Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Методика.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
143.21 Кб
Скачать

2.Тірі табиғат мүйісінің оқушылыр үшін маңызы

Оқушыларға тірі және өлі табиғат элементтерін қатар оқытып үйрету қоршаған биосферамен комплексті танысуға,өсімдіктер мен жануарлар әлемінің арасындағы және олардың мекен ету ортасымен күрделі қарым-қатынастарын табуға мүмкіндік береді.Жазғы демалыс лагеріндегі,оқушылар сарайындағы,денсаулық сақтау орындарындағы,үйдегі және тірі мүйістердегі жүргізілетін жұмыстар ең алдымен баланы әржақты және өз бетінше еңбек етуге үйретеді,олардың тірі табиғатқа ықыласы мен сүйішпеншілігі дағдыландырады,бағыныштығын дамытады.Мүйістегі жұмыс оқушылырдың зерттеушілік әрекетінің ең бастапқы сатысы болуы мүмкін,олардың айтылған пәндерге әуестігі бойынша айрықша ішкі қызығушылығының пайда болуына,оның келесі сипаттамаларындағы дарындылық пен бейімділіктерін айқындауға көмектеседі. Кез - келген мектепте тірі табиғаг мүйісінің болуы оқушылардың мәдениетіне өсімдік дамуларына және оқу-тәрбие үрдісінің міндеттерін шешуде ықпалы зор.

3.Зертханалық және танымжорықтық сабақтары.

Зертханалық сабақ -бұл да негізінен жаңа материал өтілетін сабақ түрі. Басқа сабақ түрлерінен біраз айырмашылығы бар.Зертханалық сабақта пәндік көрнекілік пайдаланылады, уақыттың көп бөлігін оқушылардың биологиялық нысандарымен жұмысы алады (бақылау, тәжірибе). Зертханалық сабақтар кезінде окушылардың практикалық және интеллектуалдық біліктігі әсіресе пәрменді қалыптасады, өйткені олар табиғи нысандармен немесе олардың нобайларымен жұмыс үрдісі кезінде пәндік талдау, құрау және тұжырым жасайды. Зертханалық сабақтың тиімділігі көпшілік жағдайда жаңа білім игеруде және біліктілікті қалыптастыруда оқушылардың жоғары белсенділігін қамтамасыз ететін дербестік дәрежесіне, ұстаздың балалардың танымдық әрекетін шебер басқаруына байланысты. Зертханалық сабақ әдістемесінің өзіне тән біраз ерекшеліктері бар. Ол негізінде тақырыбы, мақсаты және жұмыс мазмұны анықталатын кіріспе әңгімеден басталады. Мұғалім балаларды тапсырмалармен таныстырады, оқу әрекетін ұйымдастыруға көмектеседі, бақылаулар мен тәжірибелердің мақсаты бағытталуын қамтамасыз етеді, жұмысты орындау және нәтижелерді дайындау ретін бакылап оларды талдайды. Зертханалық сабақтың табысты болуы тақтада немесе қиықшада (карточкада) жазылаттын тапсырманың анықтығына, нақты-лығына байланысты. Онда жұмыстың жүргізілу әдістері мен кезеңдерінің реті көрсетіледі. Сұрақтарды қою арқылы оқушылардың тапсырманы түсінгендігі тексеріледі. Танымжорық сабақ - білім беруде және тәрбиеде маңызы зор сабақ түрі болып есептеледі. Пән ретінде биология оқушыларды тірі табиғаттың әртүрлілігі жөніндегі біліммен қаруландыруы қажет, сондықтан осы қиын міндетті шешуде тірі нысанды, олардың табиғи айналасында, тіршілік орнында таныстырусыз мүмкін емес. Сол себепті ұстаз биология пәніндегі оқу-тәрбие үрдісінің маңызды формасының бірі - танымжорықты пайдаланады. Танымжорықтар окушыларды мектептегіден басқа жағдайда, ерекше таным әрекеті кезінде тәрбиелейді. Мектеп танымжорығы - мектептен тыс бір нысаннан келесісіне, олардың табиғи ортасында немесе қолдан жасалған жағдайда, бағдарламамен байланысты тақырып бойынша және мұғалімнің таңдауымен, танымдық мақсатпен жылжып отыру арқылы сыныппен немесе бір топ оқушылармен жүргзілетін оқу-тәрбие жұмысының формасы. Табиғатқа танымжорыкқа шыкқанда оқушылар әртүрлі биологиялық нысандармен танысып, нақты түсініктері байи түседі, сыныптағы сабақтан алған тірі табиғат жөніндегі білімдері кеңейіп, тереңдей түседі. Тұрған жерін, табиғаттағы күрделі байланысты анықтауға, табиғаттағы аусымдық жағдайды оқып білуге жағдай осы танымжорық кезінде тудырылады. Балалар мұғалімнің тапсырмасы бойынша табиғи нысандарды табуды, табиғат құбылыстарын салыстыруды үйреніп натуралистік дағды игере бастайды. Танымжорықтың тәрбиелік мәні де зор. Табиғи нысандарды тіке табиғат ортасында бақылау сезімді оятады. Әсемдік, имандылық тәрбиеде, оқушылардың табиғаттың сұлулығы үйлесіміне шаттануы және әсерленуіне, табиғатты корғау кажеттігіне көзде жеткізуде танымжорыктардың маңызы зор екендігі күмән туғьзбайды. Әй де, сабақтың баска түріне зияны тиетіндей дәрежеде танымжорықтарды аса өткізуге болмайды, өйткені тек танымжорықтар арқылы оқушыларды білім жүйесімен қаруландыру мүмкін емес.

