Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Методика.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
143.21 Кб
Скачать
  1. Оқытудың Белл – Ланкастер жүйесі.

Белл-Ланкастерлік жүйе өзара қарым-қатынаста оқыту тәсіліне негізделген. Мұғалімнің басшылығымен ересек оқушылар, оның ішінде жақсы оқитын оқушылар сабақ өткізеді. Бұл әдіс жалпы сауаттылықты ашудың қажеттілігінен туындап, 1791 жылы алғаш рет Белл Индияда, Ланкастер 1801 жылы Ұлибританияда қолданған. Осы әдісті пайдаланып, сабақ жүргізген балалар өз ата-аналарына сабақ берген. Бұл әдіс бойынша негізінен 10 оқушыға сабақ беру тиімдірек болған. Үлкен залдарда 100-500 адамға дейін білім алатын болған. Бірінші үлкен балалар білім алып, алған білімдерін кіші балаларға үйреткен. Одан осы балалардың ішіндегі ересектері таңдалып, олар кішілерді оқытқан. Оларды монитор деп атаған. Мұғалімнен мониторлар бағыт-бағдар, тапсырмалар алып отырған. Басқа жүйелерге қарағанда осы әдісті оқушылар тез қабылдайтын болған.

Қазіргі таңда бұл жүйе қайтадан қаралып, қолданыла бастады. «Монитор» қызметіне ие болған оқушыдан білімінің тереңдігі, топты ұйымдастыра алу қабілеті, сөйлеу мәдениеті, өз ойын еркін жеткізі білуі, т.б. қасиеттер талап етіледі. Кейде оқушыға мұғалімнің түсіндіргенінен гөрі, қатарлас баланың түсіндіргені анағұрлым тиімді болатыны да рас. «Монитор-оқушы» өз бетімен білімін жетілдіруге талпынса, басқалар соның дәрежесіне жетуге тырысады. Ал мұғалім бүкіл топты еркін бақылауға мүмкіндік алады. Бұл мұғалімға өзінің кейбір жіберген қателігін түзетуге мүмкіндік береді. Монитор-студент топ алдында ұятқа қалмау үшін мұғалім берген тапсырмаларды ерекше қызығушылықпен орындауға талпынады.

  1. Сабаққа қойылатын жалпы дидактикалық және әдістемелік талаптар.

Әрбір сабақ уақыт талабына сай болу үшін теориясын оның барлық элементтері байланысымен біртұтастықта меңгеру қажет. Сонымен биолгия сабақтарына қойылатын жалпы дидактикалық талаптар:

  • Ұстаздың өзінің биологиялық білімін жоспарлы түрде үздіксіз көтеруі.

  • Оқушылардың білім игеруі тек репродуктивтік деңгейде қалмауын қамтамасыз ету.

  • Оқу материалын қайталау жиілігі және оның түрлі тәсілдерімен жүргізілуі.

  • Тақырыпты оқуды проблемалық тапсырманы шешуден бастамау.

  • Өтілетін сабақтың оқу тақырыптарындағы нақты орны мен рөлі анықтау.

  • Әрбір сабақта нақты мақсаттар шешіледі: білім беру, тәрбиелеу, анықтау.

  • Оқу материалы мазмұнының бағдарламаға сәйкес болып, дидиактикалық принциптерді: түсініктілік, ғылымилылық, жүйелілік, белсенділік, көрнекілік, теорияның практикамен байланысын ескеріп және ідңстемелік принциптермен: эволюциялық, экологиялық т.б. және пәнаралық байланысты орнату.

  • Әдістерді кешенді пайдалану, өздік, шығармашылық жұмыстарға мүмкіндік туғызу.

  • Материалдың негізгі бөлігін сабақта меңгеру.

  • Сабақтың кезеңдерінің біртұтастығы мен өзара логикалық байланыстылығын қамтамасыз ету.

  • Оқытудың тиімділігін арттыру мүмкіндігі үшін сабақ нәтижесін болжау.

Әдістемелік талаптар:

  • Өсімдіктер мен жануарларды оқу жергілікті жердің өзіне тән өкілімен танысу арқылы жүргізіліп, сонан соң сол типтің, кластың т.б. жалпы сипаттамасы берілу керек.

  • Ағзалардың орта жағдайын бейімдегіштігін анықтау.

  • Мүшелер құрылысын онан атқаратын қызметімен бірлікте оқу.

  • Қарастырылып отырған ағза жөнінде біртұтас ұғымды оның барлық мүшелерінің арасындағы өзара байланыстың негізінде қалыптастыру.

  • Эволюциялық және экологиялық ұғымдарды үнемі бірлікте, өзара байланыста қарастыру.

  • Систематикалық топ өкілдерінің құрылыстарының күрделенуін эволюциялық даму негізінде түсіндіру.

  • Сабақ мазмұнында адамның әртүрлі еңбек сферасындағы биологиялық білімнің рөлін ашу.

  • Табиғат – Адам – Қоғам арасындағы һзара әрекеттестіктің мәнін ашып көрстеу.