
- •Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі
- •Ақпараттық және телекоммуникациялық технологиялар саласы мамандықтарына оқитын студенттерге қазақша кәсіби тілді меңгертуге арналған «Қазақ тілі» пәнінің оқу-әдістемелік кешеніне
- •1.1 Әзірлеуші оқытушылар туралы мәліметтер:
- •1.2 Пән туралы мәліметтер:
- •Оқу жоспарының көшірмесі
- •1.3 Пререквизиттері:
- •1.4 Постреквизиттері:
- •1.5 Пәннің қысқаша мазмұны
- •1.6 Тапсырмалардың тізімі мен түрлері және оларды орындау кестесі:
- •1.7 Әдебиеттер тізімі
- •1.9 Курстың саясаты және тәртібі
- •2. Негізгі таратылатын матариалдар мазмұны
- •2.1 Курстың тақырыптық жоспары
- •Инновациалық білім беру және халықаралық ұтқырлық
- •Ақпараттық және телекоммуникациялық технологиялар институты
- •«Болашақ» бағдарламасы жайында
- •Ақпарат және ақпараттану
- •Ақпарат түрлері
- •Ақпарат беру және оны өңдеу
- •Ақпараттық қауіпсіздік жүйесі
- •Ақпаратты сақтау
- •Ақпараттық қауіпсіздік
- •Ақпаратты қорғау құралдары
- •Есептеуіш техникалар эволюциясы
- •Алғашқы есептеуіш техникалар
- •Алғашқы арифмометр
- •Есептеуіш техниканың қарқындап дамуы
- •Алғашқы электрондық есептеуіш машиналар
- •Электрондық есептеуіш машиналар
- •Дербес компьютерлер
- •Дербес компьютерлер жабдықтары
- •Жүйелік блок қызметі
- •Жедел жады және дисплей
- •Пернетақта құрылымы және қызметі
- •Компьютерлік вирустар туралы мәлімет
- •Компьютердің зақымдануы
- •Компьютерлік вирустардың жіктемесі
- •Антивирустық бағдарламалар
- •Компьютердің пайдасы мен зияны жайында
- •Компьютердің зияны қаншалықты?
- •Компьютердің зиянын азайту жайындағы қеңестер.
- •Бүкіләлемдік ғаламтор және оны тиімді пайдалану
- •Ғаламтордағы тср/ір қызметтері
- •Www мен оның бағдарламалық жабдықтары
- •Виртуалды байланыс түрлері
- •Usenet, irc, iso, ip-телефония жүйелері
- •Электрондық пошта
- •Электрондық пошта қызметі
- •Радиотехника әлемі
- •Радиоэлектроника
- •Радиобайланыс
- •Радиостанциялар қызметі
- •Электроника саласының негізгі даму бағыттары
- •Электроника
- •Электрбайланыс жүйесі
- •Электрондық күшейткіш құрылғылары
- •Телекоммуникация жүйесі
- •Телекоммуникация
- •Халықаралық Электрбайланыс Одағы
- •Телекоммуникация желілері
- •Электроника жетістіктері
- •Электрондық аспап түрлері
- •Электроника саласындағы жетекші компаниялар
- •Электрондық жәрмеңкелер
- •Инновациалық технологиялар жаңалықтары
- •Қалтаға салып жүретін сканер
- •Автоматтық басқару жүйесі жаңалықтары
- •2.3. Сөж мазмұны
- •2.5 Өздік бақылау үшін тест тапсырмалары
- •Тест сұрақтарының жауабы
- •2.6. Курс бойынша емтихан сұрақтары
- •Глоссарий
Радиотехника әлемі
* * * * *
Радиоэлектроника
Радиоэлектроника — ғылым мен техниканың ақпарат тарату, қабылдау және түрлендіру үшін электромагниттік өріс энергиясын пайдалану мәселелерін қарастыратын саласы. Радиоэлектроника 20 ғасырдың 50-жылдары пайда болды. Ол радиотехника мен электрониканы, кванттық электрониканы, оптикалық электрониканы, шалаөткізгіштік электрониканы, микроэлектрониканы, криоэлектрониканы, инфрақызыл техниканы қамтиды.
Радиоэлектроника автоматика, техникалық кибернетика және электрондық есептеу техникасымен де тығыз байланысты. Радиоэлектроникада математика кеңінен пайдаланылады. Әдетте математика радиотехникалық тізбектер мен құрылғыларға талдау, синтез жасау үшін, олардың құрылымы мен параметрлерінің тиімділігін анықтау үшін қолданылады. Радиоэлектрониканың электракустика және электроникамен бірігіп кеткен салалары бар. Қазіргі радиоэлектроника физиканың көптеген салаларымен, әсіресе, қатты дене физикасы, радиофизика, оптика және механика сияқты салаларымен тығыз байланыста дамып келеді. Радиоэлектроника ғылым және техникамен қатар өндірісте, медицинада, экономика салаларында жиі қолданылады.
