Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Методика.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
143.21 Кб
Скачать

2.Биологияны оқытудағы білімді бағалаудың маңызы.

1 Бақылауды жоспарлы турде жүргізу мұғалімге оқушылардың белгілі бір уакыт көлеміндегі игерген білімдерін жүйеге келтіруге, оқудағы жетістіктерді, жекелеген оқушылардың және толық сыныптың олқылықтары мен кемшіліктерін анықтауға мүмкіндік береді. Білімді бақылау мүғалімнің өзін-өзі тексеру құралы болып табылады, олай болса, оның жұмысының сапасын арттыру құралы да болып табылады. Оқушылардың жетістіктері жөніндегі ақпарат ата-аналар үшін де маңызды, сол арқылы олар өз балаларының үлгерімін бақылауға қатысып, оларға оқудағы қиындықтарды жеңуге көмектеседі. Білім беру үрдісіндегі оқушылар жетістігінің сапасын бақылау биологияны оқытудың дәрменділігін көтерудегі маңызды құралдардың бірі болып саналады. Оқушылардың білімі және біліктілігінің жағдайы жөніндегі жүйелі ақпарат мұғалімге шұғыл түрде оқытудың тиімді әдіс тәсілдері мен құралдарын қолдануға және оқу үрдісін дұрыс басқаруға, оның логикасын бағамдауға, білім игеру нәтижесін болжауға мүмкіндік береді.

Бақылау формалары. Кез келген биология сабағының маңызды қыры -білім тексеру мен есепке алу. Сондықтан тексерісті ол әрбір оқушының таным әрекетін белсендіретіндей және игерілген оқу материалын қолдана алатындай тұрғыда ұйымдастыру керек.

Ауызша тексерісте қойылатын сұрақтар баланың шамасы жететіндей және түсінікті болып, сонымен қатар тек бір сөзбен ғана жауап беретін емес, түсінікті баяндайтындай болуы керек.

Жаппай ауызша тексерістің (немесе жылдам сұрау) жеке сұраудан айырмашылығы, бірінен кейін-бірі қойылатын бірнеше сұрақтарға жауап беруде. Тексерудің осындай формасы балаларды белсендіреді, мұғалім орнынан төмен және орта үлгерімдегі балаларды түрғызып сұрай алады.

Тығыздалған сұрау дәстүрлі ауызша сұраудан айырмашылығы

қарқындылығы мен шапшаңдығында. Балаларға қойылған сұрақтар оларды қайталап сұрамайтындай түсінікті болуы тиіс. Кейбір оқушылар тақта алдында суреттер, таблицалар, нобайларды пайдаланып кезекпен жауап берсе, келесілері орындарынан жауап беріп, бірін-бірі толықтырып, қателерін түзетіп жатса, басқалары жазбаша жұмыс жасайды.

Жазбаша жұмыс биологиядан білім тексерудің бір формасы. Осы жұмыстың нәтижесі де оқушының оқу материалын каншалықты меңгергенін, білім көлемін және таным әрекеті мен оқыту пәрменділігін анықтауға мүмкіндік береді.

3. Дәстүрлі емес сабақтар:конференция, пресс-конференция, аукцион, спектакль сабағы. Дәстүрлі емес сабақтар дегеніміз – сабақ құрылымын оқу-тәрбие үрдісінің мақсаттарына сай өзгертіп оқушының шығармашылықпен білім игеруінің субьектілік үлесін жоғарлататын оқыту формасы.

Оқытудың ойын формасы – оңғы жылдардағы педагогикалық жаңалықтың ішіндегі бір қолайлысы. Себебі оқушы ғана емес, жалпы адам үшін ойын – белсенділікпен, өзін көрсетуге, сөйте отырып үйренуге әсер етеді. Ойын – өз алдында оқыту үрдісі, жеткіншектердің еңбекке дайындаудың белсенді құралы. Ғалымдар тірі табиғаттағы жұмбақтың бірі – ойын екенін оның құбылыстары мен үрдістері әлі адамзатпен толық зерттеліп ашылмаған, сөйтіп дәл анықтамасы берілмеген деген қорытындыға келген.

