- •1.Биологияны оқыту әдістемесі пәні , оның ғылыми негізі
- •2. Биологиядан көрнекі құралдар, олардың түрлері
- •3.Мектептегі биология курсы және тәрбие
- •4.Гигиеналық, жыныстық және дене тәрбие.
- •2. Биология кабинетін жасау және ұйымдастыру.
- •3.Биология пәнін оқытудағы тәрбие
- •1.Биология оқыту әдістемесінің ғылыми негіздері
- •2.Биологияны оқытудың материалдық базасы
- •3.Биология сабақтарының құрылымымен типтері
- •1.Мектепте биологиялық білім берудің ғылыми тұжырымдамасы
- •2.Дүниетанымды қалыптастырудағы тәрбие
- •3.Биология сабағының құрылымы
- •Биологияны оқыту әдістемесінің пайда болуы.
- •Биология кабинетінің оқу тәрбиелік,ғылыми әдістемелік рөлі.
- •1.Мектеп жаратылыстануы және оның әдістемелік бастауы.
- •2.Оқу тәжірибе алаңы (н.И.Верзилин нұсқасы).
- •3.Биологияны оқыту үрдісінде экологиялық тәрбие беру.
- •Мектеп жаратылыстануы әдістемесінің XIX ғ. Бергі дамуы
- •Сыныптан тыс жұмыстардың мазмұны және оны ұйымдастыру
- •3.Биологияны оқыту үрдісінде патриоттық тәрбие беру
- •1.Биологияны оқыту әдістемесінің Кеңес үкіметі кезіндегі дамуы
- •2.Тірі табиғат мүйісі
- •3.Биологияны оқыту үрдісіндегі салауатты өмір салтын қалыптастыруға тәрбиелеу
- •1.Биологияны оқыту әдістемесінің Қазақстандағы дамуы
- •2.Тірі табиғат мүйісінің оқушылыр үшін маңызы
- •3.Зертханалық және танымжорықтық сабақтары.
- •3.Жекелеген оқыту әдістері,оларға сипаттама
- •1.А.Любеннің жаратылыстанудың әдістемесіндегі пікірлері.
- •2.Оқыту, тәрбиелеу және дамыту принциптерінің біртұтастығы.
- •3.Жекелеген оқыту әдістері: түсіндірмелі-көрнекілік әдіс.
- •1.А.Я.Гердтің әдістемесінің негізгі қағидалары.
- •2.Дәстүрлі емес сабақтар: саяхат, ертегі сабақтары.
- •3.Жекелеген оқыту әдістері:нұсқаушы ойға түсіруші әдіс.
- •1. А.Н Бекетовтың оқыту үрдісі туралы пікірлері.
- •2. Мектеп пәнініде биолгиялық ұғымдарды дамыту.
- •1.В.В Полоцевтің әдістемелік еңбегі.
- •2.Теория мен практиканың бірлігі, принципі.
- •Билет №15
- •1.М.Шаймарданованың авторлық тұжырымдамасы.
- •3.Оқыту әдістерінің жүйеленуі: ауызша әдістер.
- •Билет №16
- •2.Биологияны оқытудағы сабақтан тыс жұмыстар.
- •3.Оқыту әдістерінің жүйеленуі: көрнекі әдістер.
- •1.Боә даму тарихы
- •2. Дәстүрлі емес сабақтар: прессконференция, дөңгелек үстел, викториналық сабақтар
- •3. Биологияны оқытудағы мультимедиялық әдістер
- •1.Хх ғғ алғашқы жартысында биологияны оқыту әдістемесіне үлес қосқан ғалым-биологтар мен әдістемешілер
- •2. Биология пәнінен оқыту құралдары.
- •3. Оқытудың жаңа технологиясы.
- •1.Оқытудың Мангейм, Башаев жүйесі
- •Осы сабақтың бір тақырыпты басқа сабақтардың жүйесіндегі орны; сабақ мақсатының дұрыс қойылуы;
- •Сабақты ұйымдастыру:
- •Сабақтың мазмұны:
- •Сабақ өткізу әдістемесі:
- •5. Мұғалімнің сабақтағы қарым-қатынасы: үні, қарым-қатынас стилі, жеке оқушылармен және сыныппен қатынас мәнері.
- •6. Оқушылардың сабақтағы жұмысы мен тәртібі:
- •7. Сабақ бойынша жалпы қорытындысы.
- •Оқытудың Белл – Ланкастер жүйесі.
- •Сабаққа қойылатын жалпы дидактикалық және әдістемелік талаптар.
- •Дәстүрлі емес сабақтар: оқытудың ойын формасы.
