- •1.Биологияны оқыту әдістемесі пәні , оның ғылыми негізі
- •2. Биологиядан көрнекі құралдар, олардың түрлері
- •3.Мектептегі биология курсы және тәрбие
- •4.Гигиеналық, жыныстық және дене тәрбие.
- •2. Биология кабинетін жасау және ұйымдастыру.
- •3.Биология пәнін оқытудағы тәрбие
- •1.Биология оқыту әдістемесінің ғылыми негіздері
- •2.Биологияны оқытудың материалдық базасы
- •3.Биология сабақтарының құрылымымен типтері
- •1.Мектепте биологиялық білім берудің ғылыми тұжырымдамасы
- •2.Дүниетанымды қалыптастырудағы тәрбие
- •3.Биология сабағының құрылымы
- •Биологияны оқыту әдістемесінің пайда болуы.
- •Биология кабинетінің оқу тәрбиелік,ғылыми әдістемелік рөлі.
- •1.Мектеп жаратылыстануы және оның әдістемелік бастауы.
- •2.Оқу тәжірибе алаңы (н.И.Верзилин нұсқасы).
- •3.Биологияны оқыту үрдісінде экологиялық тәрбие беру.
- •Мектеп жаратылыстануы әдістемесінің XIX ғ. Бергі дамуы
- •Сыныптан тыс жұмыстардың мазмұны және оны ұйымдастыру
- •3.Биологияны оқыту үрдісінде патриоттық тәрбие беру
- •1.Биологияны оқыту әдістемесінің Кеңес үкіметі кезіндегі дамуы
- •2.Тірі табиғат мүйісі
- •3.Биологияны оқыту үрдісіндегі салауатты өмір салтын қалыптастыруға тәрбиелеу
- •1.Биологияны оқыту әдістемесінің Қазақстандағы дамуы
- •2.Тірі табиғат мүйісінің оқушылыр үшін маңызы
- •3.Зертханалық және танымжорықтық сабақтары.
- •3.Жекелеген оқыту әдістері,оларға сипаттама
- •1.А.Любеннің жаратылыстанудың әдістемесіндегі пікірлері.
- •2.Оқыту, тәрбиелеу және дамыту принциптерінің біртұтастығы.
- •3.Жекелеген оқыту әдістері: түсіндірмелі-көрнекілік әдіс.
- •1.А.Я.Гердтің әдістемесінің негізгі қағидалары.
- •2.Дәстүрлі емес сабақтар: саяхат, ертегі сабақтары.
- •3.Жекелеген оқыту әдістері:нұсқаушы ойға түсіруші әдіс.
- •1. А.Н Бекетовтың оқыту үрдісі туралы пікірлері.
- •2. Мектеп пәнініде биолгиялық ұғымдарды дамыту.
- •1.В.В Полоцевтің әдістемелік еңбегі.
- •2.Теория мен практиканың бірлігі, принципі.
- •Билет №15
- •1.М.Шаймарданованың авторлық тұжырымдамасы.
- •3.Оқыту әдістерінің жүйеленуі: ауызша әдістер.
- •Билет №16
- •2.Биологияны оқытудағы сабақтан тыс жұмыстар.
- •3.Оқыту әдістерінің жүйеленуі: көрнекі әдістер.
- •1.Боә даму тарихы
- •2. Дәстүрлі емес сабақтар: прессконференция, дөңгелек үстел, викториналық сабақтар
- •3. Биологияны оқытудағы мультимедиялық әдістер
- •1.Хх ғғ алғашқы жартысында биологияны оқыту әдістемесіне үлес қосқан ғалым-биологтар мен әдістемешілер
- •2. Биология пәнінен оқыту құралдары.
- •3. Оқытудың жаңа технологиясы.
- •1.Оқытудың Мангейм, Башаев жүйесі
- •Осы сабақтың бір тақырыпты басқа сабақтардың жүйесіндегі орны; сабақ мақсатының дұрыс қойылуы;
- •Сабақты ұйымдастыру:
- •Сабақтың мазмұны:
- •Сабақ өткізу әдістемесі:
- •5. Мұғалімнің сабақтағы қарым-қатынасы: үні, қарым-қатынас стилі, жеке оқушылармен және сыныппен қатынас мәнері.