Сөздік:
өріс – поле |
құрылғы – конструкция |
сала – отрасль |
талдау – анализ |
шалаөткізгіштік – полупроводной |
анықтау – определить |
тығыз – тесно |
тиімділігі – эффективность |
250 - тапсырма. Мәтіннен біріккен сөздерді теріп жазып, жасалу жолын
түсіндіріңіздер.
Үлгі: радиоэлектроника – радио (з.е.) + электроника (з.е) – екі зат есімнің тұтаса бірігуі арқылы жасалған.
251 - тапсырма. Берілген сөздерді орысша баламасымен сәйкестендіріп,
сөздік дәптерге жазып алыңыздар.
қабылдау |
преобразовать |
түрлендіру |
принимать |
қарастыру |
распространять |
т |
охватывать |
қолданылу |
рассматривать |
қамту |
развиваться |
даму |
применяться |
252 - тапсырма. Мәтіннен шылауларды теріп жазып, қолданылу жолын
түсіндіріңіздер.
Үлгі: Радиоэлектроника техникалық кибернетика және электрондық есептеу техникасымен де тығыз байланысты. — және – ыңғайлас мағыналы жалғаулық шылау; де – күшейту мағыналы демеулік шылау.
253 - тапсырма. Мәтіннен бірыңғай мүшелерді тауып, қалай
байланысқанын және қай мүшеге қатысты екенін талдаңыздар.
Үлгі: Елімізде радиофизика, оптика және механика тығыз байланыста дамып келеді.
Радиофизика, оптика – бірыңғай бастауыштар оқығанда дауыс ырғағымен жекеленіп айтылады, жазылғанда арасына үтір қойылады; оптика және механика – бірыңғай бастауыштардың араларында «және» ыңғайластық жалғаулығы болғандықтан үтір қойылмайды.
254 - тапсырма. Көп нүктенің орнына қажетті сөзді қойып, сөйлемдерді толықтырыңыздар.
1. Радиоэлектроника — электрмагниттік өріс ... пайдалану мәселелерін қарастыратын саласы. 2. Радиоэлектроника автоматика, техникалық кибернетика және ... есептеу техникасымен де тығыз байланысты. 3. Радиоэлектроникада ... кеңінен пайдаланылады. 4. Радиоэлектрониканың электракустика және электроникамен бірігіп кеткен ... бар. 5. Қазіргі радиоэлектроника ... көптеген салаларымен тығыз байланыста дамып келеді. 6. Радиоэлектроника өндірісте, ... , экономика салаларында жиі қолданылады.
Тірек сөздер: 1.Физиканың. 2. Электрондық. 3.Медицинада. 4. Математика. 5. Салалары. 6.Энергиясын.
255 - тапсырма. Мәтінді қайта оқып, жоспар жасаңыздар. Жоспар бойынша өз сөздеріңізбен мазмұнын айтып беріңіздер.
256 - тапсырма. Сөз тіркестерімен сөйлемдер құрастырыңыздар.
1. Электромагниттік өріс. 2. Ақпарат түрлендіру. 3. Энергиясын пайдалану. 4. Тиімділігін анықтау. 5. Құрылғыларды талдау. 6. Аспап жасау. 7. Қатты дене. 8. Тығыз байланыста. 9. Радиотехникалық тізбектер. 10. Кеңінен пайдаланылады.
257 - тапсырма. «Адамзат тұрмыс-тіршілігіндегі радиоэлектрониканың маңызы» тақырыбында эссе жазыңыздар.
Әдістемелік ұсыныс: Қазақстанда радиоэлектроника саласының қалыптасып дамуы жайында қосымша мәліметтермен танысып, шағын конспекті жасау, термин сөздерді кәсіби қатынаста қолдануға үйрену.
Әдебиет: Нег.: 1 [17-18]; Қос.: 6 [14]; 7[3].
Бақылау сұрақтары:
1. Радиоэлектроника қандай ғылым саласы?
2. Елімізде радиоэлектроника қашан пайда болды?
3. Радиоэлектроника қандай ғылым салаларымен тығыз байланысты?
4. Радиоэлектроникада математика не үшін қолданылады?
11-апта. 32-тәжірибелік cабақ
258 - тапсырма. Мәтінді мұқият оқып, кәсіби сөздерді дәптерге жазып алыңыздар және олардың мағынасын сөздік арқылы анықтаңыздар.