- •Үлкен Гай Плини Секунданың жаратылыс тарихын оқыту әдістемесі туралы пікірлері.
- •Тест және тесттік білім тексеру.
- •Дәстүрлі емес сабақтар: шығармашылық сайыс сабағы.
- •1. В.Ф.Зуев оқытудың қандай әдістемелік проблемаларын шешті?
- •2.Биологияны оқытудағы білімді бағалаудың маңызы.
- •2.Биология сабақтарында оқушыларға гигиеналық тәрбие беру
- •3.Алғашқы биология сабағы, оны өткізу.
2.Дәстүрлі емес сабақтар: саяхат, ертегі сабақтары.
Дәстүрлі емес сабақтар дегеніміз – сабақ құрылымын оқу-тәрбие үрдісінің мақсаттарына сай өзгертіп оқушының шығармашылықпен білім игеруінің субьектілік үлесін жоғарлататын оқыту формасы.
Саяхат сабақтарының ерекшеліктері биологиялық саяхатқа қатынасатын оқушылар санының көптігінде. Кейбір жағдайларда оқушылардың әртүрлі жануар, өсімдіктер аттарын сөйлеп, солардың кейіпінде болуы. Осындай сабақтар кезінде баланың ықыластылығы мен бақылғыштығы өз аймақтарының флорасы мен фаунасы жайлы білімдері жетіліп дамиды. Сабақтың осылай аталуының өзі жаңа білім игеруде оқушыны жаңа бір өлшемге, кеңістікке жетелейді. Саяхат барысында бұрын игерген білім, білік, дағдыларға сүйеніп дәстүрлі емес тапсырмаларды шешуде өз ойларын айқындай түседі.
3.Жекелеген оқыту әдістері:нұсқаушы ойға түсіруші әдіс.
Білімді қолдану тәсілдерін, жолдарын игеру үшін - нұсқаушы -ойға түсіруші (қайта жаңғыртушы) әдісті пайдалану қажет.
Нұсқаушы - ойға түсіруші әдіс. Бұл әдісті былай сипаттауға болады, мұғалім оқушыға оқу материалын қайталау жөнінде тапсырма береді (білім немесе әрекет), яғни, істелетін немесе орындалатын жұмыска нұсқау береді, ал оқушылар ойға түсіреді, яғни оларға жүктелген істі еске түсіреді, қайта жаңғыртады. Осы нұсқаушы - ойға түсіруші әдіс оқулықтағы сұрақтарға жауап беру, әңгімелеп айтып беру, тәжірибені қайталау сияқты жаттығулармен жүзеге асырылуы- мүмкін. Көбінесс оқулық мәтінін айтып беру басым болады.
Билет №13
1. А.Н Бекетовтың оқыту үрдісі туралы пікірлері.
А.Н Бекетовтың оқыту үрдісі жөнініде айтқандары назар аудартады. Оның пікірі бойынша, жаратылыстанудың білім берудегі басты маңызы,ол логикалық ойлауды дамытады және индуктивті, дәлеледі ойлауға үйретеді. Ғалым догматикалық оқытуға қарсы болды жаратылыстануды оқытуда ойлау қабілеті мен бақылағыштықты дамыту жөнініде қызықты ой пікірлер айтты. Ол: " Дедуктивтік оқыту оқушыларды білім мен дайын қорытындымен қанықтырады, бірақ тек естің жумыс істеуін ғана қамтамассыз ететіндіктен ойдың әрекетін туғыза алмайды" деген. Бекетов Индуктивті әдіс нағыз керек әдіс деп санаған. Сондықтан "жан -жақты және терең бақылау үшін бақылау мен салыстыруға тәжірибелі бақылаушының басқаруымен ұзақ уақыт жаттығу керек"
А.Н Бекетов әдіснеменің ең маңызды проблемаларын атаған:
- өз бетімен ойлай алуын тәрбиелеу
-осы үрдістегі жаратылыстану пәнінің рөлі
-бақылағыштықты дамытатын өзбетімен жұмыс істеу алуды дамыту.
Жаратылыстануды оқытуда А.Н Бекетов көрнекті құралды кеңінен пайдалану керектігін, оның ішінде тәжірибе қою ерекше екндігін айтқан. Өзінің ботаникадан мектеп оқулығында ол өсімдік физиолгоиясынан бірқатар тәжірибелерді жазып сипатап берген.
2. Мектеп пәнініде биолгиялық ұғымдарды дамыту.