- •6. Оқушылардың сабақтағы жұмысы мен тәртібі:
- •7. Сабақ бойынша жалпы қорытындысы.
- •Оқытудың Белл – Ланкастер жүйесі.
- •Сабаққа қойылатын жалпы дидактикалық және әдістемелік талаптар.
- •Дәстүрлі емес сабақтар: оқытудың ойын формасы.
- •Үлкен Гай Плини Секунданың жаратылыс тарихын оқыту әдістемесі туралы пікірлері.
- •Тест және тесттік білім тексеру.
- •Дәстүрлі емес сабақтар: шығармашылық сайыс сабағы.
- •1. В.Ф.Зуев оқытудың қандай әдістемелік проблемаларын шешті?
- •2.Биологияны оқытудағы білімді бағалаудың маңызы.
- •2.Биология сабақтарында оқушыларға гигиеналық тәрбие беру
- •3.Алғашқы биология сабағы, оны өткізу.
Билет №16
1.Кеңес үкіметі кезінде мектептерде оқытуды жетілдіру үшін қолданылған әдістер. Бұл кезеңде мектептерде оқытуды жетілдіру үшін жаңа, бұрынғыдан гөрі белсендірек әдістер *зертханалық* /Дальтон-план Е, Пракхерст пікірлері,Ағылшын/ және *жобаларәдісі* /Коллинкс пікірі,АҚШ/ бойынша оқыту ұсынылды. Зертх әдіс – оқушылардың оқу материалын өздігінен, тәжірибе арқылы дербес жолмен әр пінге бөлінген кез келген зертханада оқып үйренуән қамтиды. Бұл әдісті жүзеге асыру үшін, бақылаулар мен тәжірибелер жүргізу үшін тапсырмалар сипатталган жұмыс кітаптары басылып шығарылды. Жобалар әдісі Коллингстің пікірі бойынша оқушылар қандай да бір жұмысты таңдап жіне оның орындалу жобасын құра отырып оз беттерімен оқып уйренеді. Жобаға байланысты олар керек мәліметтерді өздері алды,есептеулер жасады және айғақты нәтиже алды. Кеңес мектерінде барлық білім беру жүйесінің мақсаты жан-жақты дамыған жеке тұлға тәрбилеу болды.
2.Биологияны оқытудағы сабақтан тыс жұмыстар.
Сабақтан тыс жұмыс-бұл топ бойынша немесе жекелей тапсырмалар бойынша курсты оқумен байланысты, ұстаздың практикалық жұмыстарды сабақтан тыс уақытта жүргізу үшін оқушыларды ұйымдастыру формасы.Сабақтан тыс жұмыстар тақырыпты оқығаннан соң да сол сабақтағы алған білімдерін тереңдету мен бекіту мақсатында сыныпта жүргізіле алады. Сабақтан тыс жұмысты орындау уақыты берілген тапсырма сипатына қарай, соған байланысты тәжірибелер мен бақылаулар жүргізу ұзақтығына байланысты әр түрлі болуы мүмкін. Сабақтан тыс жұмыстарға бағдарламада қарастырылған жазғы тапсырмалар да жатады. Сабақтан тыс жұмысты ұйымдастыру бірінші кезекте оқу сабақтарының кестесіне келмейтін, табиғат нысандарын ұзақ бақылау қажеттігінен туындайды. Бұл дегеніміз ұстаздың қандай да бір тәжірибе немесе бақылау уақытының ұзақтығына негіздеп, нақты сабаққа керек нәтиже алу үшін дер кезінде оқушыларды ұйымдастыруын талап етеді.
3.Оқыту әдістерінің жүйеленуі: көрнекі әдістер.
Көрнекі әдістер тобына тәжірибелер мен көрнекі құралдар көрсету, заттар мен өқбылыстарды табиги түрінде н/е көрнекі сурет түрінде /сызбанұсқа. Нобай, нақпішін,сурет/ көрсету жатады. Мұғалім сөзбен оқылатын нысанды бақылау, қарауды ұйымдастырады, ал оқушы, бақылай отырып, оны ұғынады, қорытындылар жасайды және осы жолмен білім игереді.
