- •1. Ғылымның тарихы мен философиясының пәнін баяндаңыз.
- •2.«Ғылым» ұғымы, анықтамасы және мәселелері туралы баяндаңыз.
- •3.Ғылымның: білім жүйесі, қоғамдық сананың формасы, әлеуметтік институт және өндіргіш күш ретіндегістатустарын ашып көрсетіңіз.
- •4.Ғылым туралы сциентистік және антисциентистік көзқарастарды негіздеңіз.
- •5.Ғылым философиясының негізгі концепциялары. Интернализм және экстернализм. А.Койре, Дж.Бернал концепцияларын баяндаңыз.
- •9.Қарапайым және ғылыми сана түрлерін сипаттап, мысалдар келтіріңіз.
- •11.Ғылым дамуындағы философияның рөлін анықтаңыз.
- •12.Ғылымның қызметтерін атап, мысалдар келтіріңіз.
- •15.Ғылымның әлеуметті реттеушілік қызметіне мысалдар келтіріңіз.
- •16.Ғылым – рационалды басқару факторы және шарты екенін негіздеңіз.
- •17.Білім беру үрдісінің негізгі құрамдас бөліктерін қалыптастырудағы ғылымның рөлін негіздеңіз
- •18.Классикаға дейінгі ғылым негіздері туралы баяндаңыз: Ежелгі Мысыр, Бабыл, Қытай,Үндідегі математика, астрономия, медицина.
- •19.Антика ғылымын үш ғылыми-зерттеушілік бағдарлама тұрғысынан баяндаңыз: платондық-пифагорлық, атомистік, аристотельдік.
- •20.Метафизиканың ғылымдағы эвристикалық рөлін ашып көрсетіңіз.
- •22.Антикалық математиканың даму барысын баяндаңыз.
- •23.Антикалық астрономияныңдаму барысын баяндаңыз.
- •25.Ортағасырлық Батыстағы ғылыми танымның қалыптасу барысын баяндаңыз.
- •28.Қайта Өркендеу ғылымының мұраттарын негіздеңіз: Коперник.Кеплер.Галилей.Табиғаттың математикалық сипаттары.
- •30.Классикалық ғылымның негізгі парадигмалары туралы баяндаңыз.
- •31.Декарттың «күмәндану» принципін түсіндіріңіз.
- •32.И.Канттың «Сыни кезеңге дейінгі» шығармашылығын сипаттаңыз.
- •33.И. Ньютон - классикалық ғылымның негізін қалаушы екендігін негіздеңіз.
- •35.Ғылыми білім қозғалысының кумулятивтік үлгісі туралы баяндаңыз.
- •38.Вена үйірмесі - р Карнап туралы сараптама жасаңыз.
- •40.Т.Кунның: ғылымның дамуы, парадигмалардың ауысуы туралы пікірін зерделеңіз.
- •41.П.Фейерабендтің «эпистемологиялық анархизмі» және оның ғылым тарихын рационалды реконструкциялау мүмкіндігін терістеуі туралы сараптаңыз.
- •42.М.Поланидің «көрінбейтін білім» концепциясы туралы талдаңыз.
- •43.К.Поппердің эволюциялық эпистемологиясы және фальсификация принципі туралы талдаңыз.
- •44.И.Лакатостың ғылымның зерттеу бағыты туралы концепциясы туралы сипаттаңыз.
- •46.Ғылым дамуының постпозитивистік, постклассикалық емес кезеңдерінің негізгі концепциялары мен бағыттары туралы түйіндеңіз.
- •47.Ғылыми бейненің өзгеруі. Дүниенің классикалық, релятивистік және кванттық бейнелерінің арақатынасын түсіндіріңіз.
- •48.Жаратылыстану және гуманитарлық ғылымдар арасының жақындай түсуі -постбейклассикалық кезеңнің басты сипаты екенін негіздеңіз.
- •51.Ғылыми білімнің құрылымы және деңгейлерін анықтаңыз
- •52.Ғылыми білімнің ерекшелігін түйіндеңіз
- •56.Теориялық танымның құрылымы: мәселе, гипотеза, теорияны талдаңыз
- •57.Ғылыми теорияның критерийлерін сипаттаңыз
11.Ғылым дамуындағы философияның рөлін анықтаңыз.
