- •1. Ғылымның тарихы мен философиясының пәнін баяндаңыз.
- •2.«Ғылым» ұғымы, анықтамасы және мәселелері туралы баяндаңыз.
- •3.Ғылымның: білім жүйесі, қоғамдық сананың формасы, әлеуметтік институт және өндіргіш күш ретіндегістатустарын ашып көрсетіңіз.
- •4.Ғылым туралы сциентистік және антисциентистік көзқарастарды негіздеңіз.
- •5.Ғылым философиясының негізгі концепциялары. Интернализм және экстернализм. А.Койре, Дж.Бернал концепцияларын баяндаңыз.
- •9.Қарапайым және ғылыми сана түрлерін сипаттап, мысалдар келтіріңіз.
- •11.Ғылым дамуындағы философияның рөлін анықтаңыз.
- •12.Ғылымның қызметтерін атап, мысалдар келтіріңіз.
- •15.Ғылымның әлеуметті реттеушілік қызметіне мысалдар келтіріңіз.
- •16.Ғылым – рационалды басқару факторы және шарты екенін негіздеңіз.
- •17.Білім беру үрдісінің негізгі құрамдас бөліктерін қалыптастырудағы ғылымның рөлін негіздеңіз
- •18.Классикаға дейінгі ғылым негіздері туралы баяндаңыз: Ежелгі Мысыр, Бабыл, Қытай,Үндідегі математика, астрономия, медицина.
- •19.Антика ғылымын үш ғылыми-зерттеушілік бағдарлама тұрғысынан баяндаңыз: платондық-пифагорлық, атомистік, аристотельдік.
- •20.Метафизиканың ғылымдағы эвристикалық рөлін ашып көрсетіңіз.
- •22.Антикалық математиканың даму барысын баяндаңыз.
- •23.Антикалық астрономияныңдаму барысын баяндаңыз.
- •25.Ортағасырлық Батыстағы ғылыми танымның қалыптасу барысын баяндаңыз.
- •28.Қайта Өркендеу ғылымының мұраттарын негіздеңіз: Коперник.Кеплер.Галилей.Табиғаттың математикалық сипаттары.
- •30.Классикалық ғылымның негізгі парадигмалары туралы баяндаңыз.
- •31.Декарттың «күмәндану» принципін түсіндіріңіз.
- •32.И.Канттың «Сыни кезеңге дейінгі» шығармашылығын сипаттаңыз.
- •33.И. Ньютон - классикалық ғылымның негізін қалаушы екендігін негіздеңіз.
- •35.Ғылыми білім қозғалысының кумулятивтік үлгісі туралы баяндаңыз.
- •38.Вена үйірмесі - р Карнап туралы сараптама жасаңыз.
- •40.Т.Кунның: ғылымның дамуы, парадигмалардың ауысуы туралы пікірін зерделеңіз.
- •41.П.Фейерабендтің «эпистемологиялық анархизмі» және оның ғылым тарихын рационалды реконструкциялау мүмкіндігін терістеуі туралы сараптаңыз.
- •42.М.Поланидің «көрінбейтін білім» концепциясы туралы талдаңыз.
- •43.К.Поппердің эволюциялық эпистемологиясы және фальсификация принципі туралы талдаңыз.
- •44.И.Лакатостың ғылымның зерттеу бағыты туралы концепциясы туралы сипаттаңыз.
- •46.Ғылым дамуының постпозитивистік, постклассикалық емес кезеңдерінің негізгі концепциялары мен бағыттары туралы түйіндеңіз.
- •47.Ғылыми бейненің өзгеруі. Дүниенің классикалық, релятивистік және кванттық бейнелерінің арақатынасын түсіндіріңіз.
- •48.Жаратылыстану және гуманитарлық ғылымдар арасының жақындай түсуі -постбейклассикалық кезеңнің басты сипаты екенін негіздеңіз.
- •51.Ғылыми білімнің құрылымы және деңгейлерін анықтаңыз
- •52.Ғылыми білімнің ерекшелігін түйіндеңіз
- •56.Теориялық танымның құрылымы: мәселе, гипотеза, теорияны талдаңыз
- •57.Ғылыми теорияның критерийлерін сипаттаңыз
40.Т.Кунның: ғылымның дамуы, парадигмалардың ауысуы туралы пікірін зерделеңіз.
