Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Тест-УПП-2014.docx
Скачиваний:
63
Добавлен:
15.02.2015
Размер:
162.02 Кб
Скачать

235. Алдын ала тергеудi тоқтату тұрудың тәртiбi

А) тергеушi алдын ала тергеудi осы ҚРҚІЖК-нің 50-бабының бiрiншi бөлiгiнде көрсетiлген негiздер бойынша тоқтата тұруға құқылы

Б) алдын ала тергеудi тоқтата тұру туралы тергеушi дәлелдi қаулы шығарады, мұның көшiрмесi жиырма төрт сағат iшiнде прокурорға жiберiледi

В) лауазымды адамдардың және қылмыстық iс қозғауға құқық берiлген органдардың қылмыс туралы мәлiметтердi тiкелей анықтауы

Г) сарапшыға нақты сараптама бойынша қорытындылардың мазмұнын алдын ала шешетін нұсқаулар беруге құқылы емес

Д) осы сот сараптамасы органының қызметкерлері болып табылмайтын адамдарды сараптама тағайындаған органның келісімінсіз оны жүргізуге тартуға

236. Прокурор айыптау қорытындысымен келiп түскен қылмыстық iстi зерделеуге және мыналарды:

А) айыпталушыға таңылып отырған әрекеттiң жасалғанын және бұл әрекетте қылмыс құрамының бар-жоғын

Б) iсте оны тоқтатуға әкелетiн мән-жайлардың бар-жоғын

В) айыптау үкімі, ақтау үкімі, істі тоқтату туралы қаулыны

Г) соттың келіп түскен қылмыстық іс бойынша іс-әрекеті

Д) басты сот талқылауында айыптау үкімін тағайындау

237. Iс жүргiзушiлiк iс-әрекеттер жүргiзу туралы тапсырманы атқарудың тәртiбi

А) сот, прокурор, тергеушi, анықтау органы тергеу немесе сот iс-әрекеттерiн жүргiзу туралы шетел мемлекеттерiнiң тиiстi мекемелерi мен лауазымды адамдарының белгiленген тәртiппен өздерiне берген тапсырмаларын осы кодекстiң жалпы ережелерi бойынша атқарады

Б) тапсырманы атқару кезiнде, егер бұл Қазақстан Республикасының осы мемлекетпен халықаралық шартында көзделген болса, шетел мемлекетiнiң iс жүргiзу нормалары қолданылуы мүмкiн

В) тапсырманы орындау кезiнде Қазақстан Республикасының мемлекеттiк тiлi не орыс тiлi қолданылады.

Г) апелляциялық (жеке) шағымдар, наразылықтар үкім (қаулы) жарияланған күннен бастап он бес тәулік ішінде берілуі мүмкін, ал қамауда отырған сотталған адам оны өзіне үкімнің (қаулының) көшірмесі табыс етілген күннен бастап нақ сондай мерзімде бере алады

Д) сот актісіне шағым жасау үшiн белгiленген мерзiм iшiнде iс бірінші сатыдағы соттан талап етiле алмайды

238. Iстi сотта талқылау процесiнде мынадай мәселелер зерттелуi және шешiлуi тиiс:

А) қылмыстық заңмен көзделген әрекет орын алды ма; iсi қаралып отырған адам әрекет жасады ма;

Б) iсi қаралып отырған адам әрекеттi есi кiресiлi-шығасылы күйде жасады ма;

осы адам қылмысты жасағаннан кейiн жаза тағайындау және оны орындау мүмкiн болмайтын психикасы бұзылумен ауырды ма;

В) адамның дерттi психикасы бұзылуы оның өзi немесе басқа адамдар үшiн қауiптi ме не оның өзге де елеулi зиян келтiру мүмкiндiгiн тудыра ма; медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шарасы қолданылуға тиiс пе және нақ қандайы.

Г) шағым берген немесе наразылық келтірген тұлға туралы оның іс жүргізудегі жағдайы, тұрғылықты жері немесе жүрген жері көрсетілген деректер

Д) шағым, наразылық беріліп отырған үкім немесе қаулы және осы шешімді шығарған соттың атауы

239. Iстi сотқа жiберу туралы қаулымен тергеушi оны прокурорға бередi, ол iстi зерделеп, мына шешiмдердiң бiреуiн қабылдайды:

А) iстi сотқа жiбередi

Б) iстi қосымша тексеру

В) 514 баптың 1-ші, бөлiгiнiң 1-шi тармағы көрсетiсе қысқартады

Г) судья іс келіп түскен күннен бастап он тәулікте қарайды

Д) ол туралы қаулыда көрсетеді

240. Алдын ала тергеу жүргiзу кезiнде мынадай мән-жайлар анықталуы тиiс:

А) жасалған әрекеттiң уақыты, орны, тәсiлдерi мен басқа да мән-жайлары

Б) осы адамның қылмыстық заңмен тыйым салынған әрекеттi жасауы

В) iстi қарау кезiнде психикалық сырқаттану дәрежесi мен сипаты

Г) тараптардың өтініштері бойынша құжаттарды талап етіп алуға құқылы

Д) сот-психиатриялық немесе өзге де сараптама тағайындауға құқылы

241. Үй-жайлар мен құжаттардың дипломатиялық иммунитетi

А) дипломатиялық өкiлдiк басшысының резиденциясы, дипломатиялық өкiлдiк орналасқан үй-жайлар қол сұғылмайтын болып табылады

Б) дипломатиялық қызметкерлер мен олардың отбасылары мүшелерiнiң тұрғын үй-жайлары, олардағы мүлiк пен жүрiп-тұру құралдары қол сұғылмайтын болып табылады

В) осы үй-жайларға кiру, сондай-ақ тiнту, сұрыптап алу, мүлiкке тыйым салу дипломатиялық өкiлдiк басшысының немесе оны алмастыратын адамның келiсiмiмен ғана жүргiзiледi.

Г) бірінші сатыдағы соттың үкімін (қаулысын) – өзгеріссіз, ал апелляциялық (жеке) шағымды, наразылықты қанағаттандырусыз қалдыру туралы; үкімді өзгерту туралы шешімдердің бірін қабылдайды

Д) ақтау үкімінің күшін жою және айыптау үкімін шығару туралы; үкімнің күшін жою және істі соттың жаңадан қарауына жіберу туралы шешімдердің бірін қабылдайды