Билет №10

1.В.Ф.Зуев Ресейде биологияны оқыту әдістемесінің негізін салушы. Жаратылыстану пән ретінде Ресейде алғаш рет ХҮПІ ғасырдың соңында мектептерге енгізіле бастады. Жаратылыстану оқулығында алғаш қүрастыруға Василий Федорович Зуев шақырылды. Осы оқулығында В.Ф. Зуев жаратылыстану пәндерінің оқылу ретін мынадай түрғыда аныктаған:

- қазбадағы патшалык (өлі табиғат);

- текке күнелтетін патшалық (ботаника); (Зуевтің кезеңінде өсімдіктер қыста «үсіп кететіндер» деп аталған).

- жануарлар патшалығы (зоология). В. Ф. Зуевтің осы оқулығы жаратылыстанудың пән ретінде басталуы болды. Ол жекелеген өсімдіктер мен жануарлардың сипаттамасын берді, олардың биологиясы, және адамның пайдалануы айтылды. Өсімдіктердің жа.сушалық» құрылысы туралы да айтылады. Оқулыктың осындай мазмұны жаратылыстануға деген қызығушылық тудырды және кең практиқалық мәліметтер берді. Оқулықта көптеген деректік материалдар келтірілген, онда 148 өсімдік және 157 омыртқалы жануарлар сипатталған, систематикаға жалпы еліктеусіз және қарапайым тілмен жазылғандықтан оқуға жеңіл болды.

Окулықта құдай туралы бір де сөз айтылмайды, діндарлық және фантастикалық жануарлар сипатталмайды. «Дене кұрьілысы бойынша адам баска аңдар сияқты жануар...» деп те В. Ф. Зуевтың жазғаны бар.

Сөйтіп алғаш рет ғылым мен мектептің оқу пәнінің айырмашылығы берілді және қарапайым оқу нысандарына әдістемелік таңдау жасалды.

В.Ф. Зуев жаратылыс тарихы оқытылуының практикалық мәселелерін шеше отырып, әдістеменің бірқатар проблемаларын айқындап берді: ҒЪІЛЫМ мен оқу пәнінің өзара байланысы; мазмұнның ғылымилылығы; Оқу пәнінің құрылымы (қарапайымнан курделіге қарай, өлі табиғаттан өсімдіктерге дейін, онан соң жануарлар мен адамды оқуға); оқылатын нысанның монографиялық сипатталуьі; оқытудағы көрнекілік пен табиғи заттардың рөлі; оқытылатын материалға деген қызығушылыктың дамытылуы; ғылыми - жаратылыстык білімнің практикалык маңызы (оқудың өмірмен БАЙЛАНЫСТЫ); Орта және жоғарғы мектептегі оқыту әдістемесінің өзара байланысы. Сонымен академик В. Ф. Зуев Ресейде биологияны оқытудың әдістемесіне бастама салды және шын мәнінде оның негізін салушы болып есептеледі.

