Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
shpor_po_fil_2015_gotovy_33_33_33.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
215.88 Кб
Скачать

23.Антикалық астрономияныңдаму барысын баяндаңыз.

Астрономиялық ғылым өте ертеде пайда болды. Жұлдызды аспанды зерттеу практикалық қажеттіліктен туды: уақытты өлшеу қажеттілігі, Күнтізбе жасау, Жер бетіндегі, әсіресе теңізде жүзуде бағыт-бағдарды білу, осыған байланысты аспандағы “қозғалмайтын” айқын жұлдыздар туралы қағидалар анықталды, Жұлдызды аспанның тәуліктік айналымы оқып-зерттелді, жеті қозғалмайтын шырақтар табылды олар планеталар деп аталды, планеталардың көрінерлік қозғалысы зерттеліп, осы қозғалыстарды сол кезге лайық, нақты деп есептейтін геометриялық теориялар жасалды.

Ежелгі Грекияда Аристотель дүние құрылысының жалпы жүйесін жасаған, оның орталығы Жер деп есептеген. Б.з.б. 3 ғасырда Александрия ғалымы Эратосфен Жердің мөлшерін анықтаған. Б.з.б. 2 ғасырда Гиппарх Жер дүниенің ортасында қозғалмай тұрады деп есептеп, планеталардың қозғалу теориясын жасаған. Ол 1022 жұлдыздың каталогын ұсынды.

Ежелгі астрономиялық теорияның толық және аяқталған түрі грек ғылымы б.з.д. ІІ ғ. Птолемейдің еңбектерінде беріледі.

Птолемей Клавдий (100-178) – ежелгі грек астрономы, метематик, географ. Ол өзінің жетістіктер негізінде арабтар “алмагест” деп атап кеткен математикалық үлкен шығарманың авторы. “Алмагест” арабша - “алмаджисти” яғни, “аса ұлы” шығарма дегенді білдіреді. Бұл еңбекте сол кездегі барлық астрономиялық білім, мағлұматтар жинақ талып қорытылған. Птолемей әлем жайлы геоцентрлік жүйені жасаушы. Бұл жүйе бойынша аспан шырақтарының көрінерлік қозғалыстарының барлығы жерді айнала қозғалысы арқылы математикалық жолмен түсіндіріледі.

Птоломейдің “Алмагесі” 13 кітаптан тұрады. Алғашқы екеуі бақлау барысында табылған аспан сферасының тәуліктік қозғалысы, Күннің, Айдың және планеталардың негізгі қозғалысы сияқты қарапайым фактілерге арналған.

Птолемейдің бірінші кітабында гректердің тригонометриясы жүйелі түрде баяндалған. Мұнда ноль градустан бастап 180 градусқа дейінгі хордалардың кестелері келтірілген.Алмагестің үшіінші кітабы жылдың ұзақтығына, күн қозғалысының теориясына арналған. Соңғы кітаптарында планеталар қозғалысының теориясы баяндалады.

Анаксимандрдың космологиялық теориясы бойынша жазық цилиндр формасындағы Жер Ғаламның ортансында тұр. Жер төңірегінде аспанның үш сақинасы: күн, ай және аспан денелері – жұлдыздар айналып жүреді. Тарихта тұңғыш рет эволюция идеясын ұсынды: адам – балықтан пайда болған.

24.Александриялық мусейон, александриялық кітапхана – ғылымның институциалдануының алғашқы формалары болғанын негіздеңіз.Эллинизм дәуіріне дейінгі кезеңдердің өзінде-ақ шығыс елдерін аралаған грек көпестері мен теңізшілері пирамидалар мен мен храмдардың аса қомақтылығына, патша сарайларының сән-салтанатына, дарынды шеберлердің қолынан шыққан монументтік мүсіндер мен әсем етіп салынған қабырғалық өрнектерге таң-тамаша қалатын. Өз кезінде Грек қалаларының құлиеленушілері Шығыс шеберлерінің аса сәнді маталарын, металдан жасалған көркем бұйымдарын да жоғары бағалаған. Одан қалды гректерді Ежелгі Шығыс халықтарының діни ұғымдарынан туған мифологиялық туындылары жа барынша баурап алды, тіпті эллиндік мифологияға ұқсас нышандар да табылды. Сонымен Шығыс Ежелгі мәдениетімен жанасу жағдайында грек мәдениеті жаңа сатыға көтерілді. Жаңа мемлекеттер өзінің күш-қуатын орнықтыру мақсатында бұрын-соңды болып көрмеген көлемде қалалар салу ісін қолға алды. Ел билеушілері өз сарайларының сән-салтанатына мән берді және өз үстемдіктері мен даңқын арттыру үшін өз маңына өнер мен ғылым өкілдерін топтастырып, өз сарайларын мәдени орталыққа айналдыруға барынша күш салады. Жер-жерден жиналған ірі ғалымдар мемлекет есебінен ғылыми жұмыстар жүргізді. Сондай ғалымдардың, өнер адамдарының ең көп шоғырланған жерлерінің бірі – Александриядағы патша сарайындағы ғылыми орталық болып саналатын Мусейон болды. Бүгінгі «музей» сөзінің шығу тегі осы муза ордасымен сабақтас. Мұнда Архимед, Эвклид сияқты талай ғұлама адамдар ғылыми жұмыстармен айналысты. Муздар храмы тез арада халықаралық академияға, ірі ғылыми мәдени орталыққа айналды. Бұл дәуірдегі ғылыми жаңалықтардың басым көпшілігін Александрия ғалымдары ашты. Мысалы, Эвклид геометрияның бастауы туралы еңбек жазды, Гиппарх іргелі жұлдыз каталогын дәл анықтады, астроном Аристрих Самоский тұңғыш рет жер мен планеталар күнді айналады деген данышпандық болжам айтты. Ең бастысы – Александрияда да дүние жүзіндегі кітаптардың басым көпшілігі шығарылды, дәлірек айтқанда, ғылымның барлық саласынан шығармалар жинақталған 700 мың папирус орамы бар әйгілі кітапхана орналасты. Эллинизм дәуірінде көпшілікке арналған театр қойылымдары сақталып қалды. Онда негізінен тұрмыс пен отбасылық қатынастарға бой ұрған комедиялар қойылды. Эллинизм кезеңінің трагедиялары сақталмаған. Б.з.б. 3 ғ-дан бастап әдебиет, негізінен Александрияда дамыды. Мұнда көркем шығармалар әйгіліАлександрия кітапханасында жұмыс істеген филологтардың ғылыми ізденістерімен ажырамас байланыста болды. Өткен заманның көркем әдебиетін оқып-зерттеу эллиндік ақындарға өмір сүріп отырған әдеби дәстүрлердің орнықтылығын ғана емес, оларды жаңартудың қажеттігін сезінуге мүмкіндік берді.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]