- •1.Биологияны оқыту әдістемесі пәні , оның ғылыми негізі
- •2. Биологиядан көрнекі құралдар, олардың түрлері
- •3.Мектептегі биология курсы және тәрбие
- •4.Гигиеналық, жыныстық және дене тәрбие.
- •2. Биология кабинетін жасау және ұйымдастыру.
- •3.Биология пәнін оқытудағы тәрбие
- •1.Биология оқыту әдістемесінің ғылыми негіздері
- •2.Биологияны оқытудың материалдық базасы
- •3.Биология сабақтарының құрылымымен типтері
- •1.Мектепте биологиялық білім берудің ғылыми тұжырымдамасы
- •2.Дүниетанымды қалыптастырудағы тәрбие
- •3.Биология сабағының құрылымы
- •Биологияны оқыту әдістемесінің пайда болуы.
- •Биология кабинетінің оқу тәрбиелік,ғылыми әдістемелік рөлі.
- •1.Мектеп жаратылыстануы және оның әдістемелік бастауы.
- •2.Оқу тәжірибе алаңы (н.И.Верзилин нұсқасы).
- •3.Биологияны оқыту үрдісінде экологиялық тәрбие беру.
- •Мектеп жаратылыстануы әдістемесінің XIX ғ. Бергі дамуы
- •Сыныптан тыс жұмыстардың мазмұны және оны ұйымдастыру
- •3.Биологияны оқыту үрдісінде патриоттық тәрбие беру
- •1.Биологияны оқыту әдістемесінің Кеңес үкіметі кезіндегі дамуы
- •2.Тірі табиғат мүйісі
- •3.Биологияны оқыту үрдісіндегі салауатты өмір салтын қалыптастыруға тәрбиелеу
- •1.Биологияны оқыту әдістемесінің Қазақстандағы дамуы
- •2.Тірі табиғат мүйісінің оқушылыр үшін маңызы
- •3.Зертханалық және танымжорықтық сабақтары.
- •3.Жекелеген оқыту әдістері,оларға сипаттама
- •1.А.Любеннің жаратылыстанудың әдістемесіндегі пікірлері.
- •2.Оқыту, тәрбиелеу және дамыту принциптерінің біртұтастығы.
- •3.Жекелеген оқыту әдістері: түсіндірмелі-көрнекілік әдіс.
- •1.А.Я.Гердтің әдістемесінің негізгі қағидалары.
- •2.Дәстүрлі емес сабақтар: саяхат, ертегі сабақтары.
- •3.Жекелеген оқыту әдістері:нұсқаушы ойға түсіруші әдіс.
- •1. А.Н Бекетовтың оқыту үрдісі туралы пікірлері.
- •2. Мектеп пәнініде биолгиялық ұғымдарды дамыту.
- •1.В.В Полоцевтің әдістемелік еңбегі.
- •2.Теория мен практиканың бірлігі, принципі.
- •Билет №15
- •1.М.Шаймарданованың авторлық тұжырымдамасы.
- •3.Оқыту әдістерінің жүйеленуі: ауызша әдістер.
- •Билет №16
- •2.Биологияны оқытудағы сабақтан тыс жұмыстар.
- •3.Оқыту әдістерінің жүйеленуі: көрнекі әдістер.
- •1.Боә даму тарихы
- •2. Дәстүрлі емес сабақтар: прессконференция, дөңгелек үстел, викториналық сабақтар
- •3. Биологияны оқытудағы мультимедиялық әдістер
- •1.Хх ғғ алғашқы жартысында биологияны оқыту әдістемесіне үлес қосқан ғалым-биологтар мен әдістемешілер
- •2. Биология пәнінен оқыту құралдары.
- •3. Оқытудың жаңа технологиясы.
- •1.Оқытудың Мангейм, Башаев жүйесі
- •Осы сабақтың бір тақырыпты басқа сабақтардың жүйесіндегі орны; сабақ мақсатының дұрыс қойылуы;
- •Сабақты ұйымдастыру:
- •Сабақтың мазмұны:
- •Сабақ өткізу әдістемесі:
- •5. Мұғалімнің сабақтағы қарым-қатынасы: үні, қарым-қатынас стилі, жеке оқушылармен және сыныппен қатынас мәнері.
- •6. Оқушылардың сабақтағы жұмысы мен тәртібі:
- •7. Сабақ бойынша жалпы қорытындысы.
- •Оқытудың Белл – Ланкастер жүйесі.
- •Сабаққа қойылатын жалпы дидактикалық және әдістемелік талаптар.
- •Дәстүрлі емес сабақтар: оқытудың ойын формасы.
- •Үлкен Гай Плини Секунданың жаратылыс тарихын оқыту әдістемесі туралы пікірлері.
- •Тест және тесттік білім тексеру.
- •Дәстүрлі емес сабақтар: шығармашылық сайыс сабағы.
- •1. В.Ф.Зуев оқытудың қандай әдістемелік проблемаларын шешті?
- •2.Биологияны оқытудағы білімді бағалаудың маңызы.
- •2.Биология сабақтарында оқушыларға гигиеналық тәрбие беру
- •3.Алғашқы биология сабағы, оны өткізу.