Саяхат сабақтарының ерекшеліктері биологиялық саяхатқа қатынасатын оқушылар санының көптігінде. Кейбір жағдайларда оқушылардың әртүрлі жануар, өсімдіктер аттарын сөйлеп, солардың кейіпінде болуы. Осындай сабақтар кезінде баланың ықыластылығы мен бақылғыштығы өз аймақтарының флорасы мен фаунасы жайлы білімдері жетіліп дамиды. Сабақтың осылай аталуының өзі жаңа білім игеруде оқушыны жаңа бір өлшемге, кеңістікке жетелейді. Саяхат барысында бұрын игерген білім, білік, дағдыларға сүйеніп дәстүрлі емес тапсырмаларды шешуде өз ойларын айқындай түседі. Жануарлар дүниесін оқығанда жүргізілген шығармашылық сайыс сабақтары кезінде оқушының белсенділігін, ынтасын арттырып, өздігінен ізденуіне, ойлануына жол ашатын, осының негізінде оқу материалын сапалы, толық меңгеруіне мүмкіндік беретіні практикада дәлелденген. Сайыс сабақтың қызметі алуан түрлі. Оларда жаңа матералды зерделеуге оқушылардың білімі, білі-дағдылыларын бекітуге, үлкен тақырыпты өтіп болған соң жинақтап, жүйелеп қорытуға, тақырыптар арасындағы сабақтастықты жүзеге асыруға т.б. болады.

Аукцион сабақ – дәстүрлі емес сабақтар ішінде бұл сабақтың орны ерекше. Тәжірибеде байқалғандай бұл сабақты өткізу алдында оқушылар берілген итапсырманы орындау барысында жекелей ізденушілік, зерттеушілік жұмыстар жргізеді. Ол үшін қосымша материалдардан оқулықта жоқ көптеген деректер тауып, дәрумендердің ағзадағы ролін толық көрсеткендігі дәлел болады. Келесі сабақ түрі- аукцион сабақ. Дәстүрлі емес сабақтар ішінде бұл сабақтың орны ерекше. Тәжірибеде байкалғандай бұл сабақты өткізу алдында оқушылар берілген тапсырманы орындау барысында жекелей ізденушілік, зерттеушілік жұмыстар жүргізеді. Ол үшін қосымша материалдардан оқулықта жок көптеген деректер тауып дәрумендердің ағзадағы ролін толық көрсеткендігі дәлел болады.

Ұстаз тәжірибесінде жақсы жетістікпен өтетін сабактың бірі интеграциялық сабақ. «Тірі ағзалардың химиялық құрамы» тақырыбындағы осындай сабақ оған мысал болады. Бұл сабақты үш пән мүғалімі (биология, химия, физика) бірігіп өткізеді.

Спектакль түріндегі сабақтар өте жоғары деңгейде өтеді. Оқылатын тақырып толық беріліп, барлық мүмкін ақпараттар жинақталып ұстаз сценарий жазады, оқушылар көмектеседі. Балалардың бірі актер, бірі суретші, бірі дыбысын көркемдеуші т.б. болып сыныптағы көпшілік оқушы қатысады. Бұнда біржасушалыдан бастап тіршіліктің жоғарғы калыптарына дейін түрлі - түрлі сценарийлер құруға болады. Балалардың қатысуымен жазылған пьесалар олардың түсінігіне жақын. Әрине, толық ынта-жігермен, қиялмен, ғылыми негізінен ауытқымай құрылуы қажет. Театрлық шығармашылық балаларға жақын, себебі, «барлық драмаландыру ойынмен» байланысты және «көркем шығармашылықты жекелей әсерленушілікпен байланыстырады», өйткені драма - өзінде барлық шығармашылық түрлерін топтастырған. Шын мәнінде осындай сабақтың жүргізілуі қазіргі экологиялық проблемаларға ешкімнің бей-жай қарай алмайтынын көрсетеді. Тіршілікте экологиялық жүйенің тепе-теңдігінің маңызын көрсететін қорытынды сабақ осындай тұрғыда болады.

Билет №25

1.Америка мектептерінде Дж. Дьюидің прагматикалық пікірлерінің әсерінен құрылған пәндер. Америка мектептерінде Дж. Дьюидің прагматикалы (субьективті идеалисттік бағыт) пікірлерінің әсерімен (1859-1952) балалардың бейімдері мен қажеттілктеріне сәкес деген оймен оқу материалы мынадай кусттар төңірегіне топталды: алғашқы медициналық жәрдем, сексология, некеге отыруға дайындық, сәбиді күту, бағбандық, гүл өсірушілік, аспаздық және басқалары (150-200 атауға дейін). Оқу пәндеоін құрудың негізін «адамзаттың төрт инстинкті» басшылыққа алынды: әлеуметтік, құрастырушылық, зерттеушілік, көркемдік әсер.