Ғылым дегеніміз - заттардың, құбылыстар мен процесстердің ішкі болмысын, табиғатын ашып көрсететін, олардың даму заңдылықтарын, байланыстарын ашып, даралап тұжырымдайтын шынайы ақиқат, жүйеленген, қисынға келтірілген білім және объективті шындық. Табиғат пен қоғамның объективі, адам санасынан тәуелсіз заңдарын ашу - ғылымның негізгі мақсаты. Ғылым - тарихи- заттық және рухани дүниенің объективті заңдарын ашу және қарастырып отырған құбылыстарды, процестерді солардың негізінде түсіндіріп, жаңа бағыттар мен бағдарларын болжай білу құралы.Ғылымды математикаландыру, ғылым мен техниканың дамуында есептеу техникасы мен информатиканы кеңінен қолдану, адам қызметінің көптеген саласына компьютерлік техниканың еркін енуі қазіргі ғылым ерекшеліктерінің бірі. Ғылымға енетін қағидалар дәлелденген және негізделген болуы керек. Күмән туғызатындар ғылым аясынан шығарылып тасталды. Сондықтан ғылым теориялардың ашық жүйесі болғандықтан, оған ғылыми прогресс барысында үнемі жаңа теориялар еніп отырады. Қазіргі дәуір - қоғам өмірінің барлық салаларын қамтитын ұлы өзгерістер кезеңі. Ғылымды - қоғамдық өндіріс қажеттеріне, ал өндіріс ғылымға қарай батыл бұру қажет. Ендеше, ғылым мен өндірістің бір-бірімен қабысуы мен бірігуі, ғылымның тікелей өндіргіш күшке айналуы - қазіргі ғылымның ерекшелігінің бірі.Ғылымның техникамен және өндіріспен байланыстыратын қажетті буын - қолданбалы зерттеулер мен технологиялық ізденістер. Олардың міндеті ғылым ашқан жаңа заңдар мен идеяларды қоғамдық өндірісте қолданудың ең қысқа және ұтымды да тиімді жолдарын іздестіру. Қазіргі ғылыми-техникалық прогрессті жеделдету жағдайында іргелі және қолданбалы зерттеулер арасындағы байланысты анықтау ғылыми жұмысты тиімді жоспарлау мен ұйымдастырудың қажетті шарты болып отыр. Ғылыми жетістіктер негізінде жаңа техника мен технология жасалып, содан кейін олар өндірісте қолданылды. Ғылым тарихы мен философиясы ғылыми білімнің тарихи дамуы, құрылым мен өзгешелігі, ғылыми танымның жалпы заңдылығы мен ғылыми білімнің эволюциясы туралы сұрақтарды зерттейді. Имре Лакатос айтқандай: «Ғылым тарихы ғылым философиясыз «соқыр», ал ғылым философиясы ғылым тарихысыз «бос»»; әлде Томас Кунның пікірінше, ғылым философиясың ғылымға жақындату үшін оның тарихына назар аудару қажет. Ғылымның тарихы мен философиясы тығыз байланысты. Ғылым философиясының тарихын өзгертетін әлеуметтік–мәдени астарын да қарастырады және олардың тарихи дамуында алынған ғылыми білімдерді, өндіргіш қызмет ретінде заңдылықтарды және ғылыми танымның тенденцияларын таныстырады. Екі мықты ағым - ғылым тарихы мен философиясы – біртұтас және бөлінбес. Олар дамудың ұзақ әрі күрделі жолынан өтті. Ғылым философиясы – ғылыми-танымдық қызметінің қасиеттерін зерттейтін философиялық пән; сонымен катар, ғылым феноменіне қатысты философиялық ілімдердің жартысың қамтиды.
12.Ғылымның қызметтерін атап, мысалдар келтіріңіз.
Қазіргі таңда ғылымның қоғамдағы, адам өмірінің барлық салалары мен орталарында маңызды рөл атқарады. Ғылым дамуының деңгейі қоғам дамуының көрсеткіші бола алады, оған қоса бұл мемлекеттің экономикалық, мәдение, өркениеттік, білімдік дамуы. Ғылымның қоғамдағы қызметі: танымдық: табиғатты, қоғамды әне адамды тану, әлемнің рационалдық-теориялық постижение, оның заңдылықтарын ашу, әртүрлі құбылыстар мен процестерді түсіндіру, жаңа ғылыми білімді қалыптастыру; дүниегекөзқарас: ғылыми дүниеге көзқарас және әлемнің ғылыми бейнесін шығару, адамның әлемге деген рационалдық аспектілерін зерттеу, дүниені түсінудің ғылыми түрде обоснование; өндірістік: инновацияларды, жаңа технологияларды енгізу; мәдени-білімдік: ғылым ең алдымен мәдениет феномені, адамдардың мәдени дамуының факторы. Ғылымның осы функциясы мәдени қызмет пен саясат, білім жүйесі мен бұқаралық ақпарат құралдары, ғалымдардың қызметі арқылы жүзеге асады.
