Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Методика.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
143.21 Кб
Скачать

Билет №1

1.Биологияны оқыту әдістемесі пәні , оның ғылыми негізі

БОӘ пән ретінде мектеп, гимназия, колледждердің биолог оқытушылары мен ұстаздарын дайындауда аса маңызды болып есептелінеді. Әдістеменің міндеттері- әдіснама көмегімен жасалған теориялық жағдайларды практикалық әрекеттер түріне айналдыру.

БОӘ – пән ерекшеліктеріне негізделген, оқыту мен тәрбиелеу үрдісі элементтерінің жиынтығын беретін ғылым. Әдістеме – педагогикалық ғылым, сондықтан ол әлеуметтеік сұраныс және педагогикамен анықталған жалпы білім беру мен тәрбиелеудің мақсат , міндетттеріне сәйкес құралады. Әдістеме оқушыларға жақсы да саналы түрде білім игерудің және оны өмірде дұрыс пайдалана алу біліктілігінің тиімді тәсілдері мен құралдарын көрсетеді. Әдістемеге мыналар жатады: 1.Оқу пәнінің мазмұны(оқу нысанын таңдап алу, оның жүйесі және құрылуы); 2.Оқыту мен тәрбиелеудің әдістері мен формалары(бұл элементтер бірлікте болып оқушылардың жас ерекшеліктеріне сәйкес бір-біріне себепші болады) 3.Әдістеме оқу жұмысының құралын анықтайды.

Биология – тірі табиғат жөніндегі білім. Тірі табиғатты оқытатын биология пәні оқытудың өзіндік әдістері және формаларымен ерекшелінеді. Биология курсында нақты нысандар: өсімдіктер, жануарлар, адам және тірі табиғаттың күрделі құбылыстары оқытылады, сондықтан оқу-тәрбие жұмыстарының да танымжорықтар, зертханалық жұмыстар, сабақтан тыс, сыныптан тыс жұмыстар сияқты ерекше формаларталап етіледі және арнайы көрнекі оқу құралдары, сонымен қатар сарамандық , дербес іздену жұмыстары басым болатын оқыту әдістерін талап етеді.

2. Биологиядан көрнекі құралдар, олардың түрлері

Оқыту құралдары –оөыту міндеттері мен мақсаттарына сәйкес оқыту әрекетінің пәрменділігінің көтеріліуне әсер ететін әртүрлі заттар, құбылыстар, деректер және оқытушы бағдарламалар. Оқыту құралдары 3 түрге бөлінеді:

1.Табиғи немесе нақты нысандар – оқушылар тікелей сабақ үстінде н/е топсеруен кезінде пайдаланатын және қарым –қатынаста болатын микропрепарттар, тірі н/е сақталатын ағзалар, кіші н/е үлкен және ағзадан жоғары биологиялық жүйелер (орман, көл, т.б.). Оқылатын нысандардың нақты қасиеттері тек қана көру арқылы ғана емес, иіс сезім, дәм және сипап сезу мүшелеріменде қабылдана алады.

2.Нақты нысандар мен үрдістерді алмастырушы көрнекі (суретті) белгілерге сурет салынған кестелер мысалға, жасуша құрылысы, ағзалар, экожүйелер, заттар айналымы жөніндегі суреттер жатады. Осыған сызбанұсқалар, фотосуреттер , үрдістер мен нысандардың материалданған нобайларыы, мысалы, ДНК нобайы, қазба жануарлардыің нақпішіндері жатады. Көрнекіліктің ерекше тобы болып компьютерлік мультимедиялық оқыту құралдары есепетеледі.

3.Сөздік н/е вербальды құралдар – олар кітаптар, оның ішінде оқулық, мұғалімнің сөзі, кино немесе теле көрсетілімдерді түсіндіретін дикторлық мәтін, компьютермен жұмыс істеуді қамтамасыз ететін бағдарламалық құралдар (бейнекадрлар, нобайлар, жетістікті тексеруге және бақылауға арналған бағдарламалар) тестілержәне жұмыс дәптерлері.

Биологияны көрнекіліксіз оқыту қиын. Биологияда көрнекі құралдар сипаты мен маңызына қарай 2 топқа бөледі:1) Негізгі құралдардың ішінде нақты(табиғи), суретті және сөздік құралдар. 2) Көмекші құралдар ішінде оқытудың техникалық құралдары ОТҚ, зертханалық құралдар ЗҚ.

Биологияда табиғи құралдар тірі және тірі емес(препаратталған) болып бөлінеді. Суретті құралдарды салынған (жазықты) және көлемді деп 2-г бөледі.Табиғи құралдар: гербарийлер, аквариумдағы, террариумдағы және тордағы жануарлар, ылғалды препараттар, микропрепараттар, коллекциялар, омыртқалы жануарлардың қаңқалары, олардың бөлшектері, тұлыптар.

Бейнелі құралдар: көлемді нақпішіндер мен нобайлар, салынған немесе құрастырылған таблицалар, геогрефиялық карталар, ғалымдар портреттері, дидактикалық тартпа материалдар.