- •Дебат –жеке тұлғаны қалыптастырудағы диалогтық инновациялық педагогикалық технологияның бірі
- •Кесте 2. Дебаттың технологиялық сызбасы
- •Дебаттар: маңыздылығы негізгі элементтері және түрлері
- •Сонымен, дебат деген не?
- •Бірінші ұстаным: дебат көп нәрсеге үйретеді.
- •Екінші қағида: адалдық міндеттемесі.
- •Үшінші қағида: сыйластық.
- •Дебаттың түрлері.
Екінші қағида: адалдық міндеттемесі.
Егер сіз бірінші қағиданы қабылдаған болсаңыз, онда екінші қағида –адалдықты сіз тез қабылдайсыз.
Адалдық –дебаттың өзегі. Дебат адамдардың тума әуесқойлығынан пайда болған. Біз әрқашан шындықты білгіміз келеді. Бізге саяси реформа қажет пе? Басқа ғаламшарларда саяхаттай аламыз ба? Өзге планеталарда тіршілік бар ма? Бұл сұрақтар өткенге, қазіргі өмірге, болашаққа да қатысты, бірақ бұлардың бәрі шындықты іздеуге маңызы бар.
Дебатқа қатысушылардың басты міндеті –ол аргумент пен айғақтар келтіруде бір- біріне қойылған сұрауларда шыншыл болу. Кейбір кезде «шыншыл болу» деген ол –өз позицияңды қолдауда материалдың жүрегін қозғайтын сұрақты «мен білмеймін» деген жауапты білдіреді. Кейбір кезде сіздің логикалық құрылымыңыз қате екенін мойындау дегенді білдіреді. Бұл мойындаулар сіздің қажетіңізге жарайды, себебі сіз өз адалдығыңыздың арасында көбірек білесіз және өз қабілетіңізді жақсы шыңдайсыз. Сізді төреші де, сіздің оппонентіңіз де сыйлайтын болады. Ең соңында, сіз өзге ақиқатты іздегендерге көмектесесіз.
Үшінші қағида: сыйластық.
Дебат қатфсушылардың жеке өзіне қатысты емес, егер ол сіздермен келіспейтін болса, оны кемітуге болмайды. Дебат олардың ойларыңыз қақтығысына, сонымен қатар адамзатқа қайсысы пайдалы екендігіне қатысты. Олардың қақтығысында ең қолайлы қару – тек қана тұрақты, шынайы аргументтер. Басқаша айтқанда, сіздер оппонентердің өзіне емес, олардың аргументтеріне, айғақ, пайымдауларына «шабуыл жасауларыңыз» керек.
Енді дебаттың элементтеріне тоқталайық;
Тақырып (қарар). Дебатқа тақырып жақтау түрінде қалыптастырылады (мысалы, Ер балалар мен қыз балаларды бір-бірінен бөлек оқыту қажет).
Жақтау жағы. Дебатта жағының спикерлері төрешілерді өздерінің ұстанымдарының дұрыстығына сендіруге тырысады.
Даттау жағы. Даттау жағының спикерлері жақтау тобының ұстанымын дұрыс еместігін дәлелдегісі келеді (мысалы, «Ер балалар мен қыз балаларды бір-бірінен бөліп оқыту қажет емес» яғни «Ер балалар мен қыз балаларды бірге оқыту қажет»).
Аргументтер. Аргументтердің көмегі арқылы сіз төрешіні өзіңіздің тақырып жөніндегі ұстанымыңыз ең жақсы екенін сендіре аласыз, ғни сіз өзіңіздің ұстанымыңыздың (позиция) дұрыс екендігін сендіре аласыз. Аргументтер әлсіз, босаң да болуы мүмкін. Сіз ең күшті, сенерлік аргументтер ұсынғыңыз келеді және оның ең күшті аргумент екеніне соған нандырғыңыз келеді. Төрешілер, көпшілігі бұрынғы дебаттың қатысушылары өте қырағылықпен қарап, тыңдап отырады. Олар сіздердің аргументтерді қалай ойлап тапқандарыңызды сіздің аргументтеріңіз оппоненттердің болжамдарына қарсы қақтығыс туғызады ма немесе қақтығысқа төзе ала ма соны көргісі келеді.
Тірек және дәлелдеме. Аргументтермен бірге дебатқа қатысушылар төрешілерге өздерінің ұстанымдарын қорғайтын айғақтар (цитаталар (дәйексөз) фактілер (нақты теректер), статистикалық мәліметтер ұсынулары керек. Мысалы, сіз өз алдыңызға жүргізушіге (мотоцикл) жарылған дөңгелегін ауыстырып берем деп мектепке кешіккеніңіз туралы айтасыз. Бұл –кешіккеніңізді ақтайтын жақсы аргумент. Анаңызға дәлелдеу үшін, яғни бір аргументке сену қажет деп сіз жаратылған джинсиді, жұмыс кезінде лас болған қолдарыңызды көрсетіп дәлелдейсіз. Денеге байланысты куә аргумент болып табылады. Дебатта айғақтар іздену жолымен табылады.
Қарама-қарсы сұрақтар. Дебаттың көптеген түрі (бірақ барлығы емес) әрбір қатысушыға спикер –оппоненттің сұрақтарына жауап беруіне мүмкіндік береді. Бірінші топ спикерінің сұрақтар мен екінші топ спикерінің жауаптары раунды «сұрақтардың қақтығысы» деп аталады. Сұрақтар ұстанымды түсіну үшін қолданылады. Сұрақтар тоғысуындағы алынған ақпараттар келесі спикерлердің сөз сөйлеуінде қолданылуы.
Төрешілердің шешімі. Екі жақтың да тақырып бойынша талқыланған аргументтерін таңдап алған соң, олар төреші парағын (хаттамасын) толтырады. Онда қай топқа дебаттың шешімі бойынша өз дауысын бергені туралы шешімін бекітеді (қайсысының аргументтері (дәлелдері) мен дәлелдеулерінің әдіс –тәсілдері сенімдірек болды).
