- •1. Ғылымның тарихы мен философиясының пәнін баяндаңыз.
- •2.«Ғылым» ұғымы, анықтамасы және мәселелері туралы баяндаңыз.
- •3.Ғылымның: білім жүйесі, қоғамдық сананың формасы, әлеуметтік институт және өндіргіш күш ретіндегістатустарын ашып көрсетіңіз.
- •4.Ғылым туралы сциентистік және антисциентистік көзқарастарды негіздеңіз.
- •5.Ғылым философиясының негізгі концепциялары. Интернализм және экстернализм. А.Койре, Дж.Бернал концепцияларын баяндаңыз.
- •9.Қарапайым және ғылыми сана түрлерін сипаттап, мысалдар келтіріңіз.
- •11.Ғылым дамуындағы философияның рөлін анықтаңыз.
- •12.Ғылымның қызметтерін атап, мысалдар келтіріңіз.
- •15.Ғылымның әлеуметті реттеушілік қызметіне мысалдар келтіріңіз.
- •16.Ғылым – рационалды басқару факторы және шарты екенін негіздеңіз.
- •17.Білім беру үрдісінің негізгі құрамдас бөліктерін қалыптастырудағы ғылымның рөлін негіздеңіз
- •18.Классикаға дейінгі ғылым негіздері туралы баяндаңыз: Ежелгі Мысыр, Бабыл, Қытай,Үндідегі математика, астрономия, медицина.
- •19.Антика ғылымын үш ғылыми-зерттеушілік бағдарлама тұрғысынан баяндаңыз: платондық-пифагорлық, атомистік, аристотельдік.
- •20.Метафизиканың ғылымдағы эвристикалық рөлін ашып көрсетіңіз.
- •22.Антикалық математиканың даму барысын баяндаңыз.
- •23.Антикалық астрономияныңдаму барысын баяндаңыз.
- •25.Ортағасырлық Батыстағы ғылыми танымның қалыптасу барысын баяндаңыз.
- •28.Қайта Өркендеу ғылымының мұраттарын негіздеңіз: Коперник.Кеплер.Галилей.Табиғаттың математикалық сипаттары.
- •30.Классикалық ғылымның негізгі парадигмалары туралы баяндаңыз.
- •31.Декарттың «күмәндану» принципін түсіндіріңіз.
- •32.И.Канттың «Сыни кезеңге дейінгі» шығармашылығын сипаттаңыз.
- •33.И. Ньютон - классикалық ғылымның негізін қалаушы екендігін негіздеңіз.
- •35.Ғылыми білім қозғалысының кумулятивтік үлгісі туралы баяндаңыз.
- •38.Вена үйірмесі - р Карнап туралы сараптама жасаңыз.
- •40.Т.Кунның: ғылымның дамуы, парадигмалардың ауысуы туралы пікірін зерделеңіз.
- •41.П.Фейерабендтің «эпистемологиялық анархизмі» және оның ғылым тарихын рационалды реконструкциялау мүмкіндігін терістеуі туралы сараптаңыз.
- •42.М.Поланидің «көрінбейтін білім» концепциясы туралы талдаңыз.
- •43.К.Поппердің эволюциялық эпистемологиясы және фальсификация принципі туралы талдаңыз.
- •44.И.Лакатостың ғылымның зерттеу бағыты туралы концепциясы туралы сипаттаңыз.
- •46.Ғылым дамуының постпозитивистік, постклассикалық емес кезеңдерінің негізгі концепциялары мен бағыттары туралы түйіндеңіз.
- •47.Ғылыми бейненің өзгеруі. Дүниенің классикалық, релятивистік және кванттық бейнелерінің арақатынасын түсіндіріңіз.
- •48.Жаратылыстану және гуманитарлық ғылымдар арасының жақындай түсуі -постбейклассикалық кезеңнің басты сипаты екенін негіздеңіз.
