Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Жаксылыкова К.УМК инф-doc- 25.06.2012- Ок.В+.doc
Скачиваний:
102
Добавлен:
13.03.2015
Размер:
2.86 Mб
Скачать

Антивирустық бағдарламалар

Вирустарды табуға және жоюға мүмкіндік беретінбағдарламалар антивирустық (вирусқа қарсы) бағдарламалар деп аталады. Детектор бағдарламалар белгілі вирустардың бірімен зақымдалған файлдарды табады, мұндай бағдарламалар жеке түрде сирек кездеседі.

Фагтар немесе доктор бағдарламалар сондай-ақ вакцина бағдарламалар вируспен зақымдалған файлдарды тауып қана қоймай, оларды «емдейді» де, яғни бағдарламаларды вируспен зақымдалғанға дейінгі қалпына келтіре отырып, файлдардан вирус бағдарламасының тәнін жояды. Фагтар өз жұмысының басында вирустарды жедел жадтан іздейді, оларды жояды, тек содан кейін файлдарды «емдеуге» кіріседі. Фагтардың ішінде полифагтар, яғни вирустардың көп мөлшерін жоятын доктор бағдарламалары бар. Ең кең таралған полифагтар Aidstest жасаушысы – доктор Лозинский, Scan, Norton AntiVirus және Doctor Web жасаушысы – И. Данилов бағдарламалары болып табылады.

Ревизор бағдарламалар вирустардан қорғайтын құралдардың ең сенімдісі. Ревизор бағдарламалардың алғашқы қалпын, яғни компьютердің вируспен зақымдалмаған кезін есте сақтайды, содан кейін оқтын-оқтын ағымдағы жағдайды алғашқы жағдаймен салыстырып отырады.

182 - тапсырма. Берілген сөздермен сөз тіркестерін құрастырыңыздар.

1. Қарсы. 2.Сирек. 3. Емдеу. 4.Зақымдану. 5. Тәні. 6.Таралу. 7.Сенімді. 8.Бағдарлама.

183 - тапсырма. Төмендегі сөздерге өзгелік етістің жұрнақтарын қосып,

дәптерге жазыңыздар.

Үлгі: Қорғау – -т- – -ты.

Табу, жою, емдеу, іздеу, қорғау, сақтау, бақылау, жіберу, ашу, өшіру, теру.

184 - тапсырма. Мәтіннен септік жалғауы бар сөздерді теріп жазып,

жасалу жолын түсіндіріңіздер.

185 - тапсырма. Мәтінге жоспар құрып, жоспар бойынша әңгімелеңіздер.

186 - тапсырма. Берілген сұрақтарды қолданып, сұхбат құрастырыңыздар.

1. Компьютерлік вирустар қайдан пайда болады?

2. Қазіргі кездегі вирустың қанша түрін білесіздер?

3. Компьютерлік вирустармен қалай күресуге болады?

4. «CMOS», «Троян аттары» бағдарламалары туралы не білесіздер?

187-тапсырма. Берілген сөз тіркестерімен шағын мәтін құрастырыңыздар.

Вирустарды жою, зақымдалған файл, қалпына келтіру, жадтан іздеу, файлдарды емдеу, вирустан қорғау, есте сақтау, өзгеріс табу, компьютерге орнату, зиянды әрекет, қапшықтарды жылжыту, жұмысын бақылау, тыйым салу, кедергі келтіру, қосымша құрылғы.

188-тапсырма. Тірек сөздерді пайдалана отырып, берілген сөйлемдерді

толықтырыңыздар.

1. Порт – компьютер процессорымен сыртқы ... қосуға арналған тізбек.

2. Әр принтерде ... түрде өзінің драйвері болады.

3. Қазіргі кезде көптеген ... түрлері бар.

4. Плоттер – график, сурет немесе диаграмма ... арналған құрылғы.

5. Плоттерге де ... бағдарлама драйвер қажет.

6. Арзан принтерлердің ... олардың дүріл көп шығаруы және басылымның

төмен ... .

Тірек сөздер: 1. Сызуға. 2. Принтер. 3. Міндетті. 4. Кемшіліктері. 5. Арнайы. 6. Сапасы. 7. Құрылғыларды.

189-тапсырма. Суретке ат қойып, тақырыпқа сай шағын әңгіме

жазыңыздар.

190 - тапсырма. «Вирустардан қорғаудың тағы қандай әдістері бар?»

тақырыбына эссе жазыңыздар.

Әдістемелік ұсыныс: Компьютерлік вирустар және олардың жаңа түрлері жайында ғаламтор арқылы қосымша материалдармен танысып, терминологиялық сөздік жасау.

Әдебиет: Нег.: 5 [42-43]; 6 [84].

Бақылау сұрақтары:

1. Вирусты жоюға мүмкіндік беретін бағдарламалар қалай аталады?

2. Вакцина бағдарламалар файлдармен не істейді?

3. Фагтар вирустарды қайдан іздейді?

4. Вирустардан қорғайтын ең сенімді бағдарламалар қалай аталады?

5. Фильтр бағдарламалар компьютердің қай жерінде болады?

6. Пайдаланушылар неге бақылаушыны қолданбайды?

8- апта. 22-тәжірибелік cабақ

191 - тапсырма. Мәтінді мәнерлеп оқып, кәсіби сөздерді дәптерге жазып алыңыздар және олардың мағынасын сөздік арқылы анықтаңыздар.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]