Билет №17
1.Боә даму тарихы
1. Биологияны оқыту әдістемесінің қалыптасуы сыртқы қоршаған орта жағдайын игерумен байланысты жаратылыс тарихы ғылымынан басталады. Табиғатты бақылау және практикалық білімдер, одан соң ботаника мен зоологияның дамуы - ғасырлар бойы жинақталған деректер нәтижесі болды.
Әдістеменің алғашқы элементтері тірі табиғатты оқып үйрену мақсаттарының мәнін түсіну үшін оқу практикасында, пәннің мазмұнын және оны оқу тәсілдерін таңдап алуда туды.
XVI-XVII ғасырларда негізге византиялық авторлардың шығармалары алынды. Көбінесе оларды аударулар мен қолдан-қолга бірнеше қайта көшірулер кезіндегі құнды материалдардың ғылымилығының толық , жойылуына себеп болды.
Жалпы алғанда мектептік білім беру, оның ішінде биологиялық білім беру Ф. Бэкон (1561-1621) негізін жасаған ғылыми танымының әдіснамасы әсерінен болды.
Жаратылыс тарихын оқыту әдістемесі римдік Үлкен Гай Плини Секунданың атақты еңбегінде айтылған. Онда нысандар тобына байланысты —-облыстарға бөлінеді. «Жаратылыс денелері» - минералдар (минералогия), өсімдіктер (ботаника) және жануарлар (зоология).
Жаратылыстану пән ретінде Рссейде алғаш рет XVIII ғасырдың соңында мектептерге енгізіле бастады. Жаратылыстану оқулығын алғаш құрастыруға Василий Федорович Зуев шақырылды.
Осы оқулығында В.Ф. Зуев жаратылыстану пәндерінің оқылу ретін мынадай тұрғыда анықтаған:
- қазбадағы патшалық (өлі табиғат);
- текке күнелтетін патшалық (ботаника); (Зуевтің кезеңінде өсімдіктер кыста «үсіп кететіндер» деп аталған).
- жануарлар патшалығы (зоология).
Алғаш рет ғылым мен мектептің оқу пәнінің айырмашылығы берілді және қарапайым оқу нысандарына әдістемелік таңдау жасалды.
XIX ғасырдың басында жаратылыс тарихы жөніндегі оқулықтарда тараулардың реті зерттеу құрылымдарын берді; «жаратылыс денесінің» жеке бөліктерге бөлшектенуі (анатомия), олардың санының сипатталуы, орналасу орындары мен сәйкестіктері (морфология).
Жаратылыс тарихының оқытылуында: дидактикалық революция жасаған А. Любен (1804-73) болды. Ол жаратылыс тарихын оқу мақсатын түжырымдады, яғни органикалық дүние жүйесін оқушылардың өздерінің ашуы. Сонымен коса Я.А. Коменский пікірі негізінде әдістемелік ұсыныстар құрастырды.
Ч.Дарвиннің (1809-1882) еңбектері жаратылыстың ғылыми танымы әдіснамасына түбегейлі өзгерістер әкелді. Дарвинизмнің әсерінен жаңа пәндер -экология мен генетика пайда болды, морфология. физиология және систематика эволюциялық мазмұндалды. XIX ғасырдың соңында цитология пайда болды, оның нысаны жасуша теориясымен «жасап шығарылды».
Жаратылыстанудың алғашқы әдістемесін 1840-шы жылдары Германияда мұғалім Август Любен жазды (1804 - 1873). А. Любен де тамаша чех педагогы Я. А. Коменский сияқты (1592 - 1670), жаратылыстануды оқу қарапайымнан күрделіге қарай, белгіліден белгісізге қарай, нақтылыдан жалпылыға карай, яғни индуктивтік жолмен жүзеге асырылуы керек деп есептеді. Любеннің пікірі бойынша ботаникада барлық мүмкіндіктер бар, олар: сезімді, әсіресе көзді өткірлендіруге, дұрыс ойлауды жаттықтыруда, табиғаттағы әсемдікке және жалпы әсемдікке деген сезімнің оянуына, «зерттеушілікке деген құлшынысының оянуы, және осыдан туындайтын өзбетілік құтқарушылық және өздігінен істеушілік».
