Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Тест-УПП-2014.docx
Скачиваний:
63
Добавлен:
15.02.2015
Размер:
162.02 Кб
Скачать

63. Хабарды жол-жөнекей ұстау

А) техникалық, оның iшiнде компьютерлiк байланыс арналары арқылы берiлетiн хабарларды жолдан ұстау және компьютерлiк жүйелерден тергелiп отырған iске қатысты ақпаратты алу тергеушiнiң прокурор санкция берген қаулысының негiзiнде жүргiзiледі

Б) тергеушiнiң прокурор санкция берген қаулысы жедел iздестiру қызметiн жүзеге асырып отырған органға орындауға жiберiледi

В) хабарды жол-жөнекей ұстау, әскери қызметшiнi әскери бөлiм командованиесiнiң ба­қылауына беріледі

Г) азаматтардың арыздары; кiнәсiн мойындап келу; бұқаралық ақпарат құралдарындағы хабар

Д) лауазымды адамдардың және қылмыстық iс қозғауға құқық берiлген органдардың қылмыс туралы мәлiметтердi тiкелей анықтауы

64. Сот сараптамасын жүргізу:

А) сот сараптамасы органдарының қызметкерлеріне лицензия негізінде сот-сараптама қызметін жүзеге асыратын адамдарға заң талаптарына сәйкес бір жолғы тәртіппен өзге де адамдарға тапсырылуы мүмкін

Б) сараптама жүргiзу iс жүргiзуге қатысушылар ұсынған адамдардың бiрiне тапсырылуы мүмкiн

В) мемлекеттiк органның лауазымды адамының немесе ұйымда басқару функцияларын атқарып отырған адамның хабарламасы сот сараптамасын жүргізуге негіз болады

Г) азаматтардың арыздары; кiнәсiн мойындап келу; бұқаралық ақпарат құралдарындағы хабар

Д) лауазымды адамдардың және қылмыстық iс қозғауға құқық берiлген органдардың қылмыс туралы мәлiметтердi тiкелей анықтауы

65. Тірі адамдарға сот сараптамасын жүргізу кезінде:

А) олардан мәліметтер алу мақсатында оларды заңмен кепілдік берілген құқықтарынан айыруға немесе оларға қысым жасауға (оның ішінде, алдау, күш қолдану, қорқыту және өзге де заңсыз шаралар арқылы)

Б) аталған адамдарды медициналық техноло­гияларды, фармакологиялық және дәрілік заттарды клиникалық зерттеулердің субъектілері ретінде пайдалануға

В) сараптамалық зерттеулер кезінде хирургиялық араласуды көздейтін зерттеу­лердің әдістерін қолдануға тыйым салынбайды

Г) Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының қарауына жататын қылмыстық істер

Д) облыстық,аудандық және оларға теңестірілген соттың қарауына жататын қылмыстық істер

66. Сот сараптамасы органының басшысы:

А) сараптама жүргізу үшін қажетті объектілерді дербес талап етіп алдыруға

Б) сараптама тағайындаған органның келісімінсіз оны жүргізуге тартуға

В) сарапшыға нақты сараптама бойынша шешетін нұсқаулар беруге құқығы бар

Г) бұқаралық ақпарат құралдарындағы хабар беруге сәйкес мәлімет тарату

Д) лауазымды адамдардың және қылмыстық iс қозғауға құқық берiлген органдардың қылмыс туралы мәлiметтердi тiкелей анықтауы

67. Үлгiлер алудың негiздерi. Үлгi ретiнде, атап айтқанда:

А) қан, ұрық, шаш, қиып алынған тырнақ, дененiң сыртқы бетiнiң микроскопиялық қорытындылары; сiлекей, тер және басқа бөлiнiп шығатындар

Б) терi бедерiнiң iзi, тiстiң қалыбы; қолжазба мәтiн, бұйымдар, адамның дағдысын бейнелейтiн басқа материалдар; дауыс фонограммасы

В) материалдардың, заттардың, шикiзаттың, дайын өнiмнiң сынамалары; гильзалардың, оқтардың қару мен тетiк iздерiнiң үлгiлерi алынбайды

Г) Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының қарауына жататын қылмыстық істер

Д) облыстық, аудандық және оларға теңестірілген соттың қарауына жататын қылмыстық істер

68. Сарапшының үлгiлердi алуы

А) сарапшы зерттеу процесiнде эксперименттiк үлгiлер жасауы мүмкiн, бұл туралы ол қорытындыда хабарлайды

Б) тергеушi мұндай үлгiлердi әзiрлеу кезiнде қатысуға құқылы, бұл өзi жасайтын хаттамада көрсетiледi

В) зерттеу жүргiзгеннен кейiн сарапшы үлгiлердi буып-түйiлген және мөрмен бекiтiлген күйiнде жәбірленушіге қайтарады

Г) азаматтардың арыздары; кiнәсiн мойындап келу; бұқаралық ақпарат құралдарындағы хабар

Д) лауазымды адамдардың және қылмыстық iс қозғауға құқық берiлген органдардың қылмыс туралы мәлiметтердi тiкелей анықтауы

69. Үлгiлер алудың хаттамасы

А) тергеушi үлгiлердi алғаннан кейiн хаттама жасайды, онда үлгiлердi алу үшiн жасалған барлық әрекет олардың жүргiзiлу ретiмен, бұл үшiн қолданылған ғылыми-зерттеу және басқа әдiстер мен рәсiмдер, сондай-ақ үлгiлердiң өзi сипатталып жазылады

Б) егер үлгiлердi тергеушiнiң тапсырмасы бойынша дәрiгер немесе басқа маман алса, онда ол бұл туралы ресми құжат жасайды, оған аталған iс-әрекетке қатысқан барлық адам қол қояды,сегiзiншi бөлiгiнде белгiленген тәртiппен қылмыстық iске қосып тiгу үшiн тергеушiге бередi

В) алынған үлгiлер буып-түйiлген және мөрмен бекiтiлген күйiнде мұрағат құжаттарында тiркеледi