- •1.Биологияны оқыту әдістемесі пәні , оның ғылыми негізі
- •2. Биологиядан көрнекі құралдар, олардың түрлері
- •3.Мектептегі биология курсы және тәрбие
- •4.Гигиеналық, жыныстық және дене тәрбие.
- •2. Биология кабинетін жасау және ұйымдастыру.
- •3.Биология пәнін оқытудағы тәрбие
- •1.Биология оқыту әдістемесінің ғылыми негіздері
- •2.Биологияны оқытудың материалдық базасы
- •3.Биология сабақтарының құрылымымен типтері
- •1.Мектепте биологиялық білім берудің ғылыми тұжырымдамасы
- •2.Дүниетанымды қалыптастырудағы тәрбие
- •3.Биология сабағының құрылымы
- •Биологияны оқыту әдістемесінің пайда болуы.
- •Биология кабинетінің оқу тәрбиелік,ғылыми әдістемелік рөлі.
- •1.Мектеп жаратылыстануы және оның әдістемелік бастауы.
- •2.Оқу тәжірибе алаңы (н.И.Верзилин нұсқасы).
- •3.Биологияны оқыту үрдісінде экологиялық тәрбие беру.
- •Мектеп жаратылыстануы әдістемесінің XIX ғ. Бергі дамуы
- •Сыныптан тыс жұмыстардың мазмұны және оны ұйымдастыру
- •3.Биологияны оқыту үрдісінде патриоттық тәрбие беру
- •1.Биологияны оқыту әдістемесінің Кеңес үкіметі кезіндегі дамуы
- •2.Тірі табиғат мүйісі
- •3.Биологияны оқыту үрдісіндегі салауатты өмір салтын қалыптастыруға тәрбиелеу
- •1.Биологияны оқыту әдістемесінің Қазақстандағы дамуы
- •2.Тірі табиғат мүйісінің оқушылыр үшін маңызы
- •3.Зертханалық және танымжорықтық сабақтары.
- •3.Жекелеген оқыту әдістері,оларға сипаттама
- •1.А.Любеннің жаратылыстанудың әдістемесіндегі пікірлері.
- •2.Оқыту, тәрбиелеу және дамыту принциптерінің біртұтастығы.
- •3.Жекелеген оқыту әдістері: түсіндірмелі-көрнекілік әдіс.
- •1.А.Я.Гердтің әдістемесінің негізгі қағидалары.
- •2.Дәстүрлі емес сабақтар: саяхат, ертегі сабақтары.
- •3.Жекелеген оқыту әдістері:нұсқаушы ойға түсіруші әдіс.
- •1. А.Н Бекетовтың оқыту үрдісі туралы пікірлері.
- •2. Мектеп пәнініде биолгиялық ұғымдарды дамыту.
- •1.В.В Полоцевтің әдістемелік еңбегі.
- •2.Теория мен практиканың бірлігі, принципі.
- •Билет №15
- •1.М.Шаймарданованың авторлық тұжырымдамасы.
- •3.Оқыту әдістерінің жүйеленуі: ауызша әдістер.
- •Билет №16
- •2.Биологияны оқытудағы сабақтан тыс жұмыстар.
- •3.Оқыту әдістерінің жүйеленуі: көрнекі әдістер.
- •1.Боә даму тарихы
- •2. Дәстүрлі емес сабақтар: прессконференция, дөңгелек үстел, викториналық сабақтар
- •3. Биологияны оқытудағы мультимедиялық әдістер
- •1.Хх ғғ алғашқы жартысында биологияны оқыту әдістемесіне үлес қосқан ғалым-биологтар мен әдістемешілер
- •2. Биология пәнінен оқыту құралдары.
- •3. Оқытудың жаңа технологиясы.
- •1.Оқытудың Мангейм, Башаев жүйесі
- •Осы сабақтың бір тақырыпты басқа сабақтардың жүйесіндегі орны; сабақ мақсатының дұрыс қойылуы;
- •Сабақты ұйымдастыру:
- •Сабақтың мазмұны:
- •Сабақ өткізу әдістемесі:
- •5. Мұғалімнің сабақтағы қарым-қатынасы: үні, қарым-қатынас стилі, жеке оқушылармен және сыныппен қатынас мәнері.
- •6. Оқушылардың сабақтағы жұмысы мен тәртібі:
- •7. Сабақ бойынша жалпы қорытындысы.
