Добавил:
Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Қашықтықтан оқыту технологиялары негізінде студенттердің танымдық іс-әрекетін қалыптастыру .doc
Скачиваний:
2
Добавлен:
11.03.2021
Размер:
424.96 Кб
Скачать

Қалыптастыру механизмі

1-суретте оқу танымдық іс-әрекеттерді қалыптастыруға қатысты негізгі деп танылған стратегиялық, ағымдық, ұйымдастыру және қорытындылау жұмыстары қарастырылған.

Білім беру ұйымының басшылығы білім беру стандарты негізіндегі оқыту нәтижелерін болжайды және танымдық іс-әрекетті қалыптастыруда студенттің бастапқы жағдайы мен мүмкіндіктеріне стратегиялық болжау жасайды. Студенттің өзінің жеке басының қасиеттері мен кәсіпке қатысты талаптарының өзара байланысын диагностикалау да осы стратегиялық болжау кезеңінде орындалады. Қашықтықтан оқытуда танымдық іс-әрекетті қалыптастырудың негізгі бес кезеңге бөлеміз (сурет 2):

  • қашықтықтан оқыту мәдениетінің қалыптасуы (қашықтықтан оқыту үдерісін пайдалану арқылы ақпаратпен жұмыс жүргізу мәдениетін игеруі, анықтамалықтар мен сөздіктерді т.б. дұрыс пайдалана білуі, танымдық іс-әрекетті қашықтықтан оқыту негізінде ақпараттық қамтамасыз ету тәсілдерін игеруі т.б.);

  • танымдық іс-әрекеттің қалыптасу алгоритмі (студенттің танымдық іс-әрекетке қызығушылық танытуы, ақпарат ағымын реттеу, өз мүмкіндіктеріне сәйкестендіру, өзінің танымдық іс-әрекетін жоспарлау, қашықтықтан оқыту арқылы танымдық іс-әрекетті қалыптастырудың логикалық моделін құру т.б.)

Қашықтықтан оқытуда студенттердің танымдық іс-әрекетін қалыптастыру көрсеткіштері мен белгілерін талдау негізінде қашықтықтан оқытуда танымдық іс-әрекетін ұйымдастыру тәсілдерін төмендегі тұрғыда жіктедік (сурет 3):

Танымдық іс-әрекет – студенттердің танымдық мотивтеріне мотивациялық тұрғыда басшылық жасау нәтижесінде туындайды. Студенттердің жоғары оқу орнында қашықтықтан білім алуы, біліктіліктерінің қалыптасуы, дағдыларының дамытылуы оларды шығармашылықпен еңбек етуге үйретеді.

3-Сурет - Қашықтықтан оқытуда студенттердің танымдық іс-әрекеттерін қалыптастыру тәсілдері

Қашықтықтан оқытуда студенттердің танымдық іс-әрекетін қалыптастырудың өзара байланысқан төрт компоненттен тұратын: мотивациялық-еріктік, мазмұндылық, әрекетті-тәжірибелік, бақылау-бағалау құрылымдық-мазмұндық моделін ұсынамыз (кесте 1). Модельде педагогикалық үдерістің келесі әдістері ұсынылады: проблемалық-ізденушілік, практикалық (тәжірибелер өткізу, шығармашылық тапсырмаларды орындау), педагогикалық ынталандыру (қолдау көрсету, жетістікке жетуге жағдай туғызу, ынталандыру), зерттеушілік (эксперименттер жасау, болжамдар, модельдеу), өзіндік-саналық әдістер (өздігінен талдау, рефлексия жүргізу т.б.).

1-кесте - Қашықтықтан оқытуда студенттердің танымдық іс-әрекетін қалыптастыру моделі

Компоненттері

Өлшемдері

Көрсеткіштері

Мотивациялық-еріктік компонент

Тұлғаның танымдық іс-әрекетті қажетсінуі мен танымдық іс-әрекетке ынтасы

- танымдық іс-әрекеттің тұлғалық-құндылық маңызын түсінуі;

- өмірде өз орнын табуға деген құлшынысы;

- өз мүмкіндіктерін тануға, жетілдіруге деген ұмтылысы;

- белгіленген кезеңде атқаратын іс-әрекетке ынтасы, өзгермелі өмірге

икемделуге деген құлшынысы;

- жаңа ақпарат ағымын үздіксіз меңгеруге деген талпынысы;

- «ақпарат-білім-ақпарат» жүйесінде өзінің танымдық іс-әрекетін жетілдіруге қабілеттілігі.

Мазмұндылық компонент

Жүйелілік, біртұтастық, игерілген білімнің тереңдігі

- пәндік білімді танымдық іс-әрекетте тұрақты және жүйелі қолдануы;

- танымдық іс-әрекетті шығармашылық тұрғыда меңгеруі;

- танымдық іс-әрекетті дамытудың тәсілдерін меңгеруі;

- танымдық іс-әрекетті жүзеге асырудың тәсілі мен мазмұнын түсінуі.