- •51.Ғылыми білімнің құрылымы және деңгейлерін анықтаңыз
- •52.Ғылыми білімнің ерекшелігін түйіндеңіз
- •56.Теориялық танымның құрылымы: мәселе, гипотеза, теорияны талдаңыз
- •57.Ғылыми теорияның критерийлерін сипаттаңыз
35.Ғылыми білім қозғалысының кумулятивтік үлгісі туралы баяндаңыз.
Ғылым динамикасының «кумулятивтік теориясының» авторы, француз ғалымы Пьер Дюгемнін пікірінше, ғылымның дамуы кірпіштен қаланған қабырғаның біртіндеп биіктеуі секілді, бұрын танылған нәрсенің біртіндеп өсуі. Ғалымның жұмысы – осы ғылым ғимаратының, оныңтеориясының кірпіштерін іздеп тауып, орнына қалау. Оның бастауын ғылым-ның бұрынғы тарихынан табуға болады. Дюгемнің осы көзқарастарына жүгінсек, дүниенің ғылыми бейнесі өзгермейді, тек кеңейе түседі, ғылым дамуында түбегейлі теңкеріс дегендер болмаған. Мұндай көзқарастарға қарсы шыққан Кун ғылымның дамуы ескі білімнің үстіне жаңа білімнің қалануы емес, бұрынғы беделді деген, жетекші түсініктердің мүлдем жаңа түсініктермен трансформациялануы, ауыстырылуы, яғни белгілі бір кезендерде болып отыратын ғылыми революциялар деген теорияны ұсынады.
Постпозитивизмнің көптеген концепцияларының келесі ерекшеліктері ғылыми танымның дамуын түсіндіру барысында оларды кумулятивизмнен бас тартуға алып келеді. Олар ғылымның тарихы революциялық қайта қалыптасу кезеңінен ешқайда қашып құтылмайтындығын айтады. Ғылыми революцияның нәтижесінде ертеде мойындалған және санадан орын тепкен білімдер, тек теориялар ғана емес, сонымен қатар методтарда, фактілерде қайта қарастырылуға тура келеді.Ғылым кумулятивті үрдіс деп аталатын тек қана фактілердің жай жиынтығы емес. Фактілерді әдетте гипотеза мен теориялар арқылы түсіндіруге тырысады. Олардың ішінде белгілі бір кезеңде парадигмаға айналатын жалпыға ортақ немесе фундаменталды теория болады. Кезінде осындай парадигма ретінде Ньютонның аспан және жер денелерінің қозғалыс теориясы қарастырылды, өйткені, бұл теорияға нақты механикалық процестерді зерттеуші дерлік ғалымдар сүйенді. Дәл осылай, электрлік, магниттік, оптикалық және радиотолқындық процестерді зерттеуші барлық ғалымдар Д.К.Максвелл жасаған электромагниттік теорияның парадигмасына сүйенді.
36.Логикалық позитивизмнің мәнін ашып көрсетіңіз.Позитивизм – бұл принципке негізделген, яғни барлығы шынайы дейтін философиялық бағыт. Позитивтік білім жеке арнайы ғылымның және олардың синтетикалық бірігуінің жемісінен келіп тууы мүмкін, сонымен қатар философия ерекше ғылым ретінде ақиқатты өз бетімен іздеуді ұсынуға, ешқандай құқығы жоқ.
Позитивизмнің бірінші тарихи формасы Х1Х ғасырдың 30-40 жылдарында етек алды. Оның негізін салушы француз философы О.Конт (1798-1857ж.) болды. Конт бойынша, ғылымның ісі затты түсіндіріп беруде емес, бейнелеп беруде. Ғылым “Неге?” деген сұраққа жауап беруге дәрменсіз, ол барлық фактіні “Қалай?” деген сұрақтың маңайында өрбітуі тиіс. Тек осы жағдайда ғана ғылым позитивті болалады. Бұл тек ғылымдарға ғана тиісті емес, философияғада қатысты. Философияның оңды міңдеті нақты-ғылыми білімдерді, ғылымдардың рационалды классификациялық негізінде жүйелендіру болып табылады.