- •Оқытудың Белл – Ланкастер жүйесі.
- •Сабаққа қойылатын жалпы дидактикалық және әдістемелік талаптар.
- •Дәстүрлі емес сабақтар: оқытудың ойын формасы.
- •Үлкен Гай Плини Секунданың жаратылыс тарихын оқыту әдістемесі туралы пікірлері.
- •Тест және тесттік білім тексеру.
- •Дәстүрлі емес сабақтар: шығармашылық сайыс сабағы.
- •1. В.Ф.Зуев оқытудың қандай әдістемелік проблемаларын шешті?
- •2.Биологияны оқытудағы білімді бағалаудың маңызы.
- •2.Биология сабақтарында оқушыларға гигиеналық тәрбие беру
- •3.Алғашқы биология сабағы, оны өткізу.
3. Биологияны оқытудағы мультимедиялық әдістер
Биологияны окытудың мультимедиалық әдістері қазіргі таңда тек сыныпта ғана колданылады, себебі, комппьютерлер және мультимедиялық құралдар бөлмеде, бір орында ғана тұруы тиіс. Мультимедиа ақпараттар ортасының, каналдарының көптігі.
Компьютердің және мультимедиалық бағдарламаның көмегімен жасалған жағдайлар окушыға автоматтық жүйемен жұмыс барысында виртуальды оқыту ортасын (яғни, тек өзара әрекеттестік үрдісі кезінде ғана болатын) нобайлауға мүмкіндік береді. Ол үшін мультимедиалық құралдармен жабдықталған компьютерлер қолданылады.
Биологияны оқытудың мультимедиалық әдістерінің ерекшеліктері. Мультимедиалық оқыту әдістері бір мезгілде ауызша белгілермен (мұғалім айтады, оқушылар тыңдайды), керсетумен (оқушылар бақылайды, мұғалім көрсетеді) және практикалық (оқушылар әрекет етеді, мұғалім жетекшілік етеді, нұсқау жасайды) әдістермен жүзеге асырылатындықтан оларды кешенді деп атауға болады, бірақ осы әдістерді жеке топқа бөліп және қалыптасқан әдістер жүйесін қайта кұрудың керегі жок. Білім көзінің басым сипатына қарай (ақпарат көзіне) кешенді (мультимедиалық) аталған әдістер ауызша немесе көрнекі, немесе практикалық әдістер тобына кіре алады. Әйткенмен мультимедиалық (кешендік) оқыту әдістерінің негізгі ерекшеліктері - олар ақпараттар беретін барлық каналдарды өзінде тоғыстырған.
Биологияны оқытуда осы кешенді әдістердің ішінен мультимедиалық дәрісті (лекция) және биологиядан зертханалық сабақты жүргізуге мүмкіндік тудыратын, тіпті табиғатқа виртуальды таным жорыққа шығатын мультимедиалық практикалық сабақты айтуға болады.
Билет №18
1.Хх ғғ алғашқы жартысында биологияны оқыту әдістемесіне үлес қосқан ғалым-биологтар мен әдістемешілер
XX ғасырдың алғашқы жартысында биологияны оқыту әдістемесіне көптеген ғалым-биологгар мен әдістемешілер елеулі үлестерін қосты. Олардың ішінде: В.А. Герд (1870-1926). И.И. Полянский (1872-1930), Д.Л. Судовский (1873-1942), Г.Н. Боч (1871-1942), К. П. Ягодовский (1877-1943), В.Ю. Ульянинский (1876-1945), М.Я. Цузмер (1884-1946), С.А. Павлович (1884-1866), А.А. Яхонтов (1879-1973), М.М. Беляев (1880-1955), В.Ф. Натали (1890-1965), Б.Е. Райков (1880-1966), П.И. Боровицкий (1896-1966), В.Ф. Шалаев (1890 - 1969), И. В. Козырь (1905 - 1973), О. В. Казакова (1909 - 1975), Н. М. Верзилин (1903-1984), Н.А. Рыков (1908-1984), В.М. Корсунская (1900-1991).
2. Биология пәнінен оқыту құралдары.
2.Оқыту құралдары - оқыту міндеттері мен мақсаттарына сәйкес оқыту әрекетінің пәрменділігінің көтерілуіне әсер ететін әртүрлі заттар, кұбылыстар деректер және оқытушы бағдарламалар. Осы себепті оқыту құралдарының негізгі үш түрін бөліп қарастыруға болады: табиғи (натуралды) нысандар мен үрдістер, нақты нысандар мен үрдістерді алмастырушы көрнекі (суретті) белгілер, сөздік немесе вербальды құралдар.
