Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Методика.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
143.21 Кб
Скачать

2. Биология кабинетін жасау және ұйымдастыру.

Биология кабинеті – бұл биологиядан оқу-тәрбие үрдісін ұйымдастыру үшін арнайы жабдықталған бөлме. Биология пәнінің ерекшелігіне байланысты биология кабинеті де соған сай болуы тиіс.

Биология кабинетін жасау және ұйымдастыру. Кабинет жасауды оның сатылап даму жоспарын құрудан бастаған орынды.

1.Жоспардағы алғашқы кезең зертханалық жұмыстар және тәжірибелер жүргізу үшін материалдар жинау.

2. Келесі кезеңде жинаған материалды жіктеп осы материалдарды сабақтарда пайдалану үшін қажетті әдістемелік аппарат (карточкалар, тапсырмалар, сұрақтар) жасау.

3. Биология кабинетінің эстетикалық және гигиеналық талапқа жауап беруі.

Кабинет ұйымдастырғанда басты назарда болатын мәселе мектеп биологиясының барлық бөлімі арқылы өтетін үш негізгі идея: эволюция, экология және табиғатты қорғау, систематика. Сондықтан кабинет жабдықтағанда басты стендтар осы бағытты қамтыса орынды болады.

Биология кабинетінің атқаратын қызметі аса ауқымды: оқу - тәрбие жұмысы, ғылыми әдістемелік, оқу құралдарын орналастыру.

3.Биология пәнін оқытудағы тәрбие

Тәрбие дегеніміз-жан дүниенің байлығы, рухани байлық, ал тәрбиелеу мақсаты бағытталған жан дүниені байыту үрдісі.

Тәрбиенің мақсаты-әрүрлі арнайы тәрбиелік шаралардың әсерімен оқушы тұлғасында жағымды , тәрбиеші күткен өзгерістерге жету.

Мектептегі білім беру қазіргі қоғамның жағдайына байланысты өмір мен еңбекке дайын, жан-жақты дамыған тұлға тәрбиелеуге бағыталған. Осы мақсатқа сәйкес биологияны оқыту үрдісінде басқа да пәндердегідей дүниетанымдық, адамгершілік, еңбек, дене, гигиеналық, этикалық, патриоттық және экологиялық тәрбие өз мәнінде, заман талабына сай берілуі керек.

Экологиялық тәрбие оқушылар санасынан табиғатты тек тұтынушылық мақсатта қарауда ығыстырып, саналы қарауға тәрбиелеу, табиғи ортаны сақтау қажеттілігіне, шығармашылық жасампаздық қажеттілігіне көздерін жеткізу.Биологияны оқытудағы аса маңызды міндет-ғылыми дүниетанымды қалыптастыру. Дүниетаным-әлемге және адамға деген жалпы көзқарастардың адам мен әлем қарым –қатынасына деген жалпы көзқарастардың жүйесі. Дүниетаным жеке тұлғаның өмірлік бағдарламасын, арман-мұратары мен сенімдерін мүдделері мен құндылықтарын анықтайды.

Адамгершілік- ол адамның қадірлілік жағын және құқын сыйлау, тұлғаның сөзсіз құндылығын сыйлау, сонымен қатар адамдардың игілігі жөнінде қам жеу сияқты саналы көзқарастар жиынтығы, тұлға ретінде әр адамның мәнінің тереңдігін көрсетеді. Эстетикалық, әсемдік тәрбие теориясында жеке тұлғаның шығармашылық әрекетіне үлкен мән беріледі, оның өнегелі жетілуіне, эмоциялық сезгіштіктің дамуына, ұнату қабілетінің дамуына, өмірге сән кіргізуге, әдемі іс-істеуге баулу т.б. кез келген тапсырманы орындауда, безендіруде мысалы гербарийлер дайындау, оқу тәжірибе алаңында тәжірибе қою, ағаш егу т.б. ұстаздың үнемі көңіл бөліп талап етуі оқушылардың эстетикалық дамуына себебін тигізеді. Өз қолдарымен жасаған әдемі, әсемдік заттан рахат табу оқушыларда әдемілікті бағалау қажеттілігін нығайтады, мәдениетсіздікке қарсы тұруға тәрбиелейді. Салауатты өмір салты-ол оқушының дене мәдениетінің, гигиеналық сауаттылығының және адамгершілігінің, имандылық пен руханилығының, тіпті жыныс тәрбиесінің дұрыс жолға қойылуына бастайтын барлық тәрбие салаларының тоғысқан бірден-бір маңызды құрам бөлігі.

Билет №3