
- •Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі
- •Ақпараттық және телекоммуникациялық технологиялар саласы мамандықтарына оқитын студенттерге қазақша кәсіби тілді меңгертуге арналған «Қазақ тілі» пәнінің оқу-әдістемелік кешеніне
- •1.1 Әзірлеуші оқытушылар туралы мәліметтер:
- •1.2 Пән туралы мәліметтер:
- •Оқу жоспарының көшірмесі
- •1.3 Пререквизиттері:
- •1.4 Постреквизиттері:
- •1.5 Пәннің қысқаша мазмұны
- •1.6 Тапсырмалардың тізімі мен түрлері және оларды орындау кестесі:
- •1.7 Әдебиеттер тізімі
- •1.9 Курстың саясаты және тәртібі
- •2. Негізгі таратылатын матариалдар мазмұны
- •2.1 Курстың тақырыптық жоспары
- •Инновациалық білім беру және халықаралық ұтқырлық
- •Ақпараттық және телекоммуникациялық технологиялар институты
- •«Болашақ» бағдарламасы жайында
- •Ақпарат және ақпараттану
- •Ақпарат түрлері
- •Ақпарат беру және оны өңдеу
- •Ақпараттық қауіпсіздік жүйесі
- •Ақпаратты сақтау
- •Ақпараттық қауіпсіздік
- •Ақпаратты қорғау құралдары
- •Есептеуіш техникалар эволюциясы
- •Алғашқы есептеуіш техникалар
- •Алғашқы арифмометр
- •Есептеуіш техниканың қарқындап дамуы
- •Алғашқы электрондық есептеуіш машиналар
- •Электрондық есептеуіш машиналар
- •Дербес компьютерлер
- •Дербес компьютерлер жабдықтары
- •Жүйелік блок қызметі
- •Жедел жады және дисплей
- •Пернетақта құрылымы және қызметі
- •Компьютерлік вирустар туралы мәлімет
- •Компьютердің зақымдануы
- •Компьютерлік вирустардың жіктемесі
- •Антивирустық бағдарламалар
- •Компьютердің пайдасы мен зияны жайында
- •Компьютердің зияны қаншалықты?
- •Компьютердің зиянын азайту жайындағы қеңестер.
- •Бүкіләлемдік ғаламтор және оны тиімді пайдалану
- •Ғаламтордағы тср/ір қызметтері
- •Www мен оның бағдарламалық жабдықтары
- •Виртуалды байланыс түрлері
- •Usenet, irc, iso, ip-телефония жүйелері
- •Электрондық пошта
- •Электрондық пошта қызметі
- •Радиотехника әлемі
- •Радиоэлектроника
- •Радиобайланыс
- •Радиостанциялар қызметі
- •Электроника саласының негізгі даму бағыттары
- •Электроника
- •Электрбайланыс жүйесі
- •Электрондық күшейткіш құрылғылары
- •Телекоммуникация жүйесі
- •Телекоммуникация
- •Халықаралық Электрбайланыс Одағы
- •Телекоммуникация желілері
- •Электроника жетістіктері
- •Электрондық аспап түрлері
- •Электроника саласындағы жетекші компаниялар
- •Электрондық жәрмеңкелер
- •Инновациалық технологиялар жаңалықтары
- •Қалтаға салып жүретін сканер
- •Автоматтық басқару жүйесі жаңалықтары
- •2.3. Сөж мазмұны
- •2.5 Өздік бақылау үшін тест тапсырмалары
- •Тест сұрақтарының жауабы
- •2.6. Курс бойынша емтихан сұрақтары
- •Глоссарий
Компьютерлік вирустар туралы мәлімет
* * * * *
Компьютердің зақымдануы
Компьютердің зақымдануы әр түрлі жағдайларға байланысты. Солардың ең қауіптісі - компьютерлік вирустар. Компьютерлік вирустар «көбейтілуге» және басқа программаларға «жұғуға» қабілетті, әдетте көлемі шағын арнайы компьютерлік бағдарлама. Ол компьютерге «зақымдалған» дискета немесе «зақымдалған» файлмен бірге түсуі мүмкін. Ішінде вирусы бар бағдарлама «зақымданған» деп аталады. «Зақымданған» бағдарлама жұмысын бастағанда, алдымен басқаруға вирус алады. Вирус басқа бағдарламаларды тауып, оларды зақымдайды, сонымен қатар қандай да бір зиянды әрекет жасайды: компьютердің қалыпты жұмыс істеуіне кедергі келтіреді, дискідегі файлды бұзады, компьютерде сақталған ақпаратты бүлдіреді, жедел жадты «ластайды». Вирустың бір компьютерден басқа компьютерге тарайтын қабілеті бар.