Ғылым білімдер алуға бағытталған, білімнің жинакылығы мен тұтастығынан көрінетін адамның шығармашылык кызметі және сол қызметтің нәтижесі. Ғылым қарапайым тәжірибенің тарихи дамуында жинакталған акпарлардың, сілтемелердің, қызмет пен пөнге нұскаулардың жиынтығы болып табылатын стихиялы, тәжірибелік білімдермен салыстырғанда жүйелілігімен ерекшеленеді. Ғылым — табиғат (материалдық) дүниесі мен коғамның заңдары туралы білім жүйесі ретінде керініс береді. Ғылым біртұтас бола тұра жеке ғылымдар деп аталатын біркатар білім салаларына жіктеледі. Олай бөліну бізді коршаған дүниенің көптүрлілігінен болады, сондыктан ғылымның жеке саласы көпкырлы кызметтің белгілі бір жактарьш зерттейді. Соған орай, табиғат туралы ғылымдар — жаратылыстану, қоғам туралы — қоғамтану (әлеуметтік және гуманитарлық ғылымдар); таным мен ойлау туралы — логика, геносеология, диалектика болып бөлінеді. Техникалық ғылымдар жеке бір саланы кұрайды. Математика — өзі бір арнайы ғылым. Ғылым салаларының өздері жеке ғылымдарға бөлінеді. Жаратылыстану ғылымдарының кұрамына — механика, физика, химия, биология; коғамтану ғылымдарына — тарих, экономикалык ғылымдар, кұкыктану, психология жатады. Аталған жеке ғылымдардың өркайсысы біркатар ғылыми пөндерді күрайды. Мысалы, физика — оптикага, катты денелер физикасына, ядролық физикаға жіктеледі. Өзінін; пәніне орай философия барлық ғылымдармен байланыста болады, ғылыми танымның барлық кезеңдерінде өзін көрсетеді. Қазіргі замандык ғылымда ғылыми білімдердің үздіксіз жіктелуімен бірге, ғылыми білімдердің ыкпалдастығы деп аталатьш, жекелеген ғылымдардьщ өзара әрекеттесуі және бірігу үдерісі катар жүруде. Ықпалдың нәтижесі есебінде соңғы кезеңдерде "аралык" немесе "түйіскен" ғылыми пөндер пайда болуда. Мысалы, физикалык химия, биохимия, физикалык география, т.б. Кейде ғылым іргелі және колданбалы болып бөлінеді. Бұлай бөлу, әрине, шартты, өйткені ғылым — коғам дамуының практикалык кажеттіліктерімен байланыскан біртүтас жүйе. Ғылым коғамда "таза білімдер" жүйесі болып қана қоймайды, өзінің функциясын аткарады. Өйткені ғылым езінің тамыңын қоғам койнауларынан алады және мөдениеттің бірегей күбылысы болып табылады. Одан басқа, ғылым өзінің мәніне орай, белгілі бір әлеуметтік-тарихи жағдайларда жүзеге асьфылатын адамдар кызметінің шығармашылық түрі ретінде көрініс береді. Қоғамнан тыс, өзі жеке алға тартылған, "таза" ғылым болмайды. Солай болса да, ғылымның өзінің белгілі дербестігі болады. Мұның айғағы ретінде, ғылымның өзінін; ішкі заңдары мен ұстанымдарына сүйеніп дамитынын және кызмет ететінін айтуға болады. Оларға мыналар жатады: сын еркіндігі, ақикатқа монополия орнатуға жол берілмейтіні, сабақтастык (ескі білімдегі рационалды мазмүнның жаңа білімде сакталуы), ғылыми білімдегі жіктелу мен ыкпалдастық үдерістерінің үйлесуі, ғылымның математикалануы және компьютерлендіруі, диалектіленуі және теориялануы, казіргі ғылымның әлеуметтік және этикалык мазмұнының күшеюі. Әр ғылым және ғылыми пән міндетті түрде біртұтастықта көрінетін төрт қажетті элементтен тұрады:
• ғылым субъектісі — ғалыж. Бұл—ғылымда жеке адам немесе ғылыми ұжым болуы мүмкін;
• объект (нәрсе, пән саласы) — алынған ғылымның немесе ғылыми пәннің зерттейтіні;
• ғылымға тән және оның пөнімен шарттаскан өдістер мен тәсілдер жүйесі;
• табиғи немесе жасанды, өзіндік колтаңбалы тіл (белгілер, терминдер, символдар, химиялық формулалар).
