- •1. Ғылымның тарихы мен философиясының пәнін баяндаңыз.
- •2.«Ғылым» ұғымы, анықтамасы және мәселелері туралы баяндаңыз.
- •3.Ғылымның: білім жүйесі, қоғамдық сананың формасы, әлеуметтік институт және өндіргіш күш ретіндегістатустарын ашып көрсетіңіз.
- •4.Ғылым туралы сциентистік және антисциентистік көзқарастарды негіздеңіз.
- •5.Ғылым философиясының негізгі концепциялары. Интернализм және экстернализм. А.Койре, Дж.Бернал концепцияларын баяндаңыз.
- •9.Қарапайым және ғылыми сана түрлерін сипаттап, мысалдар келтіріңіз.
- •11.Ғылым дамуындағы философияның рөлін анықтаңыз.
- •12.Ғылымның қызметтерін атап, мысалдар келтіріңіз.
- •15.Ғылымның әлеуметті реттеушілік қызметіне мысалдар келтіріңіз.
- •16.Ғылым – рационалды басқару факторы және шарты екенін негіздеңіз.
- •17.Білім беру үрдісінің негізгі құрамдас бөліктерін қалыптастырудағы ғылымның рөлін негіздеңіз
- •18.Классикаға дейінгі ғылым негіздері туралы баяндаңыз: Ежелгі Мысыр, Бабыл, Қытай,Үндідегі математика, астрономия, медицина.
- •19.Антика ғылымын үш ғылыми-зерттеушілік бағдарлама тұрғысынан баяндаңыз: платондық-пифагорлық, атомистік, аристотельдік.
- •20.Метафизиканың ғылымдағы эвристикалық рөлін ашып көрсетіңіз.
- •22.Антикалық математиканың даму барысын баяндаңыз.
- •23.Антикалық астрономияныңдаму барысын баяндаңыз.
- •25.Ортағасырлық Батыстағы ғылыми танымның қалыптасу барысын баяндаңыз.
- •28.Қайта Өркендеу ғылымының мұраттарын негіздеңіз: Коперник.Кеплер.Галилей.Табиғаттың математикалық сипаттары.
- •30.Классикалық ғылымның негізгі парадигмалары туралы баяндаңыз.
- •31.Декарттың «күмәндану» принципін түсіндіріңіз.
- •32.И.Канттың «Сыни кезеңге дейінгі» шығармашылығын сипаттаңыз.
- •33.И. Ньютон - классикалық ғылымның негізін қалаушы екендігін негіздеңіз.
- •35.Ғылыми білім қозғалысының кумулятивтік үлгісі туралы баяндаңыз.
- •38.Вена үйірмесі - р Карнап туралы сараптама жасаңыз.
- •40.Т.Кунның: ғылымның дамуы, парадигмалардың ауысуы туралы пікірін зерделеңіз.
- •41.П.Фейерабендтің «эпистемологиялық анархизмі» және оның ғылым тарихын рационалды реконструкциялау мүмкіндігін терістеуі туралы сараптаңыз.
- •42.М.Поланидің «көрінбейтін білім» концепциясы туралы талдаңыз.
- •43.К.Поппердің эволюциялық эпистемологиясы және фальсификация принципі туралы талдаңыз.
- •44.И.Лакатостың ғылымның зерттеу бағыты туралы концепциясы туралы сипаттаңыз.
- •46.Ғылым дамуының постпозитивистік, постклассикалық емес кезеңдерінің негізгі концепциялары мен бағыттары туралы түйіндеңіз.
- •47.Ғылыми бейненің өзгеруі. Дүниенің классикалық, релятивистік және кванттық бейнелерінің арақатынасын түсіндіріңіз.
- •48.Жаратылыстану және гуманитарлық ғылымдар арасының жақындай түсуі -постбейклассикалық кезеңнің басты сипаты екенін негіздеңіз.
