- •1. Ғылымның тарихы мен философиясының пәнін баяндаңыз.
- •2.«Ғылым» ұғымы, анықтамасы және мәселелері туралы баяндаңыз.
- •3.Ғылымның: білім жүйесі, қоғамдық сананың формасы, әлеуметтік институт және өндіргіш күш ретіндегістатустарын ашып көрсетіңіз.
- •4.Ғылым туралы сциентистік және антисциентистік көзқарастарды негіздеңіз.
- •5.Ғылым философиясының негізгі концепциялары. Интернализм және экстернализм. А.Койре, Дж.Бернал концепцияларын баяндаңыз.
- •9.Қарапайым және ғылыми сана түрлерін сипаттап, мысалдар келтіріңіз.
- •11.Ғылым дамуындағы философияның рөлін анықтаңыз.
- •12.Ғылымның қызметтерін атап, мысалдар келтіріңіз.
- •15.Ғылымның әлеуметті реттеушілік қызметіне мысалдар келтіріңіз.
- •16.Ғылым – рационалды басқару факторы және шарты екенін негіздеңіз.
- •17.Білім беру үрдісінің негізгі құрамдас бөліктерін қалыптастырудағы ғылымның рөлін негіздеңіз
- •18.Классикаға дейінгі ғылым негіздері туралы баяндаңыз: Ежелгі Мысыр, Бабыл, Қытай,Үндідегі математика, астрономия, медицина.
- •19.Антика ғылымын үш ғылыми-зерттеушілік бағдарлама тұрғысынан баяндаңыз: платондық-пифагорлық, атомистік, аристотельдік.
- •20.Метафизиканың ғылымдағы эвристикалық рөлін ашып көрсетіңіз.
- •22.Антикалық математиканың даму барысын баяндаңыз.
- •23.Антикалық астрономияныңдаму барысын баяндаңыз.
- •25.Ортағасырлық Батыстағы ғылыми танымның қалыптасу барысын баяндаңыз.
- •28.Қайта Өркендеу ғылымының мұраттарын негіздеңіз: Коперник.Кеплер.Галилей.Табиғаттың математикалық сипаттары.
- •30.Классикалық ғылымның негізгі парадигмалары туралы баяндаңыз.
- •31.Декарттың «күмәндану» принципін түсіндіріңіз.
- •32.И.Канттың «Сыни кезеңге дейінгі» шығармашылығын сипаттаңыз.
- •33.И. Ньютон - классикалық ғылымның негізін қалаушы екендігін негіздеңіз.
- •35.Ғылыми білім қозғалысының кумулятивтік үлгісі туралы баяндаңыз.
- •38.Вена үйірмесі - р Карнап туралы сараптама жасаңыз.
- •40.Т.Кунның: ғылымның дамуы, парадигмалардың ауысуы туралы пікірін зерделеңіз.
- •41.П.Фейерабендтің «эпистемологиялық анархизмі» және оның ғылым тарихын рационалды реконструкциялау мүмкіндігін терістеуі туралы сараптаңыз.
- •42.М.Поланидің «көрінбейтін білім» концепциясы туралы талдаңыз.
- •43.К.Поппердің эволюциялық эпистемологиясы және фальсификация принципі туралы талдаңыз.
- •44.И.Лакатостың ғылымның зерттеу бағыты туралы концепциясы туралы сипаттаңыз.
- •46.Ғылым дамуының постпозитивистік, постклассикалық емес кезеңдерінің негізгі концепциялары мен бағыттары туралы түйіндеңіз.
- •47.Ғылыми бейненің өзгеруі. Дүниенің классикалық, релятивистік және кванттық бейнелерінің арақатынасын түсіндіріңіз.
- •48.Жаратылыстану және гуманитарлық ғылымдар арасының жақындай түсуі -постбейклассикалық кезеңнің басты сипаты екенін негіздеңіз.
- •51.Ғылыми білімнің құрылымы және деңгейлерін анықтаңыз
- •52.Ғылыми білімнің ерекшелігін түйіндеңіз
- •56.Теориялық танымның құрылымы: мәселе, гипотеза, теорияны талдаңыз
- •57.Ғылыми теорияның критерийлерін сипаттаңыз
3.Ғылымның: білім жүйесі, қоғамдық сананың формасы, әлеуметтік институт және өндіргіш күш ретіндегістатустарын ашып көрсетіңіз.
Адамзат өзінің даму тарихы барысында қоршаған әлемді танып-білудің және игерудің бірнеше тәсілдерін меңгерді. Сондай тәсілдердің біріне сөзсіз ғылымды жатқызуға болады. Ғылым - қоғамның рухани мәдениетінің қурамдас бөлігі болып табылады. Адамзат дамуының белгілі бір кезеңінде ғылым дами келе, қоғамдық сананың дербес формасына айналады. Себебі, қоғамдағы сан-салалы мәселелер көп жағдайда ғылымның араласуымен шешіледі.
