Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Методика.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
143.21 Кб
Скачать
  1. Дәстүрлі емес сабақтар: оқытудың ойын формасы.

Дәстүрлі емес сабақтар дегеніміз – сабақ құрылымын оқу-тәрбие үрдіснің мақсаттарына сай өзгертіп оқушының шығармашылықпен білім игеруінің субъектілік үлесін жоғарылататын оқыту формасы.

Оқытудың ойын формасы – соңғы жылдардағы педагогикалық жаңалықтың ішіндегі бір қолайлысы. Себебі: оқушы ғана емес, жалпы адам үшін ойын – белесенділікпен, өзін көрсетуге, сөйте отырып үйренуге әсер етеді. Ойын – өз алдына оқыту үрдісі, жеткіншектерді еңбекке дайындаудың белсенді құралы. Ойын өзінің тек мазмұнымен де балаларды бірден жаңа бір өлшемге шығарып, жаңа психологиялық жағдайға әкеледі. Тәжірибе көрсеткендей әдеттегі бірсарынды сынып сабақтарындағы үндемес оқушылар ойын кезінде өте белсенді болатын кездері жиі кездеседі. Өйткені ойын кезінде ол тең құқықтыққа ғана қолы жетіп қоймай, алдыңғы қатарлы, әрекетшіл болып, басқаларды өзіне тартатын мүмкіндікке ие болады. Олардың әрекеттері еркін және батыл болып ойлаудың тереңдігін көрсете бастайды.

Ойын әрекеті сабақтарда игерілген білім, білік, дағдыға сүйене отырып оқушылардың өзіне және басқаларға сыншыл қарап, орынды да тиімді шешім қабылдауына мүмкіндік туғызады. Басты бір әлеуметтік – психологиялық талап – шынайы қатынас практикасы мен ойынның логикалық үйлесімінің болуы. Практика көрстекендей барлық оқйшыға, топқа, сыныпқа бірдей жарамды жан-жақты ойын түрі болмайды. Сондықтан ойын сабақтары түрлерін таңдап алу, оны жүргізу мұғалімнен үлкен шығармашылық, ізденгіштікті талап етеді.

Билет №22

  1. Үлкен Гай Плини Секунданың жаратылыс тарихын оқыту әдістемесі туралы пікірлері.

Жаратылыс тарихын оқыту әдістемесі римдік Үлкен Гай Плини Секунданың атақты еңбегінде айтылан. Онда нысандар тобына байланысты облыстарға бөлінді.

  • «Жаратылыс денелері» - минералдар (минералогия)

  • Өсімдіктер (ботаника)

  • Жануарлар (зоология)

Жаратылыс тарихшысының іс – әрекетінің бағдарламасы – сипаттау, атау, «жаратылыс денелерін» жіктеу, әлем құрылымын көрсететін және ондағы заттар ретін айқындайтын, олардың көптүрлілігін табиғи жүйеге келтіру.

  1. Тест және тесттік білім тексеру.

Тест – ағылшын сөзі, аударғанда «үлгі», «сынақ», «зерттеу» деген ұғымдарды қамтиды. Бұл термин физиологияда және медицинада, психологияда және педагогикада әртүрлі тұрғыда қолданылады. Физиология мен медицинада ағзадағы жүріп жатқан әртүрлі үрдістерді оқып зерттеу мақсатында оған әсер ету тест деп айтылады. Психология мен педагогикада орындау нәтижелеріне қарай ББД-ны бақылайтын және зерттелуші адамның тұлғалық сипатын байқайтын әдетті тапсырмаларды айтады.

Педагогикалық тесттер – оқушылардың оқу үлгерімін тексереді. Тесттік тапсырмалар екіге бөлінеді: ашық және жабық. Ашық тесттік тапсырмаларда оқушы өзі қысқа жауаптарды берілген қағазға толтырады. Ашық тестпен жұмыс істеу оқушыға өз бетімен белгілі бір белсенділік көрстеуге мүмкіндік береді, бірақ оны толтыру және қорытындысын шығару кезінде уақыт көп кетеді. Жабық тесттер өте алуан түрлі. Олардың кейбіреулері оқушылардан тек өткен материалды ойға түсіруді талап етеді, кейбіреулері материалды түсінуін тексереді және тапсырмаларды шешу біліктілігін байқайды. Тесттерді: жауапты таңдап алу, үйлесімділікті табу, әрекеттер мен жағдайлардың ретін (кезектілігін) табу деп топтауға болады. Мысалы, сәйкестендіруді табу тестіне мүшелердің құрылысы мен қызметі арасындағы дәлдігін табу, ал әрекеттің, жағдайдың кезектілігін, жүйесін табу, мысалы: жүректің жиырылу циклын, жарақат алағанда немесе суға батқанда т.с.с.алғашқы көмек көрсету ретін табуға арналған сұрақтар жатады.

Тесттерде жалған дауаптар қолданылады. Оларды дистракторлар деп атайды. Дистракторларды таңдап алғанда оқшы бірден біліп қойып, ойдан шығарып тастайтындай болмауы керек. Сапалы таңдалған дистракторлар тек қана қате жауаптар емес, дұрыс жауапқа бағыттаушы ретінде болып, оқушыларды ойландырады.

Тесттер есептер немесе тапсырмалар түрінде де құрастырылуы мүмкін. Осы кезде есептер шарттары мен тапсырмалар құралады. Содан соң жауап варианттары беріледі. Тесттік тапсырмалар арқылы қандай да бір деңгейде оқушылар ойлауының консерватизмін немес олардың тапсырма мәтініне толық бойлай алатыны, сөйтіп әдеттегі тұрғыдан тыс ретте дұрыс жауап таба алуын бақылауға болады. Тесттердің жауаптарын әріптермен берілгенде ұқсас, шатасатын әріптерді алмау керек. Мысалы: -Б) мен В)-ны, Ж) мен З)-ны т.с.с. оларды оқушылар оқығанда, белгілегенде жаңылыстырады.