Вирустар қайдан пайда болады? Оларды білікті қаскөй мамандар басқа бәсекелес фирмаларға зиян келтіру үшін қызғаныш, зиянкестік, мансапқорлық оймен немесе антивирустық бағдарламаларды сатудан ақша табу үшін жазады. Компьютерлік вирустармен күресу үшін, оларды зерттейтін және антивирустық (вирусқа қарсы) бағдарламалар жазатын мамандар бар. Ресейдегі атақты бағдарламашылар: Д. Лозинский, Д. Мостовой, И.А. Данилов, Н. Безруков және т.б. Жаңа вирустық бағдарламалардың саны үнемі көбейіп және түрлері өзгеріп отырады, сондықтан компьютер пайдаланушы вирустар табиғатын, вирустардың жұғу әдісін және олардан қорғануды білуі керек.
Сөздік:
зақымдану – заражение |
ішінде – внутри |
қауіпті – опасно |
тауып – находя |
жұғу – заражать |
кедергі – препятствие |
көбейтілу – размножаться |
зиянды – вредный |
қабілетті – способный |
қалыпты – нормально |
көлемі – объем |
бұзады – портит |
қаскөй – злоумышленник |
бәсекелес – конкурент |
164 - тапсырма. Берілген сөздердің мағынасын және жасалу жолын
түсіндіріңіздер.
1. Зақымдану. 2. Қабілетті. 3. Бүлдіру. 4. Зиянды. 5. Мансапқорлық. 6. Қаскөй.
165 - тапсырма. Берілген сөз тіркестерімен сөйлемдер құрастырыңыздар.
1. Көбейтілу қабілеті. 2. Ақпаратты көшіру. 3. Лезде жұғу.
4. Компьютерді зақымдау. 5. Бәсекелес фирмалар. 6. Қорғану амалдары. 7. Зиянкестік әрекет. 8.Вирустар табиғаты. 9.Жұғу әдісі. 10. Ақша табу.
166 - тапсырма. Мәтін мазмұнына сүйене отырып, төмендегі сөйлемдерді
толықтырыңыздар.
1.Вирус ... зақымдалған файлмен түседі. 2. Вирус басқа ... тауып, оларды зақымдайды. 3. ... дискідегі файлды бұзады. 4. Компьютерде сақталған ... бүлдіреді. 5. Вирус... жадты ластайды. 6. Вирустық программаларды ... табу үшін жазады. 7. Қазіргі кезде елуден астам ... белгілі. 8. Компьютер ... вирустар табиғатын және олардан қорғануды білуі керек. 9. Компьютерлік вирустарды зерттейтін және антивирустық программалар жазатын ... бар. 10. Вирус компьютерлік ... арқылы кіріп, қатқыл дискіні зақымдайды.
167 - тапсырма Берілген есімдіктерді түрлеріне қарай ажыратыңыздар.
Үлгі: жіктеу есімдігі: олар
1.Өз. 2. Оны. 3. Ол. 4. Қандай. 5. барлық. 6. Әрбір. 7. Бұл.
168 - тапсырма. Берілген сөз тіркестерін қолдана отырып, сабақ тақырыбына сай шағын мәтін құрастырыңыздар.
Тірек сөздер: Компьютерлік вирус, зақымдалған дискета, ақпаратты бүлдіру, бәсекелес фирмалар, вирустар табиғаты, ДК жадын зақымдау, жадты кішірейту, қауіпті программа.
169 - тапсырма. Суретке ат қойып, шағын сұхбат құрастырыңыздар.
Тірек сөздер: Жұғу, қаскөй мамандар, антивирустық
бағдарламалар, күресу үшін, қорғану, қауіпті программа
диск, тарайтын қабілеті, компьютерлік вирус, вирустар
табиғаты, зақымдалған дискета, ақпаратты бүлдіру,
бәсекелес фирмалар, жадын зақымдау, жадты кішірейту.
170 -тапсырма. «Компьютерді неліктен зақымдайды?» тақырыбына
эссе жазыңыздар.
Әдістемелік ұсыныс: Компьютердің зақымдануының объективті және субъективті жақтары жайында қосымша материалдармен танысып, меңгеру және терминологиялық сөздік жасау. Оларды кәсіби қатынаста қолдануға үйрену.
Әдебиет: Нег.: 5 [59-60]; 6 [80-81].
Бақылау сұрақтары:
Компьютердің зақымдануы нелерге байланысты?
Компьютерлік вирустар дегеніміз не?
Вирустар қайдан пайда болады?
Компьютерді неліктен зақымдайды?
Вирустарды не үшін жазады?
7-апта. 20-тәжірибелік cабақ
171-тапсырма. Мәтінді мәнерлеп оқып, кәсіби сөздерді дәптерге жазып алыңыздар және олардың мағынасын сөздік арқылы анықтаңыздар.