13.Ғылымның гуманистік қызметін ашып көрсетіңіз.Ғылым этикасы ғылым дамуының заңдылықтарын, практиканы және ғылымның сапасын көтеруге бағытталған ғылымды басқаруды қажеттіліктерінен туындайды. Моральдық – этикалық факторлар ғалымның ізденістік қызметінің маңызды жағы. Ғылымның өмір сүруінің өзі ғылыми тазалық, әділдік, принципшілдік, ақиқат үшін күрес секілді моральдік қасиеттерсіз мүмкін емес. Ғылымдағы этикалық аспектілер сан қырлы және олар әр түрлі деңгейлерде әр түрлі көрінеді. Мысалға ғалымның өзіне дейінгі ғалымдарға, олардың шығармашылығына, өзінің әріптестеріне, өзінің жолын қуушы шәкірттеріне деген этикалық-моральдық қатынасы. Тұлғааралық қатынастардың этикалық аспектілері ұжымдық шығармашылық жағдайында айқындала түседі. Бұл қатынастар шынайы, адал, әділетті, үлкенге құрмет, кішіге ізет принциптері негізінде құрылған болса, көреалмаушылық, дөрекілік, мансапқорлық сияқты жағымсыз қасиеттерге жол берілмесе – ғылыми ұжымдағы хал-ахуал да жақсы болып, ғылыми ізденісте жаңа табыстарға қол жеткізу мүмкіндіктері көбейе түспек. Ғалымға қажетті моральдық қасиеттердің негізгілері туралы айтатын болсақ, олар: ғылыми ақиқатты қорғау жолында аянбау, азаматтық батылдық, адамгершіліктік тазалық, адалдық, шыншылдық, жауапкершілік және тағы басқалары. Ғылым тарихы ғылым тарихын оның пайда болған уақытынан бастап қазіргі заманға дейін зерттейді. Ол ғылыми дамудың заңдылығын негізінен тарих ғылымының деректеріне сүйеніп, ғылымның дамуындағы жекелеген құбылыстар мен оқиғаларды сараптап, сондай-ақ ғылымды зерттейтін басқа пәндердің – ғылым логикасы, ғылым психологиясы, ғылым этикасы, ғылым социологиясы,ғылым экономикасы және тағы басқалардың жетістіктерін пайдалана отырып ашады.
14.Ғылымның мәдени қызметін негіздеңіз.Адамзат өзінің даму тарихы барысында қоршаған әлемді танып-білудің және игерудің бірнеше тәсілдерін меңгерді. Сондай тәсілдердің біріне сөзсіз ғылымды жатқызуға болады. Ғылым - қоғамның рухани мәдениетінің қурамдас бөлігі болып табылады. Адамзат дамуының белгілі бір кезеңінде ғылым дами келе, қоғамдық сананың дербес формасына айналады. Себебі, қоғамдағы сан-салалы мәселелер көп жағдайда ғылымның араласуымен шешіледі.
Ғылым әлеуметтік-мәдени феномен. Яғни, қоғамдағы көптүрлі күштердің әсерімен компромисстік т.б. позицияларға жақындайды. Сөйтіп, екі ұшстасты позиция айқын: адамзаттың қажеттілігімен пайда болған ғылым өзі қоғамдық өмірдің басқа сфераларына әсер етті, «мәдениет» деңгейіне шықты; екінші жағынан, ғылым мәдениеттің ең тұрақты, нағыз негізі, өзінің бірінші – қызметтік және технологиялық түсінігінде. Қоғамдық қатынастар адам және заттар туралы қатынастарға қатысты. Ғылымның мәдениеттік функциясы тек нәтижеге емес, мәдениеттің потенциалы болып табылады. Ғылымның мәдениеттік функциясы процесуалдылығымен мықты.Ол адамды қызмет пен танымныңсубъектісіретінде қалыптастырады.
