
- •Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі
- •Ақпараттық және телекоммуникациялық технологиялар саласы мамандықтарына оқитын студенттерге қазақша кәсіби тілді меңгертуге арналған «Қазақ тілі» пәнінің оқу-әдістемелік кешеніне
- •1.1 Әзірлеуші оқытушылар туралы мәліметтер:
- •1.2 Пән туралы мәліметтер:
- •Оқу жоспарының көшірмесі
- •1.3 Пререквизиттері:
- •1.4 Постреквизиттері:
- •1.5 Пәннің қысқаша мазмұны
- •1.6 Тапсырмалардың тізімі мен түрлері және оларды орындау кестесі:
- •1.7 Әдебиеттер тізімі
- •1.9 Курстың саясаты және тәртібі
- •2. Негізгі таратылатын матариалдар мазмұны
- •2.1 Курстың тақырыптық жоспары
- •Инновациалық білім беру және халықаралық ұтқырлық
- •Ақпараттық және телекоммуникациялық технологиялар институты
- •«Болашақ» бағдарламасы жайында
- •Ақпарат және ақпараттану
- •Ақпарат түрлері
- •Ақпарат беру және оны өңдеу
- •Ақпараттық қауіпсіздік жүйесі
- •Ақпаратты сақтау
- •Ақпараттық қауіпсіздік
- •Ақпаратты қорғау құралдары
- •Есептеуіш техникалар эволюциясы
- •Алғашқы есептеуіш техникалар
- •Алғашқы арифмометр
- •Есептеуіш техниканың қарқындап дамуы
- •Алғашқы электрондық есептеуіш машиналар
- •Электрондық есептеуіш машиналар
- •Дербес компьютерлер
- •Дербес компьютерлер жабдықтары
- •Жүйелік блок қызметі
- •Жедел жады және дисплей
- •Пернетақта құрылымы және қызметі
- •Компьютерлік вирустар туралы мәлімет
- •Компьютердің зақымдануы
- •Компьютерлік вирустардың жіктемесі
- •Антивирустық бағдарламалар
- •Компьютердің пайдасы мен зияны жайында
- •Компьютердің зияны қаншалықты?
- •Компьютердің зиянын азайту жайындағы қеңестер.
- •Бүкіләлемдік ғаламтор және оны тиімді пайдалану
- •Ғаламтордағы тср/ір қызметтері
- •Www мен оның бағдарламалық жабдықтары
- •Виртуалды байланыс түрлері
- •Usenet, irc, iso, ip-телефония жүйелері
- •Электрондық пошта
- •Электрондық пошта қызметі
- •Радиотехника әлемі
- •Радиоэлектроника
- •Радиобайланыс
- •Радиостанциялар қызметі
- •Электроника саласының негізгі даму бағыттары
- •Электроника
- •Электрбайланыс жүйесі
- •Электрондық күшейткіш құрылғылары
- •Телекоммуникация жүйесі
- •Телекоммуникация
- •Халықаралық Электрбайланыс Одағы
- •Телекоммуникация желілері
- •Электроника жетістіктері
- •Электрондық аспап түрлері
- •Электроника саласындағы жетекші компаниялар
- •Электрондық жәрмеңкелер
- •Инновациалық технологиялар жаңалықтары
- •Қалтаға салып жүретін сканер
- •Автоматтық басқару жүйесі жаңалықтары
- •2.3. Сөж мазмұны
- •2.5 Өздік бақылау үшін тест тапсырмалары
- •Тест сұрақтарының жауабы
- •2.6. Курс бойынша емтихан сұрақтары
- •Глоссарий
Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі
Қ.И. Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық университеті
Ақжан Машани атындағы Базалық білім беру институты
Қазақ тілі кафедрасы
Жақсылықова К.Б., Тұрсынова Г.Т.,
Шүленбаева Ұ.Р., Әбдісүлейменова Р.Ш.
