- •Дебат –жеке тұлғаны қалыптастырудағы диалогтық инновациялық педагогикалық технологияның бірі
- •Кесте 2. Дебаттың технологиялық сызбасы
- •Дебаттар: маңыздылығы негізгі элементтері және түрлері
- •Сонымен, дебат деген не?
- •Бірінші ұстаным: дебат көп нәрсеге үйретеді.
- •Екінші қағида: адалдық міндеттемесі.
- •Үшінші қағида: сыйластық.
- •Дебаттың түрлері.
Дебаттар: маңыздылығы негізгі элементтері және түрлері
дебат өзінің бастауын демократия маңызды эелементі болған Ежелгі Грециядан алады. Афиныда азаматтар ұсынылған заңдардың артық жерлері мен мінін, кем –кетігін айтып айтысқан; ал шәкірттері оларды жақсы түсінуі үшін мәселерлді әр түрлі қырынан талдап айтысуға үйренген. Еуропада орта ғасырда білім беру жүйесінде шешендік шеберлікке және дебатқа баулитын курстар болған. АҚШ тарихының ең басында дебат университеттерде қалыптасып кеткен. 1960 жылы Президенттік сайлау кезінде алғаш рет Джон Кеннеди және Ричард Никсонның арасында болған телевизиялық дебат жаңа күшпен дебатқа назар аудартқызды.
Қазір дебаттар дүниежүзінің барлық мектептері мен университеттерінде жүргізілуде.
Сонымен, дебат деген не?
Әлбетте, мұның не екенін білесіз бе? Егер сіз анаңыздан кеш келуіңіз үшін рұқсат сұраған болсаңыз, бұның өзі –дебат.
Егер адамдарда әр түрлі заттарға әр түрлі көзқарас болса, бұл да –дебат. Бірақ күнделікті өмірдегі дебаттар –бұл қалыптан тыс дебат. Қалыптан тыс дебаттарда нақты этикалық және техникалық ережелер жоқ, мұнда сіз оппоненттеріңізбен шексіз ұзақ айтысып, сонымен бірге бір –біріңізді қайта –қайта бөлуге, ренжуге әкеп соқтырады. Ең сұмдығы сол –ең соңында дебаттың бір жағы ғана шешім қабылдайды.
Қалыптан тыс дебаттар –бұл өмір!
Қалыпты дебаттар –бұл өмір сүруге дайындық!
Қалыпты дебаттың бұл оқу құралында жазылғандай ережелер мен шектеулері және ерекше құрылымы бар. Мысалы, қалыптан тыс дебатта анаңмен таңертеңге дейін айтысып болсаңыз, қалыпты дебатта әрқайсысыңызға өз аргументтеріңізді айту үшін тек қана алты минут беріледі. Қалыпты дебатта төреші немесе төрешілер тобы кімнің жеңіске жеткенін анықтайды, әлгіндегі секілді кәдімгі өмірде анаң қашан үйге келетініңді шешеді: бұл жерде ол дебатқа қатысушы ма, әлде төреші ме?!
Қалыпты дебаттар күнделікті өмірде болып жатқан ретсіз дебаттарды ретке келтіруге тырысады. Қалыпты дебаттардың ережелері болуы, қарама-қарсы көзқарастардың қақтығысын туғызу болып табылады. Тек өз ойыңды айтып сөз сөйлеу емес, сонымен қатар қарсы жақтың дәлелдерімен (аргументтерімен) жарысу, өз ұстанымыңды оппонент топтың ұстанымымен салыстыру, осыдан кейін өз артықшылығыңды айтып төрешіні сендіру керек.
Дебаттың маңыздылығы сол-онда әрбір топ (жақтау және даттау тобы) бейтарап төрешіні өздерінің дұрыстығына көз жеткізуге тырысады. Бұл үшін олар өз ұстанымдарын аргументтердің көмегі арқылы қорғайды және оппонентердің аргументтерін даттайды.
Сонымен дебат әдептіліктің ережелерінен тұрады, яғни дебатта оны ұстанымдар деп атайды. Дебаттың іргетасы бұл үш негізгі құнды ұстанымдардан тұрады.
Бірінші ұстаным: дебат көп нәрсеге үйретеді.
«Мүмкін мен қателесетін шығармын, мүмкін сіздікі дұрыс емес шығар, бірақ біз бірге болғанда ақиқатқа жақындай аламыз» -Карл Поппердің бұл айтқаны қысқаша философия мен дебаттың негізгі ұстанымдарын айтып береді. Дебат демократиялық қоғамда табысқа жету үшін қажет білім мен дағдыға жетелейді. Дебаттың маңыздылығы сол –ойынды біз бәріміз үйренеміз: жаттықтырушы да, спикер де, тыңдаушы да, -хабарлап өмір сүруге үйренуге, мәселені көруге, шешім қабылдауға, өзіңе, топқа сенуге, білімнің неге қажет екенін түсінуге үйренеміз. Дебаттың бірінші міндеті –оқыту. Басқа сөзбен айтқанда, жеңістен гөрі оқытудың үлкен мән-мағынасы бар. Егер сіз дебатқа жеңу үшін қатысатын болсаңыз, онда сіз алдыңызға бұрыс мақсат қойғаныңыз.
Неліктен оқыту жеңіске қарағанда маңызды? Біріншіден, әрі шыңдала түсуге деген ынта-тілек сізге ерік-жігеріңіз жетпейтін әдіс-тәсілдер қолдануға жол бермейді. Ал егер сіз күшіңіз жетпейтінге ұмтылсаңыз онда сіз айналадағылардың құрметіне ие боласыз.
Екіншіден, дебатқа қатысушылар алдарына ұту керек деген мақсат қойып алады да, сыйластық ережелерінен көбінесе шығып кетеді. Сосын қайта ретке келтіру үшін уақыттары көп кетеді.
