Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Тест-УПП-2014.docx
Скачиваний:
63
Добавлен:
15.02.2015
Размер:
162.02 Кб
Скачать

104. Қылмыстық iс бойынша iс жүргiзудi тоқтата тұру. Қылмыстық iс бойынша iс жүргiзу:

А) айыпталушы ретiнде жауапқа тартуға жататын адамның анықталмауы бойынша тоқтатылады

Б) айыпталушы тергеуден немесе соттан жасырынып қалған не оның тұратын жерi басқа себептермен анықталмаған жағдайда тоқтатылады

В) айыпталушыны қылмыстық iзге түсу иммунитетiнен айыру не оны шетелдiк мемлекеттердiң беруi туралы мәселелердiң шешiлуiне байланысты айыпталушының iске қатысуының нақты мүмкiндiктерi болмаған жағдайда тоқтатылады

Г) қылмыстық iс бойынша iс жүргiзу толық туралы қаулының күшiне енуi бойынша тоқтатылады

Д) үкiмнiң немесе iс бойынша басқа да түпкiлiктi шешiмнiң күшiне енуi бойынша - егер ол оны атқару жөнiнде арнаулы шаралар қабылдауды қажет етпесе тоқтатылады

105. Тек сот қана:

А) адамды қылмыстың жасалуына кінәлі деп тануға және оған жаза тағайындауға; адамға медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шарала­рын не мәжбүрлеп тәрбиелік ықпал ету шараларын қолдануға

Б) төмен тұрған сот қабылдаған шешімнің күшін жоюға немесе оны өзгертуге; тергеушінің, анықтау органының, прокурордың айыпталушыға, күдіктіге қатысты үйде қамауда ұстауға

В) сот актілерін жаңадан анықталған мән-жайлар бойынша қайта қарауға

күзетпен ұсталмаған адамды сот-психиатриялық сараптама жүргізу үшін медициналық ұйымға мәжбүрлеп орналастыру туралы шешім қабылдауға құқылы

Г) қамауға алу түріндегі таңдаған бұлтартпау шараларына санкция беруге және олардың мерзімін ұзартуға процеске қатысушылардың анықтау, алдын-ала тергеу, прокурордың құзыреті шегінде

Д) заңда белгіленген тәртіппен енгізілген көңіл аудару актісі соттың іс-әрекетіне өздерінің құзыреті шегінде

106. Iс бойынша төрағалық етушi

А) Судьялар алқасының құрамында қылмыстық iстi қараған кезде соттың төрағасы, сот алқасының төрағасы не оған заңмен көзделген тәртiппен уәкiлеттiк берiлген судьялардың бiреуi төрағалық етедi және істi жеке дара қараған судья iс бойынша төрағалық етушi болып саналады

Б) Төрағалық етушi сот отырысының барысына басшылық етедi, қылмыстық iстiң әдiл қаралуын және осы Кодекстiң басқа да талаптарының сақталуын, сондай-ақ сот отырысына қатысушы барлық адамдардың өздерiн тиiсiнше ұстауын қамтамасыз ету үшiн барлық шараларды қолданады

В) Сот отырысына төрағалық етушiнiң өкiмдерi процеске қатысушылардың барлығы және сот залындағы өзге де адамдар үшiн мiндеттi

Г) Ешкімді де соттың шешімі болмайынша өз мүлкінен айыруға болмайды әркімнің өз құқықтары мен бостандықтарын сотпен қорғауға құқығы бар

Д) Азаматтардың жеке өмірі, жеке және отбасылық құпия заңның қорғауында болады

107. Прокурор - өз құзыретi шегiнде

А) Жедел iздестiру қызметiнiң, сотқа дейінгі жеңілдетілген іс жүргізудің, анықтаудың, тергеудiң және сот шешiмдерiнiң заңдылығын қадағалауды, сондай-ақ қылмыстық процестiң барлық сатыларында қылмыстық iзге түсудi өз құзыретi шегiнде жүзеге асыратын лауазымды тұлға

Б) Қазақстан Республикасының Бас Прокуроры, Бас әскери прокурор, облыстардың прокурорлары және соларға теңестiрiлген прокурорлар, аудандық, қалалық прокурорлар, әскери прокурорлар, көлiк прокурорлары мен оларға теңестiрiлген прокурорлар, олардың орынбасарлары мен көмекшiлерi, прокуратуралардың қадағалау саласы жөнiндегi прокурорлары, аға прокурорлары және прокуратура басқармалары мен бөлiмдерiнiң прокурорлары

В) Соттың қылмыстық iстi қарауына қатысушы прокурор айыптауды қолдау жолымен мемлекеттiң мүддесiн бiлдiредi және мемлекеттiк айыптаушы болып табылады

Г) Жеке адамның абыройы мен қадір қасиетін құрметтеу бойынша прокуратуралардың қадағалау саласы жөнiндегi прокурорлары, аға прокурорлары және прокуратура басқармалары мен бөлiмдерiнiң прокурорлары

Д) Адамның жеке басына тиіспеушілік бойынша сот шешiмдерiнiң заңдылығын қадағалауды, сондай-ақ қылмыстық процестiң барлық сатыларында қылмыстық iзге түсудi өз құзыретi шегiнде жүзеге асыратын лауазымды тұлға