Ұғым - заттардың жалпы елеулі белгіліері, нақты әлемнің құблыстары көрінетін адамның ойлауының формасы. Ұғымдарды игеру, есте сақтау мен ойлаудың әртүрлі операцияларын қосады. Адам ұғымдармен ойлайды.олар адамға дүниені тагнуға көмектеседі. Ұғым - шындықтың ойша нобайы. Ол тек нысандар мен үрдістердің сандығы бір көрінісі ғана емес, олардың оймен берілу үшін жүретін әрекет.
Ұғымдарды дамыту дегеніміз- шын мәнінде білімді бірте -бірте толықтыру мәселесін береді, олай болса оқытудың қандайда бір кезеңінде оқу пәніндегі ұғым мазмұнын кеңейтеді, тереңдетеді. Биологиялық ұғымдарды дамыту қарапайымнан күрделіге қарй немесе нақтыдан талданып қортылғанға абстарктылыққа қарай жүруі мүмкін.
Ұғымды дамыту - оқушыларды оқыту мен тәрбиелеудің жалпы үрдісінің негізгі қозғаушы күші. Ұғымның пайда болуы оқушылардың ойлануының дамуына негізделеді.Биолгия оқу пәні ретінде, логикалық ретпен дамып отыратын және өзара байланыста болатын ұғымдар жүйесі болып табылады. Бұл ұғымдар қарапайым және күрделі, аранайы және жалпыбиологиялық болуы мүмкін.
Жалпыбиолгиялыққа биологиялық заңдылықтар жөніндегі ұғымдар: ағзалардың жасушалық құрылысы,мүшелердің формасы мен функциясының байлансы, ағзалардағы зат және энергия айналымы , өзін -өзі реттеуі,өзін-өзі тудыруы,көбеюі, органикалық дүниеніңдамуы.
Мұалім ұғымды жетілдірудің барлық жолдарын, оның бір-біріне араласуы, қосылуы жағдайларын білуі керек. Жалпыбиолгиялық басты ұғымдарды ажыратып, олардың тақырыптан тақырыпқа, курстан курсқа қарай жылжуын бақылап отырған дұрыс. Мсалы: Жасуша туралы ұғым 6 сыныпта оқу курсының барлық тақырыптары арқылы өтеді. Жасуша жөніндегі тақырыптарда оқушылар жапырақты қарапайым құрылысымен танысып, жекелеген ұлпалар жөнінде мағлұматтар лаады. "Жемістер" және "Тұқым" тақырыптарында олардың түрлерімен,құрылыстарымен танысып қарапайым түсініктер алады. "Тамыр" тақырыбында құрылысы мен суды сору қызметң жөнініде мағлұмат алады, "Жапырақ" тақырыбында оның ішкі және сыртқы құрылысы жөнінде мағлұмат алады. Осы жерде ұстаздың міндеті ұғымдарды дамытуда жалпы өсімдіктерде қандай үрдістер жүретіндігі және байланысының қандай жағдайларын түсіндіру.
Ұғымдапрды дамыту үшін мұғәлім жаңа материалды түсіндіру барысында, әңгіме кезінде пән аралық байланысты қалыптастыру басты рөл атқарады.
Топырақ құрылысын оқығанда оқушылар олар география сабағынан неі білетіні туралы сұрау керек.
3. Жекелеген оқыту әдістері: Зерттеушілік әдіс.
Жекелеген әдістерге: Түсіндірмелі-көрнекілік әдіс. Нұсқаушы ойғатүсіруші әдіс. зерттеушілік әдіс. Проблемалқ мазмұндау әдіс
Зерттеушілік әдіс: Мәні - ұстаз өз зерттеушілік тұрғыда тапсырма құрады немесе біреудің құрастырған зерттеушілік тапсырмасын алып пайдаланады, ал оқушы оны шешу жолдарын іздестіреді. Осы жұмысты іздестіру үрдісі кезінде бала еріксіз шығармашылық әрекет қырларын танытады, яғни: дербестік, ойдың икемділігі ойлаудың дәстүрлі емістігі,болжамдар құру, көптеген жауп жолдарын, варианттарын табу білімді тасмалдау. т.б.
Зерттеушілік тапсырмалар көрнекі - бейнелі материалға негізделген мәтіндік, сызбалық, практикалық болуы мүмкін. Олра шағын және көлемді шешімдер болуы мүмкін. Кейде нұсқау бойынша беретін тапсырманы зерттеушілік тапсырма дейді. Ол дұрыс емес. Нұсқау шығармашылық ізденіске мүмкіндік бермейді.
Зерттеушілік нағыз шығармашылық сипатта жүретін әдіс.Оның шығармашылық тұрғыда болуының негізгі себебі баларда білімді игеру әрекеттүрлерімен жүзеге асырылып, оны әрқилы жағдайларда қолдана білуінде.
Билет №14