- •51.Ғылыми білімнің құрылымы және деңгейлерін анықтаңыз
- •52.Ғылыми білімнің ерекшелігін түйіндеңіз
- •56.Теориялық танымның құрылымы: мәселе, гипотеза, теорияны талдаңыз
- •57.Ғылыми теорияның критерийлерін сипаттаңыз
52.Ғылыми білімнің ерекшелігін түйіндеңіз
Ғылыми білім рухани дүниенің құрамдас бөлігі есебінде қашанда жүйелілігімен, логикалық тұрғыдан ұйымдасқандығымен және теориялық сипатымен ерекшеленеді. Ғылыми білім ғылыми қиындықтар мен қайшылықтары мол ізденістің, шығармашылық іс-әрекеттің барысында туындап, жинақталып жүйеленеді. Әрі ол таным процесінің күрделі нәтижесі болып табылады.Ғылыми білім терең де мазмұнды. Ол құбылысты, оқиғаны жай сипаттаумен ғана шектелмейді. Құбылысты неге мұндай, оқиға неліктен басқаша емес, дәл осылайша өтіп жатыр, себебі бар ма, алда не күтіп тұр деген сұрақтарға дәйекті жауап қайтарады. Басқаша айтқанда, ғылыми білім оқиғаларды, құбылыстар мен фактілерді бейнелеп, сырттай сипаттап қана қоймайды сонымен қатар оларды түсіндіреді, ішкі табиғаттың, мәнді жақтары мен маңызды байланыстарын ашып көрсетеді, яғни даму заңдылықтарын айқындап түйіндейді. Осы негізде ғылыми білім оқиғалардың, құбылыстардың бұдан былай даму бағдарына болжам жасайды. Ғылыми білім рухани дүниенің құрамдас бөлігі есебінде қашанда жүйелілігімен, логикалық тұрғыдан ұйымдасқандығымен және теориялық сипатымен ерекшеленеді. Ғылыми білім ғылыми қиындықтар мен қайшылықтары мол ізденістің, шығармашылық іс-әрекеттің барысында туындап, жинақталып жүйеленеді. Ол таным процесінің әрі күрделі нәтижесі болып табылады.
Ғылыми білімнің ерекшеліктері:
1. идеалдылығы;
2. ұғымдар мен анықтамаларға бейімдеуі;
3. жүйелілігі;
4. шынайы нақтылығы;
5. жаңалығы;
6. экспериментке негізделуі.
Келешекте білімнің түрлі салалары бір-біріне тең және еркін шығармашылық мақсатпен дамиды деген көзқарас басым.
Ғылыми білімнің құрылымы ғылым класификациясымен байланысты. Классификацияның қажетті өлшемдері:
1. классификация нәтижесінде ғылыми білімнің ешбір түрі бөлінбей қалмауы керек;
2. олар бір-бірін жоққа шығаруы қажет;
3. бөлу негізі бәріне ортақ болуы тиіс.
53.Ғылыми таным әдістерінің классификациясына сараптама беріңіз.Әдіс ертедегі грек сөзі мақсатқа жетудеген мағынаны білдіреді. Ол ғылыми нәтижелерге қол жеткізу барысында пратикалық және теориялық деңгейде қолданылатын ұйымдасқан ретті тәсілдер болып табылады. Кейіннен ғылыми мақсатта қолданылатын, нәижелер алу мен зерттеу бағытын анықтап, жйелеп отыру үшін әдістер қолданыла бастады. Ғылми тұрғыдан әдістерді қолдану алғаш рет көне грекияда пайда болды. Аристотель өзінің фрмальді логикасында алғаш рет әдістерді барынша жүйелеп крсеткен болатын. Мәселен, дедукциялық дәлелдеу формасығылыми әдіс ретінде арнайы қолданылды. Жаңа заманда бұл әдістерді жетілдіру мақсатында іс шаралар атқарылды. Ф. Бэкон мен Р. Декарт өзінің әдісер жөніндегі еңбектерін жазды. Ф. Бэкон елестер деп атаған танымдағы адасумен қателіктердің көріністерін ұсынуы, осы әдістерді дұрыс қолдануды, ғылыми идеялардағы қателіктерді таба білуде зор маңызы болды. Декарт интуитивті танымды жатап, интеллектуальді интуицияны басымдылыққа шығарды, бұл шындығында, әдіснама болатын.
Әдіс (грекше. зерттеу жолы, теория, ілім деген мағыналарда қоданылған.) — белгілі бір мақсатқа жету, нақты міндеттерді шешу, практикалық және теориялық қызметтердің операцияларының немесе тәсілдерінің жиынтығы.