2.Биологиядан сыныптан тыс жұмыстардың маңызы,формалары мен түрлері. Биологиядан сыныптан тыс жұмыс сабақтан тыс уакытта ұйымдастырылып, негізінен тек биологияға қызығушылық танытатын оқушыларды ғана қамтиды. Сыныптан тыс жұмыстың мазмұны оқу (бағдарламасы шеңберімен шектелмей, одан кең көлемді қамтып, көбінесе биология пәні ұстазының әсерімен болатын оқушылардың қызығушылығымен анықталады. Биологиялық сыныптан тыс жұмыстан сабақтан тыс, бірақ мектептен тыс мекемелер (жас натуралистер стансасы, үкіметтік емес ұйымдар шаралары, оқушылар сарайы т.с.с.) өткізетін жұмыстарды ажырата білу керек. Мектептен тыс мекемелер үшін сабақтың арнайы бағдарламасы шығарылады. Бақыланатын құбылыстардың нақтылығы, бақыланғанды қысқаша жазып алу қажеттілігі, тиісті қорытынды жасау, сонан соң сол туралы сабақта немесе үйірме отырысы кезінде әңгімелеу - осының бәрі оқушының ойлауының, бакылағыштығының дамуына себін тигізіп, бұрын олар көңіл қоймай жүрген мәселелеріне де көңіл аударуларына себеп болады. Биологиядан жүретін сыныптан тыс жұмыстар тек бақылаулар және тәжірибелермен ғана шектеліп қоймайды. Онда көрнекі құралдар даярлау, биологиялык олимпиада, көрмелер, қабырға газеттерін шығару, табиғатта қорғауда қоғамдық пайдалы жұмыстар т.б. елеулі орын алады.

Топтық эпизодтық жұмыс әдетте жаппай мектептік шараларға дайындық және оны өткізу, мысалы: «Құстар күні», «Денсаулық аптасы» т.б. кезінде ұйымдастырылады. Осы жұмысты жүзеге асыру үшін мұғалім, биологияға қызығатын оқушылар тобын таңдап алып оларға қажетті материал табуды, қабырға газетін шығаруды, баяндама, көркемөнер ұйымдастыруды т.б.тапсырады.Сыныптан тыс жұмыстардың негізгі бағыттары әртүрлі болады. Биологиядан сыныптан тыс жұмыстың нәтижесі көбінесе оның мазмұны мен ұйымдастырылуына байланысты. Сыныптан тыс жұмыс оқушыларда қызығушылық тудырып, оларды әртүрлілігімен тартуы тиіс. Осылай болуы, оны мектепте оқылатын биология пәндерінің қосымша сабағы ретінде, сыныптағы сабақ, зертханалық т.б. сабақтар сияқты өткізбеуге байланысты. Биологиядан сыныптан тыс жұмыс белгілі бір дәрежеде оқушылар үшін міндетті оқу сабақтарынан бір демалыс ретінде болуы керек.Жалпы орта мектептердегі биологиядан сыныптан тыс жұмыстардан жинақталған тәжірибенің көрсеткеніндей негізінен ұстаздың жетекшілігімен жүргізілетін дербестік, өз бетімен практикалық сипаты басым оқушылар жұмысынан тұруы тиіс, олар: дербес бақылаулар мен тәжірибелер, дене еңбегі, анықтамалармен, ғылыми-көпшілік әдебиеттерімен, журналдармен жұмыс. Биологиядан сыныптан тыс жұмыстардың негізгі мазмұнын қоршаған тірі табиғатпен, орман шаруашылығының, ауыл шаруашылығының әртүрлі салаларымен, оқушылардың коғамдық пайдалы еңбегімен, табиғатты қорғау, табиғатты қорғау мәселелерін тұрғындарға насихаттау, көрнекі құралдарды дайындау сияқты мәселелермен байланыстырған тиімді болады. Өсімдіктер әлемін оқытумен байланысты мектеп практикасында кең таралған сыныптан тыс жаппай жұмыстар ішіндс әсіресе биологиялық мазмұндағы ғылыми-танымдық кештерді айтуға болады.

Ботаникалық кештер. Практика көрсеткендей 5-6 сынып оқушыларымен бір оқу жылында ботаникалық мазмұндағы екі-үш кеш өткізуге болады. Олардың білім берудегі және тәрбиелеудегі тиімділігі келесі жағдайлармен аныкталады. Өсімдіктер әлемін оқытумен байланысты ғылыми-танымдық кештерді мектептің натуралистік жұмысының жалпы жүйесінің маңызды бір бөлігі деп жоспарлап, оны басқа жұмыстар түрлері және формаларымен бірлікте жүргізу керек. Осы кештердің ұйымдастырылуы мен мазмұны биологияны оқытуда оқушылар қызығушылығын арттыруға ықпал етуі керек. Кештердің тақырыптары мен оларды оқыту әдістері көптүрлі, бірақ барлық жағдайда олар биологияны оқытудың оқу-тәрбие міндеттерін, оқушылардың қызығушылықтары мен мүмкіндіктерін, сонымен қатар мектептің табиғи және өнеркәсіптік айналасын ескеруі тиіс.