Ғылыми революцияларды талдау үшін, ғылымға парадигма түсінігін енгізген америкалық ғалым Томас Кун (1922-1996 ж.) олардың ерекшелігін – бұрынғы парадигманың жаңа парадигмаға ауысуы, яғни зерттеліп отырған процестердің жаңа, терең және күрделі түріне ауысуын көрсетіп кеткен. Оның пікірі бойынша ғылымның дамуын екі кезеңге бөлуге болады:
- қалыпты кезең, бұл кезде ғалымдар парадигманы жеке, арнаулы сипаттағы мәселелерді шешуге пайдаланаған;
-экстраординарлық кезең - жаңа парадигманы іздеу кезеңі.
Осындай қөзқараста жаңа парадигманың бұрынғы зерттеулермен ешқандай байланысы жоқ бола тұрып, оның өзінің пайда болуы түсініксіз болатыны сөзсіз. Шын мәнінде, парадигмаға қарама-қарсы аномалиялық фактілер мысалдарынан – анализ, бағалау сияқты процестердің ғылымның кәдімгі даму кезеңінде-ақ пайда болып жатқандығын байқауға болады. Сондықтан ғылымның дамуының көрсетілген кезеңдерін бір біріне үзілді – кесілді қарама - қарсы қою негізсіз болып, бұл көзқарас көптеген ғалымдардың тарапынан қарсылыққа кездесті.
Ғылыми қоғамдастык дегеніміз, Т.Кунның түсінігі бойынша, белгілі бір сала бойынша ғылыми зерттеулер жүргізу мақсатымен парадигмалар немесе осы ізденістердің теориялық алғышарттарын негізге ала отырып біріккен ғалымдар ұжымы.
Т. Кун парадигма ұғымын тандау себептерін түсіндіреді. Әдетте бұл ұғым қабылданған модель, үлгі дегенді білдіреді. Бірақ Т. Кун бұл түсініктер парадигманың анықтамасын толық ашпайды деп есептейді, себебі бұл мағынада парадигма бұрын жасалып біткен жұмыс дегенді білдіреді, сонда ғалымдардың келесі тобы немен айналыспақ? Кунның пікірінше, парадигмаларды жалпы заң ретінде қолданылатын, бірақ сонымен бірге жаңа және қиын жағдайларда одан әрі жетілдірілетін және нақтыланылатын объект деп түсінген дұрыс.
Парадигмаларды қолдану ғылыми ізденісті жеделдетеді, себебі ғылыми мәселелерді шешудің басқа бәсекелес жолдарын қолданғаннан гөрі қабылданған парадигмаларды қолданған қолайлы және нәтижелі.
Парадигма ұғымының элементтерінің анықтамасын Т.Кун толық бермесе де, оларды жалпы түрде төмендегіше сипаттауға болады:
1) математикалық формада жазылған, бастапқы ұғымдар мен заңдарды қамтитын фундаменталдық теориялар;
2) табиғат туралы жалпы философиялық түсініктер және қазіргі ғылымда қабылданған ұғымдар мен олардың жүйесін бейнелеудің логикалық тәсілдері;
3) ғылыми қоғамдастықтың әрбір мүшесі өзіне қойылған ғылыми міндеттерді шешу үшін ұстанатын үлгілер мен эталондар.
Ғылымның жағдайын, Т. Кунның пікірінше, екі кезеңге бөліп қарастыруға болады: ғылымга дейінгі кезең (бұл кезеңде парадигмалар әлі қалыптасып үлгермеген) және ғылыми кезең (ғылыми қоғамдастық парадигаманы құрастырып, қабылдаған кезең).