Методология — әрекетті логикалық тұрғыдан ұйымдастырудың құралдары мен әдістері туралы ілім. Әдіс белгілі бір нәтижеге жету үшін нақты бір міндетті шешуге бағытталады, ол зерттеу процесін рационалдандырады, тәртіпке келтіреді, оның әсерлілігі мен тездігін қамтамасыз етеді, құралдар мен күштерді, уақытты үнемдейді. Әдістің негізгі қызметі танымдық қызметті реттейді. Әрбір нақты қызметте әдіс нақтыланады, зерттеу барысында сол нәрсеге сәйкес келуді нақтылайды. Таным әдісі мен әрекеті қызметтің пәнінен байланып қалмайды, оның саласына сәйкес келуіне бейімдейді. Әдіс нәрсеге сәйкес болуы тиіс. Сондықтан әдістің обьективтілігі, біржағынан субьектіден туындайтындықтан түпкілікті обьективті еместігі қамтамасыз етіледі. Адамдар ғылыми зерттеу аймағында саналы және саналы емес түрде әр түрлі әдістерді қолданады. Саналы қолданылған әдістер рационалды және әсерлі қызмет етугежетелейді. Адам қызметі көптүрлі болғандықтан, әр түрлі әдістер де болуы тиіс. Сондықтан әдістер әр түрлі негіздерді басшылыққа алып жіктелуі керек: жалпы логикалық және ғылымиәдістер. Жалпы логикалық адам танымына тән болғандықтан, оған күнделікті және ғылыми білімдер сүйенеді: анализ, синтез, индукцию, дедукцию, абстракциялау, жалпылау т.б.
Эксперимент – адами тәжірибенің бір саласы, ұсынылатын гипотезаның шынайылығын тексеруге немесе объективті әлем заңдылықтарын айқындауға арналады. Эксперимент барысында зерттеуші қарастырып отырған үрдісті тану әдісімен араласып, осы орайда тәжірибенің бір жағдайлары шоғырланып, кейбіреулері жойылады, үшіншілері күшейіп немесе әлсізденеді.
Модельдеу— обьектіні алмастыратын көшірмесін жасап, соны зерттеу нысанына айналдыру. Оны материалдық (табиғи заңдылықтар аясындағы) және идеялдық (логика заңдары бойынша қызмет ететін бегілік құрылымдар) деп екіге бөледі. Қазіргі кезде компьютерлерарқылы идеялық модельдеу жиі қолданылады.
Методологиялық білімнің көпдеңгейлі тұжырымдамасына сәйкес, әдістерді былайша ажыратады.
Жинақтау– жалпы ұғымдағы анықтама, аталмыш класс нысандары көрініс табады. Абстрактылау – зерттеушіні қызықтыратын заттық қатынастарды оймен нақтылау. Абстрактылаудың жарқын үлгісі – идеалды газ, физика, термодинамика және басқа ғылымдарда көрініс табады. Формальдандырунысан мен жағдайдың белгілік пішінде көрініс табуы және зерттеу мүмкіндіктерінің шынайы мүмкіндіктерін қамтамасыз ету, лайықты белгілерді формальды зерттеу.
Анализ — тұтас нәрсені оның құрылымдық бөліктері бойынша жіктеу, бөлу.
Синтез — бұрын бөлшектенген нәрсенің элементтерін біртұтас қылып біріктіру. Бұлар қарапайыме, әрі әмбебап тәсілдер болып таблады.
Абстракциялау— зерттеліп отырған құбылыстан қызықтыратын жеке қасиеттерді, қатынастарды ойша бөліп алу.
Жалпылау — нәрсенің жалпы белгілері бойынша абстракцияның жоғары деңгейіне өту.
Индукция— жеке ұстанымдар негізінде жалпы қорытынды шығаратын зерттеу тәсілі.
Дедукция — жалпы тұжырымдардан жеке қорытынды тудыратын ойтолғамның тәсілі.
Аналогия — обьектілердің ұқсас қасиеттері бойынша басқа да қасиеттердің ұқсастығын туындататын танымның тәсілі.
