Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Методика.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
143.21 Кб
Скачать

1.В.В Полоцевтің әдістемелік еңбегі.

1907 жылы Ресейде полоцовтың "Жаратылыстануды оқытудың жалпы әдістемесі" деген жаратылстануды оқыту әдістемесінің алғашқы кітабы жарық көрді, онда автор әдістемеден тұтас білім жүйесін жазған. Ғалым бұл еңбегінде сарамндық сабақтар мен танымжорықтардың білім берудегі маңызын толық сипаттаған, және жаратылыстануды оқытуда "биологиялық әдісті" дамытты. Оқу пәнінің мазмұныны таңдап алуды Половцов 3 ұстанымды негізге алуды ұсынады. Формалар олардың атқаруларымен байланыста оқытылуы керек. Өсімдіктің немесе жануардың тіршілік қалпы олардың мекен ету ортасымен бірлікте оқытылуы қажет. Мектепте оқыту үшін биологиялық материады мол байлықта беретін ағзаларды таңдап алу керек. В.В.П өзінің әдістемесінде алғаш рет жаратылыстануды оқыту теориясына қатысты бірнеше ұрпақ бойы жинақталған ғалымдар мен мұғалімдердің бай тәжірибесін топтап жинады, біраз әдістемелік ережелерді негіздеді және дамытты.Ол алғаш рет жаратылыстанушы - әдістемешілердің зерттеу бағыттарын анықтайтын бірнеше мәселелерді көрсетті: ғылыми пән мен оқу пәнінің арасындағы айырмашылық жөнінде,мектептегі оқытуда біртұтастық жөніндегі пікір, оқу пәніндегі болжамның рөлі жөнінде, эволюциялық теорияны оқып үйрену жөнінде, жыныс мәселесіне қатысты сауаттылық мұғалімді дайындау жүйесі жаратылыстануды оқытатын мұғалім қандай болуы керектігі жөнінде және т.б.

2.Теория мен практиканың бірлігі, принципі.

Бұл при нциптің педаго-қ маңыздылығы сонда ,ол мектептің дамуының алғашқы күнініен басталады. Осы принцип қазіргі өндірістің ғылыми негізін ашудың заңды қажеттілігін анықтайды. Биологиялық білім берудің барлық компоненттері политехникалық сипатта болады. Мектеп биологиясында теория матеиалдың өндіріспен байланысын екі қырын ашып көрсетуге болады:бірншісі - тірі жүйелер пайдалынатын өндірістік үрдістердің сапасын көтерудің биолгиялық негіздерні ашу; екіншісі- тірі табиғатқа қазіргі кезеді өндірістің тиімді әсерлерін реттеу тәсілдерін сипаттау.Осы екуінің де еңбек жолына түсетін тұлғаның қалыптасуында политехникалық маңызы зор.

Биология әдістемесінде политехникалық мәселерерге үнемі басты назар аударылады және олар биологияның агрономиямен, зоотехниямен және табиғатты қорғаумен байланыстылығы анқ көрінеді. Бұл принцип мамандықты меңгеру үрдісі барысында оқушылардың ғылыми білімдерін еңбекте пайдалануға қатысты жөнінен белсенділік көрсетуді ұйғарады. Оқушылардың мектеп оқу-тәжірибе алаңындағы еңбегін ұйымдастыру жөнінен мол тәжірибесі негізінде мектеп орманшылығы негізінде балалардың оқу мен еңбегі арасында байланыс орнатудың нақты мазмұны және тәсілдерін тереңдету қажет. Осы кезде бір жағынан еңбекке дайындау үшін оқу тәрбие үрдісіне жалпы және мамандық үшін маңызды білім мен біліктілік қосылса, басқа жағынана - оқушыларға биологоиялық білімдерін нақты еңбек әрекетті жағдайында пайдалану мүмкіндігі жүзеге асырылады. Оқудағы практика мен теорияның бірлігі жалпыпланеталық құблыстар мен үрдістері және тікелей мектепке қатысты жағдайлар мен үрдістерді ашып көрсетуде байқалады.Осымен байланысты өлкетанушылық принцип мұғалімді тікелей жергілікті жердің материалын, табиғи нысандарды, эконмикалық, гигиеналық, адамгершілік, эстикалқ мәліметтерді т.с.с Оқушылардың биология ғылымынң негізгі мәселелерін түсіну үшін пайдалануға бағдарлайды.

3. Жекелеген оқыту әдістері: Проблемалық мазмұндау әдісі.

Жекелеген әдістерге: Түсіндірмелі-көрнекілік әдіс. Нұсқаушы ойғатүсіруші әдіс. зерттеушілік әдіс Проблемалқ мазмұндау әдіс

Проблемалқ мазмұндау әдісі. Проблемалық оқыту - дамытушы оқытудың бір түрі. Проблемалық тапсырмалар әртүрлі деңгейдегі қиындықта болуы мүмкін. Оны шешу барысында оқушылар жаңа білім игереді, ал оның нәтижесінде шығармашылық қабілеттер, жемісті ойлану , елестету, қиял танымдық матиивация қалыптасады.Әрбір тапсырманың өзінің іздеу аясы бар. Проблемалқ оқытудың сызба нұсқасын былай көрсетуге болады : ұстаз жағдаятқа байланысты, белгісзді іздеуге талпындыратын бағытталған проблемалқ тапсырманы қояды; болжам құру және тексеру негізінде қойылған проблеманы сезіну,шешу,нақты тапсырмаларды шешу үшін білімді қоладну. Проблемалық жағдаятты анықтап, ұстаз оны шешу жолының логикасын аашды, қарама -қайшылықтарды және оның туындау көздерін көрсетеді, сонан соң проблеманы шешудегі әрбір қадамды дәлелдейді.