мен абонентік станциялар жиынтығы.

Тақша – (плата; board ;card ) -1) электрондық құрауыштардан тұратын, компьютердің басқа құралғыларымен жалғаса алатын, бетінде баспа өткізгіштері бар ауыстырмалы шағын тақта; радио-электрондық аппаратуралар жинаған кезде үстіне электр және радио сыңарлары орналастырылатын жалпақ құрылма конструкция.

ENIAC есептеуіші – (Electronic Numerical Integrator Analyzer and Computer) бұл құрылғы «алғашқы компьютер» деп жиі айтылады.

Жүйелік блок (системный блок) – дербес компьютердің негізгі электрондық құрылғыларымен қоректену блогы орналасқан блок.

Монитор – 1) программа – есеп шығару процесі кезінде құрылғылар мен программалардың әрекеттестігін жасақтайтын жүйелік басқару программасы; 2) құрылғы- бейнелерді экранға шығаруды жасақтайтын аспаптың және ішкі схемалардан тұратын құрылғы.

Тышқан - манипуляторлық типті басқару құрылғысы. 2-3 басқышы бар жатық қорап.

Процессор – 1) программаға сәйкес операцияларды оындауға арналған компьютердің негізгі құрылғысы, қызметтік бөлігі; 2) мәліметтерді өңдеу кезінде кейбір алдын ала есептеу жұмыстарын немесе ұйымдастыру қызметін атқаратын машиналық программа.

Аналық тақша (материнская плата ) – орталық процессор, жедел-жад микросхемалары, кеңейту қуыс – орындары және есептеу машинасының басқада кейбір жүйелік сыңарлары орналастырылған негізгі мөрлі тақша.

Шина – ортақ қызметтік белгі бойынша біріктірілген және есептеу машинасының бір құрама бөлігінен екіншісіне ақпарат тасымалданатын арналар (желілер) тобы.

Жедел жад (оперативная память) – компьютердегі ішкі жад бөлігі арифметикалық және логикалық операцияларды орындау кезінде командаларды, бастапқы мәліметтерді, аралық және ақырғы нәтижелерді уақытша сақтау үшін керек уақытша жад.

Тұрақты жад (помтоянная память) – үлгі қалыпты программаларды, өзгермейтін мәліметтерді және жүйелік ақпаратты энергиядан тәуелсіз сақтауға арналған жад.

Дискі жетек (дисковод) – 1) магниттік дискілер орнатуға және олрмен жұмыс істеуге арналған тетік; 2) ақпаратты дискіде сақтауға және оны оқуға арналған құрылғы; 3) айналып тұратын қозғалыстағы магниттік дискілерге мәлімет жазып, оны оқуға арналған электрмеханикалық құрылғы.

Жақсылықова К.Б., Тұрсынова Г.Т.,

Шүленбаева Ұ.Р., Әбдісүлейменова Р.Ш.

ҚАЗАҚ ТІЛІ

Пәннің оқу-әдістемелік кешені

(5В070400, 5В100200, 5В071900, 5В070300, 5В070400)

Ақпараттық-телекоммуникациялық технологиялар саласы

мамандықтары үшін

Редактор

«Қазақ тілі» кафедрасы

мәжілісінің хаттамасы № 6 «27» ақпан 2012ж.

А.Машани атындағы

«Базалық білім беру» институты

ОӘК мәжілісінің хаттамасы № 4 «28» наурыз 2012ж.

Басуға қол қойған күні … 2012 ж.

Таралымы … дана. Пішімі 60х84 1/16. № 1 баспаханалық қағаз. Көлемі 6,6 б.т.

Тапсырыс № … Бағасы келісімді.

Қ.И.Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық университетінің басылымы

ҚазҰТУ Ақпараттық-баспа орталығы,

Алматы қ., Сәтбаев көшесі, 22

108