54.Танымның эмпирикалық деңгейінің, тілінің ерекшеліктері және сипаттық белгілерін көрсетіңізҒылыми танымның жалпы әдістері мен түрлерін қарастыру үшін танымның эмпириялық жэне теориялық деңгейлерін ажыратқан әлбетте дүрыс, себебі әр деңгейдің өзіндік ерекшеліктері мен әдістері бар. Эмпириялық деңгейде таным объектісінің қасиеттері мен кырлары сезімдік қабілет түрғысынан қабылданады. Әрине, ғылым мен техниканың дамуына байланысты адамның сезімдік танымының көк-жиегін әлдеқайда кеңейтетін аспаптар, құралдар, компьютерлер іске қосылып жатқанын айта кеткен артық емес. Жалпы эмпириялық білім – рационалды білімнің төменгі түрі, эмпириялық объектерді бақылау операцияның нәтижелері мен эксперименттердің қорытындысын ойлау арқылы түйіндейтін және тіл тәсілдер арқылы қорытындалатын білім.Сәйкесінше эмпириялық танымның өзіндік әдістері бар: бақылау, эксперимент, сипаттама, абстракциялау, индукция, материалдық модельдеу, экстраполяция т.б.Ғылыми танымның эмпириялық деңгейінде кең колданылатын ең қарапайым әдіс - бақылау деп аталады. Оның мәні - зерттеу объектісін белгілі бір мерзім аралығында нысаналы ұйымдасқан түрде жүйелі бақылай отырып, ондағы өзгерістерді қадағалау. Мәселен, бидайдың бір сортының өсіп-өну ерекшелігін зерттеу мақсатында көктемгі егістен күздегі жиын-терімге дейінгі аралықта дән топырақтан көктеп өсіп шыққаннан бастап, астықты орып алғанға дейінгі өзгерістері есепке алынып отырады. Сол негізде тиісті ғылыми қорытындылар жасалады. Келесі әдіс - эксперимент - ғылыми тәжірибе деп аталады. Оның ерекшелігі - зерттеліп жатқан объектіге адамның, зерттеушінің тікелей әсер етіп, ондағы процесстерге араласуы. Зерттеуші объектіні әр түрлі кездейсоқ жағдайлардан оқшаулап алып, бөліп қарауы мумкін. Қажет болган жағдайда экспериментті әлденеше рет қайталауға да болады.Осы заманғы кең пайдаланылатын әдістердің бірі - модельдеу. Модельдеу дегеніміз - эксперименттің бір түрі, бірақ мұнда объектінің өзі емес, оның орнын басатын модель зерттеледі. Модель (латын тілінен аударғанда үлгі деген ұғымды білдіреді) - зерттелетін объектіміен ұқсастық қатынаста болатын, таным процесінде оның орнына пайдаланылатын, нақты өмір сүретін немесе ойша алынатын жүйе, кұбылыс. Жүртшылыққа ежелден белгілі, көз таныс модельдерден географиялық картаны, глобусты, химиядағы қүрылыстық формулаларды, т.б. атауға болады.
55.Эмпирикалық көрсеткіштердің (бақылау, эксперимент, өлшеу түрлерінің) қалыптасуы. Эмпирикалық зерттеулердің «теориялық жүктелуіне» анықтама беріңіз Әр ғылыми білім ойлаудың рационалды кезеңдегі іс-әрекетің нәтижесі болғансон ұымдық түрде айқын. Бұл ереже тікелей тек теориялық емес, эмпириялық деңгейге де қатысты. В.А. Смирнов осы мәселеге бойынша, «сезімдік-рационалдылық» және «эмпириялық-теориялық» оппозицияға қажетті назар аударуға шақырды. Сезімдік пен рационалдылықтың қайшылығы сананың жалпы гносеологиялық айырмашалағы, бір жағынан, сезімдік таным іс-әрекетінің нәтижесі /сезу, қабылдау, елес/, екінші жағынан, ойлаудың қызметі /анықтама, пікір, ой қорыту/. Ал «эмпириялық-теориялық» оппозициясы дегеніміз, рационалды білімнің ішіндегі айырмашылыққа қатысты. Бұл деген, сезім нәтижелері қанша көп-түрлі және адаптивті-маңызды болсада әлі ғылыми білім деп аталмайды. Толық түрде ол тек ғылыми бақылау мен эксперимент нәтижелеріне, қоса олар ойлау қортудан өтіп, тілдік түрде жарияланғанда қана ғылыми деп аталады. Ғылыми білім пәндік сананың нәтижесі. Эмпириялық танымды алсақ, бұл ереже күмәнсіз, себебі, ол сезім-түйсік арқылы қабылданған заттар мен сананың қатысы. Теориялық танымда пәнділікке жақын /идеалды-пәндік/. Эмпириялық танымның нәтижелері рационалды танымның операционалды деңгейімен – ақыл-парасатпен тығыз байланысты. Соңғы, сезім материалдарын абстракциялау, анализ, салыстыру, жалпылау, индукция, эмпириялық заңдардың болжауын ұсыну, дедуктивтік қорытынды, дәлелдеу әлде жоққа шығарудан өткізеді. Теориялық білім, ғылыми теорияның құрылысы. Теориялық білім сананың конструктивті бөлігі – ақылдың іс-әрекетінің нәтижесі. В.С. Швыревтің пікірінше, ақылдын қызметі сананың сыртқы жағына емес, яғни сыртқы болмысқа емес, сананың ішкі, өзіндік мазмұның ашуға бағытталады. Ақылдың қызметінің мәнін өзінде, өзі үшін еркін когнитивті шығармашылық. Интеллектуалды интуициямен бірге теориялық ойлаудың негізгі логикалық операциясы идеалдандыру, оның мақсаты мен нәтижесі - өзгеше пәндік түрді шығару – «идеалды объектілерді». Осындай объектілер әлемі ғылыми білімнің теориялық түрінің өзгеше онтологиялық негізін құрайды.