Осындай үш түрге бөлу таным теориясы тұжырымдамасына және ойлаудың
даму сатыларына сәйкес. Алғашқы кезеңде нақты нысандармен, нақтылы жағдайда тікелей практикалық әрекет жасау жүретін көрнекілік, әрекеттік, практикалық ойлау, жетекші болып саналады. Екінші кезең оқушылар тәжірибелерімен жинакталған, нақты заттармен емес, түсініктер мен қабылдаулардың бейнелі түйсінуі арқылы міндеттерді шешу жүзеге асырылатын кернекі-бейнелі ойлау . Үшінші, жоғарғы кезеңде ойлау әрекетінің жетекші рөлі болып абстракциялық-теормиялык ойлау есептеледі.
Оқытудың барлық құралдары оқу танымдық әрекетті ұйымдастырудың және
биология мазмұнының басқаша көрсетілуін береді.
Табиғи немесе нақты нысандар - оқушылар тікелей сабақ үстінде немесе топсеруендер кезінде пайдаланатын және карым-қатынаста болатын микропрепараттар, тірі немесе сақталынған ағзалар, кіші немесе үлкен және ағзадан жоғарғы биологиялық жүйелер (орман, көл, т.б.). Оқылатын нысандардың нақты қасиеттері тек қана көру арқылы ғана емес, иіс сезім, есту және сипап сезу мүшелерімен де қабылдана алады.
Нақты нысандар мен үрдістерді алмастырушы көрнекі (суретті) белгілерге сурет салынған кестелер мысалға, жасуша құрылысы, ағзалар, экожүйелер, заттар айналымы жөніндегі суреттер жатады. Осыған сызбанұскалар, фотосуреттер үрдістер мен нысандардың материалданған нобайлары, мысалы, ДНК нобайы, жүрек жобасының нобайы, қазба жануарлардың қақпішіндері жатады. Көрнекіліктің ерекше тобы болып компьютерлік мультимедиялық (көпканалдық) оқыту құралдары есептеледі.
Сөздік немесе вербальды құралдар - олар кітаптар, оның ішінде оқулық, мұғалімнің сөзі, кино немесе теле көрсетілімдерді түсіндіретін дикторлық мәтін, компьютермен жұмыс істеуді қамтамасыз ететін бағдарламалық құралдар (бейнекадрлар, нобайлар, жетістікті тексеруге және бақылауға арналған бағдарламалар), тестілер және жұмыс дәптерлері.
Биологияны оқытудағы көрнекі құралдардың маңызы ерекше, өйткені тірі табиғатты кандай да бір көрнекіліксіз оқыту аса қиын. Биологияны оқытуда көрнекі құралдарды олардың сипатына және маңызына карай екі топқа бөлуге болады: негізгі және көмекші. Негізгілердің ішінде нақты (табиғи), суретті және сөздік құралдар, ал көмекші құралдар ішінде - оқытудың техникалық құралдары (ОТҚ) және зертханалық құралдар (ЗҚ).
Өз кезегінде, биология сабағында пайдаланылатын табиғи көрнекі құралдар тірі және тірі емес немесе препаратталған болып екіге бөлінеді. Суретті құралдарды салынған (жазыкы) және көлемді деп екіге бөледі. Табиғи құралдар. Табиғи көрнекі құралдар болып арнайы таңдап алынған өсімдіктер (бөлме өсімдіктері, оқу-тәжірибе алаңынан немесе танымжорықтан әкелінген), тірі табиғат мүйісіндегі аквариумдегі, инсектариидегі, террариумдегі және тордағы жануарлар саналады.
Табиғи препаратталғандарға гербарийлер, ылғалды препараттар, микропрепараттар, коллекциялар, омыртқалы жануарлардың қаңкалары мен олардың бөлшектері, тұлыптар, практикалық жұмыстарға арналған таратпа материалдар жатады.
