Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Дебат саба.docx
Скачиваний:
2
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
60.15 Кб
Скачать

Дебаттың түрлері.

Біз кез келген мақсатты туралы мағлұмат алғаннан кейін, енді дебаттың әр түрлі әрекетті талап ететін түрлерін қарастырайық.

Линкольн –Дугластың дебаты

Бұл түрі Авраам Линкольн мен Стивен Дугластың арасындағы әйгілі дебатқа байланысты жасалған болатын. 1858 жылы А.Линкольн құлдық тақырыбы бойынша дебат өткізуге АҚШ-тың Сенатына өзінің оппонентін шақырған болатын. Стивен Дуглас бұл шақыруды құптап, АҚШ-тың жеті қаласындағы жарқын көрініске қатысты. Осы тарихи қақтығыстың нәтижесі ретінде екі адамның құндылығы болып Линкольн-Дуглас дебаты болып аталып кеткен. Бұл «құндылық» жөніндегі дебатқа тоқталмастан бұрын құндылықтың нені білдіретінін, оның біздің өмірімізге қарай әсер ететінін білуіміз керек. Құндылықтар ешқашан дұрыс немесе бұрыс (қате) деп қарастырылмайды. Көбіне олар кең пейілде, пәк болып суреттеледі. Сонымен қатар өнегелі, әдепті, көркем әдеби, іс-тәжірибелік, саяси болып та бөлінеді. Линкольн-Дугластың дебатының жалпы құндылықтары –жетістік, демократия, тең құқылық азаттық, әділдік, өмір, прогресс, қауіпсіздік, бақыт.

Адамгершілік құндылықтар ойлау –әдептілік пен әділетсіздікті, жақсылық пен жамандықты ажырату. Көркем әдеби құндылықтар әдемілік пен ебедейсіздік, қажеттілік пен қажетсіздік арасын айыруға дәйек пен шынайы іс-әрекет ұғымы туралы пікір прагматикалық құндылыққа жатса, демократия принциптері, заңдылықпен байланысты.

Саяси дебаттар

Саяси дебаттарда («Үкімет темекі жарнамасына тыйым салу керек», «Қоныс аудару (иммиграция) қысқартылуы қажет») нақты ұстанымдарды қолдану қарастырылады. Жақтау тобы бұл қарардың мақсатына жатуы үшін ерекше жоспарын, жолын ұсынады, сонымен қатар бұл жоспардың басқалардан гөрі едәуір тиімді екенін дәлелдейді. Мысалы, жақтау тобы белгілі бір әлеуметтік саясатты өзгертуге нақты бағдарламасын ұсынуы мүмкін. Ал «қарсы» топтың бірнеше жауаптың мүмкіндігі бар:

  1. Олар өзгертудің қажет емес екенін, яғни статус –квоны сақтау берілген мәселеге әбден қолайлы деп мәлімдеуі мүмкін.

  2. Олар ұсынылған жоспар нашар және жетіспейтін тұстары, яғни кем-кетігі қадір-қасиетке нұқсан келтіреді.

  3. «қарсы» тобы мәселені шешу үшін одан артық жоспар ұсына алады.

Егер линкольн-Дуглас дебаттарында дәлелдеулері философиялық және әдеби сипатында болса, ал саяси дебаттарда олар тәжірибелік және статистикалық мәліметке негізделген.

Бұл оқу құралының негізгі мәтінінде біз дебат туралы айтқанымызда, тек Карл Поппердің дебаты жайында болады.

Парламенттік дебаттар

Парламенттік дебаттар Британ парламентіндегі дебат ұстанымдары бойынша құрылған. Американдық парламенттік формат (АПФ) –бұл терең ойлылық пен шешендік сапасына ие Парламенттегі аргументтерінің пікір сайысы. Қарастыруға берілген қатар (революция) бойынша талқылайтын екі ойыншыдан тұрады, олар Үкімет және Оппозиция болып екі топ құрылады. Әр рацндыға жаңа, өздерінің Революциясы (қатар) тыңдалады. Іс-әрекет барысын басқарып отырған палата спикері сайланады. Дебаттың барлық қатысушылары оған «Спикер мырза» немесе «Спикер ханым» деуі керек. Әр командада 2 қатысушыдан тұрады. Үкімет тобы Премьер-министр мен үкімет мүшесінен (кей кезде оны тақ министрі деп те атайды) тұрады. Оппозиция тобы оппозиция лидері мен бір мүшесінен құралады. Үкімет тобының бірінші міндеті –қарардағы (сөздегі) қолданылатын терминдерді анықтау. Ойталқы қарары (тақырыбы) мен анықтау арасында түсінікті логикалық байланыс болуы керек. Әдетте парламенттік дебатқа қатысушылар өз ұстанымдары үшін іс-тәжірибелік және философиялық аргументтерді кең түрде қолданады (бұл Линкольн-Дуглас пен саяси дебаттың біріктірілген түрі). Бұл дебаттың қатысушылары оппонент орындауындағы қандай да бір аспектіні жоққа шығаруына аз ғана ескерту жасап, бір-бірін бөлуі мүмкін. Америкалық парламенттік форматта тез жылдамдықтағы саяси ойлауға, логикалық дәлелдемелерге және талдауға, зерттеулер мен дәлелдеулерге үлкен көңіл бөлінеді. Сонымен, жазылған кез келген дәлелдеулер немесе басқа да жазбаша қайнар көздер дебат раунды бойында қолдануға тыйым салынады.