Әрекетті-тәжірибелік компонент

Танымдық іс-әрекет негіздерін игеруі және оны тәжірибеде қолдана білуі, құзыреттілік деңгейінің қалыптасуы

- өз бетінше танымдық іс-әрекетті жүзеге асыруы;

- танымдық жағдаяттарға талдау жасай білуі;

- танымдық іс-әрекетті атқару барысында дәстүрлі емес шешімдер қабылдауы;

- танымдық іс-әрекетті қалыптастыру бағытында туындаған жағдаяттарды өз бетінше шеше білуі;

- танымдық іс-әрекетті жоспарлауы және оны тиімді ұйымдастыру жолдарын таба білуі.

Бақылау-бағалау компоненті

Танымдық іс-әрекетті рефлексиялау қабілетінің дамуы

- танымдық іс-әрекетті обьективті бағалай білуі;

- танымдық іс-әрекеттің маңызды сипаттамасы ретінде өзін өзі бақылау мен бағалау дағдыларын меңгеруі;

- танымдық іс-әрекетке талдау

1-кестенің жалғасы

жасай білуі; рефлексия;

- танымдық іс-әрекетті қалыптастыруда жіберілген кемшіліктерді анықтауы және түзету енгізуі.

Студенттердің өзіндік танымдық іс-әрекетін басқаруы қашықтықтан оқытуда маңызды роль атқарды.

Жоғары оқу орындарында қашықтан оқытуда студенттердің танымдық іс-әрекеттерін қалыптастыру бойынша жүргізілген тәжірибелік-эксперименттік жұмыстардың басты міндеттері мынадай мәселелерді анықтауды қамтыды:

- жоғары оқу орындарында қашықтықтан оқытуда студенттердің танымдық іс-әрекеттерін қалыптастыру мүмкіндіктерін;

- қашықтықтан оқытуда студенттердің танымдық іс-әрекеттерін қалыптасуына әсер етуші факторлар мен дидактикалық шарттарын;

- қашықтықтан оқытуда студенттердің танымдық іс-әрекеттерін қалыптастыру деңгейлерін;

- жоғары оқу орындарында қашықтықтан оқытуда студенттердің танымдық іс-әрекеттерін қалыптастырудың мазмұнын, әдістемелік бағыттарын.

Тәжірибелік сынақтан өткізілетін модельдің негізін студенттердің танымдық іс-әрекетін қалыптастырудың төмендегі теориялық негіздері құрайды:

1) студенттің кіріктірілген-тұлғалық сапасы ретінде танымдық іс-әрекетінің қалыптасуының жүйелілігін қамтамасыз ететін тәжірибелік-эксперименттік жұмыс кезеңдері;

2) эксперименттің әр кезеңінде шешілетін міндеттердің нақтылығы;

3) жоғары мектеп жағдайында қашықтықтан оқытуда танымдық іс-әрекетті қалыптастыруда жобаланатын және жүзеге асырылатын механизмдер мен білімге негізделген арнайы пәндік мазмұн;

4) қашықтықтан оқытуда студенттердің танымдық іс-әрекетін қалыптастыру жүйесін жүзеге асыруға бағытталған кезең-кезеңмен күрделенетін пәндік міндеттер жүйесі;

5) кәсіби-тұлғалық қалыптасудың әр кезеңінде студенттердің танымдық іс-әрекетінің қалыптасу деңгейін мазмұндық нақты өлшеуге мүмкіндік беретін бақылау жұмыстары мен тәжірибелік тапсырмалар жүйесі.

Жоғарыда көрсетілген міндеттерді шешу, диссертация аппаратында ұсынылған ғылыми болжамның дұрыстығын анықтау мақсатында тәжірибелік-эксперимент жұмыстары 2006-2010 жылдар аралығында жүргізілді.

Диссертациядағы негізгі жағдайды экспериментальды тексеру үшін база ретінде Қазақ-Рессей университеті, Академиялық Инновациялық университеті, Х.А. Яссауи атындағы Халықаралық Қазақ-Түрік университеті алынды.

Тәжірибелік-эксперимент жұмысының анықтаушы педагогикалық эксперименті кезеңінде зерттеу базалары бойынша эксперимент және бақылау топтары таңдалып алынды: 92 студенттен тұратын алғашқы топты – эксперименттік, 88 студенттен тұратын екінші топты – бақыланушы топ ретінде белгіледік. Эксперименттік жұмыстарға қатысатын оқытушылар таңдалып, оларға зерттеу мәселесіне байланысты арнайы дайындалған бағдарламалар мен әдістемелер негізінде ғылыми семинарлар өткізілді.