Таратпа материалдар ретіндегі көрсетілетін тірі өсімдіктер жануарларды алдын ала дайындап алган дұрыс. Бұл нысандарды таңдап бағдарламаға, жергілікті жағдайға және табиғатты қорғау талаптарына байланысты болады. Табиғатта нысандарды жинағаннан басқа, мысалы өсімдіктерді, таратпа материалдар дайындау үшіп оқу-тәжірибе алаңында арнайы себуге болады, ал оку-тәжірибе алаңында өсімдіктерге түс: зиянкестерді зоологиядан таратпа материал ретінде колдануға коллекция жинап алуға болады.
Гербарийлермен және коллекциялармен жұмыс істегенде материалдардың тірі ағзалар жөнінде толык мәлімет бермейтіндігін ескеру қажет. Сол себепті оларды басқа да, оқылатын ағзалардың қасиеттерін түсінуге көмектесетін құралдармен бірге пайдаланған орынды.
Технологиялық коллекциялар табиғи материалдардан алынған өнімдерді көрсетеді, мысалы, «Тас көмір және оны өңдеу өнімдері», «Астық тұқымдастар. Олардан алынатын жармалар» т.б.
Омыртқалы жануарлардың құрылысын оқып үйрену үшін сабақтарда препаратталған қаңқалар (балықтардың, бақаның, кесірткенің, жыланның, тауықтың және мысықтың) және олардың бөлшектері пайдаланылады. Сабаққа жануарлардың тұлыптары да пайдаланылады. Жануарлар тұлыптарына ерекше күтім керек, әйтпесе олар кеуіп кетуі немесе каракүйе түсіп жарамсыз болуы мүмкін. Олар арнайы қораптарда не шыныланған шкафтарда сақталуы керек, сонда өздерінің табиғи түр-түстерін жоғалтпай үзақка шыдайды, тек сабақтарда көрсету үшін ғана алып пайдалану керек, тұлыптарды биология кабинетін безендіруге пайдаланған дұрыс емес екенін мектеп тәжірибесі көрсеткен сондықтан олар тек кабинеттің екінші, препараторлық (ұстаздың жұмыс бөлмесінде) бөлмесінде сақталуы керек.
Бейнелі құралдар алуан түрлі болады. Оларға көлемді нақпішіндер мен нобайлар; салынған немесе құрастырылған таблицалар, географиялық карталар ғалымдар портреттері, дидактикалық таратпалы материалдар жатады.
Нақпішіндер - бұл табиғи нысанды дәл көшірме етіп жасаған құралдар. Фабрикадан жасалып шықкан муляждар: «Гибридтік және полиплоидтық өсімдіктер жемістерінің жиынтығы», «Қалпақшалы саңырауқұлақтардың жемісті денесі» т. б. Олар табиғи нысандардың көлемін, формасын, түр-түсін көрсетеді. Осындай нақпішіндерді табиғи нысанды көрсету мүмкіндігі жоқ кезде пайдаланады.
Нобайлар табиғи нысандардыц бейнелері болып табылады, бірақ олар нысанның тікелей көшірмесі емес, олардың басты қасиеттерін сызбанұсқалар түрде көрсетеді.
Нобайлар жазықтықтық және көлемді, статистикалық және динамикалық болуы мүмкін. Мысалы, жүрек қақпакшаларының жұмысын көрсететін немесе қоңыздың ішкі кұрылысын көрсететін нобай сияқты жазықтықты. Жүректің фабрикада дайындалған көлемді нобайы оның ішкі және сыртқы кұрылысымен толық танысуға мүмкіндік береді. Көпшілік қозғалмайтын нобайлар бөлшектеніледі. Бұл мүшенің сыртқы және ішкі құрылысын (мысалы, гүл құрылысының, көздің, құлақтың, адам бүйректерінің нобайлары) оқуға мүмкіндік береді.
Динамикалық нобайлар әдетте ағзада жүретін үрдістермен таныстырады. Оларға магнитті «Белок биосинтезі», «Мендель заңдары», «Мүктердің көбею циклі», «Биогеоценоз нобайы» сияқты нобайлар жатады.
Биологияны оқытуда кестелер жиі қолданылады. Олар бедерлі және баспалық болады.
Бедерлі кестелер - пластиктен жасалған жануарлардың түрлі-түсті бейнелерін береді. Онда аз ойықтармен ағза контуры, мүшелер жүйесі, мүшелер бөліктері бөлініп көрсетіледі. Осындай кестелер ұзақ пайдалануға жарайды, жуып тазалауға жеңіл, бірақ олардың көлемділігіне байланысты сақтау орны кең болуы керек.