Карл Поппер форматы бойынша дебаттар

Карл Поппер форматының дебаттары Линкольн-Дуглас пен саяси дебаттарының қосындысы (біріктірілген түрі) болып табылады. Дебаттың бұл түрі әрқайсысы үш адамнан тұратын топтардың қатысуынан тұрады. Мектеп оқушылары дебатқа дайындалғандағы дебаттың өзі болып жатқан кезде де бірге жұмыс істейді.

Карл Поппер дебаты сыни тұрғыдан ойлау және пайымдау шеберлігін дамыту бағдарламасы ретінде пайда болды.

Карл Поппер форматы бұл оқу құралында жете берілген.

Карл Поппер форматы саяси дебат элементтерімен

Дебат бағдарламасында қабылданғандай, бір қоғамдағы екі дебатқа қатысушы екінші топтың екі дебатқа қатысушысымен дәлелдерін айтып жарысатындай, бұл –саяси дебат емес. Егер бұл нағыз саяси дебат болатын болса, онда бір жылға толық бір тақырып таңдалар еді, ал мұнда әр турнирге әр түрлі тақырып беріледі. Негізгі айырмашылығы деп кейстің құрылымын айтуға болады. Карл Поппер форматында біз ең соңында революция (қарар) сұрағына жауап беретін аргументтер мен критерийлерді айқын көре аламыз. Сұраққа жауап екі нұсқада болады (өлім жазасына рұқсат етуге болады/болмайды). Саяси дебаттарда жақтау тобы қандай жол таңдайтынын біз ешқашан болжай алмаймыз. Бұл форматта жақтау тобы ұсынылған мәселені шешу үшін өз жолын таңдау керек. Міне, дәл осы амал жақтау тобының кейісі болады.

Жақтау тобы қазіргі саясаттағы белгілі бір өзгерістердітқорғайды. Даттау тобы бұл өзгеріске қарсы. Жақтау тобы: 1) Жоспарды ұсынып және оны қорғау керек. 2) Осы жоспарды құрудағы тиімділігін анықтау (мәселе не туралы? Бұл мәселе неліктен status quo болады? Жоспар мәселені қалай шешеді?).

Даттау тобының міндеті келесілерді қамтиды: 1) жақтау тобының ұсынған ойларына күдік келтіру (мүмкін жолдары: а) мәселе емес, бұл status quo себебі бола алмайды, в) жоспар мәселені шеше алмайды), 2) жақтау жоспарына келтірілген нұқсан мен зияндарды анықтап, оны көрсету.

Өзгертілген дебаттар

Жоғарыда көрсетілген дебаттардың барлығы өзгермеген –«классикалық» түріне жатады. Дебаттың «классикалық» түрі өзгертілген, яки жаңартылған дебатқа жатады. «Өзгертілген» дебаттар –кейбір ережелері өзгерген немесе дебат формасының белгілі бір элементтерін қолданған түрі. Мысалы:

  • Сөйлеудің уақыты өзгереді (көбінесі қысқартылады);

  • Топтағы ойыншылардың санының өзгеруі;

  • Аудиториядан сұрақ қойылуы мүмкін;

  • Тайм-аут (үзіліс) кезінде топтарға көмек беретін «тірек тобы» ұйымдастырылады;

  • «Сарапшылар тобы» ұйымдастырылады, олар төрешінің міндетін атқарып, топтардың дәлелдерін талдай отырып, қақтығыстарды көрсетеді. Оқу мақсаттарын игеру үшін сабақтарда қажетті ымыраға келу шешімін ұсынады;

  • Рөлдік ойын жасауға болады, яғни оқушылар қандай да бір рөлде ойнайды.

Дебат өткен өмір теориялары мен белгілі бір ойлар қарама-қайшылықтарының жаңа қырларын ашуы мүмкін. Мұндай ойынға мынадай дебат тақырыбы мысал бола алады: «Имперализм» -бұл капитализмнің соңғы «сатысы», яғни марксизм көзқарасы бойынша (жақтау тобы) және (даттау тобы) қарастырады.

Ойын жүргізушісінің, мұғалімнің рөлі пайда болады. Дебат кезінде тақырыптан ауытқушылық та болады, оқушылар негізгі сөздерге назар аудармай, мұғалім алға қойған мақсат-міндеттерге кедергі келтіретін тұстарға талас туғызуы мүмкін. Сондықтан да мұғалім-жүргізуші пікірталасты дұрыс бағытқа бағыттау керек, даттаудың стратегиясын айтып жіберуі де мүмкін. Мұғалім-жүргізушінің рөлі оқушылардың дайындығына қарай әр түрлі кезеңдерде анықталады.

«Өзгертілген» (жаңартылған) дебаттар көбінесе оқушылардың білімін тексеру сабағының элементі болады. Сабақты дебат негізінде ұйымдастыруға да болады.

Білім берудегі дебатты қолдану тиімділігі көбінесе оны қолдануда:

  • Тақырыпты, мәселені меңгеру кезінде;

  • Белгілі бір класта;

  • Белгілі бір сабақта;

  • Оқудағы қойылған мақсаттарды игеру үшін.