Позитивизмнің екінші тарихи формасы — эмпириокритицизм – шетелде Х1Х-ХХ ғасырда пайда болды. Оның алдыңғы қатардағы өкілдерінің бірі австрия физигі Э.Мах (1838-1916ж.) және швейцар философы Р.Авенариус (1843-1896ж.) “Бірінші позитивизмнен” “екінші позитивизмнің” ерекшелігі ғылымның басын таным теориясына тіреп таным процесінің теориялық моделін құрастыруға тырысты. Эмпириокритицизм “әдісті сынау” дегенді білдіріп және метафизикалық табиғатты иеленген әдісті барлық жағдайларынан “тазартуды” ұсынды. Мах бойынша, әдіс, “әлемнің элементі” болып саналатын түйсіктен тұрады деді.
Позитивизмнің үшінші тарихи формасы неопозитивизм – ХХ ғасырдағы философия бағыты болып саналады. Философиялық-методологиялық актуальды мәселелерді шешуді және талдауды ұсынып, қазіргі ғылымдардың дамуымен қатар алға жылжыды: ғылыми ойланудың таңбалық құралын атқаруға, ғылымның теоретикалық аппараты мен эмпирикалық базисінің қатынастарын арттыруға, білімнің формалдануы мен математикалануының табиғаты мен функцияларында көріне бастады. Неопозитивизм ошақтары Х1Х ғасырдың 20-жылдарында бір сәтте Австрияда, Англияда, Польшада пайда болды. Олардың көрнекті өкілдері: М.Шлик, Р.Карнап, Г.Рейхенбах, Л.Витгенштейн. “Үшінші позитивизмнің” өкілдері философияның не қандайда бір ақиқат жөніндегі, не таным теориясы жөніндегі ғылым еместігін айтады. Философия – табиғи және жасанды тілдерді логикалық талдаумен байланысты қызметтің ерекше түрі. Сондықтанда непозитивизмнің бірінші варианты логикалық позитивизм деген атқа ие болды.
Неопозитивизм – ол позитивизімнің қазіргі түрі болып табылады. Еуропада 20 ғ. 20-шы ж. қалыптасты.
Неопозитивизмде позитивизімнің алғашқы принциптерін қолдайды /философияны терістеу/. Неопозитивизм өзінің дамуында бір-неше кезеңнен өтті. Логикалық позитивизм – оның тарихи алғашқы түрі /басқа түрлері осының модификациясы/. Логикалық позитивизімнің негіздері екі танымалы философ, логиктардың шығармаларында қалыптасқан: ағылшын философ, математик, логик Бертран Рассел мен австриялық философ, логик Людвиг Витгенштейннің /«Логикалық-философиялық трактат» (1921 ж.)/.
Неопозитивизмнің келесі кезені логиктерден, математиктерден, әлеуметтанушылардан тұратын Вена ұжымының /1923 ж./ қызметімен байланысты. Оның меңгерушісі Мориц Шлик /австриялық философ, физик/, өкілдері Р. Карнап, Г. Рейхенбах, А. Айер, Львов-Варшава мектебі (Н. Тарский, К. Айдукевич).
Философияның пәні болуына тек қана тіл мүмкін, себебі, ғылыми тіл – ол білімді жеткізу түрі, тәсілі.
Логикалық позитивизмнің өзгешелігі оның қазіргі формалды логиканы әдіс ретінде ұсынуы. «Логика философияның мәні» деп Рассел жазған. Карнап «Философия – ол логика» дейді.
Адамдармен айтылатын пікірлерді логикалық позитивистер екі бір-бірін терістейтін түрге бөледі: 1. мағыналы пікірлер, яғни, логикалық жетілген тілмен көрсетіледі; 2. мағынасыз пікірлер, яғни, логика заңдарың бұзған. Дәстүрлі түрде метафизикалық, философиялық пікірлерді логикалық позитивистер мағынасыз түрге жатқызады. Мағыналы пікірлерді олар екі түрге бөледі: 1. аналитикалық, тавтологиялық, яғни, бағдарлама жарияламайды /логика мен математиканың пікірлері/; 2. синтетикалық, тәжірибе ғылымдардың нәтижесін қамтиды.