А.Я. Герд (184Ы888) XIX ғасыр соңындағы жаратылыстанудың ірі әдістемешісі болып есептеледі, еңбектері жаратылыстанудың ғылыми әдістемесіне бастама салды. Александр Яковлевич Герд окыту мазмұны қазіргі ғылыми деңгейге сәйкес болып ғылыми дүниетаным тәрбиелеуі тиіс деп есептеді. А. Я. Герд мектептің оқу жоспарында пәндердің мынадай ретпен бөлінуін ұсынады: Бейорганикалық әлем;Өсімдіктер әлемі;Жануарлар әлемі;Адам;Жердің тарихы.
Сонымен XIX ғасырдың соңына қарай А.Я. Гердтің және тағы басқа ғалымдардың жұмыстарының нәтижесінде педагогикада ерекше ғылыми сала -жаратылыстануды оқыту әдістемесі айқын көріне бастады.
1853 жылы ботаникадан, зоологиядан және минерологиядан оқулықтар шығарылды.
Зоологиядан оқулықты Юлиан Иванович Симашко (1821 - 1893) жазды, онда жануарлардың ұсақ суреттерімен қоса берілген 400 тұкымдас және 2000-нан астам жануарлар түрлері сипатталды. Жануарлар систиматикасынан көп номенклатура келтірілгендіктен балалардың түсінуіне, оқуына аса қиын болып, оларды қызықтырмады.
XIX ғасырдың 60-шы жылдары Ресейде жаратылыстануды окыту біраз жақсарды. Ч. Дарвиннің пікірін алғашқылардың бірі болып насихаттаған - ғалым-ботаник, Петербор университетінің профессоры Андрей Николаевич Бекетов (1825-1902) және оның оқушысы Климент Аркадьевич Тимирязев (1843-1920) болды, олар жалпы ғылымды насихаттаушылар болып табылады.
2 А. Н. Бекетов эдістеменің ең маңызды проблемаларын атаған: өз бетімен ойлай алуьн тәрбиелеу; осы үрдістегі жаратылыстану пәнінің рөлі;
А.Н. Бекетовтың айтқандарының көпшілігі немістің жаратылыстанушы -педагогы, еңбектері Германияда XIX ғасырдың 30-40 жылдары жарық көрген Август Любеннің пікірлеріне сәйкес келеді (1804-1873). А.Н. Бекетовтың және басқа да ғалымдардың ықпалымен А Любеннің әдістемесі және оқулықтары алпысыншы жылдары Ресей мектептерінде кеңінен таралып жаратылыстануды оқыту әдістемесінде жаңа бағыт дамытып, Б.Е. Райков оны «любендік бағыт» деп атады.
1907 жылы Ресейде В.В. Половцовтың «Жаратылыстануды оқытудың жалпы әдістемесі» деген жаратылыстануды оқыту әдістемесінің алғашқы кітабы жарық көрді, онда автор әдістемеден тұтас білім жүйесін жазған.
Валериан Викторович Половцов өзінің әдістемесінде алғаш рет жаратылыстануды оқыту теориясына қатысты бірнеше ұрпак бойы жинақталған ғалымдар мен мұғалімдердің бай тәжірибесін топтап жинады, біраз әдістемелік ережелерді негіздеді және дамытты. Ол алғаш рет жаратылыстанушы - әдістемешілердің -зерттеу бағыттарын анықтайтын бірнеше мәселелерді көрсетті: ғылыми пән мен оқу пәнінің арасындағы айырмашылық жөнінде мектептегі оқытуда біртұтастық жөніндегі пікір, оқу пәніндегі болжамның рөлі жөнінде, зволюциялық теорияны оқып үйрену жөнінде, жұмыс мәселесіне қатысты сауаттылық, мұғалімді дайындау жүйесі жөніндс жаратылыстануды оқытатын мұғалім қандай болуы керектігі жөнінде және тағы басқа. Ғалым - ботаник ретінде В. В. Половцов табиғат құбылыстарын түсіндіруде материалистік ұстаным кажеттігін белсенді түрде жақтады.
