Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Жаксылыкова К.УМК инф-doc- 25.06.2012- Ок.В+.doc
Скачиваний:
102
Добавлен:
13.03.2015
Размер:
2.86 Mб
Скачать

Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі

Қ.И. Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық университеті

Ақжан Машани атындағы Базалық білім беру институты

Қазақ тілі кафедрасы

Жақсылықова К.Б., Тұрсынова Г.Т.,

Шүленбаева Ұ.Р., Әбдісүлейменова Р.Ш.

ҚАЗАҚ ТІЛІ

Пәннің оқу-әдістемелік кешені

(5В070400, 5В100200, 5В071900, 5В070300, 5В070400)

Ақпараттық-телекоммуникациялық технологиялар саласы

мамандықтары үшін

Алматы 2012

ҚҰРАСТЫРУШЫЛАР: Жақсылықова К.Б., Тұрсынова Г.Т.,

Шүленбаева Ұ.Р., Әбдісүлейменова Р.Ш. Қазақ тілі. Пәннің оқу-әдістемелік кешені (Ақпараттық-телекоммуникациялық технологиялар саласы мамандық-тары үшін – 5В070400, 5В100200, 5В071900, 5В070300, 5В070400). – Алматы: Қ.И. Сәтбаев атындағы ҚазҰТУ, 2012, 104 бет.

Аңдатпа

Ұсынылып отырған «Қазақ тілі» пәні бойынша оқу-әдістемелік кешен техникалық жоғары оқу орындарының ақпараттық және телекоммуникациялық технологиялар мамандығына оқитын студенттерге арналған.

Оқу-әдістемелік кешеннің басты мақсаты – мемлекеттік тілді техникалық жоғары оқу орнының студенттеріне кәсіби бағдарлы қатысымдық қырынан меңгерте келе, өндіріс орындарында, әлеуметтік ортада қазақша қарым-қатынасқа еркін түсуге үйрету.

Оқу- әдістемелік кешенде берілген тапсырмаларды орындату арқылы олардың қазақ тіліндегі жарнамаларды, іс-қағаздарын, мамандыққа байланысты әдебиеттерді оқып, түсіну қабілеттерін; кәсіби бағытта қазақша дұрыс сөйлеу және сауатты жазу дағдыларын жетілдіру. Сонымен қатар кәсіби мәтіндер мазмұнымен жүргізілетін әр түрлі жаттықтыру жұмыстары арқылы студенттердің жалпы дүниетанымын, рухани әлемінің ауқымын кеңейту, шығармашылық іс-әрекетке баулу.

Пікір беруші: Айтжанова С.С.,

Қ.И.Сәтбаев атындағы

ҚазҰТУ доценті,

фил. ғыл. кандидаты

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі 2012 жылға арнап бекіткен Типтік оқу жоспары бойынша басылды.

© Қ.И.Сәтбаев атындағы ҚазҰТУ, 2012

Ақпараттық және телекоммуникациялық технологиялар саласы мамандықтарына оқитын студенттерге қазақша кәсіби тілді меңгертуге арналған «Қазақ тілі» пәнінің оқу-әдістемелік кешеніне

П І К І Р

Қазіргі таңдағы білім беру саласында болып жатқан өзгерістер оқытуды, оның ішінде мемлекеттік тілді оқытып үйрету ісін салалы сатыға көтеруді талап етуде. Соның ішінде орыс тілді бөлім студенттеріне мемлекеттік тілді оқытудың қатысымдық жағын күшейту, сөйтіп оны ұлтаралық қатысым құралына айналдыру талабын қойып отыр. Бұл жағдай аталған іске жаңаша келу керектігін, яғни мемлекеттік тілді оқытуға арналған оқу-әдістемелік кешенін жаңа бағытта құрастыру қажеттігін айқындайды.

Осының негізінде «Қазақ тілі» пәні бойынша студенттерге берілетін білім мазмұны оқу-әдістемелік кешенде көрініс бермек. Ұсынып отырған жаттығулар жинағының мазмұны мен құрылымы студенттің мемлекеттік тілде күнделікті тұрмыс-тіршілік қатынасқа белсенді түсінуіне ықпал етуге, студенттің рухани, танымдық өрісінің кеңеюіне мүмкіндік жасауға негізделген.

Жаңа оқу талабына сәйкес кредиттік жүйеге негізделе жасалған оқу-әдістемелік кешеннің мазмұны өзектілігімен, студенттерге түсініктілігімен, берілген материалдардың жүйелілігі және танымыдылығымен ерекшеленеді.

Жаттығулар жинағында студентті ізденушілік, шығармашылық әрекетке бағыттайтын қосымша өзіндік жұмыс тақырыптарының берілуі өте орынды деп есептейміз.

Аталған оқу-әдістемелік кешен практикалық құндылығы жоғары, кредиттік жүйеге негіздей оқыту талаптарына сай жасалынған және мемекекеттік тілді оқытуды жандандыруға үлкен мүмкіндік береді деген ойдамыз.

Қ.И.Сәтбаев атындағы

ҚазҰТУ доценті,

фил. ғыл. кандидаты Айтжанова С.С.

  1. Пәннің оқу әдістемелік кешені