Осы пікірлердің ақиқат деңгейі екі тәсіл арқылы шешілуі мүмкін: 1. фактілерге бет бұрмай, тілдік түрін логикалық талдау /анализ/ арқылы; 2. тікелей әлде айналмалы түрде сезім тәжірибемен салыстыра отырып.
Неопозитивизм өкілдері қазіргі формалды логиканы, семиотиканы, ғылым логикасын мен ғылым философиясын дамытуға үлес қосты.
37.Верификация қағидасы туралы түйіндеңіз. Неопозитивизм ілімді ғылыми немесе ғылыми емес екендігін ажырату үшін «верификациялау» қағидасын ұсынады. Верификация бұл тәжрибе мен салыстыру арқылы тексеру. Егер ілімдер тәжрибе, логикалық сараптаулар арқылы верификацияланса, онда олар ғылымға жатады, ал қалғандары жалған білім болады. Ғылымдар логикалық – математикалық және эмпирикалық сӛйлемдерден құралады. Логикалық – математикалық сөйлемдерді із тәжірибемен тексера алмаймыз. Өйткені, олар объективті нақтылықты бейнелемейді. Ал, эмпирикалық сӛйлемдер – деп, тәжірибе арқылы верификациялауға болатын, сезім арқылы қабылданған деректерді айтамыз. Бірақ, эмпирикалық сӛйлемдердің бәрі ақиқат бола бермейді, тек «хаттамалы сӛйлемдер» ғана ақиқат болады. Бұл ғылыми эксперимент болып жатқанда, сол кезде болған жайды баяндап жазып қоятын сӛйлем. Бұл сӛйлемдер субъектің бұрмалауынсыз, эксперименттің қалай болғаны сол қалпында ӛзгеріссіз жазылады, сондықтан олар ақиқат болады. Бірақ, экспериментшінің түсініктемесінсіз қорытындылар, тұжырым болмайды. Бұған «вертификациялау» қағидасын қолдану дегеніміз осы теориялар негізінде ӛмір сүретін барлық денелерді тексеру.
Ғылым заңдылықтар біртектес бір топ денелерге тән құбылыс болғандықтан, ал эксперименталдық жеке денелерге қойылады. Сондықтан, неопозитивист Витгенштейн «ғылыми заңдылықтарды ғылыми тілден алып тастау керек» дейді, ал, Шликтің айтуынша, ғылыми заңдылықтар таным үшін ешқандай маңызы жоқ формалды ереже болып қалуы керек. Ал, Поппер «верификация» қағидасы орнына «фальсификациялау» (жоққа шығару) қағидасын ұсынды. Бұл қағида бойынша, белгілі бір жағдайда теориялар, заңдар, тұжырым ақиқат болмауы ықтимал. Сондықтан Поппердің айтуыншша, ғылыми теориялар, заңдылықтар ақиқат болмаса, онда біз «фальсификациялау» принцип қолданамыз. Осы екі «вертификациялау, және фальсифациялау» принциптерінің кемшіліктерін байқап, Карнап ғылыми сӛйлемдердің барлығын емес, тек белгілі бір бӛліктерін тексеру керек деген идея ұсынады. Былайша айтқанда, ғылыми деректерді толық тексермей – ақ, дұрыс, не бұрыс екенін анықтау. Сӛйтіп, олардың орнына ғылыми сөздер ақиқаттығын тексеретін жаңа қағида когеренттілік (байланыстық) принципін ұснылады. Бұл принцип бойынша барлық денелер,құбылыстар бір – бірімен тығыз байланысты, сондықтан эмпирикалық сӛйлемдер ақиқаттығы, олардың теориялар жүйесіне енген басқа сӛйлемдермен қарама – қайшы келмей, қаншама үйлесімді болғандығына байланысты