ҚАЗАҚ ТІЛІ
Пәннің оқу-әдістемелік кешені
(5В070400, 5В100200, 5В071900, 5В070300, 5В070400)
Ақпараттық-телекоммуникациялық технологиялар саласы
мамандықтары үшін
Алматы 2012
ҚҰРАСТЫРУШЫЛАР: Жақсылықова К.Б., Тұрсынова Г.Т.,
Шүленбаева Ұ.Р., Әбдісүлейменова Р.Ш. Қазақ тілі. Пәннің оқу-әдістемелік кешені (Ақпараттық-телекоммуникациялық технологиялар саласы мамандық-тары үшін – 5В070400, 5В100200, 5В071900, 5В070300, 5В070400). – Алматы: Қ.И. Сәтбаев атындағы ҚазҰТУ, 2012, 104 бет.
Аңдатпа
Ұсынылып отырған «Қазақ тілі» пәні бойынша оқу-әдістемелік кешен техникалық жоғары оқу орындарының ақпараттық және телекоммуникациялық технологиялар мамандығына оқитын студенттерге арналған.
Оқу-әдістемелік кешеннің басты мақсаты – мемлекеттік тілді техникалық жоғары оқу орнының студенттеріне кәсіби бағдарлы қатысымдық қырынан меңгерте келе, өндіріс орындарында, әлеуметтік ортада қазақша қарым-қатынасқа еркін түсуге үйрету.
Оқу- әдістемелік кешенде берілген тапсырмаларды орындату арқылы олардың қазақ тіліндегі жарнамаларды, іс-қағаздарын, мамандыққа байланысты әдебиеттерді оқып, түсіну қабілеттерін; кәсіби бағытта қазақша дұрыс сөйлеу және сауатты жазу дағдыларын жетілдіру. Сонымен қатар кәсіби мәтіндер мазмұнымен жүргізілетін әр түрлі жаттықтыру жұмыстары арқылы студенттердің жалпы дүниетанымын, рухани әлемінің ауқымын кеңейту, шығармашылық іс-әрекетке баулу.
Пікір беруші: Айтжанова С.С.,
Қ.И.Сәтбаев атындағы
ҚазҰТУ доценті,
фил. ғыл. кандидаты
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі 2012 жылға арнап бекіткен Типтік оқу жоспары бойынша басылды.
© Қ.И.Сәтбаев атындағы ҚазҰТУ, 2012
Ақпараттық және телекоммуникациялық технологиялар саласы мамандықтарына оқитын студенттерге қазақша кәсіби тілді меңгертуге арналған «Қазақ тілі» пәнінің оқу-әдістемелік кешеніне
П І К І Р
Қазіргі таңдағы білім беру саласында болып жатқан өзгерістер оқытуды, оның ішінде мемлекеттік тілді оқытып үйрету ісін салалы сатыға көтеруді талап етуде. Соның ішінде орыс тілді бөлім студенттеріне мемлекеттік тілді оқытудың қатысымдық жағын күшейту, сөйтіп оны ұлтаралық қатысым құралына айналдыру талабын қойып отыр. Бұл жағдай аталған іске жаңаша келу керектігін, яғни мемлекеттік тілді оқытуға арналған оқу-әдістемелік кешенін жаңа бағытта құрастыру қажеттігін айқындайды.
Осының негізінде «Қазақ тілі» пәні бойынша студенттерге берілетін білім мазмұны оқу-әдістемелік кешенде көрініс бермек. Ұсынып отырған жаттығулар жинағының мазмұны мен құрылымы студенттің мемлекеттік тілде күнделікті тұрмыс-тіршілік қатынасқа белсенді түсінуіне ықпал етуге, студенттің рухани, танымдық өрісінің кеңеюіне мүмкіндік жасауға негізделген.
Жаңа оқу талабына сәйкес кредиттік жүйеге негізделе жасалған оқу-әдістемелік кешеннің мазмұны өзектілігімен, студенттерге түсініктілігімен, берілген материалдардың жүйелілігі және танымыдылығымен ерекшеленеді.
Жаттығулар жинағында студентті ізденушілік, шығармашылық әрекетке бағыттайтын қосымша өзіндік жұмыс тақырыптарының берілуі өте орынды деп есептейміз.
Аталған оқу-әдістемелік кешен практикалық құндылығы жоғары, кредиттік жүйеге негіздей оқыту талаптарына сай жасалынған және мемекекеттік тілді оқытуды жандандыруға үлкен мүмкіндік береді деген ойдамыз.
Қ.И.Сәтбаев атындағы
ҚазҰТУ доценті,
фил. ғыл. кандидаты Айтжанова С.С.
Пәннің оқу әдістемелік кешені