Эксперименттік жұмыстар бойынша алғашқы бақылау танымдық іс-әрекеттің қалыптасуының бастапқы деңгейін анықтау мақсатында жүргізілді. Жоғары оқу орындарында студенттердің танымдық іс-әрекетіне қашықтықтан оқытудың әсері, студенттердің аталған бағыттағы теориялық білімдері мен жеке мүмкіндіктері зерттелінді.

Осы мақсатқа сай төмендегі көрсеткіштерді қамтитын тест, тапсырмалар жүйесі негізінде эксперимент жұмыстары жүргізілді:

1) «танымдық іс-әрекет» ұғымының мәні мен мазмұны туралы түсінік;

2) өзін-өзі, танымдық сапаларын анықтауы;

3) танымдық іс-әрекетті қалыптастыру бағытындағы өзекті мәселелерді түсіне білуі.

Анықтаушы эксперименттің екінші сатысында студенттерге жоғары математика курсы бойынша бақылау сұрақтары берілді.

Тәжірибелік эксперимент жұмысын талдау - зерттеудің ғылыми болжамының дұрыстығын дәлелдеп, жоғары оқу орындары қашықтықтан оқыту жүйесінде студенттердің танымдық іс-әрекеттерін қалыптастыруға арнайы жұмыстарды жүргізудің қажеттілігін көрсетті. Сонымен бірге студенттердің интерактивті семинар сабақтарында жауап беруі, қосымша әдебиеттер пайдалануы, дипломдық жұмыс жазуда жауапкершіліктің пайда болуы, кәсіптік қызметке қызығушылығы, тәжірибелік зерттеу жұмыстарын жүргізу, талдау мен тұжырым жасауға деген ынта, кез-келген ситуацияларда жол таба білуі сияқты қасиеттер пайда болды.

Зерттеу нәтижелері бойынша танымдық іс-әрекетті қалыптастыру мотивтері төмендегідей

1. Танымдық іс-әрекетке қанағаттану.

2. Танымдық іс-әрекетке ынталану.

3. Танымдық шығармашылық таныту.

4. Өз бетінше жұмысқа бейімділік.

5. Өзара түсіністік таныту.

6. Танымдық іс-әрекеттің қоғамдық маңыздылығын түсіну.

7. Танымдық іс-әрекет барысында өзін өзі таныту.

8. Танымдық іс-әрекетті қалыптастыру арқылы материалдық құқықтарға қол жеткізу.

Аталған міндеттерге қол жеткізу үшін студенттердің тәжірибелік және өз бетінше жұмысы негізінде танымдық іс-әрекетін қалыптастыруға бағытталған «Қашықтықтан оқытуда студенттердің танымдық іс-әрекетін қалыптастыру негіздері» арнаулы курсы өткізілді.

Арнайы курстың мақсаты – жоғары оқу орындары студенттеріне «танымдық іс-әрекет» ұғымының мазмұнын, теориялық негіздерін ұғындыру, қашықтықтан оқыту арқылы танымдық іс-әрекетін қалыптастыру мүмкіндіктерін таныту, әдістерін жетілдіру. Курс негізінде студенттерді танымдық іс-әрекеттерін қалыптастырудың мазмұндық компоненті «танымдық іс-әрекет», «қашықтықтан оқыту» ұғымдарын қалыптастыру арқылы жүргізілді.

Бағдарлама бойынша лекцияға – 23 сағат, практикалық сабаққа – 22 сағат бөлінді.

Қалыптастырушы эксперименттің үшінші кезеңінде төмендегідей жұмыстар жүргізілді:

1) интернет жүйесіндегі шығармашылық жұмыстар;

2) білім мен танымдық іс-әрекетке деген қажеттілікті студенттердің сұранысын анықтау;

3) студенттердің пікірін жинақтау;

4) экспериментке қатысушы студенттерге корпоративтік тренингтер өткізу.

2- Кесте - Қалыптастырушы эксперименттің үшінші кезеңінің нәтижесі %

Компоненттер

Деңгейлер

Бақылау тобы

Эксперимент тобы

Мотивациялық-еріктік

жоғары

орташа

төмен

19,4

41,4

39,2

29,3

49,2

21,5

Мазмұндық

жоғары

орташа

төмен

24,3

41,3

34,4

39,7

62,0

22,3

Әрекеттік

тәжірибелік

жоғары

орташа

төмен

17,6

32,2

50,2

25,9

45,0

29,1

Бақылау-бағалық

жоғары

орташа

төмен

23,7

40,2

36,1

31,3

45,2

23,5

4-сурет - Қалыптастырушы эксперименттің үшінші кезең нәтижесі %

Зерттеу барысында жасалған теориялық қағидалар мен тұжырымдар, қашықтықтан оқытуда студенттердің танымдық іс-әрекеттерін қалыптастыру үлгісі негізіндегі тәжірибелік зерттеулер алынған нәтижелердің дәйектілігін көрсетеді және мынадай қорытындылар жасауға мүмкіндік береді:

1. Қашықтықтан оқытуда студенттердің танымдық іс-әрекеттерін қалыптастыру туралы отандық, әлемдік философиялық көзқарастармен педагогикалық-психологиялық еңбектерді талдау нәтижесінде танымдық іс-әрекет студенттің жан-жақты жетілген интеллектуалдық жеке тұлға болып қалыптасуына, қазіргі ғаламдану жағдайына сәйкес, жаңа қоғамға бейімделген жеке тұлғаға деген сұраныс бұл мәселелердің көкейкестілігін бұрынғыдан да арттыра түсетіндігі айқындалды.

2. Зерттеу проблемамызға байланысты қашықтықтан оқытуда студенттердің танымдық іс-әрекеттерін қалыптастыру принциптері анықталып, танымдық іс-әрекет мазмұны мен оқытудың шығармашылық іс-әрекетін жүзеге асыруда пәнаралық интеграциялық байланыстарды жүзеге асыру арқылы танымдық іс-әрекетті қалыптастырудың мәні мен маңызы көрсетілді.

4. Қазіргі қоғамның түрлі салаларының әлемдік даму деңгейіне жасалынып жатқан талпыныстары тек қана танымдық іс-әрекеттер арқылы ғана жүзеге асатындығын дәлелденіп, қашықтықтан оқытуда студенттердің танымдық іс-әрекеттерін қалыптастыру – оқыту үдерісін оңтайлы ұйымдастырудың және нәтижелі жұмыс істеудің шарты екендігі дәйектелді.

5. Студенттердің танымдық іс-әрекеті – жеке тұлғасының қалыптасуының маңызды көрсеткіші және танымдық іс-әрекетін қалыптастыруда: мотивациялық-еріктік, мазмұндық, іс-әрекеттік-тәжірибелік және бақылау-бағалау компоненттерді бір арнаға біріктіру қажеттілігі дәлелденді.

6. Студенттердің ғылыми білімдерін қалыптастыру, танымдық белсенділігін, құндылық бағдарын дамытып, жан-жақты жетілген интеллектуалды жеке тұлға болып қалыптасуына қашықтықтан оқытуда студенттердің танымдық іс-әрекеттерін қалыптастыру әдістемесінің тиімділігі анықталды.

Жүргізілген зерттеу нәтижелері қашықтықтан оқытуда студенттердің танымдық іс-әрекеттерін қалыптастыруда бірқатар ұсыныстар жасауға мүмкіндік берді:

- білім беру мазмұнының түбегейлі жаңарып, қоғам талаптарына сай ақпараттық білім кеңістігін құру және оның мазмұнын танымдық-тағылымдық, шығармашылық, интеллектуалдық денгейлер арқылы толықтыру әлі де болса жан-жақты зерттеуді қажет етеді;

- қашықтықтан оқытуда студенттердің танымдық іс-әрекеттерін қалыптас-тыруда оқу жұмысын жүйелі, мақсатты, кешенді жетілдіру және осы бағытта ғылыми теориялық, әдістемелік әдебиеттер шығару;

- еліміздің жоғары оқу орындарында қашықтықтан оқыту жүйесі құралдары ретінде телекоммуникациялық технологиялар мен қашықтықтан оқытудың желілік моделін қолданған тиімді;

- коммуникациялық технологиялар көмегімен қашықтықтан оқыту жүйесіндегі «білім берудің ақпараттық ортасын» құру, қашықтықтан оқыту үдерісін оқу-әдістемелік тұрғыда қамтамасыз ету, яғни пән материалдарын игертуге арналған электронды оқулықтар жиынтығынан ЖОО-ның электронды кітапханасын құру, ақпараттық-коммуникациялық пәндік орталарды құру қажет;

- студенттердің білімін жетілдіру институттарында, жоғары оқу орындарында, колледжерде қашықтықтан оқытуда студенттердің танымдық іс-әрекеттерін қалыптастыру бағытындағы атты арнайы курстар мен семинарлар енгізу.

Зерттеу проблемасы күрделі болғандықтан оның барлық салаларын жеткілікті дәрежеде қамту мүмкін емес, сондықтан қарастырылып отырған проблема толығымен шешімін тапты деуге болмайды. Келешекте қашықтықтан оқыту негізінде студенттердің танымдық ізденімпаздық іс-әрекеттері; шығармашылық ынтасы; қашықтықтан оқытуда студенттердің педагогикалық шығармашылық әлеуетін жетілдіру мәселелері т.б. дербес зерттеуді қажет етеді.