Адам өміріндегі ғылымның орны мен рөлін түсіну осы уақытқа дейін аяқталмаған күрделі процесс. Бұл процесс қиыншылықтар мен қайшылықтардың, талас-тартыстың, күмәнді сұрақтардың, көптеген жаңа мәселелердің пайда болуымен ерекшеленеді. XX ғасырдың 20-шы жылдарында ғана ғылымның мәні мен ерекшеліктерін, оның даму және қолдану механизмдерін қарастыратын, сонымен қатар, ғылымның білім жүйесі, әрі ерекше әлеуметтік институт ретінде даму заңдылықтарын зерттеуге бағытталған «ғылымтану» атты жаңа пән пайда болды.
Ең алдымен, ғылымтанушылардың назар аударған мәселесі - латынша «Sсіеnііа» сөзінің этимологиясы болды, оның мағынасы «білім» дегенді білдіреді. Ал кез келген білімнің ғылым емес екендігі белгілі. Білім - адамзаттың әр қилы тіршілік ету сферасынан: қарапайым өмірден, саясаттан, экономикадан, өнерден тағы басқа жағдайлардан алынады. Ғылым - тәжірибе жүзінде анықталған нақты дәлелдемелер мен логикалық заңдарға сүйенетін қорытындылардың негізінде білім әлемін жасайды. Бул әлемнің субъективті элементі болып саналатын адамзатқа, оның игілікті бағдарына шамалы ғана рөл бөлінеді (бул үшін өнер, мораль, дін бар). Сондықтан бір-бірін толықтыра отырып, мәдениеттің бұл құрамдас бөліктері табиғат пен адамзат арасында байланыстырушы тізбек болып саналады.
Бұл жерде біз «әлеуметтік» ұғымының мазмұнын терең түсінуіміз керек. «Әлеуметтік» дегеніміз, нақтылы қоғамдағы қоғамдық жиынтығы. Бұл қатынастардың жиынтығы жеке тұлғалар мен олардың белгілі бір тобының белгілі бір кеңістікте, уақытта іс - әрекеттерінде атқарған қызметтерінде байқалады. . «Әлеуметтік» деген ұғымға ғылыми терең анықтама, түсінік берген К.Маркс пен Ф. Энгельс болды. Олар қоғамды, ондағы үдірістер мен қатынастарды зерттегенде екі ұғымды қолданды. Бірі – «қоғамдық» , екіншісі – «әлеуметтік», Маркс пен Энгельс қоғамның әр салаларының байланысы туралы әңгіме еткенде «қоғамдық», «қоғадық қатынастар» ұғымдарын, ал, адамдардың бір-бірімен қатынастарының табиғатын, мазмұны мен мәнін, олардың қоғамдағы жағдайын, ондағы оның алатын орнын, рөлін меңзегенде «әлеуметтік» ұғымын кең қолданып, осыған, сәйкес «Әлеуметтік қатынастар» ұғымы туралы айтқан. «Әлеуметтану» ұғымы латын тілінің «Societas» қоғам және гректің logos – ілім, ұғым деген сөзінен шығады.Социология, яғни әлеуметтану қоғамның пайда болуының, ондағы әлеуметтік байланыс, қатынастардың, алуан түрлі әлеуметтік адам бірліктерінің, ұйым, мекемелерінің, институттардың, құбылыстардың, процестердің дамуының жалпы заңдылықтарын зерттейтін ғылым. Әлеуметтану ұғымын XIX ғасырдың ортасында атақты француз әлеументтанушысы Огюст Конт енгізді. Оның алғашқы мазмұны қоғамтану болатын. Объект дегеніміз – бізді қоршап тұрған объективтік нақтылы өмір, ол қоғам, адамдар, оның алуан түрлі бірліктері (отбасы, топ, тап, әлеуметтік мекемелер, институттар, мемлекет, т.б.), тіпті адамның өзі, оның барлық іс-әрекеті, қызметі, санасы, тәртібі, т.б. Бұлар зерттелетін объекті болғаннан кейін субъектіден тәуелсіз, тыс өмір сүреді. Оларды адам өзінің теориялық немесе практикалық мәселелерін шешу арқылы алға қойған мақсатына жету үшін пайдаланады. Осыдан әлеуметтанудың пәні шығады. Әрбір ғылымның пәні зерттеушінің қалауы мен таңдауының негізінде алынған кез келген қоғамдағы құбылыс. Бұл зерттеулердің басты мақсаты – объект, құбылыс, процесс және мәселелер арасындағы басты, қажетті, тұрақты, қайталанатын, мәнді, маңызды байланыс, қатынастарды логикалық тұрғыдан зерттеу. Бұл байланыс-қатынастардың сапалық жағынан өзгешелігін көрсету. Әлеуметтану пәнінің байланыс, қатынастар жиынтығы «әлеуметтік» қоғамның біртұтас жүйесін құрайтын нақтылы ұғымдарға кіреді. Олар әрбір объектіде, құбылыста, процесте ерекше ұйымдастырылған белгілі бір әлеуметтік жүйе ретінде болады.