3.Жекелеген оқыту әдістері,оларға сипаттама
Жекелеген оқыту әдістері .Түсіндірмелі көрнекілік әдіс, бұл-дайын ақпаратты хабарлау, яғни плакаттар көрсету, сызбанұсқалар, слайдтар, тәжірибелер көрсету, жазылған құстар дауыстарын тыңдату. Мұғалім дайын ақпаратты әртүрлі формада, әр түрлі жолмен береді. Осы кездерде оқушылар дайынды қабылдайды, оны бұрынғы белгілермен қатынастырады, ұғынады, есте сақтайды да сұраған кезде естігендерін қайталайды, танысты еске түсіреді.Нұсқаушы-ойға түсіруші әдіс, мұғалім оқушыға оқу материялын қайталау жөнінде тапсырма береді, яғни істелетін немесе орындалатын жұмысқа нұсқау береді, ал оқушылар ойға түсіреді, яғни оларға жүктелінген істі еске түсіреді, қайта жаңғыртады. Демеу ізденушілік әдіс немесе эвристикалық әдіс , бұл әдісте ұстаз проблемалық жағдаят тудырады, эвристикалық әдістің мәні сол, онда мұғалім өзінің кішкене демеуімен, көмегімен іздеу аясын қысқартады немесе проблемалығын сақтай отырып тапсырманы ұсақ тапсырмаларға бөлшектеп, соңғы нәтижеге оқушының қадамдап жылжып, жақындауын жеңілдетеді. Соңғы нәтижеге жетуді ұсына отырып ұстаз оқушыны ішінара шешім табуға кірістіреді. Зерттеушілік әдістің мәні-ұстаз өзі зерттеушілік тұрғыда тапсырма құрады немесе біреудің құрастырған зерттеушілік тапсырмасын алып пайдаланады, ал оқушы оны шешу жолдарын іздестіреді. Осы шешімді іздестіру үрдісі кезінде бала еріксіз шығармашылық әрекет қырларын танытады, яғни дербестік, ойдың икемділігі, болжамдар құру, көптеген жауап жолдарын, варианттарын табу т.б. Проблемалық мазмұндау әдісі-проблемалық оқыту дамытушы оқытудың бір түрі. Проблемалық тапсырмалар әр түрлі деңгейдегі қиындықта болуы мүмкін. Оны шешу барысында оқушылар жаңа білім игереді, ал оның нәтижесінде шығармашылық қабілеттер, жемісті ойлану, елестету, қиял қалыптасады. Әрбір тапсырманың өзінің іздеу аясы бар. Проблемалық оқытудың сызбанұсқасын былай көрсетуге болады: ұстаз жағдаятқа байланысты, белгісізді іздеуге талпындыратын бағытталған проблемалық тапсырманы қояды, болжам құру және оны тексеру негізінде қойылған проблеманы сезіну, шешу, нақты тапсырмаларды шешу үшін білімді қолдану.
Билет №11
1.А.Любеннің жаратылыстанудың әдістемесіндегі пікірлері.
Жаратылыстанудың алғашқы әдістемесін 1840-шы жылдары Германияда мұғалім Август Любен жазды (1804 - 1873). А. Любен де тамаша чех педагогы М А. Коменский сияқты (1592 - 1670), жаратылыстануды оқу-қарапайымнан күрделіге қарай, белгіліден белгісізге қарай, нақтылыдан жалпылыға карай, яғни индуктивтік жолмен жүзеге асырылуы керек деп есептеді.
Өзінің әдістемесінде ол оқуда мына мәселелерге көңіл аударуды ұсынады: - өсімдіктер флорасына қатысты танымда олардың көптүрлілігіне - осы көптүрліліктің негізінде жатқан бірлікті тану; өсімдіктер тіршілігін танып білу; өсімдіктер формаларының тіршілігін және көптүрлілігін тудыратын заттар мен күштерді танып білу.
Любеннің пікірі бойынша ботаникада барлық мүмкіндіктер бар, олар: сезімді, әсіресе көзді өткірлендіруге, дұрыс ойлауды жаттықтыруда, табиғаттағы әсемдікке және жалпы әсемдікке деген сезімнің оянуына, зерттеушілікке деген құлшынысының оянуы және осыдан туындайтын өзбеттілік құтқарушылық және өздігінен істеушілік». А.Любен жаратылыс тарихын оқытудың . пайдалы екенін жазды.
Жаратылыстануды оқытуды дұрыс жолға қоюдың тәрбиелік әсерінің зор екендігін атап көрсетті. Жаратылыстануды оқытуда мектепте және танымжорықтарда өздік (дербес) жұмыстардың маңызы зор деп санап оны бірінші орынға қойды, балалардың зерттеушілік дағдыларын дамыту қажеттігін айтты. Любеннің әдісі бойынша әуелі оқушылар жергілікті табиғаттан тандап алынған органикалық әлемнің жекелеген өкілдерімен танысады. Қазақстанда биологиялық білім берудің міндеттерін шешуде алғаш рет еліміздің аймағының этнолингвистикалық және экологиялық-географиялык жағдайларын ескеріп, оқушыларда натуралистік рефлексия тудыруға мүмкіндік жасайтындай тиімді әдістемелік жағдай жасайтын бірінғай биологиялық білім беру тұжырымдамасы (концепция) қажет болды.
