Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Тест-УПП-2014.docx
Скачиваний:
63
Добавлен:
15.02.2015
Размер:
162.02 Кб
Скачать

92. Қазақстан Республикасы Парламентiнiң депутатына қатысты алдын ала тергеу iсiн жүргiзу

А) Республика Парламентiнiң депутатына қатысты қылмыстық iстi Қазақстан Республикасының анықтау мен алдын ала тергеудi жүзеге асырушы мемлекеттiк органының басшысы ғана қозғауы мүмкiн

Б) Қылмыстық iстiң қозғалуы туралы дереу Қазақстан Республикасының Бас Прокуроры хабардар етiледi.

В) Қазақстан Республикасы Парламентiнiң депутаттарына қатысты iстер бойынша алдын ала тергеу iсiн жүргiзу мiндеттi

Г) Сот тұжырымдары сот отырысында қаралған дәлелдемелермен расталмаса және мән-жайларды ескермесе

Д) Шұғыл тергеу қимылдарын жүргiзген соң iс қырық сегiз сағаттан кешiктiрiлмей Қазақстан Республикасының Бас прокуроры арқылы тергеушiге берiледi

93. Iс бойынша төрағалық етушi

А) Судьялар алқасының құрамында қылмыстық iстi қараған кезде соттың төрағасы, сот алқасының төрағасы не оған заңмен көзделген тәртiппен уәкiлеттiк берiлген судьялардың бiреуi төрағалық етедi. Iстi жеке дара қараған судья iс бойынша төрағалық етушi болып саналады

Б) Төрағалық етушi сот отырысының барысына басшылық етедi, қылмыстық iстiң әдiл қаралуын және осы Кодекстiң басқа да талаптарының сақталуын, сондай-ақ сот отырысына қатысушы барлық адамдардың өздерiн тиiсiнше ұстауын қамтамасыз ету үшiн барлық шараларды қолданады

В) Сот отырысына төрағалық етушiнiң өкiмдерi процеске қатысушылардың барлығы және сот залындағы өзге де адамдар үшiн мiндеттi

Г) Қазақстан Республикасының Парламентіне қатысты жіберуі мүмкін

Д) Қазақстан Республикасының Президентіне қатысты істi жеке дара қараған судья iс бойынша төрағалық етушi болып саналуына сәйкес

94. Тергеу және сот iс-әрекеттерiн куәнiң, жәбiрленушiнiң, осы баптың бiрiншi бөлiгiнде көрсетiлген iс жүргiзуге басқа да қатысушылардың қатысуымен жүргiзу осы Кодекстiң ережелерi бойынша мыналардан басқа реттерде жүзеге асырылады:

А) мәжбүрлеп келтiруге, ақшалай өндiрiп алуға, сондай-ақ айғақтар беруден бас тартқаны немесе жалтарғаны үшiн және көрiнеу жалған айғақтар бергенi немесе көрiнеу жалған қорытынды жасағаны үшiн қылмыстық жауаптылыққа тартуға жол берiлмейдi

Б) оларды мемлекеттiк шекарадан өткенге дейiн жасаған әрекетi үшiн Қазақстан Республикасының аумағында қылмыстық және әкiмшiлiк жауапқа тартуға, қамауға алуға және жазаға ұшыратуға болмайды

В) мұндай адамдарды қаралып жатқан қылмыстық iске байланысты олардың куәлiк айғақтар немесе сарапшылар ретiндегi қорытындыларына орай жауапқа тартуға, қамауға алуға немесе жазаға ұшыратуға болмайды

Г) iс бойынша болған iс жүргiзудi жарамсыз деп тануға, мұндай iс жүргiзудiң барысында шығарылған шешiмдердi бұзуға

Д) осы тұрғыда жиналған материалдарды дәлелдеу күшi жоқ деп тануға әкелiп соқтырады

95. Қазақстан Республикасының Бас Прокурорына қатысты алдын ала тергеу iсiн жүргiзу

А) Қазақстан Республикасының Бас Прокурорына қатысты қылмыстық iстi оның бiрiншi орынбасары ғана қозғауы мүмкiн

Б) Қазақстан Республикасының бас Прокурорын өзiне қатысты қылмыстық iс қозғалған кезден бастап Бас Прокурордың бiрiншi орынбасарының ұсынуы бойынша тергеу аяқталғанға дейiн өзiнiң қызметтерiн атқарудан Қазақстан Республикасының Президентi шеттетедi

В) Қазақстан Республикасының Бас Прокуроры өзiнiң өкiлеттiктерiнiң мерзiмi iшiнде Қазақстан Республикасы Парламентi Сенатының келiсiмiнсiз, қылмыс үстiнде қолға түскен немесе ауыр немесе аса ауыр қылмыстар жасау жағдайларын қоспағанда, қамауға алынбайды, мәжбүрлеп келтiрiлмейдi, қылмыстық жауапқа тартылмайды

Г) Азаматтардың жеке өмiрi, жеке және отбасылық құпия заңның қорғауында болады

Д) Әркiмнiң жеке салымдар мен жинақтардың, хат жазысудың, телефон арқылы сөйлесудiң, почта, телеграф және өзге де хабарлардың құпиясына құқығы бар