Ғылыми кезеңдегі ғылымның жағдай екі түрде сипатталады: қалыпты жағдай (оны Т.Кун қалылты ғылым деп атайды) және дағдарысты жағдай. Қалыпты ғылымда ғылыми қоғамдастық белгілі бір парадигманы қабылдайды және оны танымның белгілі бір саласындағы міндеттерді шешу үшін тиімді қолданады. Парадигмаларды зерттеу жас ізденушіні белгілі бір ғылыми қоғамдастықтың мүшесі болуға дайындайды, ол өзі таңдаған, ғылым саласын кезінде нақты үлгілерге сүйеніп зерттеген адамдардың қатарына қосылады және ғылыми практикада олардың дәстүрлі теориялары мен әдістерін қолданғандықтан фундаменталдық принциптерден аса алшақтамайды. Мұндай дәстүрлілік, өзара келісімділік ғылымның қалыпты дамуына ықпал етеді. Жалпы қабылданған парадигмалардың болуы осы ғылым саласының жеткілікті дамығандығының белгісі.
Бірақ парадигмаларға негізделген қалыпты ғылымның бір ерекшелігі – ол үлкен жаңалықтарды ашуға онша бағытталмаған, оның нәтижелері көбіне көп алдын-ала, парадигмалар шеңберінде болжанған. Мұндай жағдайда ғалымның ізденістік қызметінің мәні жоқ болып көрінуі мүмкін. Кунның пайымдауынша, қалыпты ғылым саласында жұмыс жасайтын ғалымның алдына қоятын негізгі мақсаты – «жаңылтпаштарды шешу», немесе, парадигмаларға негізделген теориялық білімді іс жүзіндегі факт-материалдармен рационалды сәйкестендіру. Ғылымның дағдарысты жағдайында ізденіс процесінде қабылданған парадигмалар шеңберіне сыймайтын фактілер пайда болады да, парадигманың тиімділігі күмән туғызады, одан
бас тартып, шындықты мүлдем жаңа көзқарас тұрғысынан түсіндіретін жаңа парадигмалар жасау қажеттілігі туады.
Бұрын қабылданған парадигмадан бас тартуды Т.Кун ғылыми революция деп атайды және, Кунның пікірінше, жаңа парадигманы ғалымдардың жаңа легі психологиялық деңгейде мойындап, мақұлдауы қажет. «Ғылым логикалық емес, психологиялық» дейді Кун. Яғни, парадигманы сыни эксперименттен өткізіп қажеті жоқ, ғалымдардың аға буыны ыдырап, жаңа легі жаңа парадигмамен жұмыс жасап дағдыланса болғаны.
Ғылым динамикасының «кумулятивтік теориясының » авторы, француз ғалымы Пьер Дюгемнін пікірінше, ғылымның дамуы кірпіштен қаланған қабырғаның біртіндеп биіктеуі секілді, бұрын танылған нәрсенің біртіндеп өсуі. Ғалымның жұмысы – осы ғылым ғимаратының, оның
теориясының кірпіштерін іздеп тауып, орнына қалау. Оның бастауын ғылымның бұрынғы тарихынан табуға болады. Дюгемнің осы көзқарастарына жүгінсек, дүниенің ғылыми бейнесі өзгермейді, тек кеңейе түседі, ғылым дамуында түбегейлі теңкеріс дегендер болмаған. Мұндай көзқарастарға қарсы шыққан Кун ғылымның дамуы ескі білімнің үстіне жаңа білімнің қалануы емес, бұрынғы беделді деген, жетекші түсініктердің мүлдем жаңа түсініктермен трансформациялануы, ауыстырылуы, яғни белгілі бір кезендерде болып отыратын ғылыми революциялар деген теорияны ұсынады.
Негізінен алғанда, Т.Кунның теориясын қабылдауға болады. Ғылымның дамуы міндетті түрде өзіне дейінгі дәстүрлерге сүйене отырып дамитындығы күмән тудырмайды.
Дәстүрлер көзге көрінетін (явное) немесе вербальді және көрінбейтін (неявное) немесе вербальдік емес болып бөлінеді, ғылыми таным процесінде өзара орын ауыстырып отырады. Көрінетін білімдерді кейбір ғалымдар басты, орталық білім деп те атайды, бұл білімдер басты назарда болады, негізінен алғанда оқулықтар мен ғылыми монографияларда мәтін (текст) түрінде болады. Т.Кунның парадигмаларын білімнің осы түрінің мысалы ретінде қарастырған дұрыс.
